Минералды заттар — белок, май, витамин, көмірсулармен қатар тамаққа керекті ең маңызды заттардың бірі болып табылады. Олар макроэлементтер жəне микроэлементтер. Макроэлементтерге калий, кальций, марганец, натрий, фтор, темір, хлор, ал микроэлементтерге магний, кобальт, йод, фтор, мырыш. Стронций, никель, хром, молибден, селен т.б. жатады. Макроэлементерге организмдегі қышқылды сілтілі тепе-теңдікті ұстап тұрады, адам организмінің ішкі ортасындағы зат алмасу процесінің дұрыс жүруіне ықпал жасайды.

Сүт жəне сүт өнімдері, көкеніс, жеміс-жидек, катиондар сілтілі реакция беретіндер, ал ет, балық, жұмыртқа, нан өнімдері, əртүрлі жармалар, аниондар қышқылды реакция береді. Сонымен минералды заттар əртүрлі зат алмасу процестерін реттеуге қатысады.

Макроэлементтер. Кальций сүйек тканінің негізін құрайды, бірқатар маңызды ферменттердің қызметін күшейтеді, организмде иондық тепе-тамырлары жүйелерінде болатын процестерге ықпал етеді.

Фосфор – белоктардың, нуклеин қышқылдарының, сүйек тканінің құрамына кіретін аса маңызды элемент. Бұған қоса фосфор қосындыларының энергия алмасуға қатысуы өте маңызды. Магний –сүйектің қалыптасуына, жүйке тканінің жұмысын реттеуге, көмірсулар алмасуына жəне энергетикалық алмасуға қатысатын өмірлік маңызы бар элемент. Ересектер үшін керекті магний мөлшері күніне 400 мг.

Натрий — клетка аралық жəне клетка ішіндегі өмірлік маңызы бар элемент, қанның қажетті буферлігін жасауға, қан қысымын реттеуге, су алмасуын реттеуге, ас қорытатын ферменттерді активтендіруге, жүйке жəне бұлшық ет талшықтарын реттеуге қатысады.

Калий — өмірлік маңызы бар ішкі клеткалық элемент, қанның қышқылдық – сілтілік тепе-теңдігін реттейді. Ол жүйке импульстерін жеткізуге қатысады, бірқатар ферменттердің жұмысын күшейтеді.

Хлор – асқазан сөлін түзуге, плазманы қалыптастыруға қатысатын өмірлік маңызы бар элемент. Ол бірқатар ферменттерді күшейтеді.

Күкірт – өмірлік маңызы бар элемент, оның тамақтағы ең алдымен, ол күкірт бар аминқышқылдары түрінде белоктар- дын құрамында, сондай-ақ кейбір гармондар мен витаминдердің құрамына да кіреді.

Микроэлементтер

Темір – гемоглобин, кейбір ферменттерді түзуге қатысатын өмірлік маңызы бар элемент. Тамақ өнімдеріндегі темірдің мөлшері 70-4000 мкг/% аралығында болады.

Мырыш – қажетті элемент, оның маңызды болатын себебі, көмірсу алмасуға қатысатын инсулин гормонының жəне көптеген маңызды ферменттердің құрамына кіреді. Балаларда мырыштың жетіспеуі өсуін жəне жыныстық толысуын тежейді.

Йод – тероксин гармонының түзілуіне қатысатын қажетті элемент. Йодтың қажет мөлшері күніне 100-150 мкг аралығында болу керек.

Фтор — қажетті элемент. Жетіспесе тіс эмалі бұзылады. Ересек адамға күніне 3мкг қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *