«Мақпал қыз», «Құл мен қыз» жырларының көркемдік-тарихи мәні

Жырдың 2 түрлі нұсқасы бар: 1) Көкшетау нұсқасы , айтушы — Көкшетау ақыны Ертай Құлсарыұлы Қысқаша сюжеті — қарауылдың сұлу қызы Мақпалға Әбден дейтін жалшы жігіт ғашық болады. Ру салтына қарсы шыққан екі жас елден қашып, Көкшетауды паналайды. Бірақ соңдарынан жеткен қуғыншылардың қолынан екеуі де мерт болады. Екі жас мерт болған жерді халық «Мақпал қыз » тауы деп атап кеткен. 2) Сыр нұсқасы , айтушысы — Сәрсенбай ақын . Мұнда тау аты аталмайды. Сюжеті де 1 – нұсқадан бөлек Қысқаша сюжеті : Егіз көлді жайлап жатқан Сыр бойындағы Қызылқұмға қарақалпақ елінен Жабы батыр келеді. Жабы батыр Мақпал қызды алуға келгенде, оның сүген жігіті Сегіз Арқада жылқы бағып жатады. Ел – жұрты қызды Жабыға бермек болады, қыз Сегіз Арқадаға хабар жібереді. Хабаршы Сегізге 7- күнде жетеді, осы кезде ел Мақпалды ұзатып та қояды. Хабарды кеш алған Сегіз 3- күн , 3 түн жүріп Мақпалдың жеңгесіне келеді. Мән — жайды білгеннен кейін Мақпалдың соңынан жөнеледі. Дәуқара төбесіне жеткенде қыздың көшін көреді, қыз Сегіздің жеткенін білгеннен кейін шешесіне 3- күн еру бер деп өтінеді. Шешесі құп көреді. Осы кезде Жабы 40 жігітімен көштен озып, кеткен болатын , көш кешіккен соң , ол Бұлдырық деген жолдасын ертіп, қайтып келеді. Қыздың шешесі тілекті бұзбас үшін Жабының алдынан шығып, Сырдариядан Мақпалға 1 – жұтым су алып келуін өтінеді. Жабы тұлпарына мініп, , 2- түн, 1 күнде Сырдариядан су алып қайтады. Жолда Жабы келе жатып түс көреді, оны Бұлдырық 2 — түрлі жорып береді. 1. Ақ отауды Сегіз бен мақпалдың еру қосылғанын айтады. 2. ақ сұңқар — алған жарың Мақпал да , алғыр құс болашақ балаң Қыздың шешесінің тілегін орындап, Жабы көшпен бірге Мақпалды алып кетеді, Сегіз белгісіз жоғалып ғайып болады, ал Мақпал барған жерінде ішқұсалықтан өледі. Басқа жырлармен салыстырғанда «Мақпал қыз» жырының композициясы күрделі емес: көлемі қысқа, эпизоттары аз. Кейіпкерлері : Сегіз, Мақпал, Күләйім, анасы, Жабы, Бұлдырық, Қара Жорға, Кербесті, Аққұс аттар. Жыр көбіне қара өлеңмен жазылған, тек Сегіздің Қара жорғаға , қыз анасының Жабыға айтқаны, түс жору, Аққұс аттың шабысын суреттеу тұстары ғана 7 — буынды өлеңмен берілген. Сондай — ақ адам басына қайғылы сезімдерді аң, құс, табиғат құбылыстарымен салыстыру, теңеу түріндегі қайталаулар бар. Жырдың тілі эпостық дастандар тіліне жақын . Жырдың сюжеті көшпелі өмір салты мен тығыз байланысты . Сюжетті жоғарыдағы жыр мен ұқсас ХІХ ғасыр туып, ел аузында сақталған жырдың бірі — «Құл мен қыз» . Жырдың 2 түрлі нұсқасы бар: 1. Жөкей Шаңғытбаевтан, 2. Бақтыгерей Науқауұлынан жазылып алынған. Екі ақын да қырғыз ауданынікі. Жыр көркем әрі қызықты. Қысқаша сюжеті: Балпаң деген байдың Гүлжан деген жалғыз қызы болыпты. Қызды бай еркін, еркек – шора етіп өсіріпті, еркелетіп Айым сұлу дейді екен, шешесі бірде қызының жайын қозғап, бай атан соғып, той істеп, қызына сүйгеніңе қосыл деп ақыл — кеңес береді. Ертеңіне Айым қыз киімін киіп , әсем ақ отау тіктіріп, ойын – сауық құрады. Балпаң дайдың асырап алған Талайлы деген құлы боады. Ол барлық өнерден хабардар, өнерпаз жігіт еді. Айымның көңілі осы құлға ауады. Сол кезде Балпаңның әйелі ұл туып , осы тойда Талайлы барлық өнерімен көрінеді. Осыған риза болған ел оның басына азаттық беріп, құл деген атақтан құтқарады. Осыдан кейін қыз бен жігіт көңіл қосып, ел біліп қалғаннан кейін , елден қашып шығады. Бай қызының құлмен қашып кеткеніне намыстанып, арттарынан қуғыншы жібереді. Шөл далада қарсылық көрсеткен Талайлыны қуғыншылар атып өлтіріп, көмусіз тастап кетеді, Айым суға кетіп өледі. Жырды айтушылар «Құл» , «Қыз» тауларының аты осы оқиғаға байланысты туған дейді.

Образдары : Айым, Талайлы, Балпаң, Дәулет палуан , жантілеу мерген, Құдайберді , Нарқұла ат . Жырдағы Айымның сүйгеніне қосыла алмауына бөгет болған — ескі әдет, әйел теңсіздігі, әлеумет теңсіздігімен бірге жырда көшпелі өмір бейнесі жақсы көрсетілген: той, палуан, бәйге, жамбы, үй тіктіру, ас беру, ат жарату, бәйге беру салттары.

Жыр қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінен мол хабар береді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *