Мектеп жасына дейінгі балалардың көру және есту мүшелерінің гигиенасы

Дәрісбаян жоспары:

  1. Есту және көру органдарының физиологиялық ерекшеліктері.
  2. Көру және есту мүшелері қызметіндегі жетіспеушіліктердің себептері.
  3. Сезім мүшелерін дамыту мен жетілдіруге бағытталған шаралар.

1.Есту, көру органдарының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері Есту мүшесі негізгі үш бөліктен – сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы құлақ дыбыстарды ұстау қызметін атқарады.Ол құлақ қалқанынан және самай сүйегінің ішіне бағытталған сыртқы дыбыс тесігінен тұрады; онда ортаңғы және ішкі құлақ орналасқан. Жұқа бірақ өте тығыз дабыл жарғағы дыбыс тесігін ортаңғы құлақ қуысынан бөліп тұрады. Бұл қуыста бір-бірімен байланысқан үш есту сүйекшелері болады: Балғашық, төс және үзеңгі. Балғашық дабыл жарғағының ішкі бетімен ал үзеңгі ішкі құлаққа қарай бағытталған тесікті жабатын жарғақпен жалғасқан. Бұл дыбыс тербелістерінің қалыпты берілуі үшін ортаңғы құлақтағы ауа қысымының атмосфералық қысымымен бірдей болуының өте зор маңызы бар. Есту түтігі яғни ортаңғы  құлақ қуысын   жұтқыншақ  қуысымен жалғастыратын есту жолы арқылы қысым теңестірілед. Әдетте бұл жолдың сырттқы тесігі жабық болады да, Жұту сәтінде ашылады. Атмосфералық қысым тез өзгеретін кезде, мысалы самолеттің көтерілуі мен төмендеуі кезінде ортаңғы құлақтағы қысымды теңестіру үшін жұтыну қимылдарын жасау ұсынылады.

2.Көру және есту мүшелері қызметіндегі жетіспеушіліктердің себептері. Көздің қадала қарауы талап ететін сабақтарды ұйымдастыру. Бала көзі ұзақ уақыт бойы затқа шамадан тыс қадала қарайтын болса, ол жақыннан көргіштікке, ал кейде қылилыққа әкеп соғады.Сондықтан көру мүшелерінің қызметін жеңілдететін жағдай туғызуға зор көңіл бөлу қажет. Жарық жеткіліксіз болса, сондай-ақ күшті аккомодация жағдайында көзге көп күш түседі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар шұғылданатын бөлмеде жарықтың жеткілікті болуы және зат бетіннен көзге дейігі қашықтықтың дұрыс сақталуынын   қадағалап отыру керек: Бұл қашықтық 15-20см болғанда көз аз шаршайды. Көз бұлшық еттерінің ұзақ уақыт бойы жиырылуын талап ететін сабақтарда (Сурет салу, мүсін жасау, кесте тігу сабақтары) балалардың назарын жақын нәпседен алыстағы нәрсеге аудару үшін және кірпік бұлшық еттерін тынықтыру үшін мезгіл-мезгіл белгілі бір ескерту жасау не көрнекі құрал көрсету арқылы олардың көңілін бөліп отыру керек.

Диафильмдер мен телевизия хабарларын гигиеналық тұрғыдан алғанда дұрыс ұйымдастыруға ерекше назар аудару керек. Диафильмдердегі кадрлардың саны балалар бақшасының кішкентайлар тобы үшін20-30-дан, естиярлар тобы үшін 35-40-тан және ересек балалар тобы үшін 40-50-ден аспауы тиіс. 3-5 жастағы балалар үшін бір фильмнен аспаы керек, ал 6-7 жастағы балалар үшін егер олардың жалпы ұзақтығы 20-25 минуттан аспайтын болса екі фильм көрсету ұсынылады.Диафильм көрсетілетін экран ақ түсті болуы тиіс: ақ мата, ватаман қағаз. Ең жақсысы шағылысу коэффиценті 0,8 болатын ЭПП-1 не ЭПП-2 арнаулы экраны болғаны жөн.Экранды орындықта отырған мектеп жасына дейінгі балалардың көзінің деңгейінде орналастарыды. Экранның жарық болу нәтижесі фильм скоптағы лампның қызмет ету мерзіміне байланысты болғандықтан, бұл мерзім 20-25 сағаттан аспауын, яғни 40-60 сеанс болуын қадағалауы керек. Бірінші қатардағы орындықтарды экраннан қашықтық оның екі еніне тең келетіндей етіп орналастару керек. Орындық қатарларының аралығы кемінде 50 см болуы тиіс, ал соңғы қатардағы орындықтардың экраннан қашықтығы 4 м-ден аспауы тиіс.

Телевизия хабарларын аптасына 2 реттен артық көруге болмайды. Телевизорды  еденнен биіктігі 1-1,2 м столға орнату керек  және  тексеру  таблицасы бойынша алынған  бейненің  сапасы жақсы  болуы  тиіс. Бірінші  қатардағы  орындықтар  экранға  2 м  жақын  болмауы,  ал  соңғы  қатардағы  орындықтар  экранға  2 м -ден қашық  болмауы  тиіс: олардың  аралығын  тағы  4-5 орындықтан  қояды. Телевизия хабарларының ұзақтығы 3-4 жастағы  балалар үшін  10-15  минуттан, ал  5-7 жастағы  балалар  үшін  25-30 минуттан аспауы тиіс. Бөлмеде  жарқырап  тұрған  экраннан  басқа  көрермендердің  артқы  жағына  орналасатын  тағы  бір    жарық  көзі  болғаны  жөн, бұл  көздің  талмауына  жәрдемдеседі.

3.Сезім мүшелерін дамыту мен жетілдіруге бағытталған шаралар. Жарық  жеткілікті  болғанда  организмнің  бүкіл  қызметі  едәуір қарқынды  етіп, баланың көңіл-күйі жақсарады,  белсенділігімен жұмыс  қабілеті  артады. Табиғи,  күндізгі  жарық  ең  жақсы  жарық  болып  есептеледі. Жарық жақсы түсуі үшін ойын өтетін және группа болатын бөлменің терезесі  әдетте оңтүстікке, оңтүстік–шығысқа немесе оңтүстік–батысқа қаратып сыналады. Қарама-қарсы  үйлеріне биік ағаштар жарыққа кедергі болмауы тиіс. Терезенің әйнектелген ауданы неғұрлым үлкен болса,  бөлме соғұрлым жарық  болады. Ашық күні терезеден ең қашық жердегі жарық дәрежесі 100лк  болатын аудан ең аз норма болып есептеледі.Осыдан келіп бөлменің ауданы неғұрлым үлкен болса, терезелердіңжарық өзтікзетін беті соғұрлым үлкенболуы тиісдеген қортынды шығады. Терезенің әйнектелгенбетінің еденнің ауданына қатынасы жарық коэффициенті деп аталады. Ойын өтетін және группашұғылданатын үшін қалаларда жарық коэффицентінің нормасы 1:4 және 1:5 болып, ал құрылыстары да әдетте барлық жағынан ашық жерлерде салатын селолық жерлерде 1:5 – 1:6 болып қабылданаған. Басқа үй жағдайлар үшін жарық коэфициенті  1:8 болу тиіс.Терезеден қашықтаған сайын табиғи жарықтың мөлшері кеми берді. Жарық жеткілікті түсуі үшін үй жайдың түпкі жағы еденнен терезенің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтықтың екі еселенген шамасынан артпауы тиіс. Егер бөлменің түпкі жағына дейінгі қашықтық 6 м-ге тең болса, терезенің жоғарғы шеті 3 м  болуы тиіс. Жарықтың 30 процентке дейінгі мөлшерін сіңіре алатын гүлдер де,бөгде заттарда да, терезе перделері де балалар шұғылданатын бөлмеге жарықтың  өтуіне кедергі жасамауы тиіс.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *