Кредит жүйесі сипатының объективтігі мен күрделілігін айта отырып, екі ұғымды: «кредитті» және «кредиттік механизмді» бір-бірімен байланыстыра карау қажет. Қазіргі уакытта ғылыми тұрғыдан алғанда «механизм» белгілі бір құбылыстың, үдерістің, я болмаса кызметтің калыпты «жұмысын» камтамасыз етуге жоне жандандыруға арналған күрделі тетік іспеттес. Сондыктан кредиттің бейнелейтін катынастарынан алыс жатпайды, олардың накты бір кырын күрайды, дәлірек айтсак кредиттің жүзеге асу нышаны, көрінісі болып табылады. Біздің пікірімізше, осы сипатта кредит жүйесіндегі «механизм» оның тиімділігін камтамасыз ететін кредит түрлері, кредиттеу әдістері мен кағидалары және оған ұласушы тәуекелділіктерді баскару әдістемесін кешенді колдану деп түсінеміз.

Ал енді «кредит механизмі» ұғымына келсек бұл туралы накты ойлар немесе аныктамалар сирек кездеседі. Мысалы, В.И.Руденконың еңбегінде кредит жүйесінің кредит механизмі аркылы жұмыс жасайтындығын айта келе, кредит механизмінің күрылымына мыналарды жаткызады: — кредиттік институттар мен экономиканың әртүрлі секторлары арасындағы ақша капиталын шоғырландыру мен жұмылдыру бойынша байланыстар жүйесі; — ақша капиталын капитал рыногында жұмыс жасайтын кредиттік институттардың өздерінің арасында қайта бөлуге байланысты катынастар; — кредиттік институттар мен клиенттер, шетелдік клиенттер арасындағы катынастар.

Осы мәселе төңірегіндегі сұрақтармен шұғылданушы С.Б. Мақыш кредиттік механизмге келесідей құрылымдык элементтерді енгізген: несиенің түрлері; несиелеу объектілері; несиелеу субъектілері; несиелеу әдістері; несиелеу үдерісі; несиелеу кагидалары; несиелік тәуекелді баскару (автор «кредитті» «несие» деп аударған). Осы тұрғыда көптеген ғалымдар кредит мазмұны мен оны талдауда бірден кредит механизміне өтеді.

Кредит механизмі сонымен катар кредит жүйесінің негізі — кредиттік институттардың аткаратын карыздык, инвестициялык, құрылтайшылық аралык, кеңес берушілік, акшаны шоғырландыру мен кайта бөлуге байланысты кызметтерін біріктіреді. Осы арада айта ксту керек, көптеген монографиялар мен окулықтарда кредит механизмінің аныктамалары кездеспейді. Мұның себебі де түсінікті. Өйткені кредит механизмі, біздің пікірімізше, кредит жүйесінің кызметші құралы, яғни кредит жүйесінің накты жүзеге асырылу көрінісі, оның іске косылу шағын қамтамасыз ететін әлеуметтік технология. Көп жағдайда оның кейбір элементтері ғана карастырылады да, біртұтас өзгермейтін құрылымдық үлгісі (моделі) кездеспейді. Сондыктан да кредит механизмін зерттеу әдіснамасына келсек, ең алдымен осы кредит жүйесінің үлгісін жасау аркылы оны калыптастырамыз.

Жалпы осы орайда, біздің пікірімізше, кредит механизмі бұл кредит жүйесінің кұрылымдык элементтерін жұмыс жасататын немесе іс-әрекетіне кажетті техникалык кұралы деп білеміз. Бұл жұмыста осы кұрылымдык элементтерге катысты салалык сипатта талдау жасалынды.

Қатынастың экономикалык нысаны — кредиттің өзі. Осы нысанға қатысты субьектілердің әркайсысының өздеріне тән экономикалық мүдделері болады. Олардың мүдделері бір-біріне сойкес болмағандыктан кредиттік қатынастарға тән экономикалык карама-кайшылык пайда болады. Бұл кайшылықтар, өз кезегінде экономикалық жоне құқықтык заңдар аркылы шешіліп отырады.

Кредиттің бұл жердегі қарама-кайшылықтары неғұрлым айқын түрінде көрініс табады. Кредитор А кредитті, әдетте, жоғарғы бағамен (пайызбен) орналастыруға, яғни сатуға мүдделі, ал кредиттенуші Б кредитті төмен бағамен (пайызбен) сатып алуға мүдделі. Бұл карама-қайшылықты шешудің кайнар көзі кредиттің басты кағидаларының бірі — оның сатулылығында, төлемділігінде. Басқаша айтсак кредит катынастарының ішкі карама-кайшылығы кредитор мен кредит алушы, яғни субьектілер арасында кредит нысанына (кредитке) байланысты карама-кайшылыктар түрінде сырттай көрініс табады және ол карама-қайшылықтардың белгілі бір экономикалық және құқықтык заңдармен реттеліп отыратындығына тоқталғанбыз. Бұл жерде кредиттің бастапкы негізгі мәні — сенімділік толык сакталады, Сонымен бірге сатып алу-сату катынастарына негізделген қағидасы жоне солардан туындайтын калған кағидалары да жүзеге аса бастайды. Осы орайда біз кредитке келесі аныктаманы беруді жөн көріп отырмыз. «Кредит» дегеніміз уақытша бос материалдық және ақшалай қорларды тұтыну (қолдану) бойынша сенімділікке және сату, сатып алу қағидаларына негізделген экономикалық қатынастар.