Мектеп жасына дейінгі балалардың тері гигиенасы

Түрлі жастағы балалардың терілерінің физиологиялық жас ерекшелігі. Терінің қызметі. Терінің қорғану қасиеті оның тазалығы мен тұтастығына байланыстылығы

Дененің сыртқы жабыны немесе тері, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, оған сұйық не газ тәрізді заттардың еніп кетпеуінен сақтайды. Организмде үздіксіз бөлініп жататын мол жылуды сыртқа шығаруда негізінен тері арқылы жүреді. Теріде жанасуды, қысымды температураның өзгеруін және сыртқы ортаның басқа да ықпалын сезінгіш толып жатқан рецепторлар болады. Осы рецепторлардың тітіркенуінен пайда болатын рефлекстердің организмінің тіршілік жасауы үшін, оның қоршаған ортаға қарай бейімделуі үшін елеулі маңызы бар.

Терінің құрылысы. Терінің төмендегідей бөлуге болады: сыртқы жұқа беткі қабат – терінің қыртысы не эпидермис; оның астына орналасқан қалыңырақ қабат – нағыз тері не кориум; анағұрлым қалың қабат – шел клеткасы.

Тері қыртысы көп қабатты эпителий тканінен тұрады. Оның төменгі не негізгі қабаты бір-бірімен тығыз қабысқан клеткалардан құралған, олар үздіксіз дамып, көбейіп отырады. Мұндағы пайда болған жас клеткалар бұрынырақ қалыптасқан ескі клеткаларды сыртқа ығыстыра отырып, төменгі қабаттығ\ң бетіне орналасады. Қан жүретін тамырлар тғрі қыртысының ішінен өтпейді. Олар тек негізгі қабатқа ғана жанасады. Басқа қабаттардың клеткалары оттегі мен қоректік заттардың жетіспеушілігінен бірте-бірте ыдырайды да өледі. Бұл кезде олар бір-бірімен жабысып, мүйізденген тығыз затқа айналады, олар көбіне ақ түсті қабыршақ түрінде терінің бетінен түлеп түсіп жатады. Оларды шаштан оңай көруге болады – ол бәрімізге белгілі қайызғақ.

Терінің түсі қыртысының клеткаларында болатын бояғыш ерекше зат – тері пигментіне байланысты болады.Атап айтқанды тері толып жатқан жұмсақ әрі серпінді талшықтеры бар байланыстырғыш тканьдерден құралады, бұлардың бәрі қимылдаған кезде теріні төзімді әрі оңай  созылатындай денені тұтас әрі біркелкі қаптап тұратындай етеді. Тері қан жүретін және лимфалық тамырларға бай. Нервтердің ұштары, шаш-түктердің тамырлары, май және тер бездері де осында орналасқан.Шаш-түктерінің тамыры қосымша – түк баданасы клеткаларымен аяқталады, бұл клеткалар көбейе келе шаштың өсуін  және түскен шаштың орнына  жаңасының пайда болуын қамтамысыз етеді. Әдетте шаш жұлынып қалған сәттеде түк баданасы сақталып қалады, соның арқасында шаш қайта өседі

Бала терісінің зақымдану себептері. Балаларда терінің зақымдануы әртүрлі жұқпалы және жұқпайтын аурулар кезінде, аллергиялық көңіл-күй  жағдайында, сондай-ақ оған механикалық, химиялық температура факторларының ықпал етуі кезінде тез пайда болады. Бала неғұрлым жас болса зақымдануда соғұрлым оңай болады  және ауыр өтеді.

Іріңді аурулар. Балалардың терісі, ойнап жүргенде не учаскеде, бау-бақшаларда жүргенде тез кірлейді. Кірмен қоса денеге іріңдеткіш микроптар келіп түседі, терінің қысылған, тырналғын не көгерген тұсы арқылы тереңге еніп, көп ретте ірің ауруларын туғызады. Олар әсіресе қанның аз болған кезінде, созылмалы асқазан-ішек және басқада аурулармен ауырғанда жиі пайда болады. Төменде балалар  арасында жиі ұшырасатын кейбір іріңді аурулар туралы қысқаша мәліметтер келтерілген. Имтепиго. Іріңдеткіш микроб өнген тұсқа, көбінесе дененің ашық жеріне – ауыз езулеріне, құлақтың артына, тырнақ көбесінің айналысына – алдымен қызыл дақ пайа болады, ал содан кейін оның көлемі түйреуіштің басындай болып, келе-келе он тиынның мөлшеріндей болып ұлғаяды. Аз уақытта-ақ бөртпе іріңнің ұясына айналады, ірің деңдегеннен кейін оның бетін жұқа қызғылт сары түсті қабықша басады. Оның қасына жаңа бөрітпелер және жаңа  қабықшалар пайда болады. Ауру бір баладан екінші балаға тез өтеді.

Сыздауық (шиқан) – денедегі қылшық түбірлерімен оның айналасындағы  тканьдардың  қабынуы. 3-5 күннің ішінде ісіктің көлемі орман жаңғағының  мөлшеріндей және одана үлкен болып өседі. Сыздауықтың айаласындағы тері қызарады, жұқара бастайды, оны жарған кезде ортасынан өлі ткань және жара көрінеді, жазылған соң орнына тырық қалады. Сом ауруы (карбункул)- қатар өскен бірнеше талшықтар түбірлерінің іріңдеуі болып табылады.

Таз аурулары. Көптеген тері аурулары адамдардың және бірқатар хайуанаттардың терілерінде тіршілік ететін зиянды микроорганизмдер арқылы пайда болаы, бұлар көбінесе теріні ғана емес, шаштар мен тырнақтарды да зақымдайды.Тері аурулары сырқат хайуанаттан немесе адамнан қалай жұғатын болса, ауру адам пайдаланған заттан да солай жұғады. Терінің зақымдануы оның жұғуына себін тигізеді.

Тері — ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б.

Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды.

Бөлу қызметі зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, аммиак, несепнәр (мочевина), минералдық тұздар және т. б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну мөлшері сыртқы ортаның температурасына, атқаратын жұмысқа байланысты. Сезгіштік қызметі теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына байланысты. Солар арқылы температураны, ауырсынуды және т. б. сезеді. Жылуды реттеу қызметі дене температурасының бірқалыпты деңгейде сақталуымен байланысты.

Терінің атқаратын қызметі өте күрделі. Ол ең алдымен ағзаны сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Эпидермистің мүйізді қабаты қан тамырларын, жүйке талшықтарын, тереңде орналасқан бездерді, шаш түбірін суық ауадан, ыстықтан, өткір күн сәулесінен, ауру тудыратын микробтардан сақтайды. Өзіне тән құрылысына байланысты тері ішкі ағзаларды да механикалық, химиялық, физикалық құбылыстардың әсерінен қорғайды.

Терінің тағы бір қасиеті – оның үстіңгі қабаттарында қышқыл реакциялардың түзілуі. Сол арқылы көптеген ауру тудыратын микробтар жойылады. Олардың ағзаға енуіне төтеп береді. Мәселен, адам тері туберкулезіне ешуақытта шалдықпайды және бүлінбеген тері арқылы туберкулез таяқшалары басқа органдарға өте алмайды.

Терінің тереңдігі қабаты бірімен бірі байланысып, шырматылып жатқан тор тәріздес талшықтар. Орыс дерматологы А.И.Поспеловтің айтуынша, «созылғыш тор» терінің үстіңгі қабатын әртүрлі механикалық әсерлерден сақтайды. Сол сияқты қан тамырларына бай келетіндіктен қанның бірсыпыра мөлшері теріде болады. Оның емдеу тәсіліне қосатын үлесі зор.

Айта кететін бір жайт, терінің ұрық клеткасы және одан жоғары орналасқан эпидермис қабаты рең беретін затқа бай. Ол жалпы ағзаны зиянды күн сәулесінен сақтайды. Сәуле арқылы терідегі реңді (пигмент) зат көбейіп өңін қарайтып, күнге күюден қорғайды.

Тері денедегі жылуды реттеуші орган. Эпидермис өзінің мүйізді қабықшасымен: негізгі және шелді қабығымен қосылып, өте нашар өткізгіш болып есептеледі. Терінің бұл қасиеті адам температурасын бір қалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Ол терідегі қан тамырларына, бездерге, бұлшық ет талшықтарына да байланысты. Егер қоршаған ортаның ыстығы артса, онда қан тамырлары кеңейіп, терідегі ет талшықтары босап, қан айналымы артады және жылуы көп бөлінеді. Адам ағыл-тегіл терлейді. Ал дала суық болса керісінше қан тамырлары тарылып, айналым жиілігі кеміп, жылу бөліну азаяды.

Терлеген адамның терісінен денеге қажетсіз көптеген қорытылған заттар шығады. Ол адам бойындағы жылуға үлкен әсер етеді. Терлеу, жылуды реттеу тек жүйке жүйесіне байланысты. Сол сияқты қоршаған ортаның әсері де мол. Аздап ауыр жұмыс істегенде, қатты қысылғанда, сасқанда, науқастанып ыстығы көтерілгенде, кездейсоқ уланып қалғанда бұрқырап терлейді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *