Липидтер дегеніміз — табиғи органикалық заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ түрлі еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мол, адамның жəне өсімдіктердің барлық ұлпалары клеткаларының құрамына кіреді. Липид-гректің lipos-май деген сөзінен шыққан.

Липидтерді химиялық жағынан алып қарасақ, олар көптеген органикалық қосылыс топтарының жиынтығы. Сондықтан да, оларға функционалдық сипаттама беруге болмайды.

Бірақ, бұл класқа жататын органикалық қосылыстардың көпшілігі көп атомды күрделі эфирлерге немесе ерекше құрылысты жоғары май қышқылына жататын спирттер деп қарастыруға болады. Липидтер құрамында ацильды қалдықтары бар фосфор қышқылы кездеседі, ал осымен түрлі азотты негіздер байланыста болады.

Липидтер барлық тірі клеткаларда кездеседі жəне тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер (энергия берушілік, қорғану, құрылымдық, метаболизмдік) атқарады. Мысалы: олар клетка мембраналарының құрамына кіреді. Клетка қабырғаларының құрамына енетін липидтер құрылымдық липидтер деп аталады.

Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэргиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады. Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады: Липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі жəне тірі ағза үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы жəне мөлшері мал азықтандыруға жəне олардың қоңдылығына байланысты болады; Липидтер клетка мембранасының құрылымдық жəне рецепторлық бөлігі; белгілі – бір мүшедегі немесе ұлпадағы құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері жəне белгілі химиялық құрам болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға жəне олардың ауруына байланысты өзгермейді; Липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қослыстардың алғы заты бола алады; Қорғаныс қызметін атқарады, ағзаларды ыстық-суықтан, электр жəне механикалық əсерлерден (соққыдан, қағылып-соғылудан, қатты суықтан) қорғайды; Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар ағзаның қалыпты тіршілігі үшін қажет. Липидтер құрамына, құрылысына жəне организмде атқаратын рөліне қарай олар екі үлкен топқа бөлінеді.

Қарапайым липидтер. Бұлар негізінен екі компонентті заттардан яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі-глицериннен жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклды спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) — жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері жəне үш атомды спирт (глицерин) жатады.

Балауыз – жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері мен жоғары спирттер. Стероидтер – жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері мен полициклды спирттер –стеролдар. Бұл топтардың барлығы дерлік қарапайым липидтердің сабындалатын фракциясы болып табылады. Ал бос (еркін) түрдегі жоғары май қышқылдары, жоғары спирттер мен полицилды спирттер (стеролдар) қарапайым липидтердің сабынданбайтын фракциясын құрады. Сол сияқты бұларға стерол туындылары 47 – стероидтар жəне де каротиндер мен оларға жақын заттарды жатқызады. Күрделі липидтер көп компонентті молекулалардан тұрады, олардың компонеттері бір-бірімен химиялық типтегі байланыстармен қосылады. Бұған жататындар:фосфолипидтер, сфинголипидтер жəне гликолипидтер.

Мал ағзасындағы тері майы шелінде, шарбыда,қойдың құйрығында, түйенің өркешінде орналасады. Ал өсімдіктердің дəнініде, сабағында,тамырында болады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта,күнбағыс дəнегінен,соя жəне жүгері дəнінен алады. Сол сияқты сүттен жəне мал етінен де май алынады.

Фосфолипидтер негізінен жоғары май қышқылдарының қалдықтарынан,глицериннен не басқа да түрлі көп атомды спирттерден, фосфор қышқылынан жəне азотты негіздерден құралады. Гликолипидтер құрамына көп атомды спирттер мен жоғары май қышқылымен қатар көмірсулар енеді. Барлық күрделі липидтер сабындалатын қосылыстар. Жоғарыда көрсетілген заттар майлар, стеридтер жəне фосфатидтер табиғатта кең таралған. Олардың клетканың құрылымын құрауда жəне ағзадағы жүретін биохимиялық процестерге түсуде атқаратын рөлі өте күшті. Балауыз болса, олардан гөрі төмендеу рөл атқаратын қосылыстар тобына жатады, бірақ бұлда салыстырмалы түрде. Гликолипидтерді көп уақытқа дейін тек жүйке ұлпаларында кездеседі деп келді. Оларға цероброзидтер, ганглиозидтер жатады.

Цероброзидтер ми ұлпалары, ал ганглиозидтерге нейрондар бай келеді. Соңғысы нейрондардың құрылымын құрайды. Гликолипидтерді соңғы кездегі зерттеулер нəтижесінде көптеген жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарынан алды. Липидтер басқа да органикалық заттармен қосылыса алатын қабілеті бар қосындылар, əсіресе жоғары молекулалы заттар (белоктар, көмірсулар) мен жиынтықты қосылыс түзіп, ағзадағы көптеген негізгі қызметтерді атқаруда бұларға үлкен маңыз береді. Липидтер белокпен бірігіп, ағзалардың субклеткалы бөліктері мембранасының, мысалы, митохондриялардың құрамына енеді.

Шамасы липидтердің белокпен жиынтығы клеткада болатын түрлі тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысуы мүмкін, ал бұл процестердің клетканың құрылымдық элементтерінде атқаратын рөлі өте зор. Өзіндік құрылымы бар кейбір липидтерді, яғни бір молекуланың өзінде əрі лиофилді, əрі лиофобты бөліктерінің қатарласып келуін, олардың функционалдық қасиеттерімен, мысалы мембрананың 48 біржақтама өткізгіштік қабілетін тудырумен байланыстырады. Сөйтіп липидтердің ағзадағы атқаратын маңызы өте зор. Əсіресе, майлар ағзада тотығу процестерінің нəтижесінде не тотығу субстраты ретінде клетканы қуатымен қамтамасыз етеді.

Липидтердің тағыда бір маңызды қызметі – тірі клеткаларды қоршаған орталықтан бөлуші – клеткалық мембраналардың түзілуіне қатысады. Сол сияқты клетканың құрамына енуші өте ұсақ бөлшектерді – органеллаларды бір-бірінен ажыратуға қатысуы. Мембраналар мембрана аралық кеңістіктен бөлінген тығыз екі қабаттан тұрады. Олар мембрана ішіндегі кеңістік пен сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттейді жəне негізгі биохимиялық процестерді тездетуші ферменттердің макромолекулалары жиынтығы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *