Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бас­тап әлемдік нарықта, оның алдындағы жиырма жылмен са­лыс­тырғанда ондаған есе өскен және сондай қарқынмен өсу­ін жалғастырушы консалтингтік қызмет көлемінің өсуі бай­қалады. Мәселен, 1993 жылы өздерінің көрсеткен қыз­мет­тері үшін 17 млрд. доллар алған 80 мыңға жуық кон­суль­танттар болды, ал 1996 жылы айналым 20 млрд. дол­ларға дейін өсті. Ұлыбританияда 1994 жылы 12,1 мың адам басшылық қызметтегілерге консультациялық қызметтер көрсетсе, бұл көрсеткіш 1995 жылы 23 мың адамға жетті.

Қазақстанда және ТМД елдерінің бұл аясында басқа жағ­дай  қалыптасқан. Интеллектуалдық меншік пен ре­сурс­­тардың отандық сатушылары өздерінің тауарларын тиімді түрде сатуға және ұсынуға әлі де  толық даяр емес. Мұндай жағдайлар көптеген себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, шаруашылық жетекшілерінің көпшіліктің кон­салтинг және оның мүмкіндіктері туралы толық түсініктері жоқ; екіншіден, консалтингтік қызметтің отандық нарығы жет­кілікті түрде дамымаған; үшіншіден, консалтингтік ком­паниялар қызметіне маркетингтік әдістер нашар енгі­зілген.

Консалтинг – кеңестер, ұсыныстар және клиент­тер­мен бірлесе отырып әзірлейтін шешімдер түрінде мәсе­лелерді талдау мен шешуде, жетекші персоналға басқару бойынша мамандар тарапынан кәсіби көмек көрсетуді біл­ді­ретін, нарықтық экономика түсінігі болып саналады. Кон­салтингтік фирма немесе консультант нарықтың негізгі субъектісі болып саналады. Ол өзінің қызметін коммерция­лық бастауларда жүзеге асырады және қызметтің тәуелсіз өн­дірушісі болып саналады.

Консалтингтік қызметтің негізгі сипаттары түрінде келесілер қатысады:

  • консалтингтік қызметтің дәмін татып көруге бол­майды, оны көру де мүмкін емес, яғни олар сезілмейтін болып саналады;
  • консалтингтік қызмет нарығында консультант бас­­ты тұлға болып қатысады. Консалтингтік қыз­­меттерді оны көрсетуші субъектіден бөліп көр­сету мүмкін емес;
  • консалтингтік қызметтер сақтауға жатпайды;
  • консалтингтік қызмет сапасы, сондай-ақ, тұ­рақ­ты емес болып саналады.

Бір сөзбен айтқанда консалтингтік қызмет материал­дық емес болып саналады, клиент оны сатып алып, қыз­мет­тің белгілі бір аясында білім, біліктілік және дағдылар ала­ды.

Консультация (кеңес беру) процесі – бұл міндеттердің оралуына консультанттың өзі жауап бермейтін, бірақ кім оған жауапты соған көмектесетін, міндеттердің мазмұнына, процесіне және құрылымына қатынасты көмек көрсетудің кез келген формасы.

Консалтингтің негізгі міндеті, клиенттің проблемалық ситуациялардан шығуын қамтамасыз етуден тұрады. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ведомстволардың, орталық және жергілікті билік органдарының жетекшілері, жеке мен­шік фирмалардың және т.б. иегерлері немесе ме­нед­жер­лері консалтингтік компаниялардың (консультанттар) клиенттері болып саналады.

Кеңес беру процесіндегі консультанттың алатын орны маңызды. Ол өзінің білімі саласындағы сарапшы ғана емес, сонымен бірге келесі сапаларға да ие болуы тиіс:

  • нақтылы пән саласына қатысты білім бага­жы­ның болуы;
  • осы саладағы үлкен тәжірибесінің болуы;
  • міндеттерді дәл қисындап және дұрыс шеше білуі.

Кеңес берушіге жеке тұрғыдан келу консалтингтік қыз­меттің басты ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Осы­ған орай консалтингтік қызмет нарығына талдау жасау, фирмалардың мүмкіндігін объективті бағалауға, коммерциялық тәуекел деңгейі мен оны жою жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін, оның даму жағдайы мен үрдістерін, нарықтың барлық қоршаған ортасын алдын ала анықтауды болжайды.

Консалтингтік қызмет нарығына талдау жасауды келесі позициялар бойынша жүргізу қажет:

  • бет-бейнесі;
  • тауар;
  • бәсекелік басымдық;
  • клиенттерді таңдау;
  • жоспарланатын қызметтердің құрылымы мен көлемі;
  • клиенттерге тиімді қызмет көрсетудің страте­ги­я­сын таңдау;
  • компания персоналы;
  • шығындар, пайдалар, болуы мүмкін тәуекелдер.

Қолданылатын әдістер көзқарасы тұрғысынан сарап­тық, процестік және оқытушы консалтингте ажыратылады.

Сараптық консалтинг. Мұндай жағдайда кон­суль­тант диагностиканы, шешімдерді әзірлеу мен оларды ен­гізуді дербес түрде жүзеге асырады. Клиенттің рөлі қажетті ақпараттарды беру мен нәтижелерді бағалаудан тұрады.

Процестік консалтинг. Консалтингтің бұл түрі консультант пен клиенттің белсенді өзараәрекетімен сипатталады. Осыған орай консультанттардың рөлі ішкі және сыртқы идеяларды жинаудан, клиентпен бірлесіп жүргізген жұмыс барысында алынған шешімдерді бағалау мен оларды ұсынымдар жүйесіне келтіруден тұрады.

Оқытушы консалтинг. Консультанттың позициясы өте белсенді. Ол тек қана идеяларды жинап қана қоймайды, шешімдерге талдау жасайды, сонымен бірге лекция, семинар, оқу құралдары түрінде клиенттерге соған сәйкес ақпараттар бере отырып, олардың пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы консалтингке деген қажеттілік талассыз құбылыс болып саналады. Қарағанды аймағындағы консалтингтік қызмет нарығы енді-енді ғана инс­титуционалдық ресімделуін алуда. Ол бірнеше фир­ма­лар арқылы ұсынылған. Оған жататындар: «Интер­компью­терсервис» компаниясы, кәсіпкерлік және менеджмент мә­де­ниет институты. Шағын бизнес орталығы. Облыстық жұ­мыспен қамту орталығы, сауда-өнеркәсіп палатасы, бизнес орталығы, «Кеңес» ЖШС фирмасы. Бүгінгі күнде бұл фир­ма­лар жекелеген қызмет түрлерін көрсетеді, тек сауда-өнер­кәсіп палатасы ғана көппрофильді қызмет сипатына ие.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *