Мәдени-демалыс маркетингі маркетингтің өзгешелеу бөлімдерінің бірі болып саналады.

Мәдени-демалыс маркетингі – бұл тұтынушылардың демалысын ұйымдастыру үшін мемлекеттің, кәсіп­орын­дар­дың, ұйымдардың немесе жекелеген тұлғалардың қабыл­дай­тын шараларының кешені.

Бұл жүйе, сондай-ақ, коммерциялық мақсатқа қолда­нылуы мүмкін. Мәселен өзі хабар беріп тұрғанындай «шоу-бизнесте» маркетинг пайда алу үшін пайдаланылады.

Кез келген жүйе сияқты, мәдени-демалыс мар­ке­тин­гі­нің де өз мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыт­та­ры мен әдістері бар.

Бағыттар – кәсіби біліктілік деңгейін арттыру сала­сын­дағы саясатты жүргізуді, қызметтерге баға қалыптас­ты­руды, гастрольдер ұйымдастыру мен коммуникацияларды білдіреді.

Мәдени-демалыс маркетингінде қолданылатын әдіс­тер, кез келген нарықтағы сияқты, өзіне талдауды, модель­деу­ді, болжам жасауды кіргізеді.

Мәдени-демалыс қызметі жүйесіндегі маркетинг ке­ле­сі міндеттерді шешуді болжайды:

  • нарықты кешенді түрде зерттеп-үйрену, әлеуетті сұранысты және қанағаттандырылмаған қажетті­лік­терді анықтау;
  • әуестік, көңіл көтеру бағдарламаларын, концерт­терді және оларға деген бағаларды жоспарлау;
  • өмір сүрушы сұранысты неғұрлым толық қана­ғат­тандыру үшін шаралар әзірлеу;
  • билеттер өткізуді жоспарлау және оны жүзеге асы­ру;
  • концерттер мен гастрольдерді ұйымдастыру жә­не басқаруды жетілдіру бойынша әзірлемелер жа­сау.

Бұл міндеттерді шешу маркетингтік талдаудың сапа­сы­на қатысты болады. Ол пәрменді болу үшін, талдау жан­жақты объективті және сыни сипатқа ие болуы тиіс. Бұған, нақтылы мәселелер бойынша қажет болған жағдайда арнайы зерттеулермен толықтырылатын, жүйелі түрдегі мар­кетингтік зерттеулерді ұйымдастыру жолымен қол жет­кі­­зуге болады. Нәтижесінде болжамдар жасау, бағдар­ла­ма­лар мен стратегияларды әзірлеу үшін ақпараттар базасы жа­са­лады. Негізінен, болашақта сынап көру үшін қыс­қа­мер­зімдік болжам жасалады, ал неғұрлым алыс және бел­гісіз кезеңдер үшін болжам жалпы сипаттарда белгіленеді.

Сандық және сапалық талдау элементтері эконо­ми­ка­лық процестерді модельдеу әдістерінің құрамды бөлігі бо­лып қызмет етеді.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы күтілетін арасал­мақ­ты ескере отырып, әуестік, көңіл көтеру қызметі на­ры­ғы­ның конъюнктурасын болжау, нарыққа шығудың оң­тай­лы тактикасын анықтау үшін қажет. Нарық конъюнк­ту­ра­сын болжау кезінде статистикалық әдістер пайда­ла­ны­лады.

Тұтынуға бағдарлану мәдени-демалыс маркетингінің бас­ты мақсаты болып саналады. Клиенттердің қажет­ті­лік­терін қанағаттандыру олардың мақсатына айналған кезде ғана, кәсіпорын коммерциялық табысқа қол жеткізеді.

Сұранысты басқару мәдени-демалыс маркетингінің басты міндеті болып саналады.

Сұранысты басқару өзіне ынталандыруды, көмек­те­су­ді және реттеуді кіргізеді.

Ынталандыру – яғни ұйымдардың тартымды және ин­тенсивті түрде өздерінің қызметтерін жарнамалай оты­рып, нені ұсынады, соған тұтынушылардың ұмтылысын ту­ды­ру­ы болып саналады.

Көмектесі, ұйымдардың өздері көрсететін қызмет­терін жеке түрде алуға, мүмкіндік жасайтынын болжайды.

Жыл ішінде сұраныста секіріс болғанда немесе сұ­ра­ныс ұсыныстан артып кеткен жағдайларда оны реттеу қа­жет болады.

Негізінен, кәсіпкерлік қызмет қандай да бір өнімнің төңірегінде ұйымдастырылады. Халықтың демалысын ұйымдастыру мақсатымен құрылған, мәдениет және көңіл көтеру кәсіпорындары беретін қызметтер мәдени-демалыс бизнесіндегі осындай өнім болып саналады. Ұйымдар өздерінің күшін түпкі тұтынушыларға және коммерциялық емес мекемелерге қызмет көрсетуге бағыттай алады.

Өздерінің қызметтерін маркетинг қағидаларына не­гіз­деу­ші, мәдени-демалыс кәсіпорындары жаңа шоу-бағ­дар­ла­маларын жасайды, келетін артистердің гастрольдік жос­па­рын әзірлейді. Шынайы талаптарға және тұтыну­шы­ла­ры­ның тілектеріне орай қызметтерді бағдарлай білу, мә­де­ни-демалыс маркетингінің негізгі қағидалары болып са­на­лады. Осы негізгі қағидалардан келесі мақсаттар туын­дай­ды:

  • көңіл көтеру қызметтері нарығын зерттеп-үй­ре­ну;
  • тұтыну сұранысының жай-күйі мен динами­ка­сын зерттеп-үйрену, алынған ақпараттарды ше­шім қабылдау процесінде пайдалану;
  • тұтынушылар тілегіне сай көңіл көтеру­лер­ді дайындау;
  • ұйымдарға қажетті бағыттарды қалыптастыру мақ­­са­тымен барлық мүмкін боларлық құрал­дар­дың көмегімен, нарық пен тұтыну сұранысына әсер ету;
  • демалысты тұтынушыларды қанағаттанды­ра­тын­дай, көңілінен шығатындай уақытта және сондай ұзақ­тықта ұйымдастыру;
  • жоспарларды әзірлеу мен оны жүзеге асыру, сер­вис және параллель қызмет көрсету сияқты қыз­мет көрсетудің барлық процесін басқаруды қам­та­масыз ету;
  • жаңа идеялармен нарыққа шығуға кешікпеу;
  • нарықты сегменттеу;
  • қызмет сапасын арттыру есебінен бәсекелестік күресте басымдыққа қол жеткізу.

Маркетингті енгізу тәжірибесі, жекелеген тұжырым­да­малардың, мысалы, нарыққа болжам жасаудың күт­кен­де­гі­дей нәтиже бермейтіндігін көрсетіп берді. Тек қана ке­шен­ді келіс қана мәдени-демалыс қызмет нарығына өтуге мүм­кіндік береді.

А.Н. Романов басқару мен өткізудің нарықтық тұжы­рым­­дамасы ретінде, маркетингтің принципті мето­до­ло­гия­сы­на сүйене отырып, маркетинг функцияларын анықтау жә­не сипаттауға әмбебап жол табушылықты іздеп табады. Бұл келіс маркетинг функцияларының төрт блогын бөліп көр­сетуден тұрады. Мәдени-демалыс маркетингі аясының өзін­дік ерекшелігі бар. Сондықтан оның құрылымы былай­ша көрінеді:

І. Аналитикалық функция.

  1. Мәдени-демалыс қызмет нарығын зерттеп-үйрену.
  2. Тұтынушыларды зерттеп-үйрену.
  3. Мәдени-демалыс қызметімен айналысушы кәсіп­орын­дар мен ұйымдарды зерттеп-үйрену.

Бәсекелесуші кәсіпорындарды зерттеп-үйрену нә­ти­же­сі, олардың неғұрлым әлді және әлсіз жақтарын алып пай­далануға мүмкіндік береді. Бұл білімдер бәсеке­лес­тер­дің ұсыныстарымен салыстыра отырып, сіздің фирманың ком­мерциялық және техникалық ұсыныстар жасауына да жағ­дай туғызады.

Мәдени-демалыс және көңіл көтеру қызметтерін зер­т­теп-үйрену, қызметтерге деген қажеттілік қалай қана­ғат­тан­дырылып бәсекелестердің сервистер жүйесі қандай де­ген мәселелерді анықтап алу үшін де қажет. Түйіндеп айт­қан­да, қандай көңіл көтеру бағдарламалары, шоу, кон­церт­тер қандай көлемде қажет деген қорытындыға келу ке­рек.

Кәсіпорындардың ішкі ортасына талдау жасау, оның на­­рықтағы бәсеке қабілеті, қызметкерлердің ин­те­лек­туал­дық және кәсіби әлеуетін, шығармашылық мүмкіндіктерін талдау көзқарасы тұрғысынан, кәсіпорындардың ұйымдық құрылымын зерттеп-үйренуді болжайды.

ІІ. Жасампаздық функциясы.

  1. Жаңа көңіл көтеру бағдарламаларын, концерттерді, дискотекаларды ұйымдастыру.

Айқын жүргізілген тұтынушыларды сегменттеу нарық талап ететін сандағы, мақсатты бағытталған бәсеке қабілетті бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Жаңа қызықты идеялар туындатуға айрықша көңіл бөлінеді. Жаңа идеялардың пайда болуы – олардың мәдени-демалыс қызметтің нарығында белгілі бір кезең аралығында үстемдік жағдайды иеленіп және барынша жоғары пайда алуына мүмкіндік беруі – кәсіпорындардың коммерциялық табысқа жетуінің негізгі факторы болып саналады.

  1. МТС-ды ұйымдастыру.
  2. Мәдени-демалыс қызметінің сапасын басқару.

 

ІІІ. Өткізу функциясы.

Сату жүйесін ұйымдастыру. Сату жүйесі тұтынушының оны сол жерде ала алатындай ыңғайлы және қажетті жағдайын қамтамасыз етеді.

Бір-бірін толықтыратын қызметтер жүйесін ұйым­дас­тыру (фотоға түсіру, ойын автоматтары, сувенирлерді сату және т.б.). Бір-бірін толықтыратын қызметтердің болуы сұраныстың көбеюін туғызады, кәсіпорынның коммер­ция­лық табысқа жетуіне жол ашады, оның беделін көтереді.

Мақсатты бағытталған баға саясатын жүргізу.

Баға және баға белгілеу – кез келген маркетинг кеше­нінің түбегейлі элементтері болып саналады. Баға арқылы түпкі коммерциялық нәтижелер жүзеге асырылады, кәсіп­орын­дардың, ұйымдардың маркетинг қызметтерінің тиім­ді­ліктері анықталады. Ең соңында, кәсіпорынның жос­пар­ланған пайдасын қамтамасыз етуші баға, оның қызметінің барлық кешенінің бәсеке қабілетті екенін дәлелдейді.

Мәдени-демалыс маркетингіндегі мақсатты бағыт­тал­ған баға саясаты, жоспарланған қысқа мерзімді және ұзақ­мер­зімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардың өз қызметтеріне нарықтағы хал-ахуал­дың өзгеруіне орай белгілейтін бағаларынан тұрады.

Маркетингті ақпараттық қамтамасыз ету.

Жарнама тәжірибе жүзінде бұл мәдени-демалыс мар­ке­тингтің ең маңызды элементі және осы бизнестің қоз­ғау­шы күші. Мәдени-демалыс қызметі нарығындағы жарнама­лар­дың жоқтығы, дұрыс ұйымдастырылмауы немесе жар­намалардың жетімсіздігі сатылатын билеттердің көлемінен бірден байқалады.

ІV. Басқару және бақылау функциясы.

Демалыс және көңіл көтеру аясындағы табысты мар­ке­тингтік қызмет, маркетинг қызметінің оңтайлы ұйым­дас­ты­рылуына байланысты. Осы кәсіпорындардағы мар­ке­тин­г­ті ұйымдастырудың құрылымы мен үлгісі тек қана әртүрлі факторлардың әсерін ғана емес (кәсіпорынның мақсаты мен міндеті, маркетингтік орта, басшылық жасау стилі жә­не т.б.), фирмалардың мәдени-демалыс қызметінің ерек­ше­лік­терін де ескеруі тиіс.

Маркетингтік қызметтің тиімділігі бақылау функ­ция­ла­рын жүзеге асыру жолымен анықталады. Маркетингтік бақылау мәдени-демалыс кәсіпорын­дарының қызметіндегі сандық және сапалық мақсаттарды жүзеге асыру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. V. Жоспарлау.

Оның ұзақмерзімдік мақсаттары шеңберінде кәсіп­орын қызметінің жоспарлылығы мен пропорционалдығын орнықтыру,  маркетингтің негізгі мақсаттарының бірі бо­лып саналады. Осыған орай, басшылықтың басты бас­қа­ру­шы­лық міндеті, фирмалары қызметіндегі тәуекел мен белгісіздік дәрежесін төмендету болып саналады. Терең ойластырылып жасалмаған жоспарлаусыз марке­тинг­тің барлық функцияларын жүзеге асыру мүмкін емес.

VI. Маркетингті басқару циклінің бақылау-аяқтаушы са­тысы шешімді қабылдау және жүзеге асырудың аяқ­тау­шы буыны болып саналады. Бақылау-басқару кезеңінің бас­қа сатыларында да қолданылуға тиісті. Бақылау тек қа­на анықтауға ғана емес, сонымен бірге түрлі ауытқулар мен қателіктерді және кемшіліктерді ескертуге, сыртқы жә­не ортаның өзгеруші жағдайларына бейімделу мен даму мүм­кіндіктерін және жаңа резервтерді табуға да мүмкіндік береді.

Мәдениет және бос уақытты ұйымдастыру аясындағы қызметтің классификациясы

Адамдар (немесе адамдардың топтары) көңіл көтере отырып, өзінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады, өзінің жеке басын бағалайды, әртүрлі әлеуметтік жүйелер ауқымындағы өзінің рөліне талдау жасайды. Демалысты өткізу табиғи, сол сияқты жасанды түрде жасалған жайлар жағдайында жүзеге асырылады. Мәдени және демалыс аясы көңіл көтеру үшін жағдайлар жасау мақсатын алға қояды.

Көңіл көтерудің адамның рухани әлеміне ықпал ету тетігін психологтар келесі түрде түсіндіреді. Көңіл көтеруге деген қажеттіліктің туындауы адамдарды дене әрекетіне – көңіл көтеруді тауып және оны тұтынуға деген ынтасын оятады. Қажеттілік динамикасы эмоционалдық астардың ауысуымен қоса ілесіп жүреді. Адамдар көңіл көтеру затын іздейді және осыған орай мазасыздық пен қиналысты түсінеді. Адам көңіл көтеру затымен кез­дес­кен­де, оны бірден қуаныш сезімі баурап алады. Көңіл көтеру нәр­сесі тыныштану сезіміне сәйкес келеді. Сезім (эмоция) әле­мі әзірше жеткіліксіз зерттелген күйде қалуда, дегенмен эмо­цияның адамдардың псохологиялық қызметіне әсер етуі дәлелденген.

Көңіл көтеру индустриясы дамуының әлеуметтік ба­ғыт­талушылығы, оның жаңа жеке бас қажеттілігін қа­лып­тастыруға қызмет ететіндігінен, сондай-ақ қалыптасқан алғышарттар кезіндегі қажеттіліктің дамуынан көрінеді. Мәдени және демалыс аясы көптеген міндеттерді: тә­р­би­ені, көңіл күйді қалыптастыруды, білім беруді, демалысты, адам мәдениетінің дамуымен шешеді, яғни негізі бойынша жеке басты қалыптастырып және дамытады.

Статистикалық тәжірибеде адамдардың көңіл көте­ру­мен айналысатын қызмет аяларының бөліну өлшемдері жоқ. Мұндай жағдай, бәрінен бұрын қызметтің бастапқы түрлерінің жеткіліксіз классификациялануымен бай­ла­ныс­ты. Халықшаруашылығы салаларының дәстүрлі классифи­ка­циясында соған сәйкес кәсіпорындар көңіл көтеру қызметтерін анықтау бойынша, бірқатар жағдайларда кә­сіп­орындардың негізгі емес, көмекші қызметтерін құра отырып, көптеген салалар бойынша көңіл көтеру қыз­мет­терін соған жұмылдырады.

Демалысты (бос уақытты) ұйымдастыру мәселелері әзірлемелерінің жоқтығы, көңіл көтеру индустриясының салыстырмалы түрдегі жастығымен байланысты.

Кімнің негізгі қызметі адамдардың көңіл көтеру қа­жет­тіліктерін қанағаттандырумен байланысты, сол кәсіп­орын­дар көңіл көтеру индустриясына жатады. Көңіл кө­те­ру қызметінің сипаты айқын көрінетін: цирктер, хайуанат­тар бағы, аттракциондар, ойын ойнайтын жерлер, демалыс саябақтары және т.б. осындай бірліктер болып саналады. Алуан түрлі көрермендік кәсіпорындар, өзіне тұрақты жә­не жылжымалы театрларды, кинотеатрларды, изостудия­лар­ды, концерртік ұйымдар мен ұжымдарды кіргізе оты­рып, сондай-ақ көңіл көтеру процестерін қамтамасыз етеді.

Жасанды су бассейіндеріндегі және сырғанақтардағы, сондай-ақ спорт залдарындағы дене тәрбиесімен айналысу, спорттық-көрермендік кәсіпорындарға бару көңіл көтеру­лер­ге тән болып саналады.

Кітапханалардағы, мұражайлардағы, көрмелердегі, сон­дай-ақ көптеген клуб мекемелеріндегі мәдени құнды­лық­тармен танысу да көңіл көтеруге жатады.

Көңіл көтеру процесінің негізгі сипаттарына келе­сі­лер­ді жатқызу көзделеді:

  • көңіл көтеру түрлерін ерікті түрде таңдау, көңіл көтеру түрлерінің шектеусіз тізімі;
  • көңіл көтеруге жеке адамның алдын ала дайын­дығы;
  • көңіл көтеруді жиі өзгерту;
  • басқалармен айналысу арқылы көңіл көтеруді араластыру (мысалы, тынығу оған қоса көңіл көтеру);
  • көңіл көтерудің мерзімділігі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *