Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы

Өткен тарихымызға назар аударсақ, Қазақстанда қазан төңкерісіне дейін жалпы мектепке дейінгі кезеңде қоғамдық тәрбие беретін балабақша болмағаны жұртшылыққа аян. Ұрпақ тәрбиесі, көбінесе отбасында ата-баба мұрасы, халықтық өнегелі тәрбиесі, әдебиеті, ұлт мәдениеті, салт-дәстүрі арқылы жүзеге асырылып келгені де белгілі.

Қазақстан Республикасындабалаларды нәрестелік шағынан қоғамдық мекемелерде тәрбиелеу, олардың күтімі мен денсаулығын жақсарту, тегін тәрбие беру, мектеп аралық сабақтастық мақсатында 1917 жылы 2 қарашада бірінші рет декларация жарияланып, бұл іс қолға алына бастаған.

Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі Әл-Фарабидің (870-950) алатын орны ерекше. Ол ғылымның әртүрлі салалары бойынша 200-ге таяу трактаттар жазғаны белгілі, оның бізге жеткені 70-тен астамы ғана.

Оның сол еңбектерін талдау арқылы оның ойшыл, атақты музыка маманы, көрнекті математик, талантты физик, белгілі әдебиетші, медицина өнерінің білгірі болғаны анықталған.

Бізге жеткен деректерге қарағанда, оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылдыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген.

Өзінің «Ғылымдар энциклопедиясы» атты трактатын Батыс елдерде бірнеше ғасыр бойы оқу орындарында пән ретінде оқытылып келген. Ол 5 тараудан тұрады:

  1. Тіл білімі және оның тараулары
  2. Логика және оның тараулары
  3. Математика және оның тараулары
  4. Физика және оның тараулары
  5. Азаматтық ғылым және оның тараулары (дін және заң ғылымы).

Бұл еңбекте сол замандағы жинақталған ғылымдардың барлық саласы қамтылған. Тек ғылыми мәліметтер ғана емес, оларды оқыту туралы әдістемелік нұсқаулар да берілген. Сондықтан ол әрі дидактик, әрі әдіскер ғалым болған.

Ол ғылым жолына түскен жастарға мынадай ақыл-кеңес береді: «Ғылым мен білім үйренемін деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен шындық жолында болуы қажет».

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ұлы ағартушы-демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист. Ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті. Ол қазақ арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі – оның пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні.

Оның көзқарасының қателігі дінге қатысында байқалды. Ол дінді жан-жақты сынай отырып, қоғамдық кемшіліктердің негізгі себебі – ислам діні деп түсіндірді, шын мәнінде оның себептері қоғамның экономикалық факторларында, материалдық өмір жағдайларында жатқандығын түсінбеді.

Ы.Алтынсарин (1841-1889) – аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Ол қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, хадлқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне жол ашып, негіз жасады.

Ол қоғамдағы кемшіліктерді көре тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы – адамдарды білім беру, ағарту, өмірді төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсалық орнатуға болады деді. Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Қазақ педагогикасының ұлы классигі, ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өз өз үйінде, 48 жасқа толуына үш ай, үш күн қалғанда дүниеден өтті.

А.Құнанбаев (1845-1904) – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы.

Орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары: Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; батыс Еуропа ақындарымен: Гете, Байрон; философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин т.б. еңбектерімен танысып , тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алауыздықты, күншілдікті, жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.

Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», – дейді. Адам баласы анадан туғунде екі түрлі мінезбен туады: Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы. Жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым.

Елдің ертеңін ойлап, қазақтың асыл азаматтары 30-жылдарда жалаға, жауыздыққа ұшырап қианат құрбандығы болды. Солардың бірі – көрнекті ағартушы ұзтаз, ірі ғалым лингвист, ақын-аудармашы әдебиет зерттеушісі ұлтымыздың абзал перзенті – А.Байтұрсынов (1873-1937).

1896-1907 жылдары ол Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің саясатына наразылық білдірушілер қатарында болғаны үшін ол бақылауға алынып, 1909 жылы шілдеде Семей түрмесіне қамалады.

1920-1921 жылдары Қазақ АССР-ның оқу-ағарту комиссары және КазЦИК-тің мүшесі, 1921-1922 жылдары өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың төрағасы міндетін атқарады… Бірақ оны қуғындай бастайды. 1929 жылдың 2 маусымында ұсталып, өзі Архангельск облысына, жұбайы Александра мен қызы Томск облысына жер аударылады.

Айдаудан да босатылады. Ешқандай да дұрыс жұмысқа орналаса алмайды. Көп ұзамай 1936-1937 жылдардың зобалаңы басталып, НКВД органдары оны екінші рет ұстап, 1937 жылдың желтоқсанның 8 күні ату жазасына кеседі.

Оны Қазақ ССР-нің Жоғарғы соты 1988 жылғы қарашаның 4 күні «ешбір қылмысы жоқ» деп тауып, оны ақтау жөнінде шешім қабылдады.

М.Жұмабаев (1893-1939) – қазақ поэзиясының іргесін салушылардың бірі, алғаш рет педагогика саласында оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік мақалалар жазған ағартушы, педагог-ғалым.

Жасынан ол оқу-білімге қызығады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Баласының оқуға ынтасын байқаған әкесі Кызылжардағы М.Бегішев ұстаздық еткен медресеге оқуға береді. Онда 4 жыл оқып, арабша, парсыша, түрікше үйреніп, сол тілдердегі әдебиетпен таныса бастайды.

Жас күнінен-ақ ол оқу-білімсіз халықтың ертеңі – бұлдыр, көкжиегі – тұман деп білді.

Ақынның «Педагогика» оқулығы (1922) Орынборда (1923) Ташкентте жарық көрді. 1922 жылы шыққан «Педагогика» оқулығы. 1923 жылы шыққан «Ана тілі – бастауыш мектепке арналған оқулық», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту әдістемесі» (1925), Сауатты бол» 1923 жылы шыққан «Ересек шала сауаттылар бағдарламасы» атты еңбектері жарық көрді.

Оның «Педагогикасымен» таныса отырып, оның ұлы педагог, шебер әдіскер, тамаша психолог екендігіне көз жеткіземіз.

Ж.Аймауытов  (1889-1931) – ақын, ағартушы-ұстаз, драматург, сыншы, публицист, аудармашы.

…1926 жылдан кейін Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы педтехникум директоры қызметін атқарып жүрген кезінде, саяси айып тағылып, 1929 жылы тағы да тұтқынға алынады. Абақтыға қамалып, тас қамалда азап шеккен оған жарық дүниені көру нәсіп болмайды. Ол 1930 жылы Москваға апарылып, Бутырка түрмесінде қамалған екен. Оған бір кірген адамның шығуы неғайбыл.

Ж.Аймауытовтың 1926 жылы жазған аса бағалы, төл туындысы – «Қартқожа» романы. Ол Қартқожа бейнесі арқылы өз өмірін, өз жолын көрсеткісі келгендей тұжырым жасаған.

Оның педагогика ғылымы саласындағы құнды еңбектерінің бірі – 1924 жылы Орынбор қаласында баспадан шыққан «Тәрбиеге жетекші» еңбегін атауға болады. Оның ана тілі, дидактика мәселелері, қазақ мектептеріндегі білім берудің мазмұны, тәрбие теориясы туралы пікірлері бүгінде маңызды.

Ол – қазақ психология ғылымының көшбастаушысы, тұңғыш қазақ тіліндегі «Психология» оқулығының авторы.

Н.Құлжанова – ХХ ғасырдың басында қазақ әйелдерінің  арасынан шыққан жарық жұлдыз, педагог-ғалым. 1923 жылы оның аталмыш еңбектері жарық көріп, мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорынан орын алады. Ол көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды айтылмаған, жазылмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін айтып береді. Бұл жайт ұстаздың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары», «Мектептен бұрынғы тәрбие»кітабында баланыңтабиғи қалпын бұзбай мінсіз баулу, оған өскен ортасының әсері, балдырғанның мінез-құлқын, іс-әрекетін қалыптастыру, оның сезім мүшелерінің ақаусыз дамуы, баланың жаратылысына еркін қызықтауынөркендету, зейін, зерде, қабілет, түйсік  туралы жан-жақты терең, әсерлі баяндалған.

Қазақстан Республикасы көлеміндегі мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдар: Г.П.Охотская, Б.И.Анросова, Б.Б.Баймұратова, А.КМеңжанова, Ж.А.Исмайлова, Г.Ж.Меңлібекова, Т.А.Макеева, С.Ғ.Бәтібаева т.б.

Г.П.Охотская «Очерки по истории дошкольного воспитания в Казахстане (1917-1941 гг.), 1995 ж. Б.Б.Баймұратова «Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшеліктері жөнінде», 1970 ж. Р.М.Жұмағожина «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балабақшалардың дамуы (1941-1945 жж), 1979 ж. Монографиялық еңбектің қолжазбасы. Қ.М.Меңдаяқова «Развитие дошкольноговоспитания в сельской местности Казахстана (1958-1980 гг.) т.б. еңбектер жарыққа шықты. Тәлім-тәрбие үрдісінде ұлттық әдеби мұраларды, салт-дәстүрлерді, сәндік қолданбалы өнерлерді жүйелі пайдалана отырып, асыл мұралардың тылсымына тереңдей бойлап – ізеттілік, мейірімділік, сұлулық, жарасымдылық, талғам деңгейін қалыптастыру мақсатында ғылыми диссертациялар қорғалды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *