Кредит-несие катынастарының әлеуметтік-экономикалық табиғаты және оның ұдайы өндіріс жүйесіндегі орны мен рөлі. Өндіріс дегеніміз — адамзат баласының өмір сүруі мен тіршілігіне және дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі немесе оны біз пайдалы өнім шығару үдерісі деп түсінеміз. Ол өзіне материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну үдерістерін де қамтиды, яғни осы сатылардан өту арқылы үздіксіз қайталанып отырады. Бұл туралы К.Маркс былай дейді: «…өндіріс үдерісінің коғамдық нышаны қандай да болса да үздіксіз болуға, оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиісті». Қоғамдык өндірістің қай сатысы болмасын маңызды, дейтұрғанмен ең маңызды сатылары — өндіріс пен тұтыну, себебі адамзаттың өмір сүруіне кажеттілік үшін өнім өндіріледі, ал өндірілген өнім оны қанағаттандыру барысында тұтынылып жойылады, сөйтіп өндіріске кайтадан сұраныс тудырады. Бұл туралы К.Маркстің «қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірмей де отыра алмайды» деген пікірі орынды. Демек өндіріс үдерісін тоқтатуға немесе сәл де болса кідіртуге болмайды. Ол қоғамның дамуын, я болмаса адамзат тіршілігін тоқтатумен пара-пар.

Ал ұдайы өндіріс — бұл өндіріс үдерісінің қайталануы, тек қайталанып қана коймай оның жаңа нышанда жаңғыруы мен көлемі жағынан ұлғаюы деп түсінген жөн. Дербес өндіріс үдерісінің өмір сүру шарты — ұдайы өндіріске де ортак. Сәйкесінше, ұдайы өндірістің ұлғаймалы ұдайы өндіріс түрінде жүзеге асуы шарт.

Өндіріс сонымен қатар қоғамдық қатынастардың жиынтығы екендігі де белгілі. Тауар-ақша катынастарының коғамдык катынастардың бір бөлігі екенін ескерсек, біздің көтеріп отырған мәселеміз — кредит-несие механизмінің өндірістік қатынастармен кандай байланысы бар екендігі немесе ұдайы өндірісте, оның ішінде ұлғаймалы өндірісте алар орны мен атқаратын рөлі туралы сұрақ өздігінен туындайды.

Рыноктык катынастардың акшасыз дами алмайтыны белгілі. Ал акшаның маңызды саласының катарына кредиттік қатынастар жатады. Тарихи тұрғыдан алып карағанда кредиттік катынастар акшаның төлем құралы қызметінің негізінде туындайды. Себебі «кредит» экономикалык категория ретінде тек ақша арқылы ғана жүзеге аса алады және дами алады. Міне осы тұрғыдан алып карағанда, кредит алдымен тауарлы шаруашылықтың, соңынан ұдайы өндіріс үдерісінің шығындарын авансылаудың ақшалай нышаны болғандықтан, оның дербес экономикалық категория ретіндегі рөлі — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарды материалдық каражат көздерімен ынталандырудан түрады. Алайда өндіріс үдерісін каражатпен ынталандырушы кредиттің қажеттілігін туындататын тағы да қандай себептер бар? Ең әуелі осыған тоқталмақпыз.

Өндіріс үдерісі үздіксіз жүріп отырады, ал кәсіпорындар иелігіндегі каражаттар да үнемі қозғалыста болатыны, яғни материалдык нышаннан ақшалай, одан, керісінше, ақшалай түрден қайтадан материалдык нышанға айналып отыратыны айкын. Бірак бүл каражаттардың материалдық нышаннан ақшаға және керісінше өзгерісі кәсіпорындардың барлығында бірдей әрі бір уакытта жүрмейді. Мұның себебін классикалык саяси экономия жекелеген косіпорындардағы табиғи еңбек шарттарының ортүрлілігі мен техникалық жарақтылығымен, олардың шикізат пен жанар-жағар май көздерінен, тұтынушылардан алшак орналасуымен және, ең бастысы, кәсіпорындардың шаруашылық жүйесіндегі өндіріс үдерісінің ұзақтығы мен айналымы арасындағы мерзім сәйкессіздігінің сакталуымен түсіндіреді. Тіпті өнім өндірісі мен оның өткізілуінің бірдей шартында жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өзінде де каржылардың айналым жылдамдығы өндірісті ұйымдастырудың әртүрлі деңгейдегі күші мен маман біліктілігіне сойкес бірдей болмауы мүмкін.

Сонымен қатар өндіріс үдерісі мен айналымына әсер етуші кездейсоқ факторлардың да бар екендігін ескерген жөн. Олар өндіріс барысына уақытша әсер ете отырып, қаражаттардың айналымын тездетеді немесе керісінше баяулатады. Бұлардың қатарына жататындары: шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсіп отыру уақытының тұрақсыздығы, тасымалдау киындығынан дайын өнімдерді жөнелтудің кешіктірілуі, жөнелтілген өнімдер мен көрсетілген кызметтер үшін төлем жүйесіндегі келеңсіздіктер (кешіктірілуі, құжаттардың толық болмауы, реквизиттердің дұрыс толтырылмауы т.б.).

Өндіріс пен өнім өткізілу уақытының сәйкессіздігінен, өндірістік корлардың үдайы өндіріс сипаты мен корлану ерекшеліктерінен косіпорындардың бір бөлігінде қолданыстан тыс уақытша бос қаражаттар пайда болады да, ал екінші бөлігінде өндіріс үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін каражатка деген косымша кажеттілік туындайды. Кәсіпорынның бір бөлігінде калыптасатын уақытша бос ақша каражаттарының пайда болуы тауар-ақша катынастарын пайдалану жағдайына жоне қорлар айналымы аркылы жұмыс жасайтын жалпы ұдайы өндіріс үдерісіне тән обьективті құбылыс және ол мынадай шартты себептерден пайда болады: біріншіден, косіпорындар мен мекемелер жұмысшылары мен кызметкерлеріне тиесілі еңбекақы төлейді, оның төлеу мерзімі айына бір немесе екі рет, ал материалдық игіліктерді өндіру үдерісі күн сайын жүреді. Сондықтан соңғы жалақыны төлеу мерзімі мен келесі төлем арасында кәсіпорын шотында уақытша бос әрі косалқы қаражат көзі жинақталып өсіп отырады; — екіншіден, кәсіпорын алған пайдасы мен тозымпүлын (амортизациялық аударымдар) өндіріс мұктаждарына бірден пайдалана алмайды, олар сол косіпорын шоттарында уақытша қолданыссыз күйде қалып, бос ақша көздерін күрайды; — үшіншіден, өз шотына өнім өткізгеннен келіп түскен ақшаларын шикізат пен материалдардың жаңа топтамасына уақытша қажеттілік жоқтықтан бірден жұмсай алмайды, сондықтан бүл каражаттар да уақытша бос күйінде қалады; — төртіншіден, косіпорындар мен мекемелерде әртүрлі қажеттіліктерге арналған түрлі ақшалай қорлар жинақталады, бұлар да белгілі бір уақыт аралығында косіпорынның қосалқы сақтық корының жиынтығын құрайды.

Міне, осы мезгілде каражаттар айналымы аркылы жүретін ұдайы өндіріс үдерісінде, кәсіпорындардың бір бөлігінде калыптасқан бос ақша каражаттары мен сол мезеттегі сол каражаттарға деген мұқтаждықты сезінген кәсіпорындардың екінші бір бөлігі арасындағы өзара байланысты мәселені шешетін экономикалык құралдың кажеттігі туындайды. Қаржыларды тиімді пайдалану мақсатында олардың өзара уакытша мүдде бірлігін камтамасыз ететін экономикалык құралдың қатарына — кредит жатады.

Дегенмен, кредит механизмінің экономиканы әлеуметтендіру мәселесін шешуде біртіндеп рөлінің артып келе жатқандығын аңғару қиын емес. Оның басты шарты — кредит пайызының барған сайын төмендеу қарқыны мен мөлшерінен көрінеді. Егер кредит осы бағытта жүмыс жасаса, яғни пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, әрі кредит қоржынының құрамы ортараптанған сайын оның әлеуметтік мәселелерді шешудегі орны мен әлуеті нығайып, саяси-экономикалык сипаты да біршама өзгеріп ізгілене бастайтыны анық. Осы орайда жалпы рыноктық экономиканы әлеуметтендіру мақсатына жетуде қоғамдық ұдайы өндірісті қаржыландыру көздерінің қайсысы жақынырақ деген сауал туындайтыны анык. Әлбетте несие механизмі жақын. Өйткені несие — экономикалық мәселелерді әлеуметтік әділетгілік түрғысынан шешетін айырықша экономикалық тұтқа. Несие механизміне кейінірек тоқталамыз.

Қорытындылай келе айтарымыз ұдайы өндірістік қатынастар жүйесіндегі кредит-несие институттарының рөлі қазіргі рыноктық экономиканы олеуметтендіру мақсаттарымен сәйкес келуі кажет. Яғни кредит-несие механизмдері ұдай өндірістік қатынастардың үздіксіздігі мен заңды және жеке тұлғалардың қаражат қажеттіліктерін тек экономикалық тұрғыдан ғана қанағаттандырумен шектелмей олардың әлеуметтік мұраттарын қанағаттандыру көзіне айналуы тиіс. Осылардың нәтижесінде төмендегідей жалпы түйіндеме жасауға болады: — үдайы өндірісті үш түрлі қаржыландыру көздерінің ішкі табиғатына сай саяси-экономикалық табиғаттарының бір-бірінен ара жіктері ажыратылатын ұғымдар және олардың әрқайсысының мән-мазмұнына сәйкес ұдайы өндірістегі орны мен рөлі де әртүрлі.