Қазақстан өзiнiң саяси жүйесiн реформалау барысында әлемдiк демократияның даму үрдiстерi тәжiрибесiне сүйендi. Қазақстанның экономикалық жаңаруы да оның әлемдiк қауымдастықтың белсендi субъектiсiне айналуын қалады. Ғаламдану талаптары тәуелсiз ел болған Қазақстанның даму талаптарына түбегейлi қайшылықта болған жоқ. Керiсiнше, ақпараттық алмасу, жалпыпланетарлық мәселелердi шешу, қазiргi әлемдiк қауiптер мен сындарға қарсы тұру мәселелерi Қазақстандағы ашық қоғам құру мiндетiне жауап бердi. Тәуелсiз ел бола салысымен Қазақстан Республикасы әлемдiк iрi державалармен ғана емес, Жер шарының Қазақстанмен қарым- қатынас жасауға мүдделi барлық мемлекеттермен қоян-қолтық байланыстар орнатуға мүдделi болды.

Мемлекеттік егемендiлiк Қазақстанды халықаралық қатынастар субъектiсi ретiнде әлемге таныстырды. 15 жылдың iшiнде Жер шарының 150-дей мемлекетi Қазақстанды таныды. Олардың 120- сымен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шет елдерде Қазақстанның 50-ге жуық елшiлiктерi ашылды. 2000-нан астам мемлекеттер және үкiметтік шарттар мен келiсiмдерге қол қойылды. Қазақстан 500-ден астам халықаралық ұйымдар мен қозғалыстың мүшелiгiне ендi. 1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымына мүше болды. 1992 жылдың наурыз айында Бiрiккен ұлттар ұйымының мүшелiгiне қабылданды. 1993 ж. қараша айында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭҚҰ) мүше болып кiрдi. 1994 жылы мамыр айында Қазақстан Солтүстік Атлантика блогының ―Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк‖ бағдарламасына 19- қатысушы мемлекет ретiнде қабылданды. 1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымына (ИКҰ) мүше болды. Бұдан кейiн де Қазақстан халықаралық 80-нен астам түрлi салаларды қамтитын халықаралық беделдi ұйымдарға мүше болып кiрдi. Соның iшiнде 10-нан астам халықаралық қаржы ұйымдары бар. Олардың қатарында әлемдiк банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық жаңарту және даму банкi, Ислам банкi сияқты әлемдiк ақша және қаржылық қатынастарын реттейтiн ықпалды қаржы топтарын айта аламыз.

Қазақстанның әлемдiк демократиялану және ғаламдану үрдiстерiне ойдағыдай енуiне елдiң Бiрiккен ұлттар ұйымына мүше болуының маңызы аса зор болды. Қазақстан өзiнiң даму мәселелерiн шешуге халықаралық тәжiрибенi және әлемдiк өркениеттi азаматтың түрлi мүмкiндiктерiн пайдалануға жол ашты. Әсiресе, нарықтық экономиканы ұйымдастыруда, жаңа қаржы-банк жүйесiн жасауда, ақпарат толқынын пайдалануда, әлемдiк стандарттарға жауап беретiн ғылым, бiлiм жүйесiн жасауда, демократиялық саяси жүйенi қалыптастыруда өркениеттi елдердiң озық үлгiлерiн қабылдау мәселесi ойдағыдай шешiле бастады.

Қазақстан Республикасы өркениеттi, демократияны және әлеуметтік нарықтық экономиканы орнықтыруға бағытталған стратегиялық мiндеттерiн шешуге елдiң сыртқы саясаты ойдағыдай жағдай жасады. Қазақстанның дамуына ерекше серпiн берген, оның болашақ мiндеттерiн ашуға нақты көмектескен ―Қазақстан-2030″ гүлдену, қауiпсiздiк және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту атты стратегиялық Ұзақ кезеңдiк бағдарламасы болды. Бағдарламада елдiң мемлекеттiлiгiн нығайтудың басымдылығы көрсетiлдi. Оларда ұлттық қауiпсiздiктi сақтаудың кепiлi ретiнде мемлекеттiлiктi және аумақтық тұтастықты сақтауға ерекше көңiл бөлiндi.

Шындығында Қазақстан аумағының көлемi жағынан Жер шарында 10 үлкен мемлекеттiң қатарында. Қазақстанның шет елдермен жалғасатын шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ге жуық. Әсiресе, алып державалар Ресей, Қытаймен өте үлкен шекарасы бар Қазақстанға шекаралық мәселелердi шешудiң маңызы зор болды.

2005 жылға дейiн Қазақстан Ресеймен, Қырғызстанмен, Қытаймен, Түрiкменстанмен шекараны демаркациялау туралы келiсiмге қол қойды. Бiршама келiсiмге шекара нүктелерi тек Өзбекстанмен ғана қалды. Қазақстан өзiнiң шығысындағы көршiсi Қытаймен 1,5 мың км-ден астам, солтүстігіндегi ұлы көршiсi Ресеймен 7,5 мың км-ден астам шекарасын толықтай келiсiммен бекiтуiн Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тарихи жетiстiгi деп есептеуге болады. Осы қадамдар Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайта отырып, оның әлем халықтары алдындағы мемлекет беделiн күшейтуге де ықпал еттi.

Қазақстанның басқарушы элитасы елдiң сыртқы саясатын ұлттық мүдделермен байланыстырды. Қазақстан халқының гүлденуi мен мемлекеттің бiрегейленуi, патриотизмi мен жаңашылдығы сыртқы саясаттың түбегейлi мақсатына айналды. Сыртқы саясат елiмiзде тұрақты да бiртұтас саяси қауымдастықтың және бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптасуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекеттiң демократияның саяси моделiн жасауға да сыртқы саяси қарым-қатынастар әсерi болды. Саяси жүйе мiндеттi түрде өркениеттi елдердiң саяси жүйелерiнiң жұмыс iстеу әдiс-тәсiлдерiн үйренумен болды.

Себебi, Қазақстан Азия континентiмен шектелiп қала алмайды. Ел Азия мен Еуропаның ортасында тұр. Сондықтан бiрiншi президенттiк сайлаудан кейiнгi 1991 жылғы 2 желтоқсанда болған баспасөз конференциясында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясат жүргiзедi деп ашық жариялады. Ел Еуропаны Азиямен жалғастыратын көпiр рөлiн атқаруы керек болды. Ашық қоғам орната отырып, республика әлемнiң барлық мемлекеттерiмен экономикалық және саяси қатынастар жасауға мүдделiлiгiн көрсеттi. Азия мен Еуропа көпiрi ретiнде Қазақстан Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеттерiн ұштастырушы болғысы келдi.

Халықаралық қатынастардың толыққанды субъектiсi ретiнде Қазақстан өзiнiң ұлттық мүдделерiне сәйкес келетiн сыртқы саясат бағыттарын бiртiндеп iске асыруға кiрiстi. Бұл шаруа оңай болған жоқ. Қазақстанның бейбiт ел сипатында танылуына оның ядролық қарудан бас тартуы көп көмектестi. 1994 ж. Қазақстан стратегиялық шабуыл қарулары 1 (С.-1) келiсiм-шартына қол қойды. Одан соң Ядролық қаруды таратпау туралы келiсiмшартқа (ДНЯО), Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келiсiмшартқа (ДВЗЯИ) қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарусыз мемлекеттер қатарына қосылды. 1994 ж. желтоқсан айында Будапешт қаласында Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы келiсiмшартқа қосылуына байланысты оның қауiпсiздiгiне кепiлдiк беру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа байланысты Ұлыбритания, Ресей және АҚШ Қазақстанның саяси тәуелсiздiгiне, аумақтық тұтастығына қол сұқпаймыз, оған қарумен күш көрсетпеймiз деген мiндеттемеге қол қойды.

Бұдан кейiн 1995 жылдың 26 мамырында АҚШ пен Ресейдiң көмегiмен Қазақстан өз жерiндегi соңғы ядролық қаруды демонтаждап, утилизация жасап, өз жерiнен шығарып, Ресей бақылаушыларына тапсырды. Қазақстанның осындай бейбiтшiлiк iсiне қосқан үлесi мен үлгiсiн әлем мемлекеттерi қуаттады. 1995 жылдың аяғында ғана Қазақстан Республикасын 111 әлем мемлекетi танып, олардың 92-сiмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Тәуелсiздiк алған 4 жылда Қазақстан 18 елде елшiлiктерiн ашса, елде 36 шет ел елшiлiктерi мен өкiлдiктерi ашылды. Қазақстан тәуелсiздiк ала салысымен Республика егемендiгiн таныған Түрiк Республикасы болды. 1992 ж. Қазақстан өз елшiлiгiн Түркияда, содан соң АҚШ пен Қытайда ашты. 1993 ж. Еуропаның көшбасшылары Германияда, Францияда және Ресей мен басқа да ТМД елдерiнде Қазақстан елшiлiктерi жұмысқа кiрiстi.

Қазақстан өзiнiң дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен сыртқы саясатының басым бағдарларын анықтады. Оның iшiнде Ресеймен, Қытаймен екiжақты қатынастарды дамыту шешушi орын алды. ТМД елдерiнiң барлығымен және Орталық Азия мемлекеттерiмен дұрыс қатынастар орнату үлкен маңызға ие болды. Ресей Қазақстан тәуелсiздiгiн 1991 жылдың 17 желтоқсанында таныса, 1992 жылдың 25 мамырында ―Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа‖ қол қойылды. Ал 1998 ж. Ресей мен Қазақстан ―Мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы шарт‖ жасасты. Осы құжаттарға адал Қазақстан 1991 жылдан берi қарай әлемдiк саясатта Ресейге қарсы ешбiр әрекет жасаған емес. Ресей саясатын жамандап, оның абыройына нұқсан келтiретiн сөздер мен пiкiрлер айтқан емес. Оның объективтi себептерi көп. Қазақстан мен Ресей экономикалары әлемдегi ең тығыз интеграцияланған экономикалар. Қазақстанның ең ұзақ шекарасы да Ресеймен ғасырлар бойғы көршiлiк, бiр мемлекет құрамында болу, тарихи тамырластық Ресей мен Қазақстанның стратегиялық одақтастығының кепiлi болды. Көршiлес мемлекеттер келешекте де стратегиялық одақтастар ретiнде өмiр сүре бередi деген сенiм зор. Ресей де Қазақстанмен достыққа зәру. Ресей Федерациясы үшiн Қазақстан посткеңестiк кеңiстiктегi шешушi серіктес. Қазақстанда 4 миллиондай адамды құрайтын iрi орыс диаспорасы бар. Оның мүдделерiн Ресей аттап кете алмайды. Мұнай, газ, металл, астық өнiмдерiн әлемдiк рынокқа пайдалы бағамен сату үшiн де екi мемлекеттiң мүдделерi тоқайласады. Қазақстан жерi Ресейдiң оңтүстік шекараларын лаңкестiк, наркотрафик, дiни экстремизм сияқты халықаралық қауiптерден қорғап тұр. Сонымен бiрге екi ел Каспий теңізi өңірінде энергоресурстарды бiрлесiп пайдалануға мүдделi. Көлік байланыстық қатынастар, өзара сауда, инвестициялар тарту, әскери және космостық жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан мен Ресей үшiн өзара пайдалы. Мысалы, Қазақстан экспортының 20%-ы, импортының 50%-ы Ресейге келедi. Бiрақ Қазақстан Ресейдiң сыртқы саудасында өте аз үлеске ие. Бұл көрсеткiш Қазақстан — Ресей экономикалық қатынастарында тепе-теңдiктiң жоқ екендiгiн көрсетедi.

Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстары өздерiнiң көршiлерiмен тығыз, өзара пайдалы қатынастар жасауға кiрiстi. Қазақстанның 50-ден астам түрлi қарулар жасайтын зауыттары өз өнiмдерiнiң 70%-ын Ресейге сатуда. Гуманитарлық бiлiм саласында да екi жақты байланыстар алға жылжуда. 2000 ж. Ресей мен Қазақстан ұсынысымен еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭс) құрылып, ТМД аумағында сауда, виза, кеден, салық саясатын бiршама үйлестiруге қол жеткiзiлдi. ЕурАзЭс-тiң мақсаты Еуразия кеңiстiгiн қамтитын бiршама экономикалық аймақ құру.

Сол арқылы ТМД елдерiнiң әлемдiк экономика бәсекелестiкке қабiлетiн арттыру, тауарлар мен өнiмдер сапасын көтеру мiндеттерiн шешу болды.

Қазақстан әлемдiк саясат пен экономикалық басымдылыққа ұмтылған АҚШ-пен де қатынастарын ойдағыдай орната бастады. АҚШ-тың Орталық Азия аумағындағы стратегиялық мүдделерi маңызының артуы әлемдiк басым державаның Қазақстанмен қарым-қатынастарды күшейтуге деген мүдделiлiгiн тудырады. АҚШ-тың 90-жылдары Кеңес Одағы күйрегеннен кейiнгi уақытта әлемдiк басымдылыққа ие болуы Қазақстанды АҚШ-пен тiл табысуға итермеледi. АҚШ-пен қарым-қатынасы Қазақстанның әлемдiк қауымдастыққа енуiне жағдай жасады. Оның беделiн күшейттi.

Қазақстанда АҚШ-тың өз мүддесi болды. Ол әлемдiк геосаяси бәсекелесi Ресейдiң Қазақстанға ықпалын әлсiрету. Қазақстанды Қытайға да тәуелдi етпеу. Мүмкiндiгiнше солтүстік атлантикалық күштердiң ықпалында ұстау. Үлкен еуразиялық аймаққа лаңкестiк күштердiң енiп кетпеуiн қадағалау. Қазақстанның көмiрсутектi ресурстарын АҚШ-тың қуаттарға зәру экономикасын өркендету мақсатына пайдалану. Қазақстан арқылы АҚШ-қа тиiмдi мұнай-газ секторындағы қуат көздерiн тасымалдауды қамтамасыз ету.

Қазақстанды Батыс үлгiсiндегi саяси және экономикалық реформаларды жүргiзу үшiн республиканы әлемдiк тәртiптерге қауiп төндiрмейтiн, бейбiтшiлiк пен бейтараптықты сақтайтын, АҚШ ықпалына қарсы шықпайтын елге айналдыру. Ресей мен Қытайды арасында орналасқан Қазақстанмен жақсы қатынаста болу АҚШ үшiн пайдалы. Себебi, Қазақстанды өз ықпалында ұстау арқылы АҚШ Ресей мен Қытайдың бүкiл Еуразия континентiне әсерiн әлсiретiп отырады. Әсiресе, АҚШ ШЫҰ-ның антиамерикандық сипат алуынан қауiптенедi. Қазақстанның АҚШ- пен жақсы қатынаста болуы ШЫҰ-ның антиамерикалық саясатына бөгет болуға тиiстi. Сондықтан АҚШ ШЫҰ-да Қазақстанның беделiнiң өсе түсуiне және оның аймақтық рөлiнiң артуына мүдделi.

АҚШ Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуға бару қадамын қызу қолдады. Американ компанияларының Қазақстан экономикасына салған инвестициялары ел экономикасына салынған шет ел инвестицияларының үштен бiрiн құрайды. Елде 100-ден астам америкалық компаниялар жұмыс жасады. 350-ден астам бiрiккен кәсiпорындар тiркелдi. Қазақстан Президентi 1992, 1994, 1997, 1999, 2001, 2004, 2007 жылдары АҚШ

Президенттерiмен ресми кездесулерiн өткiздi. Бұл кездесулер нәтижесiнде маңызды екiжақты құжаттарға қол қойылды. Олар — Демократиялық әрiптестiк туралы хартия, — Экономикалық әрiптестiк әрекеттер жөнiндегi бағдарлама‖, Президенттердiң бiрлескен «Жаңа деңгейдегi американ — қазақстандық қатынастар туралы», «Энергетикалық әрiптестiк туралы декларация», т.б.

90-жылдары АҚШ Қазақстанға қатысты тек прагматикалық саясат жүргiздi деп есептеуге болады. Ол ядролық қаруларды және олардың компоненттерiн таратпауға байланысты. Қазақстан көмiрсутектi ресурстарын пайдалануға қол жеткiзу және оны америка халқының ұлттық мүдделерi аймағындағы елдер қатарына қосуды көздедi. Бұл жылдары АҚШ басшылығы Қазақстанға үшiншi дүниенiң дамушы елдерi ретiнде қатынас жасады.

2000 жылдардың басында АҚШ Қазақстанға қатысты саяси бағытын өзгерте бастады. Осы кезеңде АҚШ Қазақстанды стратегиялық әрiптес ретiнде көрдi. Қазақстанды халықаралық қатынастардың ойыншысы ретiнде бағалау орын алды. Каспий өңірін бiрiгiп игеру, көлiк дәлiздерiн ортақ пайдалану, халықаралық лаңкестiктi ауыздықтау, әлемдегi геосаяси қайшылықтарды бiрлесiп шешу сияқты мәселелер Қазақстанға деген АҚШ мүдделiлiгiн күшейттi. Қазақстанның қолайлы географиялық орналасуы АҚШ-қа Қазақстан ―батыс пен шығысты және — солтүстік пен оңтүстіктi‖ жалғастырушы ел ретiнде қатынас жасауына әкелдi. АҚШ — Қазақстан қарым-қатынастары күшейе түстi. АҚШ-қа 2020 ж. мұнай өнiмдерiнiң шеттен әкелу көлемі 67%-ға, газ 50%ға өсетiн болса, алып елдiң энергетикалық қауiпсiздiгi үшiн Қазақстанмен достықты көксейтiнi анық.

АҚШ әскери базасының Қырғызстанда тұруы, ұшақтарының Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға рұқсат алуы АҚШ-тың Орталық Азия аймағына дендеп ене бастағандығының және аймақтағы Ресей мен Қытай ықпалын әлсiретуге ұмтылатындығын дәлелдейдi. Экономикалары қарыштап өсiп келе жатқан Қытай мен Үндiстанды қуат көздерiнен ығыстыру үшiн де Қазақстан АҚШ-қа қажет. Әлемдiк саясатта Каспий мұнайлы аумағының рөлi өсе түсуде.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан үшiн Қытаймен бейбiт, тату көршiлiк қатынастар жүйесiн қалыптастыру тағдырлық сипат алды. Себебi, ол Қазақстан қауiпсiздiгiне шешушi ықпал ететiн күш болатын. Қазақстан Қытаймен қатынаста өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн нығайтуға көмектесетiн басымдылықтарды шешуге ұмтылды. Бұл жұмыс екi ел арасындғы шекараны демаркациялау шараларын шешуден басталды. Нәтижесiнде екi ел арасында даулы шекаралық нүктелер қалған жоқ. Қытайда аса iрi қазақ диаспорасының болуына байланысты миграциялық мәселелер белгiленген келiсiмшарт негiзiнде жүргiзiлетiн болды.

Қытайдың экономикалық және әлеуметтік салаларында ойдағыдай реформалар жасалды. Оның әлемдiк экономикалық державаға айнала бастауы Қазақстанға Қытайдың экономикалық экспансиясының қаупiн күшейте түстi. Осындай жағдайда Қазақстан өз экономикасының шикiзаттық сипатынан құтылу қажеттiгiн күштi сезiне түстi. Әлемдiк басым державаға айналу үшiн Қытайға алдымен аймақтық басым державаға айналуы керек. Ол үшiн Қытай Орталық Азия мемлекеттерiн, оның iшiнде Қазақстанды да өз ықпалында ұстауды мақсат еттi. Қазақстан мен Қырғызстан Қытайдың шекарадағы даулы жерлерге байланысты талаптарын келiссөздер барысында бейбiт жолмен реттей алды. Даулы жерлердiң 60%-ға жуығы Қытай Халық Республикасына көштi. Осындай жұмыстар нәтижесiнде 1994 жылдың сәуiр айында Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара туралы келiсiмге қол қойылды. 1998 жылғы сәуiрде екi ел шекарасы бүкiл өн бойы сызығымен шешiлдi. Тек екi телiмде Сары шелдi өзенінiң ауданында Талдықорған облысында және Шаған оба ауданның жерi Семей облысында ғана келiсiлген жоқ. Осындай бейбiт шараларды қолдаған Қытай басшысы Цзян-Цзэмин 1996 ж. шiлдеде Қытай үкiметi Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне кепiлдiк бередi, оның мемлекет тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығының бұзылмауын қолдайды деген ресми мәлiмдеме жасады. ҚХР Қазақстанның саяси тұрақтылыққа, аумақтық тұтастыққа, ұлттық экономиканы дамытуға бағытталған саясатын құрметтейдi,- деп жариялады.

90-жылдардың аяқ кезiнде екi мемлекеттік қатынастарының дамуына бөгет болатын шекарадағы ―даулы бөлiктер‖ мәселесi толық шешiлдi. Қазақстан бұл мәселе бойынша Қытаймен ымыраға келдi. Себебi, Қазақстан үшiн ―даулы жер бөлiктерi‖ мәселесiнiң қала беруi тиiмсiз болатын. Даулы жер бөлiктерiнiң болуы келешекте шекаралық қақтығыстар қаупiн тудыратын факторға айналуы мүмкiн едi. Сондықтан Қазақстан шығыс көршiсiмен тез арада нақты және кепiлдi келiссөздердiң болуын қалады.

ШЫҰ шеңберiнде Қытай Қазақстанмен әскери саладағы екi жақты пайдалы қатынастарды өрiстете бастады. ҚХР мен ҚР Қорғаныс министрлiктерi арасында тұрақты қатынастар орнатылды. Қытай Қазақстанға әскери-техникалық көмек көрсеттi. Қазақстан Қытайға қару-жарақ пен әскери техника сатты. Қытай халықаралық лаңкестiкке қарсы күресте Қазақстанды қолдады. Әсiресе, Шыңжаң-ұйғыр автономиялы районындағы Ұйғыр сеператистiк жасырын ұйымдарын бiрлесе отыра әшкерелеудi қалады.

Қытай үкiметi Лобнор ядролық полигонында 1994-1996 жылдарда 45 мәрте ядролық жарылыстар жасады. Қазақстан үкiметi осы жарылыстар қаупiне қатысты Қытайға ренiш бiлдiрдi. Көршiлес мемлекет мүддесiмен есептескен Қытай 1996 ж. 30 шiлдеде сынақтарды уақытша тоқтатты. Одан кейiн Қытай ешбiр мемлекетке бiрiншi болып атом қаруын қолданбау туралы мiндеттеме қабылдады. Ядролық қаруы жоқ елдерге мұндай жаппай қыратын қаруын жұмсамайтындығын жариялады.

Қытай Қазақстанның басқа мемлекеттермен одақтас болуына қарсы емес. Оның өзiнiң қауiпсiздiк жүйесiн жасау мақсатын қолдайды. Сонымен бiрге Пекин Қазақстанның iшкi iсiне бөтен елдiң араласуын қаламайды. Қазақстан егемендiгi мен тәуелсiздiгiнiң нығая беруiн қостайды. Қытай басшылығы Қазақстанды өзiнiң сенiмдi сауда әрiптесi деп бағалайды. Соның нәтижесiнде екi ел арасындағы сауда көп. 2006-2007 ж. аралығында 1,5 млрд. доллардан 5 млрд. долларға дейiн өстi. Қазақстанның Шыңжаң өлкесiнiң дамуына қосқан үлесi айтарлықтай болды.

Қазақстанның саяси жүйесiнiң демократиялық мазмұнға ие болып, дамуына елеулi ықпал еткен Еуро Одақ (ЕО) мемлекеттерiнің үлгiсi болғаны даусыз. Сонымен бiрге дамыған еурапалық елдер Қазақстанның экономика реформаларының iске асуына зор ықпал жасады. Еуразиялық мемлекеттер Қазақстанды өз үлгiсiнде өркениеттi, демократиялық ел ретiнде дамуын қалады. Олардың Қазақстанмен қарым-қатынастары осындай стратегиялық басымдылыққа байланысты өрбiдi. Сонымен бiрге қуат ресурстары мен шикiзат көзiне мұқтаж Еуропа елдерi Қазақстанның мұнай-газ секторын бiрлесiп игеруге аса мүдделi. Қазақстан болса Еуро Одақ елдерiнен сапалы өнiм өндiрудi, парасатты экономиканы ұйымдастыруды үйренгiсi келдi. Орта Азияда Еуро Одақ үлгiсiмен экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграциялану үрдiсiн бастауға да Қазақстан мүдделi болды. Сондықтан әлемдiк өркениеттi мемлекеттер қауымдастығына кiру үшiн Еуро Одақ, АҚШ пен Жапония мемлекеттерi сияқты ―ашық терезе‖ рөлiне ие болды. Қазақстан Еуро Одақтың белдi мүшелерiмен Франция, Италия, Голландия, Дания мемлекеттерiмен 21 ғасыр басында екi жақты әрiптестiк қатынастар орната алды.

Еуропа мемлекеттерi Қазақстанның мұнай-газ секторына, түстi металдар мен уран рудасы қорларына қызығушылық таныта отырып, Қазақстанды халықаралық лаңкестiктi, дiни экстремизмдi, наркотрафиктi Еуропаға өткiзбейтiн буферлiк плацдарм ретiнде пайдалануды мақсат еттi. Қазақстан түрлi еуразиялық қаржы, гуманитарлық ұйымдарды, банк жүйесiн, бiлiмдi, ғылымды, медицинаны дамытуға сәттi пайдаланды. Осындай қатынастардың жандана түсуiне ―Қазақстан Республикасы мен Еуро Одақ арасындағы әрiптестiк және ынтымақтастық туралы‖ келiсiмге 1999 жылғы 1 шiлдеде қол қойылды. Бұл құжаттың Қазақстанда өркениеттi экономика жасауға пайдалы әсерi болды. Еуро Одақ елдерiнiң күшiмен жүргiзiлетiн ТАСИС бағдарламасы бойынша 1992 — 2000 ж. Қазақстанға нарықтық экономиканы ұйымдастыруды үйрету, оқыту мақсатында 120 млн. еуро көмек көрсетiлдi. Бiлiм саласында ТЕМПУС, энергоресурстар саласында ИНОГЕЙТ, коммуникациялар бойынша ТРАСЕКА, т.б. бағдарламалардың Қазақстанда түрлi салаларды өркениеттi елдер тәжiрибесi негiзiнде дамытуға пайдасы тидi.

Әлемдегi екiншi экономикалық держава Жапониямен де Қазақстан тиiмдi қатынастар орната алды. Жапония Қазақстанға экономикалық көмек көрсеттi, инвестиция құрды, сауданы өрiстеттi. Басқа жетекшi державалар сияқты Жапония Қазақстанның мұнай-газ ресурстарын және транзиттiк мүмкiндiктерiн пайдалануды көздедi. Қазақстандағы Жапония елшiсi Кэнддйн Танака ―21 ғасырда Жапония Қазақстанды өзiнiң стратегиялық әрiптесi ретiнде бағалайды‖,- деп жариялады. Екi ел арасында сауда 2000 ж. 90 млн. доллар көлемiнде болса, 2007 ж. бұл көрсеткiш үш есе өстi. Қазақстан Жапонияға негiзiнен қара, түстi металдар сатса, Жапония Қазақстанға электрондық жабдықтар, автокөлiктер, тұрмыстық техника сатты. Бұл салада да өкiнiшке орай Қазақстанның тауар емес шикiзат сатуы басым болды.

Қазақстан ашық қоғам орнату жағдайында әлемнiң өзiмен байланыс жасауға мүдделi қандай да болмасын мемлекетiмен өзара пайдалы қатынастарға дайын болды. Әсiресе, өзiмен көршiлес, тамыры бiр елдер Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Тәжiкстан мемлекеттерiмен тығыз байланыстар күшейдi. Орталық Азия мемлекеттерiнiң одақтастық үрдiсi нақты сипат алды. Орталық Азияда ортақ экономикалық кеңiстiк жасау мәселесiн Қазақстан басшылығы үнемi күн тәртiбiне қойып отырды. Бiрақ экономикалық реформалар қарқыны баяу Орталық Азияның басқа мемлекеттерi ортақ экономикалық кеңiстiк жасауға дайын емес едi.

Қазақстанның саяси жүйенi реформалауы, 15 жылдай тиiмдi қызмет жасаған президенттiк басқару жүйесiнен президенттiк- парламенттiк жүйеге ауысу, азаматтық қоғам институттарының беки түсуi, сайлау жүйесiнiң жетiлдiрiлуi Қазақстанның халықаралық беделiн көтердi. ЕҚЫҰ-ның сайлау барысын бақылаушылары 2005 жылғы Қазақстандағы Президент сайлауын, 2007 жылғы Мәслихаттар мен Мәжiлiске сайлауды салыстыра отырып, елдiң демократиялық принциптерiн баянды етудегi қадамдары сәттi екендiгiн айтты. Қазақстанның iшкi жағдайы мен халықаралық беделi елдiң саяси жүйесiнiң демократиялық эволюциялану жолына берiк түскендiгiн дәлелдейдi. Қазақстандағы саяси эволюцияны iске асыратын саяси реформалардың ерекшелiгi олардың өзгерiстердi бiртiндеп енгiзуге ұмтылуы. Елде Батыс демократиясының үлгiлерiне пара-пар келетiн реформалар түбегейлi сипат алған жоқ. Өтпелi кезеңге транзиттi демократия сәйкес келдi. Оның мәнi авторитаризм мен демократияның қатар жүруi. Билiктiң атқарушы тармағының бiршама басым болуы едi.

Қазақстанның саяси жүйесiнiң жаңару үрдiстерiнiң даму эволюциясының нәтижелерiне келетiн болсақ: бiрiншiден, елдiң бүкiл саяси жүйесiне пәрмендi ықпал жасай алатын президент билiгiнiң ойдағыдай қалыптасқанын айтқан жөн. Қазақстан Республикасы Президентi жалпыхалықтық сайлаудан өткен, сондықтан ел халқының сенiмiне ие болған, оның атынан сөйлей алатын саяси тұлға. Транзиттi даму кезеңiнде, одан кейiнгi тұрақты даму кезеңiнде де президенттiк институт Қазақстан үшiн қажеттiлiк болды. Президенттiк билiктiң дұрыс ұйымдастырылуы арқасында Қазақстан Кеңес Одағы күйреуiнен болған дағдарыс салдарын жеңе алды. Әлемдiк тәжiрибедегi президенттiк билiк институтының еуропалық үлгiсi Қазақстанда да өзiнің қазiргi заманға сай келетiн билiк формасы екендiгiн дәлелдедi.

Мемлекетті басқарушы билiктiң қазiргi заманғы президенттiк басқару нысанасына көшуi 1995 жылғы конституциядан заңдық негiз тапты. Қазақстанның саяси жүйесiндегi президенттiк институт толыққанды мәртебеге ие болды. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық, саяси-рухани дамуы нәтижелерi президенттiк институтының өмiршеңдiгiн көрсеттi. Күштi президенттiк билiк нәтижесiнде Қазақстан саяси сiлкiнiстерден, этникалық қақтығыстардан, әлемдiк геосаяси күрес құрбандығы болудан аман қалды.

Президенттiк билiк көпэтникалық Қазақстан халқының саяси тәжiрибесiне, тарихи менталитетiне және қазiргi жаһандану заманының қауiптерi мен талаптарына жауап бере алуымен ерекшелендi. Президенттiк билiк титулды қазақ этносының да ұлттық мүдделерiмен және құндылықтарымен үйлесiмдiк таба алды. Президент Қазақстандағы экономикалық реформалардың, қоғамдық келісiмнiң, саяси тұрақтылықтың ғана емес, жаңа тұрпаттағы Қазақстанның әлемдiк өркениеттi қауымдастықтан өзiнiң нақты орнын алуының кепiлiне айналды. Президенттiк билiк басқаруымен Қазақстан әлемдiк экономикалық интеграцияланудың, әлемдiк еңбек, нарық бөлiнiсiнiң, әлемдiк сауданың және әлемдiк ақпарат ағысының кең айдынында батыл жүзе бастады. ғаламданудың қиыншылықтары және керi әсерiмен бәсеке қабiлеттiлiктi де ұштау, өркениеттi демократияның басты белгiлерiн қалыптастыру шараларын да iске асыру елде президенттiк билiктiң ұйымдастырушылық қызметiнiң арқасында пәрмендi жүрдi.

Дұрыс жүргiзiлген экономикалық және саяси реформалар нәтижесiнде Қазақстан XXI ғасырдың басында дамудың жаңа сатысына көтерiлдi. Республика артта қалған ―үшiншi дүние‖ елдерi санатынан шығып, орта дамыған елдер қатарына ендi.

Қазақстан 2012 жылға таман экономикалық даму басымдылығын сақтай отырып, толыққанды индустриалды елдер қатарына қосылуды жоспарлады. Бұл мақсат әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына қосылу тұжырымынан көрiнiс тапты. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi тек қана экономикалық көрсеткiштерге тәуелдi емес. Саяси жүйе де жаңа мiндеттерге сәйкес қызмет ете алуға тиiстi. «Алдымен экономика, одан кейiн саясат» ұранын «экономика мен саясатты» «ықпалдасуы, қатар жүргiзiлуi» ұранына алмастыратын уақыт келдi. Себебi, Қазақстан келешегi сандық өсуден сапалық өсуге өтуге байланысты болатын кез келдi. Сапалық даму адам факторына тәуелдi екендiгiн өркениеттi елдер тәжiрибесi дәлелдедi.

Саяси Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатынығ оңды жетістіктерге жеткізенін елдің 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төраға болуы анық көрсетеді. Құралында 56 дамыған елдер енген Европадағы ең беделді ұйымға Қазақстан Орта Азия мен ТМД елдері арасында тұңғыш төраға болды. Қазақстан БҰҰ, ШЫҰ, ТМД ұйымдары шеңберінде халықаралық бейбітшілікті нығайтуға қомақты үлес қосты. Мысалы, тек 2003 жылы ғана Қазақстанда Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Бразилия, Вьетнам, Чехия, Словения, Израиль т.б. мемлекеттер басшылары ресми сапарлармен келді. жүйенiң толыққанды реформалануы, демократия институттарының тұрақты қызмет етуi адам факторының рөлiн арттырады. Сапалы, тиiмдi және пайдалы еңбек ететiн адам қалыптасуы тек экономикалық бостандықтардың болуына ғана емес, саяси бостандықтардың болуына байланысты. Саяси жүйе, саясат пен билiк азаматтардың экономикалық бостандықтарының кеңеюiне және олардың белсендi шығармашылықпен еңбек етуiне жағдай туғызады. Саяси реформалар мақсаты — әрбiр қазақстандықты еркiн азамат ету. Заңдық кеңiстiктің аясында, заң диктатурасының болуы жағдайында болатын демократиялық қоғам мен саяси жүйе әрбiр қазақстандықтың бүгiнiне және болашағына қызмет ете алады. Саяси жүйе осындай ахуалда жеке адам мүддесiне ғана емес, жалпыадамзаттық, ғаламдық құндылықтардың орнығу iсiне қызмет ете алады.

Авторлық сілтеме:
Борбасов С. М. — саяси ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі саяси процестер (саясаттанудан көмекші оқу құралы). — Алматы: ҚазҰАУ. 2010

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *