Аккредитив – жабдықтаушының тапсыруы бойынша және соның есебінен жабдықтаушының есептерін (счеттарын) төлеу туралы банкті жабдықтаушы төлем иегеріне банктің бұйырығынан тұратын есеп айырысу немесе ақша құжаты.

«Ақылды» терминалдар – бұл банк пен көтерме кли­енттер арасындағы компьютерлік байланысқа негіз­дел­ген жүйелер.

Бас лизинг – жаңа контрактылар жасаусыз лизинг алушыға жалға алатын жабдықтардың тізімін толықтыруға мүмкіндік беретін лизингтің түрі. Ол лизинг бойынша бұ­ған дейін алынған жабдықтарды жедел жеткізуде немесе ай­ырбастауда уақыт жағынан қосымша толықтыру және жаңа контрактылар жасау жеткіліксіз болғанда пайда­ла­ны­ла­ды.

Банктер – жинақ және ақша қаражаттарын шоғыр­лан­дырушы, несие беуші (займ, ссудалар), мемлекет, кә­сіп­орындар мен жеке тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуларға делдалдықты жүзеге асырушы, ба­ға­лы қағаздар мен ақша эмиссиясы және алтынмен, шет ел валюталарымен операцияларды және басқа валюталарымен жүзеге асырушы мекеме.

Банк балансы – банктің қызметін кешенді түрде сипаттайтын, ақпараттардың негізгі көзі. Балансты талдау: функционалдық, құрылымдық және операциялық үш бағыт бойынша жүргізіледі.

Банк өнімі – банктің жүзеге асырылатын кез келген қызметі немесе операциясы.

Беделді баға – бұл ең жоғары сапалы қызметке бел­гі­ле­нетін баға.

Банктік қызмет нарығын сегменттеу – бұл банк өт­кізушілік күшін шоғырлауға тиісті, клиенттердің мақсатты топтарын анықтау.

Депозиттер – клиенттердің банкке сақтауға салатын, есеп-айырысулар үшін пайдаланылуы немесе қол ақшамен алынуы мүмкін ақша қаражаттарының сомасы.

Дифференциацияланған өнім (қызмет) — өндірістік бағ­дарламада ескімен қатар жаңа өнімдердің (қыз­мет­тер­дің) пайда болуына әкелетін, қолдағы бар өнімдер (қыз­мет­тер) үлгілерінің түрленуі.

Елдің ішінде болушы – 12 айдан аспайтын мерзімге елдегі кез келген жерге тұруға саяхат жасайтын кез келген тұлға.

Жалгер – бір жақ екінші жаққа белгілі бір ақыға мүлікті уақытша пайдалануға беретін мүліктік жалдау, шарт.

Жалға алушы – мүлікті жалға алатын тұлға. Шарт бойынша ақысына мүлікті уақытша пайдалануға алады.

Жалға беруші – жалға алушыға мүлікті жалға өт­кізуші тұлға. Жалға алушы мен жалға беруші арасындағы қатынас жалгерлік шарты бойынша жүзеге асырылады. Жалгерлік туралы шартта жалға алынған мүлікті сатып алу мүмкіндіктері қаралған болуы мүмкін. Жабдықтарды жалға беру лизинг деп аталады.

Жалға беруші (лизингтік компания) – жаб­дық­тарды өзінің есебінен алады және оны бірнеше жылға жал­ға өткізеді.

Жарнама – тауарлар мен қызметтерді немесе ақпа­рат­тардың белгілі көздерінің атынан бұқаралық ақпарат құралдары арқылы идеяларды жеке түрде емес таныс­ты­ру­дың кез келген түрі.

Жұмсақ сервис – аталмыш тұтынушылардың нақты жұмыс жағдайында тауарларды неғұрлым тиімді пай­да­ла­нумен, сондай-ақ олар үшін тауардың пайдалылық ая­сы­ның қарапайым түрде кеңеюімен байланысты, интеллек­туал­дық қықзметтердің кешені.

Жеке сату – фирма өкілдері мен клиенттер ара­сын­дағы жеке байланыстар арқылы келісімдер жаса мақса­ты­мен фирмалардың өнімдерін ауызша ұсыну.

Жедел лизинг – жалға берілетін заттарды алумен және ұстап тұрумен байланысты лизинг берушінің шығындары бір лизингтік контракты ішінде жалгерлік ақы төлемдерімен жабылмайтын жалгерлік қатынастарды білдіреді.

Инвестициялар – түрлі салалардағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдар­ла­маларға, инновациялық жобаларға өз елінде немесе шет елде ұзақмерзімге қаржы салу. Салғаннан соң маңызды мерзім өткеннен кейін барып, қайтарым бере бастайды.

Инжиниринг — өнеркәсіп объектілерін, инфрақұ­ры­лым­дарды және коммерциялық негіздегі әртүрлі инже­нер­лік-кеңес қызметтерін беру түрінде мәселелерді толықтыру жөніндегі қызмет аясы.

Инкассо – көмегімен банк өзінің клиентінің тапсыруы бойынша және есеп айырысу құжаттарының негізінде, кәсіпорындардан оған берілген материалдық және тауар құндылықтары, құралдар мен көрсеткен қыз­ме­ті үшін сол сомаларды алдағы уақытта өзінің клиенттерінің есебіне қабылдаумен, оған есептелген соманы алатын, банктік операция.

Коммуникациялар – хабарлау және байланыс, ақ­па­раттық байланыстар құралы. «Communico» латын сөзінен аударғанда ортақ іс жасаймын, байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын дегенді білдіреді.

Кеңес беру процесі – бұл кеңес берушінің өзі міндеттердің орындалысына жауап бермейтін, бірақ оған кімдер жауапты, соларға көмектесетін, міндеттердің мазмұнына, процесіне немесе құрылымына қатысты көмек көрсетудің кез келген үлгісі.

Консалтинг – кәсіпорындардың, фирмалардың және ұйымдардың экономикалық мәселелерінің, оның ішінде сыртқыэкономика аясының кең шеңбері бойынша тауар өндірушілерге, сатушылар мен сатып алушыларға кеңес беруді жүзеге асыратын ынтымақтастықтың үлгісі.

Кері баға белгілеу — өнімнің нарықтық бағасына және жоспарланған пайдаға негізделген әдіс.

Қатаң сервис – тауар жұмысының берілген пара­метр­лерінің тоқтаусыздығы мен жұмыс қабілетін ұстап тұ­ру­мен байланысты қызметтердің барлық түрлері.

Қаржылық лизинг – лизингтік шарттың әрекет ету кезеңі ішінде жабдықтардың (оның үлкен бөлігін) амор­ти­за­циялық толық құнын, қосымша шығындарды және ли­зинг берушінің пайдаларын жабушы лизингтік төлемдердің төленуін қараушы бір-бірінің өзарақатынасын білдіреді.

Қызметтер – орындау процесінде бұрын болмаған материалдық-заттық өнімдердің жаңасы жасалмайтын, бірақ осыған дейін бар, жасалған өнімдердің сапасы өзгеретін жұмыстың, қызметтің түрлері. Бұл – зат түрінде емес, қызмет түрінде ұсынылатын, берілетін игілік.

Леверажды лизинг – бұл көп жақтардың қаты­суы­мен болатын лизинг. Ол күрделі, ірі ауқымды объектілерді қаржыландыру кезінде пайдаланылады. Онда бірнеше ком­паниялар – жабдықтаушылар, лизинг берушілер қа­ты­са­ды, бірқатар банктердің несие қаржылары тартылады.

Ноу – хау – ғылыми-техникалық білімдердің, техни­ка­лық, технологиялық, өндірістік, коммерциялық және бас­қа тәжірибелердің, өндіріс технологиялары құпия­ла­ры­ның, толық немесе жартылай қорғалмаған бейнелердің жиын­тығы.

Насихат (паблисити) – қызметке немесе олар туралы коммерциялық маңызды мәліметтерді тарату арқылы идеяға сұранысты жеке түрде емес ынталандыру, оларды кез келген заңды жолмен белгілі ету.

Нарық – соның нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс жә­не баға қалыптасатын тауарлар мен қызметтерді айырбас­таумен байланысты экономикалық қатынастар.

«Нарыққа ену» үлгісі бойынша баға белгілеу – нарыққа еніп, тұрақтауды қалайтын және осы мақсатпен нарықтағыдан төмен баға белгілеуді тәжірибеде сынақтап өткізетін компаниялар.

Өткізуді ынталандыру – сауда жасағаны немесе тауарды сатқаны немесе қызмет көрсеткені үшін қысқа мерзімдік ынтаны оятушылық марапаттау шаралары.

Өнімдерді (қызметтерді) түрлендіру – оның пара­метрлерін саналы түрде өзгерту, оның үстіне өнім (қызмет) өндірістік бағдарламадан шығарылады.

Өнімнің үлгісін өзгерту – түрлендірудің және диф­фе­ренциациялаудың көмегімен, оның параметрлерін жақ­сарту мақсатында қызметтердің (тауарлардың) түрін өз­гер­ту.

Паблик рилейшнз – тауарды (қызметті) – жасаушы жә­не өткізуші фирмаға, тауар мен қызметке жұрт­шы­лық­тың тілекті қатынасын орнату бойынша қызмет.

Патент — өнертапқышқа (жаңалықты енгізушіге) және оның авторлығы мен жаңалықты пайдлануға айрықша құқын куәландыратын құжат, куәлік. Егер осы объектіні пайдалануға патенттік құқық белгілі бір тұлғаға жататын болса, онда басқа тұлға патент авторының рұқсатынсыз патенттелген объектіні пайдалануға құқы жоқ.

Патент – белгіленген жағдайларды және төлемдер төлеуді (патенттік алым) сақтау кезіндегі қандайда бір қол өнершілікпен кәсіппен айналысуға рұқсат етуден тұратын құжат.

Портфелдік инвестициялар – пайда алу мақсатымен жедел сипаттағы қаржыларды, облига­ция­лар­ды және басқа бағалы қағаздарды акцияға салу.

 «Психологиялық баға» — бұл қандайда бір дөңгелек сомадан сәл төмен белгіленген баға.

Револьверлі (қалпына келтірілетін) лизинг – бірінші мерзімі біткеннен соң, лизинг шарты келесі кезеңге ұзартылатын жүйе. Осыған орай лизинг объектісі тозуына байланысты және лизинг алушының қалауы бойынша белгілі бір уақыттан кейін неғұрлым жетілдірілген үлгі­лер­ге ауыстырылады.

Рентинг (renting) – бір күннен бір жылға дейінгі мерзімге жүргізілетін, қысқамерзімдік жалға беру.

Сату алдындағы сервис – сатуға дайындықпен және өзіндік сатумен және сатып алушыларды тартумен бай­ла­ныс­ты қызметтер.

Сатудан кейінгі сервис – күрделі техникалық тау­ар­ды сатудан кейін көрсетілетін құрастыру, қосу, кеңес беру және жөндеу қызметтерінің кешені. Нарықтағы жаңа тау­ар­лардың жылжуын жеңілдетуге мүмкіндік беретін жә­не олардың бәсекелік қабілетін арттыратын кәсіп­орын­ның маркетингтік қызметінің мәні бойынша маңызды эле­мент­терінің бірі.

Сервис – техникалық құралдарды, тұрмыстық аппа­ра­тураларды, коммуналдық техникаларды жөндеу, қалып­қа келтіру бойынша көрсетілетін қызметтер.

Теле маркетинг – телефон бойынша тауарлар мен қыз­мет­терді өткізу.

Трасталық операциялар – ол үшін операцияны орын­­дауға өкілеттік және тапсырма берген тұлғаның се­нім­хаты негізінде жүргізілетін сенім білдірілген опера­ци­я­лар.

Тікелей инвестициялар – тікелей өндіріске салы­на­тын қаржылар және өнімдердің белгілі бір түрлерін өткізу не­месе акциялардың бақылау пакетіне иелік етуді қам­та­ма­сыз етуші.

Халықаралық аралаушы – қандайда бір елге саяхат жасайтын, 12 айдан аспайтын мерзімде тұратын, ол ел оның негізгі тұрғылықты жері болып саналмайтын кез кел­ген тұлға.

Хайринг (hiring) – бір жылдан үш жылға дейін жүр­гі­зілетін мүлікті ортамерзімді жалға беру.

Шынайы инвестициялар – материалдық өндіріске ұзақ мерзімдік қаржы салу, қызметтің материалдық-заттық түрлері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *