Көліктің бірнеше түрлерінің түйіскен бекетінде транзиттік, жергілікті жəне қалалық жүк жəне жолаушы тасымалына қызмет көрсету жөніндегі операцияларды бірлесіп орындайтын көлік құрылғыларының жиынтығы көлік торабы деп аталады. Көлік торабы жүйе ретінде – екі немесе бірнеше магистралды көлік түрлері түйіскен жерлердегі көліктік үдерістер мен оларды іске асырудың құралдарының жиынтығы. Көлік жүйесінде тораптар реттейтін клапандардың қызметін атқарады. Бұндай клапанның біреуіндегі жұмыстың жаңылысуы барлық жүйенің проблемаларына алып келуі мүмкін.

Көлік торабының құрамына: теміржол станциялары жəне магистральды теміржол желілерінің кірме жолдары; теңіз порттары жəне оларға кірме жолдар; өзен порттары жəне тұтас су тораптары; магистральды жəне жергілікті мақсаттағы автокөлік жолдарының тораптары; өнеркəсіптік көліктің құрылғылары; əуежайлар жəне əуе көлігінің басқа да құрылғылары; қалалық көпшілік пайдаланатын көліктің құрылғылары (магистральды көшелердің желілері, трамвайдың, метрополитеннің жолдары жəне т.б.) кіреді.

Ірі қалалар əрқашан ірі көлік тораптары болып табылады, өйткені сауданы өзіне тартады, бұнда өнеркəсіпті дамытуға ыңғайлы (жабдықтау қиындық туғызбайды), көлік терминалдарының өздері-ақ көптеген жұмыс орнын ұсынады. Көптеген қалалар жер бетіндегі немесе су жолдарының қиылысында, яғни көлік тораптары ретінде пайда болған (көбі қазірге дейін осы қызметінің есебінен тіршілік етуде). Ең алдымен, бұлар қалапорттар: Ұлыбританияда – бұл Лондон, Францияда – Марсель, Париж, Германияда – Майндегі Франкфурт, Гамбург, Бремен, Испанияда – Бильбао, Барселона, Италияда – Венеция, Милан, Нидерландта – Ранштадт (бір желіге байланысқан көлік тораптарының жиынтығы – Роттердам, Амстердам, Утрехт, Лейден, Гаага), Швецияда – Стокгольм, АҚШ-та – Нью-Йорк, Сиэтл, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Австралияда – Сидней, Жапонияда – Токио, Қытайда – Шанхай, Сингапур. Басқа да шағын мысалдары бар. Мысалы, Ирландияда Шеннон қаласы негізінен əуежайдың есебінен тірішілік етуде. Кейбір қалалар жүк емес, жолаушы көлігінің торабының қызметін атқарады, мысалы, Қырымда Симферополь, онда Қырымның жағасындағы қалаларға жеткізетін көлікке ауысып отыратын көптеген туристер келеді. Ресейдің аса ірі көлік торабы – Мəскеу. Бұнда көліктің бес түрінің жолдары қиылысады: Мəскеуде 11 теміржол желісі, 15 автомагистраль, 5 газ құбыры жəне 3 мұнай құбыры бір-бірімен кездеседі; бұнда үш өзен порты, бес əуежай жəне тоғыз вокзал бар. Басқа қызықты мысал – Владивосток, мұнда Транссібір темір жолы аяқталады жəне көптеген теңіз жолдары басталады.

Көлік тораптарын жіктеу. Көлік тораптары келесі белгілері бойынша жіктеледі: торапқа қызмет көрсететін көлік түрлерінің санына, пайдалану жұмысының сипатына, экономи калық – географиялық орналасуына, халықтың санына, көлік құрылғыларының орналасуына, геометриялық пішініне (тораптың сызбанұсқасы).

Қызмет көрсететін əртүрлі көліктердің саны бойынша тораптар үш топқа бөлінеді: темір жол-автокөлік жолы, темір жол-суавтожол, су-автожолды.

Пайдалану жұмысының сипаты бойынша тораптар: — транзиттік, қатынастың тура жəне аралас түрлерінде транзиттік ағындарға қызмет көрсететін; — жергілікті көлемді жұмысты, қатынастың тура жəне аралас түрлерінде транзиттік (соның ішінде ауыстырып тиеу) жəне жергілікті ағындарға қызмет көрсететін; — жергілікті көлемді жұмысты, транзиттік (соның ішінде ауыстырып тиеу) жəне жергілікті ағындарға қызмет көрсететін; — жергілікті немесе соңғы болады.

Торапқа келетін желілердің қосылатын бекеттері жəне келген пойыздарды (машиналарды, кемелерді) – бас жолмен, айналма жолмен, шеңбермен жəне ішкі жақпен – тораптың жалғауларымен бөлу жұмыстарын жүргізетін бекеттер көлік торабының шекаралары болып табылады. Көліктің əрбір түрі бойынша жеке шекара белгіленеді: — теміржол көлігі үшін – торап алдындағы бекеттер, разъездер немесе бекеттер; — су көлігі үшін – порттық бекеттер, айлақтар, жекелеген арналар жəне басқа да құрылғылар; — автожол көлігі үшін жүктің қозғалысы бойынша, теміржол торабының шекарасына ұқсас, ал автожолдың айналма желілері жəне жалғанған жолдары болмаған кезде – қаланың шеткері аймағы бойынша, жолаушылардың көлігі үшін – қала маңының жолаушылар көлігінің жүретін жолының шартты (жолаушы ағынының көлемі жəне қозғалыстың сипаты) жəне соңғы бекеттері.

Көлік тораптарының жұмыс технологиясының негіздері

Көлік торабының жұмысы пайдаланудың ең жаңа əдістері мен тəсілдерінің негізінде дайындалған технологиялық үдеріспен белгіленетін қатаң технология бойынша орындалады. Көлік торабының біртұтас технологиялық үдерісі тораптағы əртүрлі көліктердің жеке технологиялық үдерістерін біріктіреді. Көлік торабының жұмысының технологиялық үдерісінің негізіне келесі қағидалар қаланады: — барлық көлік түрлерінің өзара əрекет етуі жəне үйлестірілуі; — жүктерді тасымалдау үшін қатынас жасаудың аралас түрлерін барынша пайдалану; — əртүрлі көліктердің қызметшілерінің үйлесімді жəне келісілген əрекеттеріне негізделген қатар қолданылатын байланысқан кесте мен біртұтас технологиялық үдеріс бойынша көліктің түйісетін түрлерінің жұмысын ұйымдастыру; — жолаушыларға қызмет көрсету жəне жүктерді тасымалдау кезінде озық əдістерді кеңінен қолдану.

Ғылыми негізделген технологиялық үдеріс жолаушылар мен жүктердің тораптың шегінде болу уақытын: — жылжымалы құрамның (пойыздардың, машиналардың жəне т. б.) түйісетін бекеттерге келіп жетуін үйлестірудің; — жүктерді тура нұсқа бойынша жеткізудің вагон-автокөлік, вагон-кеме жəне керісінше; — əртүрлі көліктердің техникалық құралдарын оңтайлы шоғырландыра пайдаланудың; жүк жұмысын саны аз мамандандырылған бекеттерде шоғырландырудың; — жолаушыларды ауысып отырғызу жəне жүктерді ауыстырып тиеу бекеттерінде ақпаратты жəне жедел жоспарлауды ұйымдастырудың; біріктірілген (сəйкесінше негізделген кезде) темір жол-автокөлік, теміржол-теңіз, темір жол-өзен жəне темір жол-автокөлік-əуе вокзалдарын салудың есебінен қысқартуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың оңтайлы технологиялық үдерісін жасау торапта белгілі бір жұмысты жүргізуге арналған көліктің түрін таңдаудың, оны кешенді дамыту мен жолаушылар жəне жүк тасымалы үшін оңтайлы пайдаланудың проблемаларымен тығыз байланысты. Алыс, жергілікті жəне қала маңы қатынасының жолаушы лар тасымалына қызмет көрсету үшін көліктің түрін таңдаған кезде құрылыс жəне пайдалану шығындары жəне сапардың уақыты мен жолаушыларға ұсынылған қолайлылық (жайлылық) шығындары, көліктің бір түрінен басқасына ауыстырып отырғызуды жəне қала бойынша, қала маңының аудандарына жəне демалыс аймағына жеткізуді ескере отырып есептеледі.

Болжалды алғанда торапта жолаушыларды тасымалдау үшін əртүрлі көліктерді пайдаланудың келесі сызбанұсқалары ұсынылуы мүмкін: — магистральды желілердің бойында орналасқан, қала маңы аймағының елді мекендеріне жəне теміржол диаметрлері немесе аймақтары болған кезде қаланың тасымалына қызмет көрсетуге арналған темір жолдар; — қаланың шегінде жəне темір жолға жақын жəне одан алыс орналасқан қала маңының аймақтарына жолаушыларды тасымалдауға арналған автожол көлігі; — қаланың шегінде немесе жақын жердегі қала маңының ай мақтарына жолаушылар ағыны көлемді болған кезде (шапшаң трамвай жəне метрополитен желілері) жолаушыларды тасымалдауға арналған қала көлігі (трамвайлар, метрополитен жəне троллейбустар); — қаланың ішінде, қала маңының аймақтарына жəне көпші — лік демалатын аймақтарға жолаушыларды тасымалдауға арналған су көлігі (жаз мезгілінде).

Көлік тораптары жұмысының технологиялық үдерісін жасаған кезде көпшілік пайдаланатын қала көлігінің жұмысын ұйымдастыру қаралып əзірленуі керек, оны дамыту қалалардың көше-жол желісін дамытумен (қалпына келтірумен) тығыз байланысты, қала құрылысының күрделі проблемасы болып табылады. Көліктің бұл түрін ұтымды дамыту жəне оның жұмысының жетілдірілген технологиялық үдерісі еңбек жағдайын жəне халықтың тұрмысын жақсартады жəне кəсіпорындар мен мекемелердің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Көлік тораптарында жүк тасымалдарына қызмет көрсету үшін темір жол, автокөлік, су жəне құбыр желісінің көлігі пайдаланылады. Көлік түрінің мақсатқа сəйкестігі мен оны таңдаудың саласы: тасымалдардың түрлерімен – жергілікті, торапқа келетін жəне кететін, транзиттік, тура жəне аралас қатынастарда; техникалық құралдарды пайдаланудың тиімділігімен; жүктерді тасымалдаудың шығындарын барынша азайтумен анықталады.

Көлік тораптары əртүрлі көліктердің дамуының өзара байланысқан бас сызбанұсқаларын біріктіретін бас сызбанұсқалар бойынша дамиды. Бас сызбанұсқалар елдің өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының жалпы дамуының жəне жекелеген салалардың дамуының көптеген факторларын есепке алатын болжамды есептеулердің нəтижесінде алынатын, белгіленген мерзімдердегі (əдетте келешектегі 20-30 жылдағы) жұмыстың көлемі туралы деректердің негізінде жасалады. Жұмыстың есептік көлемінің негізінде осы аудандағы біртұтас көлік желісін жəне оның жекелеген түрлерінің техникалық құрылғыларының қуатын дамытудың сызбанұсқасы бар құрылғыларды оңтайлы пайдалануды ескере отырып есептеледі.

Көлік торабын дамытудың оңтайлы нұсқасы техникалықэкономикалық есептеулердің негізінде таңдалады. Жүк тасымалдарына қызмет көрсету үшін құрылыс шығындары мен жүкті тиеу, түсіру, қайта тиеудің, қозғалысының, жолдағы өңдеудің шығындары есепке алынады. Есептеулерде сондай-ақ көлік магистральдары мен ауыстырып тиеу бекеттерінің өткізу жəне өңдеу қабілеті де есепке алынады. Жолаушылар тасымалы бойынша алыс, жергілікті жəне қала маңының қатынастарында жұмыс көлемі оңтайлы бөлініп белгіленеді. Құрылыс шығындарынан жəне көліктің түрлері бойынша пайдалану шығындарынан басқа, уақыттың жұмсалуы, əртүрлі көлікпен жүрудің ыңғайлылығы, көліктің бір түрінен басқасына ауысып отырудың жағдайлары мен тəртіптері де есепке алынады.

Көлік торабын дамытудың бас сызбанұқасы: — барлық торапты жəне мамандандырылған тораптарды жекелеген көлік түрлерін жəне олардың түйісетін бекеттерін қаланың жоспарымен байланыстыра отырып оңтайлы орналастыру жəне оның қоныстануы мен өнеркəсіптік аймақтарында орналасуы арқылы келешекте ары қарай дамуын; жекелеген көлік түрлерінің арасында жүктерді тасымалдаудың жəне жолаушы тасымалының көлемін оңтайлы бөлуді; — торапта жүктердің қозғалуының оңтайлы сызбанұқасын жəне қозғалудың барынша ыңғайлы болуы арқылы қызмет етудің қаражаттарының шығыны мен уақыттың барынша аз жұмсалуын қамтамасыз ететін, көліктің бір түрінен басқасына ауыстырып отырғызу кезінде жолаушыларды жеткізудің сызбанұқасын; — өткізу жəне өңдеу қабілетін кезеңді арттыруды, жүк жəне жолаушы тасымалының көлемінің сəйкесінше өсу кезеңділігін; — əртүрлі көлік нысандарының құрылысы мен оларды пайдалануды барынша шоғырландыру мүмкіндігін; — қорғаныс талаптарына сəйкес тораптың қуатын күшейтудің қосымша мүмкіндіктерінің болуын қамтамасыз етуі керек.

Теміржол көлігімен жүктердің көп санатын 200 шақырымға артық қашықтыққа, ал жеткілікті негіздер кезінде одан аз қашықтыққа да тасымалдаған дұрыс, бұл көбінесе көлемді ағындарға тəн.

Автокөлік өте кең ауқымда пайдаланылады. Бұл, ең алдымен, қалалық, жергілікті жəне қысқа қашықтыққа жүретін жəне көлемді тасымалдар, жəне де көлемді тасымалдарды орындау экономикалық тұрғыдан тиімді. Əдеттегі жүктер үшін олардың тиімділігі 60 шақырыға дейін жəне одан артық, құнды жəне тез бүлінетін жүктер үшін — 200 шақырымға артық аралықты құрайды. Жүктерді тасымалдау үшін автокөлікті пайдаланудың мақсатқа сай болу саласын белгілеу көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде бастылары: автокөліктердің жүк көтергіштігі, жүктің түрі, жақсы жабдықталған, тас жолдардың, өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылығының кəсіпорындарында жақсы кірме жолдары жəне тиеу-түсіру бекеттерінің болуы, тиеутүсіру жұмыстарының қазіргі заманғы механикаландыру жəне автоматтандыру құралдарының болуы.

Жүктерді теміржол жəне су көлігіне тасымалдау жəне оларды алушыларға жеткізу жəне қалаларды ауыл шаруашылы ғының өнімдерімен жəне көкөністермен қамтамасыз ету үшін авто көліктермен тасымалдау кеңінен қолданылуда. Бұндай тасымалдар көбінесе «дала – дүкен» қағидасы бойынша жүзеге асады.

Авторлық сілтеме:
М. С. Ізтілеуова, В. М. Николашин, С. М. Блинцов, Э. С. Кульшикова, Г. Ж. Кенжебаева, А. Б. Тоқтамысова, Д. Алиақбарқызы, Н. В. Баратова, А. К. Еримова.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *