Батыс елдеріндегі және Ресейдегі лизингтік қызмет нарығы лизингтік операцияларды реттеуші лизинг форма­ла­рының, лизингтік контрактылар мен заң нормалары моделдерінің алуан түрлілігімен сипатталады.

Лизинг түрлерін бөлу оның әртүрлі класси­фика­ция­лық белгілерінен шығады. Жалға алынатын мүлікке қатынасы бойынша (немесе қызмет көрсету көлемі бойынша) лизинг келесілерге бөлі­не­ді:

  • мүлікке қызмет көрсету бойынша барлық шығын­дарды лизингалушы өзіне қабылдайтын кезде, тазаға бөлінеді. «Таза» лизинг жағдайында лизинг алушы лизинг берушіге таза немесе нетто төлем­дерді аударады. Отандық жабдықтау нары­ғын­дағы қызметтердің көпшілігі таза болып саналады;
  • лизинг беруші мүлікке қызмет көрсету бойынша барлық шығындары өзіне қабылдаған кездегі, толыққа, яғни қызметтің толық жиынына бөлінеді. Оны жабдық жасаушылардың өзі жиі пайдала­на­ды.

Құны бойынша толық лизинг ең қымбат болып са­налады. Лизинг берушінің техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге, қажетті шикізаттармен жабдықтауға жұмса­ла­тын шығындары көбейеді:

  • жартылай (қызметтердің жартылай жиынымен). Мұндай жағдайда лизинг берушіге мүліктік қызмет көрсету бойынша жекелеген функциялар ға­на жүктеледі. Мысалы, лизингке тапсырған кез­­де тікұшақтар экипаж мүшелерімен бірге бе­рі­леді.

Қаржыландыру үлгісі бойынша лизинг төмендегіше бө­лінеді:

  • шұғыл, мүлікті бірмезгілдік жалға алғанда орын а­лады;
  • лизинг шартының бірінші мерзімі өткен соң, ке­ле­сі кезеңге ұзартылатын, қалпына келті­рі­летін не­месе револьверлік. Осыған орай лизинг объек­тілері белгілі бір уақыттан соң тозуына және лизинг алушының қалауы бойынша, неғұр­лым жетілдірілген үлгілерге ауыстырылуы мүмкін.

Жабдықтарды ауыстыру бойынша барлық шығынды лизинг алушы көтереді.

Жаңа контрактылар жасамай-ақ, лизинг алушыға жал­ға алынатын жабдықтардың тізімін толықтыруға мүмкіндік беретін бас лизинг, қалпына келтірілетін лизингтің әртүрлілігі болып саналады. Әріптестермен қатал контрак­тылық кооперациялар кезінде үздіксіз өндірістік циклдегі кәсіпорындар үшін бұл өте маңызды болып саналады. Бас лизинг тәртібіндегі келісім шарттары бойынша, лизинг алушының қосымша жабдықтар алу қажеттілігі туындаған жағдайында, лизинг алушыға, келісілген тізімге немесе ка­та­логқа сүйене отырып, талап етілетін жабдықтарды жет­кізіп беруге сұрату жолдауы жеткілікті болып табылады.

Келісімге қатысушылардың құрамына қатысты ли­зинг­тің келесі түрлері ажыратылады:

тікелей лизинг, осыған орай мүліктің иесі (жабдықтаушы) лизингке объектіні өз бетімен дербес тапсырады.Бұл – оған лизингтік компания қатыспайтын екі жақты келісім болып саналады. Мұндай келісімдердің үлесі онша көп емес – 5 – 7 %. Қайтарымды лизинг (sale and leaseb ack arrangement) тікелей лизинг үлгісінің бірі болып саналады. Қайтарымды лизинг – бұл жердің, ғимараттардың, құрылыстардың немесе жабдықтардың иегер – фирмасы, лизинг жағ­дай­ын­дағы өзінің бұрынғы меншігі ұзақмерзімдік жалға беру туралы келісімді бірмезгілде ресім­деу­мен, осы меншікті қаржылық институтқа бе­ретін өзарабайланысты келісімдердің жүйесі. Са­тып алушы атынан негізінен: банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық қор мен арнайы фир­малар қатысады. Қайтарымды лизинг ке­зін­де, сатып алғанда олардың төлеген барлық со­ма­сын инвесторға толық өтеу және инвес­ти­ция­ланған капиталға пайданың орта нормасын қам­та­масыз ету үшін жалгерлік ақы жеткілікті бо­луы тиіс.

Көп жақтардың қатысуы арқылы жасалатын ли­зинг немесе леверажды лизинг. Лизингтің бұл тү­рі күрделі, ірі ауқымды объектілерді қаржы­лан­дыру кезінде пайдаланылады. Мысалы, әуе­тех­никасы, теңіз және өзен кемелері, теміржол жә­не жылжымалы құрамдар, бұрғылау платфор­малары және т.б. Мұндай лизинг оның үстіне топ­тық деп аталады, оған бірнеше компания – жаб­дықтаушылар, лизинг берушілер қатысады, бірқатар банктердің несиелік қаржылары тар­ты­ла­ды. Лизинг объектісіне төлеу үшін қажетті сома­ның лизингберушінің 20-40%-ін ғана қам­тамасыз ете алуы, лизингтің осы түрінің өзіндік ерекшелігі болып саналады. Бұл қаржылар акциялар шығару және оларды лизинг берушілер арасында тарату жолымен тартылады. Қалған бөлігі (60-80%) кредитор-банктермен немесе басқа инвесторлармен қаржыландырылады. Бұл келісімдерге қатысушы жақтардың көпшілігі се­нім білдірген кредиторлар және сенім білді­ріл­ген лизинг берушілер қатысады.

Мүліктің қайтымдылық дәрежесі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

толық қайтымды лизинг. Лизинг шарты әрекет ететін мерзім ішінде толық немесе соған жақын мүлік амортизациясы болады, және соған сәйкес лизинг берушіге мүліктің құны төленеді;

қайтымсыз лизинг, бір лизинг шартының әрекет ету мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизациялануы болады және оның тек бір бөлігі ғана қайтады.

Мүліктің қайтымдылық белгілеріне сәйкес қаржылық және жедел лизинг болып бөлінеді.

Қаржылық лизинг – бұл олардың арасындағы келісім әрекеттері кезеңі ішіндегі, жабдықтардың амортизациялық құнын толық жабушы лизингтік төлемдерді төлеуді, қосымша шығындарды және лизинг берушінің пайдасын қарайтын, әріптестердің  өзара қатынасы.

Қаржылық лизинг сипаттамаларына мыналар жатады:

  • лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа, үшінші жақтардың қатысуы (өндіруші немесе келісім объектісінің жабдықтаушысы);
  • жалға берудің негізгі мерзімі ішінде, яғни жалға берушінің шығындарын төлеу үшін қажетті мерзімде шартты бұзудың мүмкін еместігі;
  • лизингтік келісім мерзімінің ұзақтығы (негізінен келісім объектісі қызметінің мерзіміне жақын).

Лизингтік келісім мерзімі аяқталған соң, лизинг алушы келісім объектісін нарықтың құны бойынша емес, қалдық құны бойынша сатып ала алады; жеңілдік ставкасы бойынша және одан аз мерзімге жаңа шарт жасай алады; лизингтік компанияларға келісім объектілерін қайтара алады. Өзінің таңдауы туралы лизинг алушы уақытылы хабарлауы тиіс, мысалы, шарт мерзімі аяқталғаннан алты ай бұрын.

Жедел лизинг жалға берілетін заттарды алумен және оны ұстаумен байланысты, лизинг берушінің шығындары бір лизингтік контракт ішінде жалға беру ақыларымен жабылмайтын, жалгерлік қатынастарды білдіреді.

Лизингтік контракт негізінен 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Жедел лизингте бұзылуы мен объектіні жоғалту тәуекелі лизинг берушіге жатады. Лизингтік төлемдердің ставкасы негізінен, қаржылық лизингке қарағанда шығындардың қайтымдылығына кепілдің жоқтығынан жоғары болады. Жедел лизингтік шарттың ақталуы бойынша лизинг алушы: неғұрлым өзіне ыңғайлы мерзімге шартты ұзарту; жабдықтарды лизинг берушіге қайтаруы; әділ нарықтық баға бойынша сатып алуға келісім болған жағдайда, лизинг берушіден жабдықтарды сатып алу құқына ие.

Лизингтік операциялар өткізілетін секторына қа­тыс­ты, былайша бөлінеді:

  • келісімнің барлық қатысушылары бір елді біл­дір­ген кездегі, ішкі лизинг;
  • сыртқы немесе халықаралық лизинг. Сыртқы лизингке, ең болмағанда жақтардың бірі басқа елге жататын келісімде жатады. Лизингтің бұл түріне сондай-ақ бір елдің лизинг берушілері мен лизинг алшылары жүргізетін келісімде де жат­қызылады, ең болмағанда жақтардың бірі өзі­нің қызметін жүргізсе және шетелдік фирмамен бірлескен капиталға ие болса, яғни, онда бірлескен кәсіпорын болып саналады. Мысалы, Қазақстандағы кәсіпорындардың мұндай үл­гісіне «Central Asia Liasing» бірлескен қазақстан-нидерланд кәсіпорынын жатқызуға болады.

Дегенмен, шетел кәсіпкерлері Қазақстан Республика­сын­дағы лизингтік қызметті жүзеге асыру біршама мәселе­лер­мен байланысты екенін атап өтеді.

Тәжірибе жүзінде олардың барлығы экономикалық ын­тымақтастықтың жаңа үлгілері үшін, Қазақстан заң­да­ры­на бейімделмегендіктерімен байланысты болып сана­лады. Оның жобасы әзірленгенімен, әлі күнге дейін респу­бли­када лизинг туралы заң қабылданған жоқ.

Қазіргі уақытта, лизингпен байланыстының барлығы жаңа Азаматтық кодекстің айрықша бөліміне кіргізілген. Өйткені Қазақстандағы лизингтік операцияларды жасау­дың тәжірибесі өте әлсіз, бұл актінің кейбір ережелерінде әртүрлі оқылымдарға жол берілген.

Тағы бір мәселе. Лизинг туралы заң қабылдаған әлемнің көптеген елдерінде, жабдықтарды жалға алушы адам ай сайынғы лизингтік төлемдерді (пайда алғанға дейін) жүзеге асырады. Соған сәйкес, осы төлемдердің сомасына салық салынбайды, яғни бұл, кәсіпкердің не­ғұрлым жеңілдік жағдайында жұмыс жасауына мүмкіндік береді, өкінішке орай Қазақстан туралы олай деп айтуға келмейді. Дегенмен, тура осылай ғана отандық өндірушіні ынталандыруға болады.

Түйін

Лизинг – қаржылық жалға беру (лизинг) шарты бой­ын­ша белгілі бір сатушыдағы шартта келісілген мүлікті алу­ға және бұл мүлікті кәсіпкерлік қызмет үшін ақылы түр­де уақытша пайдалануға жалға алушыға беруге жалға бе­руші міндеттенетін кездегі уақытша босаған немесе тар­тылған ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған, кәсіпкерлік қызметтің түрі.

Отандық кәсіпорындардың төмен төлем қабілеті, ресурссыйымды технологиялармен нашар қамтамасыз еті­луі, физикалық тозған, моралдық тұрғыда ескірген жаб­дық­тар мен кәсіпорындардың негізгі қорлары және т.б. ли­зингтік қызмет нарығын дамытудың алғышарттары болып саналады.

Кәсіпкерлер үшін лизингтің артықшылықтары өлшеу­сіз: қаржыны үнемдеу; лизингтік келісімдер шарттарының тұрақтылығы; техникалық қайта жарақтану мен қару­ла­нудың мүмкіндіктері.

Лизингтің алуан түрлері бар. Жалға алынатын мүлік­ке қатынасы бойынша лизинг таза, толық және жартылайға деп бөлінеді.

Таза лизинг шарты бойынша мүліктік қызмет көрсету бойынша барлық шығындарды лизинг алушының өзі көтереді. Ал лизинг беруші барлық шығынды өзіне алғанда толық лизинг орын алады. Лизинг беруші мүліктік қызмет көрсету бойынша жекелеген функцияларды орындаған жағдайларда, сөз жартылай лизинг туралы болады.

Лизингтік келісімге қатысушылардың құрамына қа­тыс­ты тікелей, жанама және леверажды болып ажыра­тылады. Мүліктің түрі бойынша лизинг қозғалатын және қозғалмайтын болып бөлінеді.

Мүліктің қайтымдылық белгілеріне сәйкес лизинг қаржылық және жедел болып жіктеледі.

Қаржылық лизинг – лизинг алушыға жабдықтың толық құнын немесе оның басым көпшілігін жабатындай соманы төлеу болып саналады.

Жедел лизинг негізінен, қаржылық лизингтен мерзімі бой­ынша ерекшеленеді. Жабдықтар жабдықтың эконо­ми­ка­лық қызмет мерзіміне қарағанда, одан анағұрлым аз уа­қыт­қа пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *