Пайдалы қазбаларды тікелей шикізат түрінде немесе тиісті өңдеуден өткен өнімдер ретінде қолданбайтын өнеркəсіптің бірде бір саласы жоқ. Адам өмірінде темірді, осы элементке бай рудаларды металлургиялық өңдеу жолымен шойын мен болаттың түрлі сорттары түріндегі қолданудың мəні орасан зор екені баршаға мəлім. Темір – өнеркəсіптің басты жүйкесі. Ол металлургияның, машинажасаудың, кемежасаудың, теміржолдардың, көпірлердің, темір-бетон құрылғылардың, кеніштерді жабдықтаудың, тіршілікте кең тұтынатын тауарларды жасаудың, т.б.- дың негізі болып табылады. Өз кезегінде тек қана темір металлургиясының өзі кокске өңделетін тас көмір ретінде өндіретін қатты минералдық отынның 40% шамасын жұтып қояды.

Түсті металлургияның, электр өнеркəсібінің, кеме, ұшақ, машина жасаудың жəне өнеркəсіптің басқа да салаларының дамуында мыс, мырыш, қорғасын, алюминий, тініке (никель), кобальт рудаларынан өндірілетін түсті металл деп аталатындар ірі рөл атқарады. Ал сирек металдар деп аталатын вольфрам, молибден, сонымен қатар титан, ванадий, кобальт жəне басқалардың қорғаныс саласындағы мəні айрықша.

Ауыл шаруашылығының дамуы минералдық тыңайтқыштарды – калийлі минералдарды (калий тұздары), құрамында фосфор бар минералдарды (апатит, фосфорит), азотты (селитра) жəне басқаларды пайдаланумен тығыз байланысты. Мəселен, күкірт қышқылының өндірісі үшін күкіртке бай колчедандар (пирит) пайдаланылады; көптеген минералдар химиялық препараттарды даярлау үшін тұтынылады (сомтума күкірт, селитра, балқытқыш шпат, бордың, калийдің, натрийдің, магнийдің, сынаптың жəне басқалардың минералдары); резина өндірісінде күкірт, тальк, барит пайдаланылады; қышқылтөзімді жəне оттөзімді материалдар өндірісі үшін асбест, кварц, графит жəне басқалар қажет; бояу ісінде жəне эмаль мен зер (глазурь) даярлауға пайдаланылатындар – галенит, сфалерит, барит, титанның, мыстың, темірдің, күшəланың, сынаптың, кобальттың бордың минералдары, криолит, ортоклаз, циркон; қағаз жасау өндірісіне қажет – тальк, каолин, күкірт, ашутастар, магнезит жəне т.б. қажет.

Тастұз жəне астұз адам тағамына қажет құрамдас бөлік ретінде қажет. Бірқатар минералдар мен олардың химиялық өңдеу өнімдері дəрі түрінде қолданылады (мирабилит – глаубер тұзы, висмут пен барий тұздары). Медицинадажəне өнеркəсіптің бірқатар салаларында радиобелсенді минералдардан алынатын радиобелсенді заттар немесе бірқатар химиялық элементтердің жасанды жолмен алынатын изотоптары қолданылады.

Адам өмірінде əшекей тастар да үлкен рөл атқарады. Көбінесе, безендіру мен көркем бұйымдарға жұмсалатын асыл тастармен қатар көптеген түсті тастар қабырғалардықаптау үшін пайдаланылады. Біздің еліміздің еңжақсықұрылыстары қызғылт родонитпен, əртүрлі яшмамен, мəрмəрмен, кварцитпен безендіріледі. Кварц, исланд шпаты, слюда, турмалин, флюорит оптикалық аспаптарды даярлау үшін керек. Ақықтан (агат), корундтан, цирконнан жəне басқа қатты минералдардан сағаттардың жəне басқа дəл аспаптардың тіреуіштері даярланады.

Алмас (карбонадо), корунд, анартас (гранат), кварц заттарды тегістеу жəне жылтырлау үшін түрпі материалдар ретінде қолданылады. Жұмсақ жəне майлы материалдар (тальк, графит) толтырғыштар ретінде тетіктердің үйкелетін бөліктерін майлағыш үшін жəне басқаларда пайдаланылады.

Ураннан қазан-реакторларда алынатын орасан зор ядро ішіндегі энергияны босату проблемасын шешу оны бейбіт мақсаттарда өнеркəсіптік пайдалану мүмкіндігін ашты. Кеңестер Одағында атом отынымен жұмыс жасайтын электр станциясы əлемде бірінші болып 1954 жылдың өзінде тұрғызылғаны белгілі. Келтірілгенминералдардыжəнеоларданалынатынөңдеуөнімдерінқолданудың қысқаша тізбесінен минералдық шикізаттың экономикадағы мəні қаншалықты зор екенін көреміз.

КСРО-да индустрияландыру кезеңінде қуатты минералдық-шикізат базасын жасау мəселесі қысқа мерзімдерде шешілген. Осы жұмыстарды іске асыру кезінде өнеркəсіптік жағынан құрамында маңызды пайдалы қазбалар бар көптеген жаңа кенорындар ашылған болатын. Қара, түсті жəне сирек металл рудаларының – темірдің, марганецтің, хромның, мыстың, қорғасынның, мырыштың, қалайының, вольфрамның, молибденнің, тінікенің (никельдің) жəне басқалардың қоры елеулі артқан. Осының нəтижесінде КСРО металдар мен минералдық өнімдерді импорттаудан толық құтылған.

КСРО ыдырағаннан кейін хром, марганец, сынап жəне сүрме сияқты бірқатар пайдалы қазбалардың игерілген қорына қатысты россиялық кен өндіру өнеркəсібі жетімсіздікті сезіне бастады. Бұл жағдай отандық геологтар алдына жаңа мəселелер қояды. Олардың міндетіне жаңа кенорындарды ашу жəне жетімсіз (дефицит) пайдалы қазбалар қорын жаңа өнеркəсіпті аудандарда арттыру ғана емес, сондай-ақ ашылған минералдық байлықтары игеруге қатысу да кірді. Мұнда минералдық шикізатты комплексті пайдалану, яғни басты пайдалы қазбалармен қатар шикізаттың басқа құнды компоненттерін айырып алу айрықша мəнге ие болды. Ал мұны рудаларды түбегейлі минералогиялық зерттемей жəне өңделетін шикізат технологиясының ерекшеліктерін ескермей жасауға болмайды.

Минералогияны білу геологиялық барлауды жəне əсіресе, іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде үлкен мəнге ие болады. Оларды сəтті жүргізу үшін ең алдымен, минералдарды дəл анықтауды, олардың табиғатта жаралу жағдайларын, бірбірімен бірігу заңдылықтарын білу қажет. Іздеушілердің кейбір минералдарды дұрыс анықтай алмауынан өнеркəсіп үшін маңызды кенорындарды жіберіп алған көптеген мысалдар белгілі. Жер бетіне шығатын кенорындарды іздеген кезде руда кенорындары тотығу белдемдерінің ерекшеліктерін де білу жəне олар бойынша грунт суы деңгейінен төмен жатқан бастапқы рудалардың құрамын анықтауды үйрену маңызды.

Сонымен бірге минералдардың бірқатар физикалық қасиеттері (магниттілігі, электрөткізгіштігі, тығыздығы, т.б.) пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық əдістерін əзірлеу үшін үлкен мəнге ие. Пайдаланылатын кенорындар рудаларының сапалық сипаттамасын зерделеу кеніш геологтарының ең маңызды мəселелерінің бірі саналады. Кеніш геологы кен үңгімелері ұңғысындағы руданың сипатын күн сайын бақылайтындықтан, оның минералдық құрамындағы кеңістіктік өзгеріс заңдылығын басқалардан артық біледі. Бұл жағдай пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруда аса маңызды мəнге ие.

Көп жағдайларда өндірілетін рудалар балқытқанға немесе технологиялық өңдеуге дейін арнайы фабрикаларда механикалық байытуға ұшырайды, яғни пайдалы қазбалар кенсіз таужыныстан бөлінеді немесе құрамы бойынша түрлі концентраттарға ажыратылады. Рудаларды алдын ала уату жəне майдалау арқылы байыту арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Мұнда минералдардың түрлі қасиеттері: тығыздығы, магниттілігі, электрөткізгіштігі, флотациялауреагенттеріне қатынасы жəне басқалар пайдаланылады. Руданы құрайтын минерал түйірлерінің өлшемі жəне олардың өзара кірігуі де үлкен мəнге ие. Осы мəселелердің барлығын шешуде əдетте рудаларды байыту бойынша ғылыми-зерттеу институттарының минераграфиялық зертханаларында жүргізілетін арнайы минералогиялық зерттеулер үлкен рөл атқарады. Бірақ минералогиялық зерттеулер əдістемесін игерген кез келген геолог рудалардың минералдық құрамы мен құрылысын мақсатты зерделеген кезде олар байыту барысында өздерін қалай ұстайтыны, белгілі бір байыту тəсілінде пайдалы компоненттердің қандай ысырапқа ұшырайтыны жəне оның неге байланысты екендігі туралы дұрыс қорытынды жасай алмайды. Бұл мəселелер минералдар туралы қолданбалы ғылымның ең бір маңызды тарауы – технологиялық минералогияның тақырыбы болып табылады. Осылайша, пайдалы қазба кенорындарын минералогиялық зерделеу тек қана оларды іздеу мен барлау үшін емес, сондай-ақ өнеркəсіптің кен өндірісі мен кен өңдеу салалары үшін де аса маңызды мəнге ие.

Авторлық сілтеме:
А. Г. Бетехтин, МИНЕРАЛОГИЯ КУРСЫ, Оқулық, Қазақша аударған: Əділхан Бекділдаұлы БАЙБАТША, Алматы, 2012