Қытайға Исламның алғаш енуі

Қытайға Исламның алғаш енуі мен тарауы тақырыбында әр түрлі жорамалдар бар. Бір ғалымдар ежелгі көп жақты байланыстардың Исламның келуінен кейін де қытайлықтар мен арабтардың арасында жалғасын тапқанын және осы тұста Исламның Қытайға енуін айтса, жіберілген шақырушылар мен хабаршылар, мұсылман саудагерлер мен саяхатшылар арқылы жаңа діннің осы жерге жеткенін жақтаушылар да бар.

Араб түбегі мен Қытай арасындағы байланыстар өте ертеден басталған. Бұл байланыстар Исламның Араб түбегінен тыс жерлерде тарауының кезеңінде (7) де дамып, жалғасын тапқан. Қытайдағы хай, ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, татар, дұнған, танкин, паоан қауымдарының арасында Исламның тарауы осыны көрсетеді. Алайда, Исламның Қытайға енуі мен олардың тарапынан қабылдануы ұзақ тарихи процесс нәтижесінде жүзеге асқан. Араб және парсы тектес саудагерлердің жеке күш-жігерлерінің арқасында Ислам діні Қытайға еніп, Тан, Суй династиялары мен Бес династиясы кезеңдерінде оңтүстік және шығыс аймақтарында тарауға мүмкіндік тапқан. Монғол шапқыншылығынан кейін Юань және Мин династиялары кезеңдерінде түріктер мен Орта Азияның түрлі тайпаларының мұсылман болуы арқылы да Қытайдың ішкі аймақтарына енген. Ал Шығыс Түркістанда мұсылмандардың билік жүргізуі, елдегі Исламды қабылдау үрдісін жылдамдатып, күшейтті.

Ислам әлемі мен Қытай арасындағы ресми байланыстардың ІІІ Халиф Осман ибн Аффаның (өл. 656) тұсында 651 жылдары басталғаны жазылған. Тарихи деректерге қарағанда, бір-біріне елшілер мен достық делегациялардың жіберілуі Қытай мен Орталық Араб түбегі болып табылатын мұсылман әлемінің арасындағы байланыстарды дамытты. 651-798 жылдар арасында Қытайға жіберілген араб елшілері мен делегацияларының саны 37 болса, 908- 1168 жылдар аралығында 49-ға жеткен. Исламның 651 жылдары Қытайға енуі мен тарауы кезеңіндегі Ислам Әлемінің Қытаймен болған байланыстарын баяндайтын көптеген еңбектер бар. Олардың қатарынан Месуидің «Муруджи-Зехеб», ад-Динаверидің «әлАхбарут-Тывәл», Ибн Хурдазюихтің «әл-Месалик вәл-Мемалик», ибн Баттутаның «Тухфетун-Нуззар», Хусейн Тахсиннің «Қытайда Исламият» және В. Эберхардтың «Қытай тарихы» атты шығармаларын айтуға болады. Бұл деректерде Ислам Әлемі мен Қытайдың арасындағы алғашқы байланыстардың теңіз жолы арқылы болғаны, Араб саудагерлерінің Қытайға, Қытай сауда кемелерінің Арабстанға келгендері мен басқа да оқиғалары туралы мол мәліметтер бар. Омейядтар, Аббасидтер, Салжұқтар, Үндістандағы мұсылман түрік сұлтандықтары меносмандықтар кезеңдерінде Қытаймен жасалған сауда байланыстары дамыған сайын Қытай халықтарынан мұсылмандықты қабылдағандардың саны да жылдам артып отырды. Шет елдерден Қытайға келгендердің арасында мұсылмандар алғашқы орынды алды.

Тан және Суй династияларының тұсында Ислам құрлық (Жібек жолы) арқылы Қытайға енді. Қытаймен құрлық арқылы жасалған сауда-саттық екі ел арасындағы байланыстарды дамытса, Аббасидтер кезеңінде Халиф Абу Джафар әл-Мансур заманында жақын саяси және әскери байланыстар құрылған. Қытай императоры Су-Цзунның сұрауына байланысты Анлу-Шанның көтерілісін басуда көмектесуге әскер жіберген әл-Мансурдың әрекетінің жағымды әсері болып, мұсылман армиясын өте жақсы қарсы алған. Міне, осы армияның мұсылмандары қазіргі Қытай мұсылмандарының көбісінің атабабалары еді. Үйленіп, Қытайда қоныстанып, түрлі жұмыстар атқарған мұсылмандар дінге және ресми қызметтер атқаруда да немқұрайлылық танытпады; адамгершіліктері мен істеген жұмыстары арқылы Исламның осы аймақта тарауына маңызды үлес қосты. Сонымен бірге бірқатар жағымсыз оқиғалар мен жетістіктер, саяси және идеологиялық жұмыстар Исламның Қытайда ойдағыдай тарауы мен дамуына мүмкіндік бермеді. Әр кезеңде мұсылмандар әлеуметтік, экономикалық және саяси қысым көріп отырды.

Х ғ. басына қарай Таң империясы ыдырап, 960-1279 жж. Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Елдің солтүстік аймақтарын көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. Таза Қытай әулеттері елдің орталық және оңтүстік аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі солтүстік Қытайда көшпелі түркі, монғол, т.б. халықтардың мемлекет бірлестіктері бірінен соң бірі ауысып жатты. 29 ХIII ғ. бас кезінен Қытайды Шыңғысхан билеген түркі, монғол тайпалары жаулап ала бастады.

Моңғол империясы кезеңінде Қытайдың ішкі бөліктерінде көптеген халықтық топтар арасында тараған Ислам діні Юань және Мин династиялары кезеңінде маңызды жетістіктерге жетті. Түрік және басқа мұсылмандар арасынан басқарушылар тағайындаған әрі оларға үлкен жауапкершіліктер жүктеген Юань әміршілері салық жинау мен сауда-саттық жасауда мұсылмандарға артықшылықтар берді. Юань сарайы Ислам сәулет өнері бойынша салынды. Ислам мәдениеті қандай жағдайда болса да қолдау тауып, қорғалды. Әсіресе, Хубилай мұсылман ғалымдарға маңызды қолдау көрсетіп отырды. Мұсылмандарды Қытайдың бар аймағында қоныстандыруды өз саясатының бір бөлігі ретінде біліп, Исламдық оқу-тәрбиеге де маңыз берді. Осылайша, осы жұмыстардың нәтижесінде Қытайдың түрлі жерлерінде, әсіресе Қансу, Сучоу, Йен-ан өңірлерінде мұсылман қоғамдары құрылды.

Мин династиясы кезеңінде де дәл осы жұмыстар жүргізілді. Мұсылмандарды қорғау үшін айырықша бұйрықтар шығарып отырған Мин әміршілері мұсылман жамағатқа көп көмек көрсетті. Алайда Мин династиясының құлауымен бірге (1644) мұсылмандар кезеңге аяқ басты. Манчжоу империясы кезінде (1644-1911) мұсылмандарға жақсы көзқарас болған жоқ. Шығыс Түркістан мен Монғолияны өздеріне қосып алуды көздеген Манчжоулар Мин династиясын қалпына келтіру үшін күрескен және Қытай билігіне қарсы шыққан мұсылмандарға өте қатаң саясат ұсынды. Осы мақсаттарына қарсы деп тапқан мұсылмандарды қатыгездікпен дыбыстарын шығартпастан өлтірді. Халықтық Республика кезеңінің (1912-1948) Қытай басшылары манчжурларға қарағанда жұмсақ саясат ұстанды. Коммунистік партияның пайдасына байланысты саясат жүргізді. Бүгінгі күні Қытайдағы елу бес этникалық топтың онын мұсылмандар құрайды. Бұлардың арасынан ұйғырлар, қазақтар, өзбектер, қырғыздар, салалар және Шығыс Түркістан мен Чигхай аймақтарында тұратындар түркітектес болып табылады. Әсіресе, монғол, парсы, қытайтектес мұсылмандар мен Кансу, Нинхсия, Шығыс Түркістан, Схантунг аймақтарынан бастап Қытайдың көптеген аймақтары мен қалаларында шашырай қоныстанған мұсылмандар бар.30 Қытай мұсылмандарының бүгінгі күнгі жалпы саны 150 миллионнан көп екендігі айтылып жүр. Тәжіктерден басқа мұсылман халықтар суннит сенімінде және Ханифа мазхабына тән. Түрлі салаларда маманданған әрі өздеріне тиесілі оқу-білім және мәдени, ғылыми орталықтарға ие. Алайда, Мао заманында жүзеге асырылған «мәдени төңкеріс» кезінде тарихындағы ең қиын және аянышты кезеңдерінің бірін басынан өткізген. Қытайдағы мұсылман халықтар барлық қиыншылықтарға қарамастан, хиджраның 1 ғасырынан бастап бүгінге дейін 1356 жыл бойы өмір сүріп келді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *