Жоспары:

  1. 1945-1960 ж.ж. Моңғолия
  2. 60 ж. – 80 ж. бірінші жартысындағы Моңғолия
  3. 80 ж. ортасы – 90 ж. ортасындағы Моңғолия
  4. 1990 ж.ж. екінші жартысындағы Моңғолия

Моңғолия – Орталық Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Ресеймен және шығысында, оңтүстігінде және батысында Қытаймен шектеседі. Теңізге шығатын жолы жоқ.

  • Аумағы — 1 564 116 км² (дүниежүзінде 18-ші).
  • Ресми тілі – моңғол тілі, халықтың 95%-дан астамы сөйлейді.
  • Астансы – Улан-Батор.
  • Басқару формасы – парламенттік республика.
  • Президент — Цахиагийн Элбэгдорж
  • Премьер-министр — Норовын Алтанхуяг
  • Халқы — 2 854 685 адам (2010 ж.), тығыздығы — 1,8 адам/км²
  • Ақша бірлігі – моңғолдық тугрик (MNT, код 96)
  • Ірі қалалары — Улан-Батор, Эрдэнэт, Дархан

1945 жылы 20 қазанда Ішкі Моңғолия территориясында мемлекеттік тәуелсіздік мәселесі бойынша плебисцит өткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, тәуелсіздікті жақтап дауыс беруге құқылы моңғолдардың 100%-ы дауыс берген. 1946 жылы қаңтарда Қытай Республикасының Заң шығарушы юаны МХР-ның тәуелсіздігін ресми мойындады, ал сол жылдың ақпан айында екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Кеңес Одағы оның Қытайдан тәуелсіздігін сақтауының кепілі бола отырып, іс жүзінде бақылауын жүзеге асыруын жалғастырды. Оған қоса 1946-1949 ж.ж. азамат соғысы нәтижесінде материктік Қытайда Ішкі Моңғолияның жаңа статусын орнату бойынша келіссөздерге қатыспаған коммунистердің билігі орнатылды. Моңғол мәселесі 1949 жылдың соңы – 1950 жылдың басында Мао Цзэдунның КСРО-ға сапары барысында И.В.Сталинмен талқыланды. Тараптар біржақты шешімге келген жоқ және бұл мәселені неғұрлым кейінгі кезеңге қалдыруға шешім қабылдайды.

Бұл кезеңде моңғол жетекшілері КСРО-ға бағыт ұстай отырып, бесжылдық жоспар негізінде социализмді құруға көшті, оның алғашқысы 1948 жылдан бастап жүзеге аса бастады. Сол жылы КСРО-мен одақтас Шығыс Европа мемлекеттері онымен дипломатиялық қатынас орнатты.

50 ж.ж. басында ішкі өнеркәсіп өнімі екі есе өсті, бірқатар жаңа өнеркәсіп орындары құрылды. Халықтың негізгі тобының сауатсыз- дығын жою мүмкін болды. Алайда саяси жүйе бұрынғысынша өзгеріссіз күйінде қала берді.

Формальды түрде МХРП ОК Саяси бюросының тек мүшесі бола тұра маршал Х.Чойболсан іс жүзінде 1952 ж. өмірінің соңына дейін МХРП ОК-н басқарды, дегенмен, кеңес басшылығымен келісе отырып, 1940 ж. өзінде-ақ МХРП ОК бірінші хатшысы қызметіне Ю.Цеденбал тағайындалды. Ол бұл қызметті 1954 жылға дейін, ал одан кейін 1958 жылдан бастап 1984 жылға дейін иеленді.

МХР-да орнатылған режим Кеңес Одағындағы сталиндік режимнің нақты көшірмесі болды. 1953 жылы наурызда, Моңғолияда И.В.Сталин өліміне байланысты қаралы шараларды өткізу кезінде МХРП ОК Саяси бюросы КСРО-ға қосылу ниеті туралы шешімді тағы да қабылдады, бірақ жаңа кеңестік басшылықтың позициясы бұл жолы да қарама-қарсы болды.

Бұл кезеңнің өн бойында МХР-да сталиндік үлгідегі бірпартиялық диктатура орнады, ел ішкі және сыртқы саясатында тек КСРО-ға ғана бағыт ұстанды. Бұл кезеңде Моңғолия экономикалық және мәдени дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

1956 жылдан кейін Моңғолияда И.В.Сталиннің жеке басын сынға алу тоқтатылды, өйткені ел басшылығы, және ең алдымен Ю.Цеденбал Сталин моңғол халқына дербестілігін сақтауға және 1949 жылдан кейін елді ҚХР талаптарынан шектеуге көмектесті деп есептейді.

1960 жылы Моңғолияда саны бойынша үшінші Конституция күшіне енді. Ол бойынша халықтың алдына «социалистік құрылысты аяқтау және болашақта коммунистік қоғам құру» міндеті қойылды. Негізгі заңның саяси бөлімінде, жалпы алғанда, 1924 және 1940 ж.ж. конституция принциптері сақталды. Бұл кезеңге қарай елдегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1940 жылмен салыстырғанда жеті еседен астам артты және оны аграрлы- индустриялы елдер қатарына қоса бастады.

1961 жылы Моңғолия БҰҰ-на қабылданды, бұл әлемдік қауымдастықтың оның тәуелсіз статусын түпкілікті мойындауын нақтылады. 60 ж.ж. бірінші жартысынан 80 ж.ж. басына дейін Ю.Цеденбалдың ел басшылығында саяси қарсыластары қалған жоқ. 1974 жылға дейін ол МХР министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін иеленді, ал одан кейін, жоғары партиялық қызметтен басқа, МХР Ұлы Халықтық Хуралы Президиумының Төрағасы қызметін де иеленді.

80 ж.ж. басында моңғол басшысының денсаулық жағдайы күрт нашарлады, және оның жұбайы, формальды түрде ешқандай жоғары қызметті иеленбеген, бірақ жұбайына үлкен ықпалы болған кеңестік азаматша А.И.Филатова үлкен роль атқара бастады. Ел басшылығында кеңестік көсемдермен қолдау тапқан Ю.Цеденбалды жоғары қызметтен аластату жоспары пісіп-жетілді. Нәтижесінде, 1984 жылы Ю.Цеденбалды денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатқан ОК Пленумы өтті. Жұбайымен бірге Мәскеу қаласына тұрақты мекен етуге кетеді және 1990 жылы қайтыс болады.

МХРП-ның жағдайды бақылауға тырысқан әрекеті неғұрлым радикалды өзгерістер талабы пісіп-жетілген интеллигенция мен жастардың қарсылығына тап болды. Бұл уақыты бойынша Кеңес Одағындағы қайта құрумен сәйкес келді және сондықтан партияның және мемлекеттің жаңа жетекшісі Ж.Батмунх 1988 жылы ОК Пленумында, КСРО типі бойынша, бірақ жеке ерекшеліктерді есепке ала отырып, моңғол қоғамының барлық саласындағы қайта құрулардың басталуы туралы жариялады. Пленум қаулысында партия және мемлекетте басшылықтың әкімшілік-командалық әдісінің басымдылығына жол бермеу қолдау тапты, Х.Чойболсон жеке тұлғасының салдарларын жою және оның биліктегі жылдары негізделмеген репрессия құрбандарын ақтау қажеттілігі көрсетілді. Ю.Цеденбал қызметіне баға берілді, оның есімімен моңғол қоғамындағы дағдарысты құбылыстарды байланыстыра бастады. 1990 жылы оны МХРП қатарынан шығарды және барлық мемлекеттік марапттарынан айырды.

Соған қарамастан, бұл шаралар қалыптасқан оппозицияны қанағаттандыра алмады, олардың жетекшілерінің бір бөлігі «социалистік тәжірибені» тоқтатуды және қоғамды демократия- ландыру жолына көшуді талап етті. 1989 жылдың соңынан бастап МХР-да оппозициялық саяси ұйымдар және қозғалыстар пайда болды, олардың ішінде Моңғол демократиялық одағы, Социал- демократиялық қозғалыс, Жаңа прогрессивті одақ және т.б. неғұрлым белгілі болды. Олардың қызметінің негізгі формасы Моңғолияның 1921 жылдан кейін жүріп өткен тарихи жолын объективті бағалау, жоғары партиялық және мемлекеттік шенеуніктердің отставкаға кетуін талап еткен митингілер мен демонстрациялар болды. Бұл талаптарды билеуші топ орындауға мәжбүр болды, және 1990 жылы өткен МХРП төтенше съездінде жаңа ел басшылығы тағайындалды, ол ішкі саясатты демократияландыру және Моңғолияның көппартиялық жүйе мен демократиялық мемлекет құқығына көшу бағытын ұстанды. Билеуші МХРП парламенттік типтегі партияға трансформациялануға міндеттенді және ел жетекшілігінің басты құралдарын өзіне сақтады.

1992 жылдан бастап Моңғолияда жаңа коснтитуция күшіне енді, ол бойынша елдің ресми атауы Моңғолия (Моңғол Ұлыс) болды. Мемлекет көппартиялық жүйемен және нарықтық экономикамен құқықтық деп жарияланды. Басты мақсат «адамгершілікті, азаматтық демократиялық қоғам» құрылысы болып табылды. Өткізілген демократиялық сайлаулар нәтижесінде Демократиялық одаққа біріккен реформаларды жақтаушылар коалициясы жеңіске жетті.

Соған қарамастан, Моңғолия бұл жолда күрделі қиындықтарға, ең алдымен экономикада, тап болды. Бұрын КСРО көрсетіп келген кең көлемді көмектің тоқтатылуы өткізілген реформалардан көңілі қалған халықтың негізгі тобының кедейленуіне алып келді.

90 ж.ж. екінші жартысына Моңғолия күрделі экономикалық жағдайда аяқ басты. 1995 жылы елде соңғы он жалдағы ең төмен көрсеткіш болған егін жиналды, халықтың төрттен бір бөлігі ең төмен көрсеткіште өмір сүрді, ал 50 мыңнан астам адам ресми жұмыссыздар болды. Инфляцияның жоғары қарқыны сақталуын жалғастырды. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіштер одан әрі ұлғайды.

1996-1997 ж.ж. негізгі қарсыластар билеуші коалиция – Демократиялық Одақ және МХРП болған парламенттік және президенттік сайлау өтті. Орын алған қиындықтарға қарамастан, халықтың басым бөлігі Ұлы Мемлекеттік Хуралдың жаңа құрамында көпшілік орынды алған нарықтық реформаларды жақтаушыларға дауыс берді. Моңғолияның жаңа президенті болып төрт жыл мерзімге реформалардың жақтаушысы Н.Багабанди сайланды. Жаңа басшылық нарықтық қайта құрулар жолы бойынша қозғалысты жалғастыруға ниеттенді.

Алайда реформалардың одан әрі жүргізілуі экономиканың тек одан әрі құлдырауына және халықтың кедейленуіне алып келді. 1999- 2000 ж.ж. өткен парламенттік және президенттік сайлауда МХРП жеңіске жетті.

2008 жылы 29 маусымда Моңголияда министрлер кабинетінің бөлінуінен басталған ішкі саяси дағдарыс орын алады, Халықтық- революциялық партия (МХРП) өзінің коалициялық үкіметтен шығатындығы туралы жариялайды.

1 шілдеде Улан-Баторда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Демократиялық партиядан шыққан премьер-министр Цахиагийн Элбэгдоржды жақтаушы біржарым мыңға жуық адам Улан-Батордың орталық алаңына МХРП шешіміне қарсы қарсылық акциясына жиналды. Олар МХРП штаб-пәтерінің әйнек есіктерін сындырды, және 300 полицейліктің қарсылығына қарамастан, мекемеге баса көктеп кіреді. Партия жетекшілерінен басып кірушілер ешкімді таба алмайды, бірақ бірнеше сағат бойы мекеме олардың бақылауында болды. Бұл әрекеттер елдегі екі ірі саяси күштер арасындағы өзіндік «келісімнің» бұзылуына алып келеді.

2008 жылғы 29 маусымдағы сайлау нәтижесінде МХРП толық бақылауды алды (76 орыннан 46 депутаттық орын), ол коалициялық үкіметті құрды. Портфельдер саны төмендегідей бөлінді: 60% МХРП, және 40 % ДП. 2008 жылы 1 шілдеде Демократиялық партия және басқа оппозициялық партия сайлаушылары қарсылық демонстрациясын ұйымдастырады, олардың пікірі бойынша, өткен сайлау нәтижелері бұрмаланды. 2009 жылы 18 маусымда оппозиция көсемі Цахиагийн Элбэгдорж президенттік қызметіне кірісті, ол Моңғолияның 4-ші президенті болды. Моңғолия — астанасы Улан-Баторға және 21 аймаққа бөлінеді.

Авторлық сілтеме:
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы (ХХ ғ. екінші жартысы — ХХІ ғ. басы): Оқу–әдістемелік құрал / Б.М. Мырзабаева — Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2013. — 340 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *