Құстың сальмонеллезі, балапандарда диарея мен септицемия, ересектерінде жасырын микробалып жүру ретінде өтетін көптеген үй жəне жабайы құстардың ауруы. Алғаш рет көгершіндердің Salmonella typhimurium тудырған ауруын Леффлер (1892) байқады. Қоздырушысы – Негізгі коздырушысы — Salmonella typhimurium, кей жэағдайда сальмолнеллалардың басқа түрлері ауру қоздырады. Микробтың төзімділігі мен басқа қасиеттері төлдің сальмонеллезі, құстың пуллорозы бөлімдерінде көрсетілген.

Індеттік ерекшеліктері. Үйрек пен көгершін жиі, сирегірек тауық, күрке рауық жəне қаз ауырады. Үй құстарының 6-20 күндік балапандары сезімтал болады да, ауру жіті өтеді. 2,5 айдан асқанда созылмалы, ал ересек құста симптомсыз, немесе жыныс мүшелерінің шектеулі зақымдануы ретінде өтеді. Инфекция қоздырушысының басталуы – ауру немесе сальмонелла алып жүруші құстар. Олардың жұмыртқалары, зараланған жем, су, құралжабдықтары жұғу факторлары болады. Микроб трансовориальдік жəне алиментарлық жолмен беріледі. Індет ошағы əдетте тұрақты сипат алып, ауру құстың күтімі нашарлаған кезде қайтадан өрбиді. Жас балапандардың витаминнің жетіспеуінен, гельминт инвазиясынан ауруға төзімділігі төмендейді.

Дерттенуі. Сальмонеллез кезінде дерт процесінің өрбуі пуллорозбен тақылеттес. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1-3 күн. Ауру жіті, жітіден төмен жəне созылмалы өтеді. Жіті өткенде 20 күнге дейінгі балапандардың тəбеті болмай, көп қозғалмай, мүлгіп тұрады, іші өтіп, серозды іріңді коньюнктивит байқалады. Кейде сереңдеп, басын шайқап, аяқтарын тыпырлатады. Өлім көрсеткіші 70 % жетеді. Жітіден төмен өтуі əдетте 20 күннен асқан балапандарда, сирегірек ересек құстарда байқалады. Серозды-іріңді коньюнктивит, іш өту, ринит, буынның қабынуы байқалады. Созылмалы өтуі 2-3 айлық құста кездеседі де, іші өтуімен жəне күйі төмендеп, өспей қалуымен сипатталады.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру жіті жəне жітіден төмен өткенде бауыр ұлғайып, ұсақ өліетті ошақтар, жіті катарлы энтериттің белгілері пайда болады. Ересек құстарда созылмалы өткенде ішектің, аналық бездердің, жұмыртқа жолдарының, клоаканың қабынуы жəне ошақты немесе шашранды перитонит байқалады. Балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоанатомиялық өзгерістерді талдауға жəне бактериологиялық зертеудің нəтижесі бойынша қойылады.

Дауалау жəне күресу шаралары. Ауру шыққан қорадағы құстардан алынған жұмыртқаны 12 күннен артық сақтамай, жоғары температурамен əсер еткен соң пайдаланады. Аурудың клиникалық белгілері бар құстарды бөліп алып, сояды. Дауалау үшін антибиотиктер мен сульманиламидтерді топтық əдіспен жемге немесе суға қосып береді. Қораны, ауланы, құралжабдықты дезинфекциялайды. Өсіру үшін құс əкетуге жəне əкелуге, инкубациялық жұмыртқа əкетуге шектеу қойылады. Шектеу құстың соңғы өлген немесе ауырған сəтінен бір ай өткен соң, қортынды дезинфекция жасалып барып алынады.

Авторлық сілтеме:
Ахметсадықов Н.Н, Омарбекова У.Ж., Хусаинов Д.М. Ветеринария негіздері (оқу құралы): — Алматы, «Агроуниверситет» баспасы, 2010. –338 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *