Қытай тарихы және өркениеті

Қытай – адамзат тарихында мәдени дәстүрлері үздіксіз жалғасып келе жатқан ел. Мемлекеттік тарихы ежелгі және орта ғасырларда қалыптасқан осы өлкенің мәдениеті мен өркениетін жалпылай деңгейде біліп алу, әсіресе, көрші болған елдердің жастары үшін қызық та керек болады деген ойдамыз. Қытайдың саяси тарихы пайда болған күрделі де қызық оқиғалар мен жағдайларға байланысты қалыптасып дамыған. Яғни өзімен көрші жатқан көшпелі тайпалар мен халықтардың, Конфуций, Лаоций, Будда, Сунцзи діндері мен философиялық ағымдарының, Ұлы Қытай қабырғасы мен Ұлы Қытай каналы және Ұлы Жібек жолы ықпалында қалыптасып дамыды. Алғаш рет жазу, кітап басу, қағаз қолдану осы елде пайда болды, математика, астрономия, медицина салаларында алғаш рет адамзат тарихында бірнеше ғылыми жаңалықтар ашылды.

Қытай ежелгі және орта ғасырлар кезеңінде, кейбір көрші көшпелі тайпаның басқыншылық шабуылына ұшырап, мемлекеттің территориясын бөлшектеп, оны өз иеліктеріне айналдырған кезеңінде аймақтар да бөлінуге мәжбүр болды. Сонымен бірге Қытайдың қоғамдық ғұмыры мен әлеуметтік-мәдени әл-әхуали, идеологиясы мен ішкі және сыртқы саясаты конфуцияндық, Даостық, буддалық және тағы да басқа діни-философиялық ағымдардың ықпалымен дамып, қытай қоғамының ғұмырында айқын көрініс тапты. Осы орайда қытай қоғамында жетекші мемлекеттің діңгегіне айналған Буддизм дінінің атқарған рөлі өте үлкен болған. Аталған діндердің өкілдері болып табылатын Конфуций, Будда және Дао сынды қытай ғұламалардың ғылымда үлкен жаңалықтар ашып, әлемдік өркениет пен мәдениетке зор үлес қосқандары баршаға мәлім.

Қытай империяларының билеушілері әулеттер тарихын жазуға көп мән беріп, сондай-ақ, Қытай тарихындағы 24 әулеттік тарихи замандарды негізінен жазып берген. Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті Монғол шапқыншылығына ұшырады да, Шыңғысхан мен оның әулеттері дәуірінде монғолдық Юань империясының қол астына қараған кезеңді бастан кешірді.

Қазіргі кездегі Қытай демографиялық тұрғыда әлемнің ең биік өлкесі (шамамен 2 млрд. тұрғын), экономикада дүниенің екінші ең үлкен экономикасының иегері. Тез дамып келген Қытай, дүниежүзілік қызығушылыққа жарқын сол, қытай тілін, тарихы мен мәдениетін білу де жоғары оқу орындары жастарын көп қызықтырады, қытай тілі мен мәдениеті бөлімдерінің ашылуына өз ықпалын тигізеді.

Қытайдағы мемлекеттік қоғамдық құрылымдар, династиялар

Қытайлар әлемнің ең ежелгі халықтарының бірі. Қытай тарихы мен мәдениетіне байланысты түрлі қалдықтар, табылған заттар, деректер және хабарларға қарағанда Қытайда алғашқы адамдардың қоныстануы шамамен 350 миллион жылдан арыға созылады. Ал Қытайдың жазбаша тарихы төрт мың жылдан асып жығылады. Табылған заттар мен қалдықтар Қытай тайпаларының б.з.д. 2000 жылдардағы мезолит пен неолит мәдениетінің кезеңдеріңде өмір сүргенін білдіреді. Өте ертедегі тарихқа тән мәдениет қалдықтары болса, Қытай ұлты пайда болмаған дәуірлерге жатады. Осыған қарағанда Қытай мәдениеті тас дәуірі, боялған және жонылған тас дәуірі, металл мен қола дәуірлерінен бастап өркениеттердің тарихының бүкіл сатылары мен баспалдақтарынан өткен.

Кең-байтақ Қытай елі бөлікке бөлініп, қарастырылады. Ішкі Қытай – солтүстікте Лиаотунг шығанағы мен оңтүстікте Тонкин шығанағы арасында Тынық мұхитпен шектесіп жатқан түбек. Шет Қытай болса, осы түбекті қоршап жатқан Манжурия, Ішкі Монғолия, Шығыс Түркістан мен Тибет аймақтардан тұрады.

Қытайдың шығысы мен батысының арасында жер қыртысының түрі тұрғысынан елеулі айырмашылықтар бар. Батыс бөлігі биік таулар мен тау араларында орналасқан ойпаттардан тұрса, шығыс бөлігі «ләс» деп аталатын сары топырақты кең жайлаулар болып табылады. Елдің оңтүстік бөлігі таулы және жоталы болып келеді.

Қытай аймақтарының арасында елеулі айырмашылықтар климат пен өсімдіктердің түрлі болуына себеп болып табылады. Ұлан байтақ жері бар бұл елде бір жағынан таулы климат, екінші жағынан экваторлық климат орын алады. Алайда, Қытай климаты дегенде еске түсетін климаттың түрі Ішкі Қытайда болып тұратын муссон желі мен жазғы муссондардың айдап келетін жауын-шашыны мол климат болып табылады.

Қытай өзендер мен көлдерге бай. Ішкі аймақтары мен батысында өзендер аз сулы болса, шығыс, оңтүстік пен солтүстік аймақтардың өзендері, керісінше, мол сулы болып келеді. Хуанхэ, Янцзы, Сицзян Қытайдың ең үлкен өзендері болып табылады.

Шан-Инь дәуірі (б.з.д. XVIII- XI ғғ.)

Қытай ұрпақтан-ұрпаққа өтетін билікке ие әулеттердің (династиялар) тарапынан басқарылған. Анық мәліметтер бойынша ежелгі Қытайдың билеуші әулеті Шан (Инь) әулеті болып табылады. Б. з. д. бұрынғы XIII-XII ғасырларда өмір сүрген3 . Бұл әулетке қарасты территорияда түрлі тайпалар мен мәдениеттер болған. Батысы Шансимен, оңтүстігі Янцзымен, солтүстігі Хэбэйдің оңтүстігімен шекаралас жатқан жерлерге ие Шан әулеті бірнеше мәрте астанасын өзгертуге мәжбүр болып, б. з. д. 1050 жылы немесе 1111 жылы батыста орналасқан феодалдық патшалық күшейген Чжоу тайпасы тарапынан құлады.

Шан әулетінде көне билеушілердің рухтары мен табиғат күштеріне табыну сенімі болған. Егін шаруашылығының мұқтаждықтары мен жұмыстарына қолайлы түрде түзілген күнтізбе қолданған. Тары, күріш пен бидай егуді игерген болатын. Шаңдықтардың елінде көптеген салаларды қамтыған күшті сауда-саттық байланысы болған, тоқыма өнері де дамыған еді.

Жазба деректердің бізге беретін мәліметтеріне сүйенгенде, Орта Қытайда құрылып дамыған Шан-Инь протомемлекеттік құрылысына дейін ежелгі Қытай солында Ся әулеті билік еткен (2207-1766 б.з.д.). Қола дәуірінде өмір сүргені айтылған бұл әулеттің билеушілері туралы қолымызда мәлімет бар.

Инь мемлекетінің қай уақытта құрылғандығы, оның негізін құрайтын халықтардың этномәдени тегі жайлы әлі күнге дейін ғылыми түрде дәлелденген мәлімет жоқ. Сонымен бірге археолгиялық мәліметтерге қарағанда, Шан-Инь дәуірі екі үлкен кезеңге бөлінеді: Ерте Инь дәуірі немесе Шан-Инь дәуірі (б.з.д. XVI- XIV ғ.ғ.) және кейінгі Инь немесе нағыз Инь дәуірі. Оның заманы Инь мемлекетінің астанасы Паньген деген патшаның Шан қаласынан б.з.д. 1324 жылы басқа жаққа Аньянь қаласына көшіруі кезеңінен басталады.

Чжоу династиясы (б.з.д.XI-III ғғ. )

Шан әулетінің билігі құлатылған соң 800 жыл өмір сүрген Чжоу дәуірі басталады, бірақ осы уақытын тек 300 жылында ғана Чжоу әулетінің билеушілері нақты билікке ие болған. Қытай тарихы туралы деректерді қарағанда, Чжоу дәуірі негізгі екі кезеңге бөлінеді: Ерте Чжоу немесе Батыс Чжоу (б.з.д. XI ғ.-771 ж.) және Шығыс Чжоу дәуірі (б.з.д. 771 ж. – 256 ж.) Шығыс Чжоу дәуірі тағы да 2 кезеңге бөлінеді: «Көктем мен күз» (б.з.д. 771-475 жж.) және «Соғысушы патшалықтар» кезеңі (б.з.д. 475-256 жж.).6 XI I ғ. Қытай жерінде төрт мемлекет өмір сүрді. Солтүстікбатыста Батыс Ся мемлекеті және оңтүстікте – Оңтүстік Сұн империясы мен Юнандағы Нали мемлекеті. Чжоулықтар этникалық құрамы және діни сенімі жағынан Шандықтардан басқа бір қауым болған. Құрбандыққа адам шалу дәстүрін жойған Чжоулықтардың түріктектес болғандарын айтушылар да бар. Алайда екі династия да билеуші ақ-сүйектердің иерархиялық жүйесіне сүйенген және мемлекеттің ең үлкен қаржылық қайнар көзі салық болды.

Чжоулықтар өз билігін құрғаннан кейін басқа қауымдармен одақтасса да билік таластарынан құтыла алмады. Осы таластартыстар мен қақтығыстардың соңында Қытайда үлкенді-кішілі бірнеше мемлекет пайда болды. Феодалдық құрылыстың патшалық жүйесі құрылды. Кіші мемлекеттер үлкен мемлекеттердің қолданатын құралы «соғысқан мемлекеттер кезеңі» деп аталған кезең болды. Ұзаққа созылған ішкі (азаматтық) соғыстардың кезеңінен кейін бұрынғы феодалдық құрылыстың орнына бюрократиялық жүйеге негізделген алғашқы мемлекеттер құрылды. Алайда, династияны әлсіретті деген желеумен бұл жүйеден бас тартып, қалаларға шоғырлану процесі басталды. Мемлекетке қарасты территорияда әкімшілік жүйеге негізделген жергілікті басқару формалары қалыптасты. Мемлекеттік мекемелер жергілікті және орталық мекемелердің бірігуінен пайда болды.

Чжоулықтардың тұсында кәсіпқой жауынгерлер мен жалдамалы әскерлерден тұратын армия құрылды. Далалық аймақтарда атты әскер құрамалары жасақталды. Әскерлік қызмет жалпыға бірдей міндетті болып табылды. Егіншілікке маңыз беріліп, суғару жерлері құрылды. Аймақтар мен қалалар арасындағы сауда-саттық жетілдірілді. Шарулар жер мен мүлік иесі болып, феодалдарға тәуелді болуыдан құтылды.

Саяси және әлеуметтік өзгерістермен бірге философияда, рухани мәдениетте де маңызды жетістіктер болды. Конфуций (б.з.д. 554-479), Мэницзы (б.з.д. 371-289), Хунцзы (б.з.д. 371-289), Моцзы (б.з.д. 5 ғасыр) және сол сияқты оқымыстылар қалыптасты. Бұлардың арасынан қоғамдық құндылықтар мен танымдық жетістіктерді мұқият қадағалаған Конфуций ауыр феодалдық міндеттіліктердің орнына әке-бала сияқты жалпыға ортақ адами қарым-қатынастарға негізделген қабілет пен сана-сезімнің басымдылығын алға қоятын бір жүйе ұсынды. Оның ізін қуушы ойшылдар теория мен таным жоспарында сол философиялық жүйені ұстанды.

Чжоу династияның билігін мойындаған көне қауымдардың бірі болып табылатын Цинь әулеті б. з. д. 7 ғасырдың орталарында Қытайдың батысындағы ең қуатты мемлекетті басқарып тұрды. Шығыс бағытта ілгерілеу болмағандықтан, батыстағы қытай емес халықтарды бағындырған Цинь мемлекеті басқа мемлекеттерде орын алған азамат соғыстарына қатыспады. Өзіне тән бір әкімшілік жүйе құруға, әлеуметтік және экономикалық салаларды жандандыруға қол жеткізді. Саясатта бәсекелес және қарсылас мемлекеттерді әлсіретіп, жеке-жеке жойып жіберу (жұтып жіберу) стратегиясын қолданған Цинь мемлекеті солтүстікте да үлкен территориясы болған Чжоу мемлекетін құлатып, б.з.д. 221 жылы бүкіл елді біріктірген Цинь мемлекетін құрды. Цинь мемлекетінің патшасы Ши Хуанди (Циньнің бірінші императоры) деген атақпен «император» атағын алды.

Феодалдық құрылысты жойған бұл империя бүкіл елді қамтыған билік жүйесін құрды. Үлкен жол торабын құрып Бохай шығанағынан Тибетке дейін созылған Қытай қорғанын соқтырды. Қытайға атын берген Цинь (Ch`in) династиясының шекарасы кейін ішкі немесе негізгі Қытай деп есептелген территорияларды қамтитын шекараларға жетті. Көптеген адамдар мен дүние-мүлік шығынына себеп болған кең ауқымды тазалау әрекетін жүргізген соң қайтыс болған Ши Хуандидің артынан (б.з.д. 209) қарқынды бөліну үрдісі болып, Янцзы аймағындағы толқулардан кейін империя құлады. (Б.з.д. 206) оның орнына Хань династиясы келді.

Хань династиясы (б.з.д. 206)

Хань династиясы Қытайдың ең үлкен династияларының бірі. Қытайдың алғашқы ұзақ өмірлі империясын басқарған Хань династиясы Лю Банның «Гао Цзу» деген император атағын алуының тұсында құрылды. Кейінірек Батыс Хань династиясы мен Шығыс Хань династиясы болып екіге бөлінген Хань династиясы өте көп ішкі қырқыстарға сарай ойындары мен үстемдік үшін күрестерге сахна болды. Осы себептен көптеген императорлар мен императрицалар билік жүргізіп, таққа шығып, тақтан түсіп жатты.

Жоғарғы қызметте (чиновник қызметтерде) жұмыс істейтіндер сынақтар арқылы тағайындалып отырды. Орталық және жергілікті мекемелердегі чиновниктер мықты бір иерархияға тәуелді болып, алатын еңбекақыларына байланысты 12 дәрежеге бөлінді. Чиновниктік иерархияның ең жоғарғы сатысында сарай хатшысы болды. Ол император кеңесшісі мен бас қолбасшының да міндетін атқарды. Мемлекет жұмыстарын жүргізуде оған 9 министр көмектескен. Алайда, уақыт өте бұл құрылым өзгеріп, жаңа басқарма, әскери құрамалар, губерниялар мен қолбасшылықтар құрылды.

Императордың ауызша және жазбаша бұйрықтары басқарушы органының заңдары сияқты еді. Қытай империясының қытай емес халықпен және көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары да император тарапынан белгіленіп отырды. Хань династиясының басқаруындағы Қытайдың Рим және Жапония мемлекеттерімен, далалық көшпелі тайпалармен саяси, әскери және сауда-саттық байланыстары болды. Хань билігіндегі Қытайда маңызды рухани жетістіктер де болды. Б.з. 105 жылы тұңғыш рет қағаз ойлап табылды. Б.з. 100 жылы тұңғыш қытай тілінің сөздігі жиналды. Конфуцийге қатысты афоризмдер мен бүкіл классиктер табылып, зерттейді. Осылайша Қытайдың алғашқы библиографиясы жасалды. Әсіресе, императорды және оның жетістіктерін халыққа тарату жұмыстары тарихтың жазылуына үлкен үлес қосты. Қытайда басқа династиялар да билік жүргізді. Олардың түгелге жуығы орта ғасырда Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған және Ислам Пайғамбары өмір сүрген дәуірлері мен Исламның қанат жаю кезеңдерінде билік құрған. Сол себептен олар туралы қысқаша айтып өтудің пайдасы бар.

Алты династия (б.з. 220-539)

Цао Цаоның Вэй династиясын құрғаннан кейін елде ішкі таластартыстар, көтерілістер мен бөлінушілік кезеңі басталды. Вэй династиясына қарсы болған екі қолбасшы өздерін император деп жариялады. Алайда Вэй династиясы, 266 жылы оңтүстіктегі Ву династиясы 280 жылы Сима династиясының тарапынан жойылды. Қытайдағы бұл жағдайды көрші көшпелі тайпалар пайдаланды. Қытайланған ғұн қолбасшысы Лю Юаньның басқаруымен 304 жылы Қытайды жаулап алған көшпелі тайпалар 316 жылы Цинь мемлекетін құлатты. Император отбасының оңтүстікке қашуының нәтижесінде орталығы Йанкаң (Нанкинь) болып табылатын бірнеше династия құрылды. Бұрынғы Ву династиясымен бірге «Алты династия» ретінде танылған бұл династия әлсіз болуына байланысты ішкі таластартыстарды баса алмай, ғұмыры көпке созылған жоқ.

Солтүстік Қытайда да дәл осылайша «Он алты патшалық» ретінде танылған және басында «варвар» деп аталған әміршілердің тарапынан басқарылған мемлекет орын алған еді. Бірақ негізінен әскери аристократияға сүйенген бұл мемлекеттер өз ерекшеліктерін қорғай алмай Қытай өркениетіне сіңісіп кетті. Оларға қарағанда ұзақ өмір сүрген және бүкіл Солтүстік Қытайды біріктіре алған Табғаш (Солтгстік Вэй) династиясының (386-536) ақыры да дәл осылайша аяқталды. Бұл кезеңде Конфуций ілімі Хань империясының ыдырауын тоқтата алмауымен қатар халық ішіндегі ықпалы мен абыройын да жоғалтты. Даосизм мен буддизм сияқты басқа да діндер мен наным-сенім жүйелерінің Қытай халықтарының арасында тарауына мүмкіндік алды. Нәтижесінде жергілікті және ұлттық мәдени құндылықтардан туындаған халықтық діндер пайда болды.

Сун династиясы (581-618)

Ян Цзяньнің тарапынан құрылған бұл династия күшті армияның арқасында Солтүстік Қытайда қысқа уақыт аралығында билікті өз қол астына қаратып, Даксинг атты жаңа астана құрды. Манчжуриядан Византия мен Сасанидтердің елдеріне дейінгі үлкен территорияға билігін орнатқан Түрік қағанатының (Көктүрік империясының) бөлінуін пайдалана отырып, Батыс Түрік қағанатын өзіне қаратуға қол жеткізді. Қытай қорғанын қалпына келтіріп, солтүстіктен жасалатын шабуылдарды тоқтатты. Оңтүстік Қытайдағы көтерілістерді де басыпжаншыды. Қылмыс заңын шығарып, мемлекеттік қызметтегі шенеуніктерді бақылауға алды. Жер үлесі мен салық жүйесін ретке келтіріп, заңдастырды. Екінші Суй императоры болған Ян Ди (604- 617) де осы саясатты жалғастырды. Алайда, Қытайдағы ішкі таластартыстар мен ұрыстар тоқтаған жоқ. Ақыры Қытай 617 жылы жергілікті әкімшіліктерге бөлініп, жергілікті қолбасшылардың бақылауына қарады. Осы уақытта Ли Юань (Гао Цзу) Шығыс Түрік қағанатын жеңіліске ұшыратып, үлкен армия жинап, стананы өзіне қаратты. Кейін оңтүстікке жылжып, бір Суй ханзадасын (принцін) император етіп жариялады.

Тан династиясы (618-907)

614 жылдан бастап жергілікті көтерілістер мен тақ таластарын тоқтату үшін үлкен күрес жүргізген Ли Юань (618-626) Тан династиясын құрды. Мемлекетті қайта құру мен әлеуметтік, экономикалық және рухани құрылымдарды жүйеге келтіруде табысқа жеткен Ли Юань ғасырлар бойы қолданылған әрі көрші елдерге де үлгі болған бір заң жүйесін қалыптастырды. Бірақ ұлдарының арасында таққа талас пайда болды. Нәтижесінде ұлдарының расынан Ли Шиминь 626 жылы әскери төңкеріс арқылы билікті өз қолын алып, өзін «Тай Цзун» деп жариялады. Императорлығының тұсында (626- 649) конфуциандыққа негізделген шенеунік мамандар дайындап, қызметкерлерді сынақ арқылы тағайындап, халықтың барлық әлеуметтік топтарынан адамдарды жұмысқа алды. Жақсы экономикалық саясат ұсынып, халықтың әл-ауқатын жақсартты. Осы тұста ішкі талас-тартыстармен әлек болған Шығыс Түрік қағанатының территориясын басып алған, бағынған түрік тайпаларын әскер ретінде шекараның бойына қоныстандырды. Батыс Түрік қағанатымен де күшті одақтастық құрды. Осылайша, 626 жылдан 675 жылға дейін созылған даму кезеңінің орын алуына маңызды үлес қосты. Алайда Тан династиясының ең жарқын кезеңі Хуан Цзиньнің (712-756) тұсында болды. 756 жылдардан кейін әлсірей бастаған династия 807 жылы құлады.

Бес династия мен он патшалық (907-960)

Тан династиясы құлағаннан кейін қысқа уақтықа созылған бөліну кезеңі болса да, 907 жылы кейінгі Лиань династиясы құрылды. Алайда, он бір жыл өмір сүрген бұл династиядан кейін кезегімен кейінгі Тан (923), кейінгі Цинь (936), кейінгі Хань (947) мен кейінгі Чжоу (951) династиялары билік жүргізді. Дәл сол дәуірді Оңтүстік Қытайда он тәуелсіз патшалық құрылды. Олар: Ву (902-937), Оңтүстік Тан (937-975), Оңтүстік Пинь (924-963), Шу (927-951), Алғашқы Шу (907-925), Кейінгі Шу (934-965), Минь (909-945), Солтүстік Хань (951-975), Оңтүстік Хань (917-971) және Ву Ю (907-978) патшалықтары еді. Өкінішке орай бұл патшалықтардың ешқайсысы ұзақ уақыт өмір сүре алатын күшке жете алмады.

Таңғұттар, қидандар және циньдіктер

Бұлар Қытайдың ішкі талас-тартыстары мен бөлінуінің салдарынан Тан өркениетінің ықпалынан кейін құрылған мемлекеттер болып табылады. Солтүстік-батыста тибет тектес таңғұттар, солтүстікте қидандар жеке-жеке мемлекеттер құрды. Қытай мен Орта Азияның арасындағы сауда-саттыққа бақылау жасаған және буддизмді ресми дін деп жариялаған таңғұттардың 1038 жылы құрған Кси Ксия патшалығы моңғол шапқыншылығына дейін өмір сүрді. Ал қидандар болса Манчжурияның оңтүстігіне дейін созылған Ляо (907-1125) империясын құрды. Астанасы Яньинь (қазіргі Пекин) болған қидандардың мемлекеті қытайлануға қарсы дәстүрлі тайпалық құрылымын қорғап, Тан үлгісіндегі басқару жүйесін құрды.

Ляо империясын құлатқан циндіктер Солтүстік Қытайға кірді. Солтүстік Суй мемлекетін жойып, орнына Цинь (Рузкен) династиясын құрды. Алайда, уақыт өте Қытайлық көпшіліктің ішіне сіңіп кетті. Кейінірек Шыңғыс хан құрған монғол империясының қол астына кірді.

Суй (Соң) династиясы (960-1127)

Соңғы Чжоу билеушісін құлатқан Цзао Каунгтың тарапынан құрылған династия болып табылады. «Тай Цзю» деген атпен өзін император деп жариялаған Цзяо (960-976) билік құрған. Тартутаралғылар мен бірталай сыйлықтар арқылы қолбасшылар мен губернаторларды өз жағына қаратып, Солтүстік Суй династиясы деп аталатын азаматтық билікке негізделген мемлекет құрды. Одан кейін келген императорлар да сол саясатты ұстанды. Егіншілік, саудасаттық, экономиа мен руханият салаларында маңызды реформаларды жүзеге асырды. Бірақ бұлардың барлығы империяның Оңтүстік Суй династиясы (1127-1279) мен Солтүстік Суй династиясы (-1279) деп екі бөлікке бөлінуіне кедергі бола алмады.

Юань династиясы (1228-1368)

Монғолдардың Қытайды басып алғаннан кейін құрған династиясы. Шыңғыс ханның (1227 өлг.) 1206 жылдан кейін Қытайға жасаған шапқыншылықтары оның ініне дейін созылады. Монғол шабуылдары 1230 жылы қайта басталды. Суйлықтар бірлесе қимылдағанынан Кэйфань құлатылып, Хуэй өзеніне дейінгі жерлер алынды. Монғолдар 1250 жылы Мөңке (Менгю) мен Хубилайдың басшылығымен Суй мемлекетінің шекарасын бұзып, оңтүстікбатысқа қарай жылжып, тәуелсіз Дай мемлекетін құқұлатып, шекараларын бүгінгі Солтүстік Вьетнамға дейін кеңейтті. Соғысып, алға жылжыған монғол армиясы 1276 жылы Лиярньанға жетті. Ал 1297 жылы Суй империясықұлатылып, Қытайды қол астына қаратты.

Қытайдың Монғолдар билігіне қарауымен бірге оңтүстік пен солтүстік арасындағы сауда шекарасы жойылды, үлкен канал қалпына келтіріліп, егіншілік жетілдірілді. 1280 жылы теңіз арқылы дәндідақылдарды тасымалдау үшін Қытай кәсіпкерлеріне бірсыпыра жеңілдіктер берілді. Қытайда қолданылатын діндерге көптеген еркіндіктер беріп, буддизм мен конфуцйлік елде еркін жайылып, Қытай мәдениеті жетілді.

Юань династиясы (Монғол мемлекеті) кезеңінде Таяу Шығыс пен Орта Азиядан түрлі мұсылман топтар да келді. Құрлық пен теңіз жолдары арқылы келген түрік, араб, парсы тектес мұсылман саудагерлер Исламның Қытайда танылуы мен тарауында маңызды рөл атқарған болатын.

Мин династиясы (1368-1644)

Шыңғыс ханның баласы тарапынан басқарылған монғол тайпалары Солтүстік Қытайда билік таласына кіріп, әлсіресімен Мин династиясы деген Қытай династиясы пайда болды. Династияның құрушысы Чжу Юаньчжан (Юань династиясының кезінде монғол армиясында қызмет етуде) еді. 1356 жылы Нанкиньді жаулап алғаннан кейін күшті армиясымен басқа мемлекеттерді тізе бүктіріп, өзіне қаратты. Ал 1398 жылы бүкіл Қытайды қол астына біріктірді.

Мин династиясы кезінде жалпы он алты император билік құрған. Мин империясы Корея, Моңғолия, Қытай, Түркістан (Шығыс Түркістан), Бирма, Сиам мен Вьетнам елдерінде де билігін орнатты. Бірақ 1644 жылы Ұлы Қытай қорғанынан өтіп, Пекинді де басып алған манчжурлардың тарапынан құлады. Осылайша, XVII ғасырдың ортасында Қытайды жаулап алған манчжурлар өз әміршісі Фу-Линді Қытай императоры деп жариялады. Манчжур империясы ХІХ ғасырда әлсіреп, 1911-1912 жылдардағы Қытай революциясының нәтижесінде құлап, Қытай Республикасы құрылды.

Мин династиясының басқару негіздері ХХ ғасырға дейін де Қытайдың басқару ұйымдарында қолданылды. Отбасылары мен отбасы басшыларын топтарға бөліп, бірқатар жауапты адамдар арқылы жабдықтайтын бұл басқару жүйесі орталық басқармаға жауапкер болды. Конфуцийлік діннің елде тәуелсіз сенім жүйесі болып қалыптасуын қамтамасыз етуімен бірге Монғолдарға қарсы суық саясат ұстады.

Манчжоу династиясы (1644-1911-12)

Нурхачидің (1559-1626) басқаруымен аймақтағы халықтардың бірлесуінің нәтижесінде құрылған. Манчжурлар Рузхен тайпасына қарасты ру болып табылады. 1626 жылы манчжурлардың басына келген Абахай, Корея мен Ішкі Монғолияны қол астына қаратып, Қытаймен сауда-саттық байланыстарын дамытты. 1636 жылы Манчжоу династиясын жариялап император атағын алды. Ішкі көтерлістерден әлсіреген Миннің көмекке шақыруымен Пекинге кірген Манчжоу армиясы 1644 жылы өз әміршісі Фу-линді император деп жариялады.

Манчжоу династиясы 8 жылға жуық күрестен соң Қытай қолбасшылары бастаған көтерілістерді, талас-тартыстар мен ішкі жанжалдарды басты. Егіншілік пен сауда-саттық салаларында бірқатар түзетулер енгізілді. Шекаралық проблемаларды шешу мақсатымен Ресей үкіметімен кездесіп, Нарчинск келісімшартына (1689) қол қойды. Ресеймен сауда-саттықты дамытты. ХІХ ғасырдан бастап киім тауары мен шәй саудасына басымдылық берілді. ХVІІ ғасырда Монғолияның батыс бөлігі Манчжоудың қол астына қарады. Монғолдармен байланыстарды ретке келтіруге әрекет жасалды. Күріш, шәй, мақта мен темекі егу жұмыстарына маңыз берілді.

Осы жағымды жетістіктерге қарамастан ХІХ ғасырда (1813) Солтүстік Қытайда күшті көтерілістер болды. Дәл сол кезеңде елдің оңтүстігінде де толқулар болып жатты. 1839 жылы апиын егуге қарсы бағытталған қозғалыс қытайлықтар мен ағылшындарды бір-біріне қарсы қойды. Ағылшындар 1840 жылы Гонк-Гонгқа барып, 1842 жылы елдің көптеген жергілікті орталықтарын басып алды. Алайда, 1856 жылы ағылшындармен және француздармен қайта соғысуға мәжбүр болған. Қытайлықтар 1860 жылы Қытайдың Батыс елдерінің материалдық және рухани өктемдігіне мойынсұнуына себеп болған бірқатар келісімшарттарға қол қоюға көнді. Ал 1864 жылы Нанкиннің құлауына әкеліп соққан және әлемдегі ең үлкен азамат соғыстарының бірі болып табылатын Тайпин көтерілісі басталды.

Шығыс Түркістан мен елдің кей жерлерінде 1862 жылы басталған толқулар болса он бес жылға жуық уақытқа созылды. Қытайдың Манчжоу үкіметі ХІХ ғасырдың екінші жартысында өз жағдайын күшейте бастады. Ішкі және сыртқы күштерге қарсы күрес жүргізіп, сәтті аяқтады. Манчжоу династиясы 1912 жылы билік басынан кетуге шешім қабылдады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *