Махамбет Өтемісұлы туралы эссе

Махамбет Өтемісұлы Ішкі Ордасы, Бекетай аймағы бүгінгі Батыс Қазақстан аумағы Жәнібек ауданында дүние бесігін ашты. Қаратай өңірінде қазіргі Атырау обылысы Махамбет ауданында өмірден қайтты. Ақын «Ұлы арман», «Ереуілі атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңсегім екі елі» т.б. толғауларында күрес мұратын, азаттық үшін бастаған ұлы жорықтың жөнін жырлайды. «Атадан туған ардақты ер», «Ерлердің ісі бітер ме», «Исатай деген ағам бар» т.б. толғауларға көтеріліс шақтың жауынгер рухы түскен «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінген ер», «Тарланым», «Қызғыш құс», «Мен едім», «Мінгені Исатайдың Ақтабаны- ай» т.б. толғаулар жеңіліс сәтін ауыр күйін жеткізіді.

Халел Досмұхамедұлы Махамбет өмірбаянын бірінші рет берді. Махамбеттің шығармашылығының көтеріліс себептері мен сабақтары туралы жазды. Махамбет ақындығының әр қырынан сөз қозғады. Махамбет жыраулығы күшті деп байлам салды.

Мұхтар Әуезов Махамбет шығармашылығын 1927 жылы «Әдебиет тарихында» зар заман әдебиеті аясында қарастырды. Ісшілдік дәуір өкілі атанды. 1933 жылы «Махамбет өте- ұлы» зерттеуінде ақын шығармашылығын әр қырынан қарастырып, кең толымды өмірбаян берді.

Ақынның өлең үлгісі, түрі, сөз қолданыс көркемдік қырлары қазақ әдебиеттану ғылымында сын қырынан сараланып келеді. Шығармалары әлденеше рет басылым көрді.

Махамбет поэзиясы, оның әр өлеңі жауынгерлік поэзиясының, жыраулық өнердің үздік үлгісі. Сонымен бірге Махамбет поэзиясы ХІХ ғасырдағы жаңа қазақ өлеңінің сыршыл лиризм туған айдын әлемі.

«Халық бостандығы үшін болған күресті сипаттайтын ХІХ ғасырдағы поэзияда Махамбет жырларының орны ерекше, өйткені ХІХ ғасырдағы халық көтерілісі кезінде найза мен қаламын бірдей қару етіп жұмсаған одан басқа ақын жоқ.»

Қазақтың жыр семсері Махамбетті ХІХ ғасырлар әдебиетінің ғана шеңберінде қарастыру, жалпы біздің барша әдеби мұраларымыздың, құндақтап, құрсауларға көнбейтін дәстүрлі, сабақтас, желелі құбылыс екендігі сияқты мүмкін емес нәрсе. Махамбеттің әр өлеңі айрықшы алабөтен жыр үздігі.

Махамбет ақын шығармашалығының текстологиясына байланысты бір пікірталасты тұжырымдай келіп, академик Зейнолла Қабдолов былай дейді: «Махамбеттің әр сөзі құйылған, қорытылған қорғасын. Оны өңдеп- жөндеймін деп жасыртпау керек. Махамбет пен Абайға редакция жүрмейді.»

Махамбет шығармашыылығына ғылыми түрде көркемдік, саяси баға берген әуелде Х. Досмұхамедұлы. Исатай- Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтерілістің саяси себеп- салдарын осылай сарайлай келіп Х. Досмұхамедұлы Махамбет өмірбаяны, шығармалары туралы сөз қозғайды.

«Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған… Махамбеттің жыраулығы күшті болған».

Мұхтар Әуезов Махамбет өзінен өзі шыққан жоқ, әдебиетте де, тарихта да алды бар. Бұхар салт- сана жүзіндегі төркіні дейді. Оның өлең түрінде Бұхармен жақындық  бар дейді. Ауызша жырдың ерекшелік табыстырып жатқан туыстық- тұтастығы көлденең таратады. Мұның өзі тек Бұхар емес, жалпы жыраулар поэзиясының үздік үлгісімен Махамбет жырының тұтастығы, туыстығын, өзіндік құнын айқындау еді. Жауын мұраты, жаугершілік күй, соғыс сәті, суреті түскен поэзияның әлеуметтік  қамын әріден қозғаған толғаудан өзгеше түсер өрнектеріне назар аудартады.

Махамбет- Исатай жырларын көркемдік жақтан талдап, ішкі сыр көңіл- күй әуеніне байлауда М. Әуезов өлең танудың үздігі. «Зымырап шарқ ұрып, от шашып, іші- тысы бірдей түп- тұтас болып тұратын» алапат жырлаудың сөз өнеріндегі өлшеусіз орны әлі де таңырқатып, тамсантумен келеді.

Махамбет — лирик.

Махамбет — эпик.

Махамбет- қазақ поэзиясының өнер өткеліндегі үзілмеген алтын арқауы. Дәстүрден жалғасқан жаңа асуы. Махамбет поэзиясының, ақынның асыл сөзінің жарқ- жұрқ еткен бір қыры жыралар поэзиясымен үндес тұтастары. Ханға қасқайып мін, арнау сөз, сын айту, жауынгерлік рух батырлар бейнесі. Ақын мені…Махамбет поэзиясы синтез өлең. Оның шығармашылығынан ХІХ ғасырдың жаңа өлеңі де көрінеді.

Жыраулар поэзиясының негізгі бір қыры — афоризм, нақыл сөз. Бұл жөнінде де Махамбет поэзиясы — жырау үні.

Махамбетте жалаулы найза, еңку — еңку жер шалмай, толарсақтан саз кешіп т.б. дәстүрлі қолданыстары аз емес.

Жыраулар поэзиясының дәстүрлі «Мені» Махамбетте де ерекше, алабөтен «Мен бір шарға ұстаған қара балта мен ақ сұңқар құстың сойы едім», «Мен кесекті ердің сойымын».

Махамбет Өтемісұлы халық поэзиясы бесігінде емін-еркін өсіп-өніп, өзіне дейінгі Қазтуған, Ақтамберді, Шалкиіз, Досмамбет сияқты жорық жырауларының да, Асанқайғы, Бұхар сынды толғау ақындарының да дәстүр-урдісін ілгері дамытып, тілдік-стильдік, образдық жүйесі ерекше, дара мектеп, тың бағыт қалыптастырып кеткен суреткер екені аян. Ал оның игі әсер-ықпалы, өнеге-тәлімі бүгінгі Сабыр Адай, Жеркен Бөдеш, Тыныштықбек Әбдіәкімов ізденістері арқылы жаңаша серпінмен молығып-толығып, ішкі қуат-күші, рухы жағынан ғаламат биікке көтеріліп келе жатқанын сезіну бір ғанибет емес пе!

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *