Қытай мен түркі қағанаттары арасындағы қарым-қатынас

Қытайда материалдық және рухани мәдениет дамуын үздіксіз жалғастырды. Ерте орта ғасырлар дәуірінде, үстемдікке ие болған бір дін немесе шіркеу болған жоқ. Ата-баба аруағын пір тұтуға шақыратын ежелгі конфуцийлік, Буддизм және Даосизм өздерінің үстемдік етуші ықпалын тигізіп, Қытай мәдениетінің пайда болып, дамуына өзгеше үлестерін қосты. Сонымен қатар Үндістаннан Қытайға әкелінген буддизм діні уақыт өте келе өлкенің мемлекеттік діні болып орналасты.

VI ғ. ортасында Орталық Азияның кең байтақ жерінде Алтай таулары мен Жетісу далаларында, Орта Азияның отырықшы мәдениеті жоғары дамыған халықтарымен шекаралас жерде көшпелі тайпалардың жаңа одағы құрылды. Түркі тайпаларынан құрылған бұл мемлекет көне деректерде түркі елі деген атпен белгілі болады. Көшпелі түрік тайпалары құрған бұл мемлекет түрік/түркі қағанаты деген атпен белгілі. Түркі тайпаларының көсемі Бумын 551 жылы қаған деген билік дәрежесін алды. Оның 552 жылында қайтыс болуымен Түркі қағандығындағы билікке кезекпен қара қаған (552- 553), Муған қаған (553-572) келеді.

Чи және Чжоу мемлекеттерінің билеушілері аса қуатты түркі қағанатынан қарым-қатынас жасауға мән берген, әсіресе 572-581 жылдары билік еткен Таспар қағанның тұсында қағанаттың егемендігін мойындауға дейін барған кезеңдері болған. Қытай императорлары Түркі қағанына жібек маталарды салық ретінде сыйға тартып отырған. Қытай империясының шекаралық аудандары мен Орталық Азия арқылы солтүстік-батыс аудандарға апаратын керуен жолдары және Ұлы Жібек жолы сияқты ежелгі сауда жолдары Түркі қағанатының қол астына қарады.

Түркі қағанаты Қытайда Таң империясы орныққанға дейін Суй әулетімен ұзақ жылдар бойы қақтығысқа келіп, соғысқан болатын. Түріктермен арадағы күрес Қытай империясынан үлкен көшті талап етті, ол жүз жылдан астам уақытқа созылды. VI ғ. екінші жартысынан бастап Қытайға түрік шапқыншылықтарының шабуыл жасағаны байқалады.

Үздіксіз жүргізілген соғыстар түріктердің материалдық ресурстарының азаюына алып келді, соның айғағында қағанат қайраткерлері өздеріне бағынышты тайпаларға қысым көрсетуді күшейтіп, оларға салатын салық мөлшерін көбейтті. Наразы болған тайпалар да Түркі қағанатына қарсы бас көтере бастады. Түркі қағанаты да жиырма жылға созылған ішкі соғыстар нәтижесінде 588 жылы 2-ге бөлініп кетті: бірі – Орта Азия Жонғория және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Батыс Түркі қағанаты, ал екіншісі – Монғолиядағы Шығыс Түркі қағанаты болды.

Таң империясының негізін салған алғашқы император тұсында Қытай, Түркі қағанатына тәуелділік жағдайда болып, қағанға алым да төлеп тұрған Таң әулеті өздері билікке келген алғашқы кезеңде Түркі қағанаттары мен тек қорғаныс бейбіт бағыттағы саясатты ұстануға мәжбүр болды; түріктермен достық қатынаста болуға тырысты. Бірақ император Тайцзунның тұсында Таң империясы күшейіп, түріктерге шабуыл жасауға ат салысты, оларды бір-біріне айдап салу, ішкі қайшылықтарды пайдалану арқылы Түркі қағанатын әлсіретуге тырысып бақты, осылайша Түріктерді өздеріне бағынышты етуді мақсат тұтты. Осыған қоса олармен құдандалық қатынас орнатты. Қытай қыздарын қағандармен үйлендіРимен қатар көптеген адамдарды да бірге аттандырды. Ол адамдар – кеңесшілер, әкімдер, саудагерлер, тыңшылар болатын. Осы адамдарға жүктелген ортақ міндет түріктер ортасында қытайлық ықпалды күшейту, олардың әлсіз тұстарын біліп отыру еді. Осының айғағында 630 жылы Шығыс түркі қағанаты өмір сүруін тоқтатады, бірақ Шығыс түркілер 679-687 ж. Қытайға қарсы толастамаған талас-күрес нәтижесінде өз мемлекетін қайтадан құрды. Не болмаса да Түркі қағанаттардың ыдырауы көбінесе Қытай империясының дұшпандық саясаты мен әскери шапқыншылық әрекеттері нәтижесінде болған.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *