Əлеуметтік құрылым — қоғам өмірімен сабақтас қандай да бір белгілермен сипатталатын, өзара байланысты əлеуметтік қауымдастық жиынтығы. Тұрақты үлкен əлеуметтік қауымдастықтарға таптық (таптар, əлеуметтік құрылымдар мен топтар), демографиялық (жастар, əйелдер, қарттар), этникалық (тайпалар, этностар, ұлттар) жəне т.б. қауымдастықтар жатады.

Өзінің даму үдерісінде əлеуметтік-таптық құрылым (осыны ары қарай талдаймыз) алуан түрлі жəне күрделі бола отырып, қоғамға барлық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ғалымдар қоғамның əлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді анықтау үшін көптеген бағыттар мен жолдарды айқындады. Оның ішінде ең белгілілері таптар теориясы мен əлеуметтік стратификациялау теориясы.

Көптеген онжылдықтар бойы авторы неміс əлеуметтанушысы болып табылатын қоғамның əлеуметтік дифференциациясы талдауына стратификациялық тəсіл мен марксистік дəстүрлі таптық талдауының арасында дау жүруде. Карл Маркс жəне Макс Вебер негізінде байлық, мəртебе жəне билік сияқты үш критерий жатқан əлеуметтік теңсіздіктің екі тармағының бастауы болған.

Марксистік дəстүрде барлығы байлықтағы айырмашылыққа келіп тіреледі, яғни тапқа жатуына байланысты. Марксистердің шешімін келесідей тұжырымдауға болады: егер де біз барлық жағынан тең болмасақ, онда тек бір нəрседе тең емеспіз; үш өлшем бір-біріне дəл келіп, бір-біріне таңылады; əлеуметтік теңсіздікті қай жағынан алып қарасақ та, олардың меншіктегі жағдайының бірдей еместігін байқауға болады, ал үш өлшем тек негізгі шешуші айырмашылықтың түрі. Сондықтан да стратификациялау бір өлшемді.

М. Вебер жəне оның ізін қуалаушылар кері пікірде. Олардың айтуы бойынша: егер біз бір нəрседе тең болмасақ, онда біз барлық жағынан тең емеспіз дегенді білдірмейді; үш өлшемнің бірі-бірімен дəл келуі міндетті емес; олар бір-біріне таңылмайды жəне олардың біреуі де шешуші болып табылмайды. Барлық жағдай мүмкін: бай болу, бірақ мəртебесіз жəне биліксіз (мысалы, «жаңа орыстар», «жаңа қазақтар»); билік бола тұра, нағыз бай болмау (басқарушы демократтар); белгілі бір құрметке ие бола тұрып, кедей жəне биліксіз болу (интеллигенция). Стратификациялау əрқашан үш өлшемді.

Таптық əлеуметтік құрылым сызбасы Кеңес үкіметінің соңғы жылдарында, толық ұжымдастырудың жəне ауыл шаруашылығында совхоздардың едəуір өсуіне байланысты арнайы статистика бойынша (1989) келесідей болды: жұмысшылар – 58,8%, қызметкерлер – 28,3%, колхозшылар – 11,7%, жеке еңбек іс-əрекетімен айналысатындар – 0,2%. Əлеуметтік құрылымның бұл жеңілдетілген сызбасы сол кездің өзінде жағдайды толық көрсетпеді, мамандар синтетикалық тəсілдің негізінде тағы да кеңестік қоғамның бірнеше əлеуметтік тобын бөлді. Мысалы, табиғатымен ерекшеленетін биліктің биіктік топтары (партиялық, мемлекеттік, шаруашылықтық), сонымен бірге бұл биліктің көлемі (жоғарғы, орташа жəне төменгі деңгейлер) бойынша; бір-бірімен мамандану саласы бойынша ерекшеленетін интеллигенцияның əр түрлі топтары (ЖЕЖ жəне шығармашылық жұмыспен айналысатындар) жəне т.б. ( Рывкина Р.В. Социальная структура общества как регулятор развития экономики // Экономическая социология и перестройка. Под. редакцией. Т. Н. Заславской и Р. В. Рывкиной М.,1989.- б.82-83).

Қазіргі ғалымдардың пікірі бойынша адамдардың тапқа жатуын олардың кірістері мен өндіріс құралдарына меншіктік қатынасы бойынша анықтау қазіргі қоғам құрылымының əлеуметтік күшін толық көрсетпейді. Бұл жағдайда қоғамдағы өзгерістерді есепке алатын қозғалыстағы жəне дəл жүйенің қажеттігі туындайды. Мұндай жүйе-əлемуеметтік стратификациялау жүйесі. Бұл жүйеде əлеуметтік жіктерді бөлудің негізінде байлық, мəртебе жəне билік (мамандық, кіріс, білім жəне т.б.) сияқты өлшемдердің бірігуіне негізделген көптеген критерийлер жатыр.

Əлеуметтік өзгерістердің қозғалысын зерттеу кезінде стратификациялау теориясының жақтастары көбінде биіктік жəне ендік стратификациялау формуласын пайдаланады, өйткені олардың көзқарасы бойынша, адам өзінің өмірінде бір əлеуметтік деңгейден екінші бір деңгейге (көтерілу жəне төмендеу) өтуі мүмкін. Немесе, сол бір деңгейде қала отырып, бір əлеуметтік топтан екінші бір топқа ауысуы мүмкін.

Алты деңгейден тұратын, адамның биіктік стратификациядағы қозғалысын қарастырайық: 1) мамандар мен əкімдердің жоғары қабаты; 2) одан төмен деңгейдегі басқарушылар, коммерциялық таптар; 3) ұсақ буржуазия; 4) басқарушы қызмет атқаратын техниктер, жұмысшылар жəне қызметкерлер; 5) мамандалған жұмысшылар; 6) мамандалмаған жұмысшылар, шаруалар, қызметкерлер. Мысалы, мамандалған жұмысшы жанұясынан шыққан адам əкесінен жеткілікті қаржы ала отырып, кафе сатып алды, яғни биіктік стратификациялау бойынша ұсақ буржуазия қабатына көтерілді (буржуа- жалдамалы еңбекті пайдалантын өндіріс құралының меншік иесі). Одан ары ол түскен пайда мен кафені сата отырып, оның қаржысы негізінде ферма сатып алды да, қалалық буржуазия тобынан ауылдық буржуазияға өтті. Бірақ ол адамның əлеуметтік қозғалысқа мүмкіншілігі болмай, əкесі болған əлеуметтік топта қалуы да мүмкін еді.

Біздің қоғамда жəне қазіргі нарықтық экономикаға өткеннен кейінгі бірнеше жылдардан кейін де əлеуметтанушылар мен экономистер қоғамның əлеуметтік құрылымның бірыңғай ғылыми негізделген сызбасын жасап шығармады. Əлеуметтанушы А.В. Дмитриев құрастырған белгілі сызбада əлеуметтік құрылымдағы жүріп жатқан «декомпозицияны» ескереді. Мұнда байлық, мəртебе жəне билік арасында үлкен айырмашылық бар. Ғалымның айтуы бойынша егер бұрын еңбекшілер мен билік жəне меншікті бөліспей иелік ететіндер номенклатурасының арасында қарама-қайшылықтар басым болса, қазіргі кезде ірі бес əлеуметтік топты бөлуге болады: а) əкімшілік элита; б) салалық, мамандану жəне басқа да белгілеріне қарай бөлінетін еңбекшілер тобы; в) дəрігер, мұғалім, əдебиетші, əскери маман жəне т.б. əлеуметтік топтарға бөлінетін интеллигенция; г) «жаңа буржуазия»- барлық кəсіпкерлер, банкирлер жəне т.б.; д) шаруалар.

Бұл енді əлеуметтік стратификациялау, бірақ, ол ішіндегі əлеуметтік топатарды нақты айқындамаған таптар туралы бұрынғы марксистік көзқарасқа сүйенеді. Мысалы, шаруалық нақты екі əлеуметтік топқа-əлеуметтенген (үйлескен) жəне жеке кəсіпкерлік (фермерлік) шаруалығы болып бөлінеді; жұмысшылар əлеуметтік жағынан мемлекеттік кəсіпорын жəне жеке фирма жұмысшылары болып бөлінеді, екеуінің де өздерінің əлеуметтік қызығушылығы бар; «жаңа буржуазия» арасында көшеде сауда жасайтындар да, фирма жəне банкі қожайындары да, қаржы алаяқтары да бар; нақты мекен жайы жоқ адамдардан мамандалған қылмыскерлерге дейінгі «таптан тыс» топтар мүлдем жоқ.

Қазіргі кезде қоғамдық үдерістердің үлкен серпініне байланысты қоғамды əлеуметтік жіктеу бойынша зерттеулер қиындап отыр. Саяси жүйелердің, əлеуметтік құрылым жəне қатынастардың ұзақ эволюцияның нəтижесінде экономикалық дамыған мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптасып отыр. Азаматтық қоғам индивидумдар мен халықтың жеке топтарының мемлекеттің кірісуінен еркін іс-əрекетпен айналысуға нақты мүкіндік пен құқық беретін қоғам. Ең алғаш азаматтық қоғам мəселесінің теориялық талдауын ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде неміс философы Гегел жасады. Батыс елдерінде азаматтық қоғам құрудың қозғалмалы күші «үшінші сөзше» орнында болды.

Қазан төңкерісі басқару мен экономиканы, мəдениет жəне əлеуметтік саланы иемдену тетіктерін мемлекеттің қолына бере отырып, біздің елде азаматтық қоғамның қалыптасу үдерісін тоқтатты. Мұндай қатаң бақылаудың күшіне байланысты жарияланған негізгі құқықтар мен еркіндіктер тек декларативті деңгейде болды. Азаматтық қоғам туралы концепция ондаған жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдары мен ғылыми басылым беттерінен жоғалып кетті. Əлемдік қауымдастық əлеуметтік құрылымның үш түрін бөледі.

Орта таптардың қуатты тобы қолдайтын, демократиялық нарықтық қоғам моделі. Онда əлеуметтік қабаттардың бөліну сызбасы орталық бөлігі дамыған (орта қабат), жоғарғы таптың салыстырмалы түрде биік емес полюстары бар (меншікті басқарушы элита) сопақша формасында жəне мұнда кедей топтар қабаты да бар. АҚШ халықының 65%, Франция халықының 60% жəне Жапония халқының 70% орта таптар құрайды.

Батыстың дамыған мемлекеттерінде жалданбалы еңбек пен жеке еңбек іс-əрекеті бүкіл халықтың 80 %-ның өмір сүру көзі болып табылады. Жалданбалы жұмысшылар санының артуымен бірге өнеркəсіп жұмысшыларының саны кемиді. Іс жүзінде пролетариат бұрынғы түрінде (классикалық) кездеспейді. Азаматтық қоғамда жалданбалы жұмысшылар жоғары білімді жəне халықтың əлеуметтік жағынан жақсы қамтамасыз етілген бөлігін құрайды. Олардың көпшілгі қоғамның орташа жəне жақсы қамтамасыздалған бөлігінен тұрады.

Жоғары мамандалған ой еңбегімен айналысатын интеллигенцияның да маңызы артып келеді. Олар жалданбалы жұмысшылар қатарына кіреді жəне халықтың орта қабатына жатады, бірақ əлеуметтік құрылымда олар ерекше орын ала отырып, қоғамның интеллектуалды элитасын құрады. Элитаға көбінде ең бай аламдардың əлеуметтік тобы жатқызылатынмен, бұл түсінік қоғам дамуында құнды болып табылатын адамдар үшін де қолданылады (интеллектуалды, рухани элита).

Қоғамның нарықтық негізіне сүйенетін аз дамыған əлеуметтік құрылым моделі. Ол жоғарыға қарай созылған, кедейлер қабатын көрсететін негізі енді болып келген үш бұрыш түрінде.

Бұрынғы социалистік қоғамның ыдырау моделі «жаншылған пирамиданы» еске түсіретін, негізі өте енді болып келген еңіс үшбұрыш түрінде. Ауданының көп бөлігін «еңбекшілер» қабаты, ал шыңын «билік адамдары» алады.

Орта таптар – 10%-дан төмен. Егер жағдай белгілі сценарий бойынша ары қарай жалғаса беретін болса, онда қоғам жақын арада марксистік сызбаға толық сай келіп, негізінен байлар мен пролетариаттардан тұруы мүмкін.

Біздің елдің қайта құрылуы, экономикалық реформа, жеке меншік түрінің плюрализациялануы, оның əлеуметтік құрылымында бір əлеуметтік қабаттардың жойылып, екінші бір қабаттардың пайда болуы, ХХІ ғасырды құқықтық мемлекет ретінде түсінетін азаматтық қоғамның құрылуы сияқты қажетті өзгерістер туғызуы керек.

Қазақстанның орта таптары нақты социализм қоғамының ыдыраушы құрылымының əр түрлі элементтерінен қалыптасып отыр. Олар: 1) кəсіпкерлер, менеджерлер; 2) жоғары мамандалған мамандар; 3) жоғары мамандалған жұмысшылар; 4) шаруалықтардың, фермерлердің өндірісі. Егер даму үдерісі едəуір көлемдегі батыс қоғамының баламасы бойынша жүретін болса, экономикалық құрылымдағы өзгерістердің нəтижесінде орта тап ескі əлеуметтік қабаттар мен таптарды көптеп жұта отырып, қоғамның шешуші күші, азаматтық қоғамның демократиялық дамуының кепілі болып табылады. Посттоталитарлы кезеңде Қазақстандық қоғамның эволюциясы оның əлуеметтік құрылымандағы бірнеше өспелі қозғалыспен белгіленеді: – жеке меншік формасы бойынша еңбек ететін халықтың бөлінуі едəуір өзгереді. Арнайы мəліметтер бойынша, соңғы 10 жыл ішінде 2001 жылмен салыстырғанда жеке кəсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың үлес салмағы 20%-ға артқан: – нарықтық экономика қоғамында əлеуметтік дифференциациялау өте тез қарқынмен күшейіп отыр. Орталықтан басқарудың жойылуының негізгі салдарынан меншік иелерінің əлеуметтік қабаттары мен капитал иеленушілер қабаты пайда болды. Бұл қабатқа алып-сату операциялары негізінде байыған сауда буржуазиясы, өз пайдасына мемлекет меншігін жеке меншіктендіріп алған мемлекеттік жəне партиялық бюрократтар; жер мен құралдарға өмір бойы иелік алған фермерлер жəне басқа да əлеуметтік топтар жатады. Əр түрлі мəліметтер бойынша бұл топқа жататын халық үлесі – 7%.

«Буржуа» əлеуметтік тобының пайда болуы қоғамның кедей жəне байларға бөліну үдерісіне жаңа серпін берді. Халықтың едəуір бөлігі кедейшілікте өмір сүруде. Экономикадағы «күйзеліс терапиясы» инвалидтер, оқушылар, жұмыссыздар, сонымен бірге бюджет мамандары сияқты халықтың ең аз қорғалған бөлігіне соққы болды.

Əлеуметтік дифференциациялаудың күшеюі, құрамына əр түрлі себептерге байланысты өмірдің сыртында қалып қалған жəне бұрынғы əлеуметтік статусын қайтаруға мүмкіншілігі жоқ, таптан тыс маргиналдар қабатының көбеюіне əкелді. Батыс мемлекеттерінде маргиналдар – дамушы мемлекеттерден шыққан аз санды ұлттардың өкілдері, босқындар, зейнеткер жасындағы жұмыссыздар, нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *