Кредит және несие категориялары туралы көзқарастар эволюциясы

Кредит экономика ғылымында маңызды категориялардың қатарына жататындығы белгілі, оны жан-жақты зерттеуге марксизмнің классиктері мен қатар көптеген кеңес және шетел экономистерінің еңбектері арналған. Дегенмен бұл тақырып әлі толық зерттелінген деуге болмайды, ол әлі де болса кредиттік қатынастардың қазіргі жағдайда дамуының жақсы етек ала бастауына байланысты ол қосымша зерттеулерді талап етеді.

Бұл жерде өзекті мәселе кредитке берілген ақша капиталының көлемінің ұлғайғандығы емес, посткеңестік елдерде кредиттік қатынастардың субьектілері мен амал (операция) түрлерінің де көбейгендігі туралы болып отыр. Әкімшілік реттеуден рыноктық механизмге өту кезеңінде біздің экономиканың кездесіп отырған көкейтесті мәселелері ақша-кредит саласында түбегейлі өзгерістерді талап етті. Еліміздің экономикалық жағдайы көбіне ақша-кредит жүйесіне байланысты болғандықтан, кредит мәселесіне сөзсіз үлкен мән беруіміз қажет. Сондықтан, мүмкіндігінше, осы салада дамыған елдердің бай тәжірибелерін есепке алған жөн. Тарихи тұрғыдан алғанда кредит пен несиенің негізі болып табылатьш «карызға» деген көзқарастардың эволюциясын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруды жөн көрдік.

Алғашқы кезеңде уақытша бос ақша каражаттары еш өсімсіз карызға берілді, яғни пайызсыз қарыз орын алды, немесе карыз пайызсыз берілді. Бұл туралы иудаизм, христиан және мұсылман дініндегі елдердің мысалынан мол дәлелдер келтіруге болады. Айталық, еврей ұлтының діни одебиеттері мен құқықтарында өз дініндегілерге жеңілдіктер көрсету максатында өсімсіз (пайызсыз) карыз беру жағдайлары айтылады және берілген қарыздың белгілі бір себептерге (тұрмыс жағдайы, денсаулығы т.с.с), яғни әлеуметтік жағдайларына байланысты кешірілетіні ескерілген. Ол туралы еврей ұлтының атақты данышпаны Маймонид (1135-1204 жж.) пайызсыз берілген карыздың адамға карапайым қаржылық көмек жасаумен салыстырғанда кайырымдылықтың ең жоғары нышаны деп есептеген. Ал христиан олемінде де карыздың пайызсыз колданыста болғанын әрі пайыздың ауыр күнә екендігін Христостың «өзіңнен қарыз сұрағандарға өзгеден ешнорсе күтпей-ак қарыз бер және олардан теріс айналма…» деп айтқандарымен байланыстыруға болады. Осы өсиет кейін көптеген ғасыр бойы пайыз аркылы табыс алудың ауыр күнә екендігін айыптау түрінде кабылданып, оны жазғырудың негізі болып табылды.

Ал ислам елдеріне келер болсақ, мұнда «өсім» (риба), яғни «пайыз (процент) жок» кағидасы қатаң ұсталынады және ислам әлемінің басшылыкка алатын касиетті Құран Кәрімде пайыз алуға деген тиым христиан түпнұскаларына қарағанда бұлжытпас кағида болып тұжырымдалды әрі ол бүгінгі күнге шейін шариғат заңы болып есептеледі. Сондықтан Құранда «Пайыз — нақақтан табыс әкелуші, зұлымдық зорлык жасаушы» ретінде карастырылады. Ислам олемінде өсімсіз берілетін қарыз «несие» (нәсийе деген араб сөзінен) ұғымымен байланысты.

«Несие» бұл жерде карыз алушыға кай көлемде ұсынылса, сол мөлшерде ғана кайтарылу шартымен уакытша пайдалануға беріледі. Ол бейкүнә халыкты канауға, монополия, базар, кымбатшылық аркылы пайда жасауға ұмтылушыларға мүлде берілмейді деуге әбден болады. Жалпы казіргі заманда кредит пен несие түсініктерінің аражігін ашып көрсету кажеттігі туындайды. Бұған косымша себеп — «кредит» ұғымының «несие» боп казак тілінде дүрыс аударылмағандығы. Кезінде осы кітап авторы мен оның ғылыми жетекшісі О.Ж.Алиевтің ұсынысымен Қазакстанның мемлекеттік терминология комитетінде «кредит» кредит болып, ссуда «несие» болып бекітілгенмен, көпшілікке арналған басылымдарда, тіпті оқулыктардың өзінде «кредитті» «несие» деп алып жүргені кынжылтады. Несие идеясы мен жүйесінің олеуметтік бағдарлы экономикадағы орны және рөлі туралы тұжырымдамаларымызды және оның кредит категориясынан елеулі айырмашылықтары бар екендігі туралы түжырымдамамызды кейінірек арнайы жоне толығырак келтіреміз.

Сондықтан бұл жерде әзірше әу баста карыз өсімсіз (пайызсыз) беру түрінде пайда болғандығы туралы корытынды жасалып, ендігі оңгіме кредитке деген көзқарас эволюциясы туралы болмак, нақтырак айтсак оның келесі кезеңіне тоқталамыз. Келесі кезеңде карыздың бірте-бірте пайызбен немесе пайызға берілуі дағдыға айналды, яғни қарыз «кредит» деген атпен батыстық экономикалық жүйеде орын ала бастады.

«Кредит» ұғымның өзі Батыста пайда болып, Батыстан келді, демек уақытша бос ақшаның сеніммен әрі басқаға өсіммен (пайызға) берілуі — кредит ұғымын қалыптастырды. Енді кредиттің қазіргі экономикалык жүйеде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше анықтамаларына токталайық.

Ең алдымен, «кредит» ұғымы латынның credit, creditum — сену, сенеді деген сөздерінен пайда болған. Жалпы алғанда, «кредит — тауарлардың немесе акшаның уакытша қарызға берілуі» болып табылады. Бұл жерде кредит пен несие сырттай қарағанда категориялық жағынан бір деңгейде тұр, олардың ара жігі әлі ажыратылмаған. Біздің пікірімізше, «несие» — бүл уақытша бос тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін білдірсе, «кредит», керісінше, сатылып, пайызға сатып алынатын түрін білдіреді. Немесе, «капиталистік кредит — бұл қарыз капиталының нақты қозғалысы … ол карыз алушы капиталистке қайтарымдылык және пайыз төлеу шартымен беріледі». Мұнда кредиттің екі түрлі шартпен берілетіндігі (кайтарымдылық және пайыз төлеу) айтылған. Бұл жерде, «кредит (creditum) үш мағынаны білдіреді — сенемін, (сенім білдіремін), қарыз (долг) жоне өсім (пайыз).

Бұл анықтамада, шын мәнінде үш бірдей мағыналы ұғым келтірілген: сенім, қарыз, пайыз, немесе мынадай байланыс: «сенім — карыз — пайыз» Тағы да бірнеше анықтамаларға оралсақ, «кредит шаруашылык субьектілері арасында уакытша бос ақша каражаттарын мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық шартында экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория», немесе «кредит — бұл ақша немесе тауарларды кайтарымдылық, төлемділік, мерзімділік шартында қарызға беру». Бұл жерде кредиттің жоғарыда келтірілген екі шартына косымша оның үшінші шарты беріледі, яғни бұрын кредиттің сатылуы орі кайтарылу міндеті болса, енді оның мерізімі нақтыланады. Кредитке берілген бұл анықтамалардың борі де капитализм дәуіріндегі экономикалык жүйеге каншалыкты тән болса, содан кейін орын алған социалистік коғамда да өз маңызын жоғалткан жок. Тіпті казіргі рыноктык әкономиканың өзінде кредиттің бұл аныктамалары дәстүрлі аныктамалардың катарына жатады.

Ф.М.Шелопаев өзінің бір еңбегінде кредиттің карыз капиталының козғалысы ретінде кайтарымдылык, мерзімділік, төлемділік шартымен берілетіндігі туралы аныктамалардың К.Маркстің қарыз капиталына берген сипаттамасынан туындайтындығын жоне соған негізделетіндігін айтады. «Қарыз капиталы сатылмайды, ол тек бөлектеніп жаттану (отчуждение) аркылы карызға беріледі» дей отырып, автор Маркстің кредитке берген мынадай тікелей ұғымын келтіреді: «анықталған ақша сомасына белгілі бір мерзімде иелік ету, яғни кімде артық ақша каражаттары болса, соны каражат мұқтаждығын сезінетіндерге кредитке беру».

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *