Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау. Соңғы онжылдықта Қазақстанда жүргізілген экономикалық өзгерістер республикамыздың барлық аймақтарында кәсіпкерліктің дамуына кең мүмкіндіктерді бергені мен жайыттарды ұйымдастырғаның барлығымыз білеміз. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау принципіне негізделетін мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. 2012 жылы «2012-2014 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жедел шаралар» бағдарламасы барлық мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылу арқылы өз әрекеттерін аяқтап, қазіргі таңда 2014- 2017 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шараларды жүзеге асырып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 11.11.2014 ж шыққан «Нұрлы жол – Путь в будущее» атты жолдауында шағын бизнес субъектiлерiне жан-жақты қолдау көрсету, орта класты қалыптастыру қажеттiлiгiне көп көңiл бөлгендiгi жайдан-жай емес [1].

Жекелеп алсақ, айтарлықтай заңдылық актілер әзірленіп қабылданған, салық салу, лицензияландыру, әкімшілдік құқықбұзу сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілерге өзгерістер еңгізіліп толықтырылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өнімдерін нарыққа жылжытуға және басқа да көмек көрсетуге арналған жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызмет етеді. Олар үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациялар жобаларына қатысуға ортақ кәсіпорындар құру арқылы қызметті кеңейту мүмкіншілітеріне, қаржы, жер, технологиялық қорларға, сыртқы нарықтарға қол жеткізу мүмкіншілігі ынталандыруға тиісті. Сонымен қатар, Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік секторының қалыптасу мен құрылу үдерісі мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі жағынан үнемі назарда болып тұр.

Нәтижесінде қазіргі уақытта экономиканың қарастырып жатқан секторларының тиімді қалыптасуына жағдай жасайтын институционалдық және нормативтік-заңдық база құрылған. Соңғы жылдар аралығында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының негізгі сандық параметрлерінің орнықты даму тенденциялары бақылануда: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны, оның ішінде тіркелген, іс жүзіндегі және белсенділері; экономикалық қызметтің түрлері бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту параметрлері; аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны; аймақ бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмысшылардың саны; шаруа (фермер) қожалықтарының саны; іс жүзіндегі микрокредиттік ұйымдардың параметрлері.

Қазіргі таңда, кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсу қарқыны шағын кәсіпкерліктің табысты дамуына объективті, принципиалды негіздердің құрылғанымен байланысты болып отыр. Біріншіден, республикада орынықты әлеуметтік-экономикалық дамудың тенденциясы құралуда. Екіншіден, аяқталмаған болса да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті нормативтік-құқықтық база әзірленген. Үшіншіден, кәсіпкерлердің қоғамдық қозғалысын дамыту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық жағдай жасалған және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау аумағындағы саясатты әзірлеу мен жүргізуге олардың қатысуы [19].

Аймақтық аспектіде шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар халқының саны көп елді мекендерде бар. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік қызметі мен өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныстың үнемі болып тұруымен түсіндіріледі. Ал, жалпы алғанда, ҚР-ғы ШОК-тің бүгінгі жағдайын ҚР Агенттігінің жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша 01.09.2014 жылы республикада 1 050 139 шағын және орта кәсіпорын субъектілері (заңды тұлғалары) тіркелген. Олардың ішінде тек 691 607 мың бірлігі ғана қызметін жүзеге асырып отыр [60]. Тіркелген ШОК субъектілерінің жартысынан азы нақты түрде әр түрлі қызмет түрлерін көрсетіп, өндіріс процесін жүзеге асыруда. ҚР Президентінің қабылданған жарлықтарында ШОК-ті дамытуды туралы аталып параметрлермен жасалу шаралары мен қоса, ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау көрсетуге бағытталған басқа да заңдарға қарамастан шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің жандануына бетбұрыс болмады.

2014 жылдың қаңтар айында шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 112,3 пайыз болса, сәуір айына дейін 117,8 пайызға қарқынмен өскен, одан кейінгі айларда төмендеп тамыз айындағы көрсеткіш 96,5 пайызды көрсеткен. Бұл тамыз айындағы көрсеткішті өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырсақ 22,6 пайызға төмендеген.

Ал орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың өткен жылғы тамыз айындағы үлесі 95,9 пайызды көрсетсе, ал 2014 жылдын тамыз айында бұл көрсеткіш 102,3 пайызға өскендігін байқауға болады. Олар 1988,7 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, Республикада шағын және орта кәсіпорындар санының тұрақсыздығы байқалуда. 2012 жылдан 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында шағын кәсіпорындар саны пайызбен алғанда 8 еседей азайды: 2012 жылы – 112,8 пайызға; 2013 жылы – 96,9 пайызға төмендеді; 2014 жылы – 104,1 пайызға өсу қарқыны байқалды. Бүгінде, 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, экономиканың белсенді қызмет жасап тұрған шағын және орта кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың саны 1988,7 мыңға жуық.

Қазақстан мемлекетінің 2014 жылдың статистика деректері бойынша ең көп белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны Алматы қаласында – 48 409 (жалпы санынан 10,5 %), Шығыс Қазақстан – 48254 (10,5 %), Алматы — 41987 (9,1 %), Қостанай — 37770 (8,2 %), Оңтүстік Қазақстан — 33485 (7,3 %) және Қарағанды — 31546 (6,9 %) облыстарында шоғырланған. Белсенді жұмыс істейтін (фермерлік) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстан — 58470 (34,4 %), Алматы – 48370 (28,5 %), Шығыс Қазақстан — 16 208 (9,5 %), Жамбыл — 15 323 (9,0 %) облыстарында белгіленген. 2009 жылдың 1 қыркүйегініндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын қосқанда 629 214 жеке кәсіпорын жұмыс істеуде [50].

Сонымен көрсетілген уақытта (2014 жылдың 1 қыркүйегі) республикада 1 050 139 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) тіркелген. Шағын кәсіпкерліктің ең басты сапалық сипаттамасы — салалық құрылымы болып табылады, мұндағы экономикалық қызметтің негізгі түрлері – сауда және қызмет көрсету сферасы. Әрине осы сфералардың дамуы ең қолайлы, ең тиімді және пайдалы болғандықтан көп кәсіпкерлер немесе бизнесмендер осы кәсіпкер түрін таңдайды. Тұтынушылардың көбі осы салаларда көбінесе кездеседі. Салалық құрылымда көрсетілген сомада (1597,7 млрд. теңге) өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемінің 29,3 пайыздандан көбі саудаға тиесілі. Өнеркәсіп саласында тек 13,7 пайыз; ауыл шаруашылығында – 7,8 пайыз; құрылыста – 15,6 пайыз; коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету — 4,9 пайыз; сонымен қатар басқа да салаларда — 28,7 пайызды құрайды.

Яғни елімізде қалыптасқан салалық құрылым экономикалық тиімді таратылмаған деуге болады. Біздің Қазақстан Республикамыз шикізатты мемлекет болғандықтан, аса көп өз өнімдері жоқ, бар болсада тек ТМД елдерінің кейбір мемлекеттерінде ғана таралған. Бұның өзі жақсы деп айтып жатырмыз. АҚШ-та венчурлық бизнесті ШОБ жүзеге асырады. Өйткені оларда, осы кәсіпкерлікте ең азы бес жүз адам жұмыс істейді, әрине олар технологиялық жаңашылдылықты көтере алады. Ал қазақстандық компаниялар техникалық жаңашылдылықты шығару ол бір мәселе болып табылса, оны шығаратын мамандардың жетіспеушілігінің екінші мәселе болып табылса, онда әрине осы бизнес түрі дамымайды. Дамығаның өзінде өз атына сай болады, тәуекелділікке бағыталған бизнес қазақстан нарығында бұл бизнес түріне көп жұмыстар жүргізілу керек.

Біздің мемлекетімізге шағын және орта бизнестен түсетін пайда, кәсіпкерліктердің өнім шығарылымдарына байланысты, өйткені егер олар жақсы жұмыс атқарып, осы шығарылған өнімді сататын болса, онда әрине олар сол пайдадан мемлекеттік салықты төлейді, ал бұл қаражат мемлекетіміміздің ЖІӨ-не түсетіні барлымызға мәлім.

2015 жылдың 1-қаңтарына өнім өндіру қурылымы мен осы мерзімге банктік несиелік портфельдің құрылымын салыстырсақ, сауда операцияларын тым көп қаржыландырудан өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және байланыс сфераларының аз қаржыландырылғанын байқаймыз. Берілген салаларда қалыптасқан қаржылық тапшылық шағын және орта кәсіпкерлікті әртараптандыруға және оның мемлекеттің экономикасында алатын ролін нығайтуға мүмкіндік бермейді. Cонымен қатар, несиелендіру деңгейі бойынша екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфельдеріндегі ең көп үлес айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалғанын атап айтқан жөн. Ол негізгі құралдарды сатып алуға алынатын несиелердің үлесінен 3 есе артады. 2013 жылы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлға құрмай-ақ – 475 841 жеке кәсіпкерлер және 169 481 шаруашылық қожалықтары, жалпы шағын және орта кәсіпорындар – 60 844-ті құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны өсуінің негізгі факторлары — мемлекеттік және аймақтық деңгейде қолдау көрсету жүйесі, ұйымдастырушылық және экономикалық механизмді жетілдіру болып табылады. Оның нәтижесінде кәсіпорындардың экономикалық тұрақтануы, қызмет аясының кеңеюі байқалады. Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың ішінде шағын және орта кәсіпкерлікте қызмет ететіндер саны 23,7% құрайды. Мұндай төмен үлес барлық жұмысбасты халықтың 25% мемлекеттік мекемелерде қызмет етулеріне байланысты.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық тиімділігі өндірілген өнім көлемінің ЖІӨ-гі үлесі арқылы бағаланады. Қазақстан шағын және орта кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі жыл сайын артып келуде, бірақ жалпы экономика өсуінің қарқыны айтарлықтай үлкен болғандықтан, ЖІӨ-дегі олардың салымы төмендеп келеді. 2014 жылдың 2 тоқсанындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық нәтижесі 611,1 млрд. тенге шамасында пайдамен анықталса, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 64,1 пайызға төмендеді [66].

2013 жылығы статистика мәліметтеріне сүйенсек, тіркелген шаруашылық жүргізуші белсенді субъектілер саны 752 мыңнан астам, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 706 166-ны құрады (ҚОСЫМША Б). Осы орайда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өнім шығарылымына келсек, шағын және орта кәсіпорындарының өнімі 1 млн-нан асады, ал шаруа қожалықтары 4 жүз мыңнан аса, жеке кәсіпкерлер 3 жүз мыңнан асады.

Республика аймақтарының біразында тұрғынға шаққандағы белсенді шағын кәсіпкерлік санының өсімі анықталды. Жекелей алғанда, Алматы облысында 26,5 пайызды, Шығыс Қазақстанда – 25,3 пайызды, Батыс Қазақстанда — 20,4 пайызды, Астана қаласында — 19,4 пайызды құрады [56].

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жақында Алматы облысы әкімдігімен өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға кол қойды. Бұл Меморандумда жүргізілетін жұмыстарының қатарына, ең алдымен Алматы облысының кәсіпкерлеріне қаржылай және қаржылай емес көмек көрсетіледі. Мұндай жәрдем арқылы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына және экономиканы әртараптандыруға мүмкінділік туады. Бұл бағдарламаны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ел ішіндегі шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету шараларының шеңберінде әзірлеп, Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» Халық Демократиялық Партия (ХДП) қолдауымен жүзеге асады. Шағын және орта бизнес ел экономикасының көсегесін көгертетін сала екенін бәріміз жақсы білеміз. Бұл саланы жетілдіру үшін мемлекет басшысы, үкімет пен парламент тың қолдау көрсетіп отырғаны да барлығымыз білеміз. Қазіргі қаржылық дағдарысқа қарамастан Алматы облысы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қаржыны азайтқан жоқ, қайта көбейтті. Мысалы, 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 2014 жылы 160 пайызға арттырып, 202 млрд теңге инвестиция экономикаға салынды.

Қазақстанның барлық облыс, аудандарын қамтитын бағдарламаның басты мақсаты — кәсіпкерлер мен өз кәсібін, бизнесін ашуға ынталыларға «Кәсіпкерліктің жеделдетілген курсы» атты екі күндік ақысыз тренингсеминарлар өткізу арқылы кәсіпкерліктің экономикадағы рөлін арттыру. Мамандардың айтуына қарағанда, тренингтер өз кәсібін ашу, шаруаны тиімді жүргізу, оңтайлы ұйымдастыра білу және бизнесті дамытудың қырсырын үйретуге арналған.

Маңғыстау облысында шаруашылық жүргізетін шағын кәсіпкерлік субъектілері 2013 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Оларда 72 мың адам жұмыс істейді — бұл 2013 жылғыдан 20 пайыздан астам көп. Маңғыстау облысында жыл асқан сайын шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың облыстың экономикалық белсенді халқының жалпы санындағы үлесі үнемі арта түсіп отыр. 2014 жылы ол 34 пайызды құраған. Соңғы екі жылда экономиканы несиелеу қарқыны өсе бастады. Жыл ішінде екінші деңгейлі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 22 млрд. теңге көлемінде несие берді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп [56].

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат коры Маңғыстау облысына 101 жобаға 3,5 млрд. теңге несие бөлді. Шағын несиеге сұраныс та жыл сайын арта түсіп отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Қарағанды өңірінде 41 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.

Өндірістің жалпы көлемінің 17 пайызы немесе 135 миллиардтан астам теңге солардың үлесіне тиесілі. Экономиканың бұл секторында 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Қарағанды әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Аймақ үшін басымдықты салалардағы бағдарламаларды жүзеге асыруға «Даму» қоры 500 миллион теңге бөледі, деп мәлім етілді меморандумға қол қою рәсімінде. Келісім бойынша сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттары қарастырылып отыр. Атап айтқанда, меморандумға сәйкес пайыздық ставкаларды субсидиялау және несиелерді жартылай кепілдендіру шаралары жүргізіледі, лизингтік компанияларға қаржы орналастыру бағдарламасы аясындағы жобаларды қаржыландырады. 2014 жылы ғана 1,5 млрд. теңге көлемінде 1230 шағын несие берілді, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл көрсеткіштердің бәрі 2013 жылдың статистикасынан асып түседі. Әсіресе, ауылдық жерлерде шағын несиелеуді дамыту өріс алды. Шағын несиелердің басым бөлігі (85 пайызы немесе 1 млрд. теңге) ауыл тұрғындарына берілді. Бұл 1800 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

Кәсіпкерлікті дамытуға аймақ жобаларындағы қазақстандық үлесті арттыру шаралары елеулі қолдау көрсетуде. Жер қойнауын пайдаланатын компаниялар мен жергілікті тауар өндірушілер мен өңірдің сервистік компаниялары арасында өткен жылы 248 млрд. теңгеге меморандумдар жасалды, 2014 жылғы көлемдер тиісті келісім-шарттармен куатталды және жыл соңына дейін аяқталды. Облыстың ірі компанияларының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен кооперативтік байланыстарын кеңейту үшін облыста жыл сайын «Табыс» көрме-жәрмеңкесі және «Алтын сапа» сапа конкурсы өткізілуде. Кәсіпкерлік сауатсыздықты жою үшін облыста халықаралық консалтингтік ұйымдардың, республикалық ұйымдардың, USAID сияқты шағын бизнесті дамыту жобаларымен, Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығымен», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғам және басқаларының қатысуымен оқыту семинарлары жүйелі өткізіліп келеді[49].

Дамыған елдерде кәсіпкерлік жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халықтың 50-80 пайызын құрайды және ішкі жалпы өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Біздің елімізде шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі 22 пайызға жетеді, ал шағын бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 16 пайыздан аспайды. Мұндай салыстыру — кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бұған дейінгі атқарылған жұмыстарды жүйелендіру арқылы экономикалық, құқықтық және институционалды-құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттілігінің туындағанын көрсетіп отыр. «Даму» қоры «Бизнес-кеңесші» пилоттық жобасына бірінші болып Алматы облысын тектен-текке таңдалған жоқ. Себебі, бұл облыс — стратегиялық маңызды аймақ. Біздің «Даму-аймақ» бағдарламасы бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде аграрлық секторды ерекше атап өтуге болады. Облыстағы жылыжай жобасын да біздің қор қаржыландырды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүргізілетін «Бизнес-кеңесші» бағдарламасына 20 мың адам тартылады. Олар белгіленген курс шеңберінде кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренеді. Алғашқы білім әліппесін қалыптастырады. Тренингке жергілікті жерлердің кәсіби біліктілері алынды. Қор тарапынан оларға жалақы төленеді. Ал, кәсіпкерліктің әліппесін үйренгісі келетіндер арнайы курсқа тегін қатыса алады. Ол үшін аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктерге барып, тіркелсе болғаны. Бизнесті жүргізу — оңай шаруа емес. Ол үшін кәсіпкер ең бастысы біліммен қарулануы тиіс.

ТМД мемлекеттерінің ішіндегі халықтың да, субъектілердің де санына байланысты шағып қарасақ — ең үлкен сома шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл бағытта мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауы орасан деп айтсақ болады. Тек биылғы жылдың 5 айының өзінде 133 млрд. теңге шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие түрінде берілді. Шағын және орта бизнес ел экономикасының өзегіне айналды. 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы шағын несие ұйымдарының саны екі есеге, жеке кәсіпорындар 5 есе артқан.

Алайда, бұл көрсеткішпен шектелуге болмайды. Үкімет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы шағын несие беру ұйымдарына 35 млрд. теңге бөлді. Бұл қаржы 2013-2017 жылдарға арналған. Оның 6 млрд.теңге 2014 жылы игерілсе, 10 млрд.теңгеге 2015 жылы, қалғаны 2017 жылға дейін беріледі деп жоспарланған [49].

Шағын несие деген сөздің өзінен шығып отыр. Шағын несиенің мөлшері аз болады. Заң бойынша қазір Қазақстанда 10 млн. теңгеге дейін берілуге мұрша болып отырса, біздің қауымдастыққа жиналған мекемелердің арасындағы статистика бойынша ол 250 мың теңгеден аспайды екен. Сонда бұл банктік клиенттерден кішкене айырмашылығы бар. Бұл өте қарапайым халықпен, содан кейін айналымы төменірек жүрген кәсіпкерлермен жұмыс істейтін болғандықтан, бір айырмашылығы осы. Сол себептен мерзімі де аз болып келеді. Шағын несиелер 6 айдан бір жылға дейін беріледі. Несие үстемесі 24 пайыздан басталып, 60 пайызға дейін жетуі мүмкін. Қарыз азайған сайын үстеме мөлшері де төмендейді. Қазір несиенің жылдық ставкасы 11 пайыз. Қазақстанда 1 млн-нан аса шағын және орта бизнес тіркелген. Олардың 70 пайызы сауда-саттықпен айналысады. Өйткені, саудаға салынған қаржының тәуекелі төмен және қайтарымы тез болып есептеледі. Статистикалық агенттіктің мәліметі бойынша, бүгінде Қазақстанда 290 мың шағын және орта кәсіпорын, 700 мыңға жуық кішігірім бизнесі бар жеке кәсіпкер тіркелген.

Ал шағын несие беру ұйымдарының саны 1661. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында орналасқан. Ал, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ұйымдар саны саусақпен санарлық. Сондықтан, алдағы уақытта шалғай аудандар мен ауылды жерлерден шағын несие беретін ұйымдар ашылады деп жоспарланған. Сондайақ, қаладағы несие ұйымдарының өкілдері арнайы ауылға барып, жергілікті тұрғындарға несие талаптарын түсіндіреді.

Соған қарамастан, ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін несие алушылар үлесі 5 пайызбен шектеліп отыр. Ал кәсіпорын ашу қиынырақ екендігі белгілі. Сондықтан, кәсіпкерлердің 25 пайызы ғана өз бизнесін ашуға тәукел етеді. Қазір Парламент Мәжілісінде шағын несие ұйымдарының қызметін реттейтін заң жобасы қаралуда. Құжатта қамтылған басты мәселе — шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктерін дамытуға қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлерді қолдау және әкімшілік кедергілерді жою. Сарапшылардың пікірінше, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуына серпін бермек. «Шағын несие ұйымдары туралы» заңды жетілдіру барысында шағын несие ұйымдарының акционерлік қоғам ретінде құрылуына рұқсат беру қажет. Ол үшін ҚР Конституциясының 26-бабының 4- тармағындағы қайшылықты жою керек, сонда Шағын несие ұйымдары қызметін кеңейту үшін негізгі қаржыны отандық нарықтан тарту мәселесі шешіледі[18]. Қазіргі кезде 1600-ден астам шағын несие ұйымдарының жартысы ғана белсенді түрде жұмыс істейді. Аталған нарықты толықтай дамыту үшін, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру қажет. Осы орайда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арнайы бағдарлама әзірлеген.

Себебі, шағын несие ұйымдары — үшінші қаржы көзі болып есептеледі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын несие ұйымдарына 8 пайыздық үстемемен қаржы бөлінсе, екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несие үстемесі 14 пайызды құрайды. Ал шағын несие ұйымдарындағы ең төменгі ставка 24 пайыз. Осылайша несие ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттырып, қаржы жүйесін дамыту көзделген. Яғни, қазіргі кезде көп жұмыстардың орындалуы өзінің керек нәтижеге жетпей жатқанын байқап жатырмыз. Сондықтан да жасап жатқан шараларын кәсіпкерлерге жүктеу, міндет ретінде еңгіздірмесек, олар өз білім дәрежесін көтеру семинарларға да, сонымен қатар басқа да жайыттарға араласқысы да келмейді және оның дәмінде сезгісі келмейді.