«Күлше қыз — Назымбек» жырының композициялық құрылысы

Оқиғасы ХVІ ғ Ормамбет хан мен қырық сан Қырым жұртының дәуірімен байланысты «Күлше қыз – Назымбек » жыры. Бір нұсқасы 1935 ж. «әдебиет майданы» журналының 1- санында «Назымбек » деген атпен басылды. Одан кейін жырды Ә. Диваев, Ә. Марғұлан, Ш. Торайғыров, Ж. Мұқанов, Қ. Қазыбекұлы жазып алған. Сондай нұсқалардың бірі – Бозтай Жақыпбаевтікі . Бұл нұсқаның бас – аяғы жоқ, оқиға орта жерінен басталады. Жырдың келесі нұсқасы толық әрі көркем. Қысқаша сюжеті: Қырық сан Қырым жұртында Жаныс деген бай болады. Жайлы қоныс үшін бай кісіні өлтіріп, ата қонысын тастап, Сарыарқадағы Ормамбет ханның еліне келеді. Осы елдегі Асылбек деген баймен достасып, іргелес қонады. Сөйтіп жүргенде екі байдың әйелдері жүкті болып, Асылбек — ұлды, Жаныс – қызды болады. Екі бай бесікқұда болып, жас сәбилерді атастырады. Сәбилер 7 жасқа келгенде Асылбек өліп, Жаныс Қырым жұртына көшіп кетеді. Қыз бен жігіт 20- ға толады. Бір күні Ормамбет ханның елінен шыққан керуен Қырым жұртына барады, көшке ерген бір сары бота Күлше қызды танып, боздай береді. Ботаның боздауынан Назымбектің ғашығын білген қыз керуенге келіп, « бағасы тоғыз жүздіторғыл белбеу» сәлемдеме жолдайды. Қыздың хабарын алған Назымбек , 6 жылдық ұзақ ауруға шалдығады. 7 жылға аяқ басқанда ол ел – жұртын жинап қызды іздеп шығуға бет байлағанын айтады. Бір сәуегей қария Назымбекке 4 жолдас бес тұлпар ат таңдап береді. Бес жігіт Қырым жұртына келсе , Күлше қызды хан баласына ұзатып алып кеткен екен. Назымбек жігіттерімен қыздың соңынан барып, қойшы шалдан мән – жайды біледі. Ақ отаудың сыртынан Назымбек өзін жоқтап зарланып отырған қыздың сөздерін естіді, жауап өлең айтқан жігіттің сөзінен Назымбектің келгенін білген қыз , онымен жолығады. Бұдан кейін Күлше қыз 2 жыл отасқан хан баласынан ажырап, Назымбекке қосылады. Хан баласы екі ғашықтың зарына ортақтасып, Күлшені өз еркімен Назымбекке қосып аттандырып салады. Образдары: Күлше, назымбек, Жаныс бай, Асылбек бай, бота , керуеншілер , сәуегей қария, хан баласы. Жырдың негізгі идеясы — еркін махаббат. «Есім сері – Зылиха » Жырдың бірінші нұсқасын 1940 ж «әдебиет және искусство» журналының 6 –санында Нұрқан Ахметбеков жариялаған. Бұл нұсқада қыздың аты Қадиша , Есім сері оны алып қашып, келе жатқанда, қыз жардан құлап өледі де, жігіт қызды өз қолымен жерлеп, моласын күзетіп көп қайғырады. Бұдан басқа Ахметбеков жазып алған жырдың 2 нұсқасы бар. Соның бірінде Есім мен Қадиша Қытайға қашып барып, 1 ұлды , 1 қызды болып Ақмешітке қайта оралады. Жырдың келесін нұсқасын Торғай елі Тоқмет әңгімесі дейді. Мұнда оқиға Есімнің өз аузынан айтылады. Есімнің нағашы әкесі Есмағамбет Әлімқұл байдың жылқысын бағады, ол Есім соның қолында өседі. Жырдың сюжеттік арқауы өмірде болған оқиғаға негізделген. Онда ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басында қазақ даласында көрінген ескі әдет- ғұрып қайшылықтары сөз болады. Есім жылдан кейін балалы – шағалы болып, еліне оралады. Жырдың оқиғасы Есімнің еліне оралып, бір жиында нағашы әкесі Есмағамбетке жолыққан жерінен басталады. Жырдың сюжеті: Әлімбай бай Есмағамбетке мал бақтырады, бір күні оның баласы Есімді ұрлыққа жұмсайды . Осындай жортуылда жүріп ол шекі елінің үлкен тойын кез болып, Қанкүрең атты жылқысын бәгеге қосып 8 палуанды жеңеді. Шекті елі жалғыз жүрген жолаушыға бәйге бермейді , Есім сол елде 2 жыл кідіріп , Шора байдың қызына ғашық болады. Екеуі жасырын қосылып , Есім еліне келіп Әлімбайдың қара арғымағын ұрлап , қызды алып қашады. Оқиға үлкен жесір дауына айналады. , ұлықтан қорыққан Әлімбай тауда жасырынып, қыз бен жігітті ұстатады. Есім бұл жерден қашып шығып, Зылиханы бірге ала кетеді де , Ұлы тауға барып, Шашанбайғак жігіт болады, бірақ бай оларды шектілерге ұстап береді. Жолай қуғыншылар ұйқыға кеткенде , Есім қашып кетеді. Мұқан төренің қол астына барып, оны заң жолымен қайтармақ болады., бірақ одан еш нәрсе шықпайды. Мұқан Есімнің ержүректігінен шошып оны ұлықтарға жасырын ұстап бермекші болады. Есім хан базарда Мұқанның ақжол атын алып қашып құтылады. Содан 8 күн дегенде шекті еліне жетіп, ұзатылғалы отырған қызды алап қашып, Орынборға одан Қарақалпақ, Бұқара , Шаш жағына қашып кетеді. Образдары : Есмағамбет, Әлімбай, Есім, Зылиқа , Мұқан төре , шашанбай, Қанкүрең ат.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *