Классикалық саяси экономия мектебі

Адам Смит (1723-1790). «Таза» экономикалық теорияның және экономикалық либерализмнің өкілі. Оның атын әлемге әйгілі еткен басты еңбегі «Халықтардың байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу» (1767ж) болып табылады. 

… Адам өз жақындарының көмегіне үнемі мұқтаж, әрі ол оны олардың тек лауазымынан тағатсыздана күтеді. Егер оның өзімшілдігіне ден қойса, ол мақсатына тезірек жетеді және олардан не талап етсе, сол үшін соны істейтінін олардың жеке мүдделерінен көрсете алар еді. Басқаға кез келген мәміле ұсынатын әркім, дәл осыны жасауды ұсынады. Маған не керек болса, соны бер, сен де өзіңе не қажет болса, соны аласың, – осыған ұқсас кез келген ұсыныстың мәнісі осындай… Біз өз түскі асымызды қасапшының, сыра немесе бөлке нан пісірушісінің қалауынан емес, олрдың жеке мүдделерінің сақталғандығынан күтеміз. Біз олардың парасаттылығына емес, өзімшілдігіне ден қоямыз.

… Иттің басқа бір итпен өз сүйегін саналы түрде алмастырғанын ешкімге ешқашан да көруді жазбаған18.

… Әрбір ысырапшыл қоғамдық игіліктің жауы болса, ал кез келген үнемшіл адам – қоғамдық игілік жасаушы19.

… Мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлер (прожектерлер) адамды саясат механикасы үшін қайсібір материал түрінде қарастырады. Саясаткерлер адам ісінің табиғи болмысын бұзады, табиғаттың өз- өзіне, мақсатына жетуге және өз жобасын жүзеге асыруына толық еркіндік беру қажет… Мемлекетті жабайылықтың ең төменгі сатысынан ауқаттылықтың жоғары сатысына дейін көтеру үшін, тек бейбітшілік, жеңіл салықтар мен басқару ісінде шыдамдылық қана керек; қалғандарының бәрі істің барысын табиғи тұрғыдан реттейді. Үкіметтің оқиғаны зорлық жолымен өзгертуі немесе қоғам дамуын тежеуге талпынысының бәрі табиғилыққа жат құбылыс. Билік басында қалу үшін, олар қанау мен озбырлық жасауға мәжбүр20.

… Меншік болмайынша, мемлекет те бола алмайды, мақсаты да байлықты қору үшін және дәулеттілерді жарлылардан қорғауға арналған21.

… Бүтін бір халыққа өз еңбек өнімінен не жасай алса соның барлығына, немесе өз капиталы мен өнеркәсіп еңбегін өзі үшін барынша тиімді етіп жұмсауына тиым салу адамдықтың ең қасиетті құқығын бұзушылық болып табылады22.

… Қоғам өркендеп бақытты бола алмайды, егер оның елеулі бөлігі кедей және бақытсыз болса. Бүкіл қоғамды өз еңбегімен асырап отырған адамдардың қайыршылықта өмір сүруі әділетсіздік… «табиғи заңдар» қоғамдағы жұмысшыларды төмен жағдайға ұшыратады… әйтседе жұмысшылардың мүддесі қоғам мүддесімен тығыз байланысты, ол бұл мүдделердің өзінікімен байланысын түсінбеуге, ақылға салмауға қабілетсіз23.

… Негізгі капитал бір иеліктен екіншіге өтпей-ақ, немесе әрі қарай айналымда болмаса да иесіне табыс әкеледі… айналым капиталы да иесіне дәл осындай қызмет жасайды, алайда ол үнемі одан кетерде бір формада     болса,        қайта оралғанда        басқа формада болады24.

… Жыл бойына жинақталғандардың бәрі де, жыл сайын қаншалықты шығындалса, соншалықты тұрақты түрде тұтынылады.

… Әрбір дербес адам, өзі иелік ете алатын капиталды барлық уақытта барынша тиімді орналастыруға тырысады. Ол мүлдем қоғамның емес, тек қана өзінің бас пайдасын көздейді. Ол өзінің жеке басының пайдасын назарға алған жағдайдың өзінде де, табиғи жолмен, немесе дәлірек айтсақ, оны сөзсіз қоғамға барынша пайдалы кәсіппен айналысуға әкеліп соқтырады25.

… Әрбір дербес адам, мүмкіндігіне қарай өзінің капиталын отандық өнеркәсіпті қолдауға қолдануға тырысатындықтан және өнеркәсіп өнімдерінің жоғары бағамен өткізілуін көздейтін болғандықтан, ол міндетті түрде қоғамның жылдық табысының максималды көп болуына себепші болады. Әрине әдетте, ол қоғамдық пайдаға көмектесуді көздемейді және оның оған қаншалықты әсерін тигізетінін қаперіне де алмайды. Шетелдік емес, отандық өнеркәсіпте қолдау көрсетуді басшылыққа ала отырып, ол өзінің жеке мүддесін көздейді, ал оның өнімдерінің жоғары құнға ие болуына мүмкіндік беретін бағытқа жөн сілтей отырып, тек қана өзінің бас пайдасын көздейді және де көптеген басқа жағдайлардағыдай осы жағдайда да, ол

«көрінбейтін қолмен», тіптен де өзінің ниетіне кірмеген мақсатқа қарай жүгіреді; бұл мақсат оның ниетіне кірмегеніне қарамастан, бұдан қоғам елеулі зардап шекпейді. Өзінің жеке басының мүддесін көздей отырып, ол жиі-жиі, шын мәнінде қоғамның мүддесіне қызмет жасайды (тіпті, оған саналы түрде қызмет жасауға қарағанда да).

… Сірә, әрбір адам, кез келген мемлекеттік қызметшіге немесе заң шығарушыға қарағанда жергілікті жағдайды есепке ала отырып, өзінің капиталын қандай отандық өндіріс саласына салу және қандай өндіріс саласының өнімінің құны жоғары болатыны туралы анағұрлым жақсырақ бағалай алады. Жеке тұлғаларға, өздерінің қапиталын қалай қолдану керектігі туралы нұсқау беруге тырысатын мемлекеттік қызметкер өзіне мүлде керексіз шаруаны мойнына, сонымен бірге залалсыз кез келген біреуге сеніп тапсыруға болмайтын билікті өз қолына алған болар еді және ондай билік кімнің қолында болғанына қарамастан қауіпті де болар еді, айталық өзін билікті қолдануға қабілеттімін деп есептейтін ессіз және менсінбеген адамның қолында болса.

… Егер отандық өнеркәсіптің өнімі шетелдік өнеркәсіп өнімінің бағасындай бағамен ішкі нарыққа жеткізілсе, онда ішкі нарықты бұлай реттеудің пайдасы жоқ. Егер бұл мүмкін болмаса, реттеу, жалпы тәртіпке сәйкес зиянды болуы мүмкін. Әрбір отбасының есті басшысына тән негізгі ереженің мәні сонда, ол басқа жақтан сатып алуға қарағанда қымбатқа түсетін затты өз үйінде шығаруға тырысудың қажеті жоқ26.

… Әділеттілік заңын бұзбайтын әрбір адамға, өзінің пайымдауына қарай өзінің мүддесін барынша еркін көздеу мүмкіндігі беріледі және өзінің еңбегі және капиталымен басқа тұлғалармен, тіпті тұтас таптардың еңбегі және капиталымен бәсекеге түсе алады. Ел билеушісі, мүлтіксіз орындалуы ешқандай да ақыл-ой мен білімге симайтын міндетті атқару барысында ол тап болатын алдау-арбаудан, жеке тұлғалардың еңбегіне басшылық жасау және оларды қоғамның мүддесіне барынша сәйкес келетін жұмысқа бағыттау міндетінен мүлдем босайды. Табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес ел билеушісіне, шын мәнінде, әдеттегі пайымдауға айқын және түсінікті барынша маңызды үш міндетті орындау жүктеледі: біріншіден, қоғамды басқа тәуелсіз қоғамдастықтар тарапынан болуы мүмкін зорлық пен басып кіруден қорғау міндеті; екіншіден, мүмкіндігіне қарай, қоғамның әрбір мүшесін, оның басқа мүшелерінің тарапынан болатын әділетсіздіктер мен қанаудан қорғау міндеті; үшіншіден, дербес тұлғалардың немесе кішігірім топтардың мүдделеріне сәйкес келмейтін белгілі бір қоғамдық құрылыстар мен қоғамдық мекемелерді салу және ұстау міндеті, себебі олардан түсетін пайда дербес тұлғалар немесе кішігірім топтардың шығындарын өтеуге ешқашанда жетпейді…

 Давид Рикардо (1772-1823). Ағылшын экономисі, қаржыгері, 1817 жылы оның іргелі еңбегі «Саяси экономияның және салық салудың бастауы» жарыққа шықты.

 … Тауардың құны оның сиректігі салдарынан артады.

… Пайдалылық қасиетке ие тауарлар өздерінің айырбас құнын екі көзден алады: өзінің сиректігінен және оны өндіру үшін қажетті еңбек мөлшерінен.

… Шын мәнісінде сиректіктің жүйеқұраушы рөлі тек ұдайы өндірілмейтін тауарлардың (өнер туындылары, сирек кітаптар, монеталар т.с.с.) шағын тобына қатысты.

… Нарықта күн сайын айналымда болатын тауарлар массаында мұндай тауарлар өте шамалы үлеске ғана ие. Барлық тауарлардың басым бөлігі еңбекпен өлшенеді…

… Тауарлар, олардың айырбас құны және олардың салыстырмалы (относителді) бағасын реттейтін заңдар туралы айта отырып, біз барлық уақытта, саны адам еңбегімен көбеюі мүмкін және өндіруде  бәсекелестік   ешқандай   да   шектеуге   тап болмайтын тауарларды есепке аламыз28.

… Өндірілген тауарлардың айырбас құны, оларды өндіруге жұмсалған еңбекке пропорционалды: тек қана тікелей өндіруге ғана емес, сонымен бірге өндірісте қолданылатын өндіріс жарақтары мен машиналарды жасауға қажетті еңбек түріне де29.

… Өнімнің қандай үлесі жалақы нышанында (формасында) төленеді – пайданы зерттеп білудегі аса маңызды сұрақ. Себебі, соңғысы жалақы деңгейінің жоғары не төмен болуына қарай, сондай пропорцияда төмен не жоғары болады30.

… Ақшаның құнының өзгеруі салдарынан жалақының көтерілуі барлық бағаларға жалпылама әсер етеді және осы себепке байланысты пайдаға нақты әсер етпейді. Керісінше, жұмысшы барынша көп сыйақы алуы жағдайында жалақының көбеюі бағаның өсуіне (кейбір кездейсоқ жағдайлардан басқа – авт.) әкеліп соқтырмайды, бірақ пайданың төмендеуіне үлкен әсер етеді31.

… Адам Смит және одан кейінгі барлық экономистер бәрі бірдей, еңбектің бағасының көтерілуі барлық тауарлардың бағасының өсуіне әкеліп соқтырады деп тұжырым жасағаны туралы еске салуы деп есептеймін. Дегенмен, мен бұл көзқарастың мүлдем негізсіз екендігін дәлелдей алған сияқтымын32.

… Егер біз еңбекті тауарлардың құнының негізі деп қабылдасақ, ал оларды өндіруге қажетті еңбектің салыстырмалы санын бір-біріне айырбасталуға тиісті тауарлардың соған сәйкес санын анықтайтын реттеуші деп алатын болсақ, бұдан біз тауарлардың нақты немесе нарықтық бағасының оның алғашқы және табиғи бағасынан кездейсоқ немесе уақытша ауытқуын жоққа шығарамыз деген қорытынды тумайды33.

… Тауарлардың бағасы тек қана ұсыныстың сұранысқа қатынасынан тәуелді болады немесе керісінше деген пікір саяси экономияда аксиомаға айналды және бұл ғылымдағы көптеген қателердің қайнар көзі болды34.

… Тауардың бағасы – бұл тек қана ақшада көрінетін оның айырбас құны. Бір мезгілде тауардың бағасының көтерілуі, ал құнының түсіп кетуі мүмкін. Бағаның өзгеруін анықтаудан оңай, ал құнның өзгеруін анықтаудан қиын нәрсе жоқ. Анық нәрсе, құнның өзгермейтін шамасынсыз (ал ондай болмайды да), құнның өзгеруін қандай да бір болмасын дәлдікпен анықтау мүмкін емес.

… Ақша – айнымалы тауар (оның құнында) болғандықтан онда ақшалай жалақының көтерілуі, жиі-жиі ақшаның құнының түсіп кетуімен шақырылады. Шындығында, осындай себептің салдарынан жалақының көтерілуі, әрдайым тауардың құнының көтерілуімен қоса жүреді; мұндай жағдайда, өзгеріс еңбектің және басқа тауарлардың салыстырмалы (относителді) құнының өзгеруінен орын алмайды, тек қана ақшаның құнының өзгеруінен36.

… Елде қолданылатын ақшаның саны, олардың құнынан тәуелді болады. Айналыс, жағадан асып кететіндей ешқашанда соншама мол бола алмайды, өткені айналыс құралдарының құнын азайта отырып, сіз сондай қатынаста олардың санын көбейтесіз, ал олардың құнын көбейте отырып, олардың санын азайтасыз.

… Қағаз ақшалардың ешқандай да ішкі құнының болмауына қарамастан, әйтсе де олардың санын шектеген жағдайда, сондай аттағы монетаның құны немесе осы монеталардың құрамындағы металдар сияқты олардың айырбас құны жоғары болады37.

… Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, не мемлекет, не банк өздерінің құзіретін теріс пайдаланбай, қағаз ақшаларды шектеусіз шығару құқын жүзеге асырған емес. Сондықтан әрбір мемлекетте қағаз ақшаларды шығару шектеуге және бақылауға бағындырылуға тиісті38.

… Егер айналыста жүрген ақшалардың көбеюі немесе азаюы, оларды шығарушылардың еркінен ғана тәуелді болса, онда олардың құнының тұрақтылығына барлық кепілдік жойылады39.

… Ақшаның көбеюі, меніңше, тауардың бағасының өсуінен басқа нәтиже бермейді. Осындай жолмен қоғамның бір мүшелері басқалардың есебінен баиды. Бұл жерде тек қана меншіктің ауыстырылуы орын алады, бірақ ештеңе жасалмайды40.

… Біздің ақша айналысымыздың барлық кемшілігі Ағылшын банкісінде ақшаның (қағаз ақшаның – авт.) шамадан тыс шығарылуымен орын алды – ақшаның әрбір қожайынының меншігінің құнын жүгенсіздікпен азайту және азық-түлік пен өмірлік қажетті барлық заттардың құнын көтеру арқылы мемлекеттік аннуиттер иелеріне және табыстарының мөлшері тұрақты болып табылатын, сондықтан бұл ауыртпалықтың бірде-бір бөлігін басқа біреудің иығына аудара алмайтын тұлғаларға шығын келтіреді41.

… Меніңше бағаның өсуіне әкеліп соқтыратын екі себеп бар: біреуі – ақшаның құнсыздануы, басқасы – өндіріс қиыншылығының артуы. Соңғысының еш уақытта да қоғамға пайдалы болуы мүмкін емес. Ол барлық уақытта гүлденудің белгісі болып табылмайды, бірақ ешқашанда оның себебі бола алмайды. Ақшаның құнсыздануы, байлық жинауға бейім тапқа пайдалы болуы мүмкін, және әдетте оларға қолайлы жағдай жасайды, бірақ мен айтар едім, олар адамдардың бақытын азайту жолымен, жұмысшы табына және тұрақты табыспен өмір сүретіндерге үлкен қысым жасау арқасында ғана байлықты көбейтеді42.

… Пайдалылық айырбас құнының өлшемі болып табылмайды, алайда соңғысы үшін ол елеулі түрде қажет43.

… Саяси экономиядағы көптеген қателіктер тауардың екі жақты қасиетінің – құны мен тұтыну құнының араластығымен түсінідіріледі44.

… Біз тауарды пайдалану барысында оның иесіне тигізер құндылықтың ләззатпен өлшенетінін айтар болсақ, онда біз, қалай болғанда да құндылықтың өлшемін алудан алшақ кеткен болар едік, өйткені екі адам бірдей бір затты пайдаланудан жоғары дәрежелі әртүрлі ләззат алуы мүмкін45.

… Еңбек кез келген құнның негізі болып табылады және… оның салыстырмалы (относителді) мөлшері оның салыстырмалы құнын ерекше жағдайда анықтайды…

Егер тауарлардың айырбас құны оған сіңген еңбек мөлшерімен анықталса, онда бұл мөлшердің әрбір өсуі, сол еңбек жұмсалған тауардың құнын өсіруі, ал азаюы – түсіруі тиіс.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *