Қазақстандғы кредит жүйесінің колданыстағы тетіктерінің кызметі батыс үлгісінде калыптасқаны борімізге де белгілі. Еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің негізгі максаты — коммерциялык (өсімқорлык) пайда болса, көздеген мүддесі — оны еселеу, яғни капитализациялау. Банктер өздерінің активтерін кредит аркылы экономиканы әртараптандыру және нақты тауарлы өндірісті дамыту аркылы белсендірудің орнына, өз өнімдерінің кымбат бағасы аркылы молайтуды калап отыр. Бұған дәлел кредит пайызының кымбатшылығы, яғни пайыз мөлшерлемесінің шамадан тыс немесе тым жоғарылығы. Әрине, әлеуметтік тұрғыдан алғанда банктердің бұл іс-орекеті сын көтермейді.

Бұған дейінгі ең басты қорытынды, біз осы жұмыстың алдыңғы тарауларында кредит-несие жүйесін әлеуметтік сипатка бірте-бірте тұрақты әрі түбегейлі көшу үрдісін анықтадық. Олай болса, ендігі жерде осы кредит-несие жүйесін әлеуметтендірудің теориялық әдіснамалык негізі ретінде үш бірдей идеяны алға тартамыз: а) кредит-несие жүйесін жетілдіруді ең алдымен әлеуметтік экономика парадигмасы түрғысынан карастыру; ә) әлеуметтендірілген экономика парадигма аясында карастырылатын кредит-несие жүйесін институционалды теория түрғысынан зерделеу; б) кредит-несие жүйесін жетілдіру жолдарын Елбасының халыкка жолдауларындағы басымдылык сипаттағы міндеттердің бірі болып табылатын кәсіпкерлікті, бизнесті барынша әлеуметтендіру түрғысынан карау.

Шет елдердің кайсібіреулерінде «Әлеуметтік экономика» атты басылымдар (журналдар) шығарыла бастады, Ресейде «әлеуметтік экономика институты» құрылды. Бір сөзбен айтқанда «Әлеуметтік экономика» термині ғылыми колданыска кең кірігіп кетті деп топшылауымызға толык қақымыз бар. Ендігі жерде осы «әлеуметтік экономика» (немесе «әлеуметтік экономия») ұғымының мәнін ашайық.

Алдымен «әлеуметтік экономика» ұғымының тіректі термині ретінде «әлеуметтік» түйінді сөзі алынады. Сәйкесінше, «әлеумет», «әлеуметтік» ұғымдарының жалпы гуманистік негізін социология ғылымының өзекті категориясы болып табылатын «әлеуметтендіру» (социализация) құрайды. Әлеуметтендіру — жеке пендені, түлғаны, коғамды (социумды) әлеуметтендіру, бұл дегеніміз адамның биофизиологиялык (табиғи), материальдык, рухани іс-әрекетін (кызметін) шынайы адами күндылыктар мен игіліктерді игеруге бағышталған коғамдастырылу және институттандыру нышаны болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда әңгіме (мәселе) тек кана «әлеуметтік рыноктык экономика» («Фрайбург мектебі»), тіпті «әлеуметтік бағдарлы рыноктык экономика» тұжырымдамалары туралы емес (өйткені олар рынокты экономиканы дамытудың экзогенді, яғни сырткы факторларына сүйенеді), өзінің әу баста ұғымдык мәніне сәйкес, сонымен бірге экономикалық, оның аясында рыноктық экономика организміне әлеуметтік құндылыктар мен кағидалар эндогенді (іштей) алдын-ала енгізілген шынайы «әлеуметтендірілген экономика» туралы болып отыр. Басқаша айтсақ, «әлеуметтік рыноктык экономика» кезінде рынокшылдык (рыночность) өзекті басымдыкка ие болады да, әлеуметшілдік (социальность) бағынышты, тәуелді сипатка ие болады, ал әлеуметтік экономика жағдайында, керісінше, өзекті басымдыкка, бүйрыкты райға (императивке) «әлеуметшілдіктің» (әлеуметтендірулік) өзі ие болып, ал «рынокшылдык» оған бағынышты, тәуелді болады, яғни рецессивті (шегіністі) рөл атқарады.

Әлеуметтік (әлеуметтендірілген) экономика ең алдымен өндірісті, бөлісті, айырбасты, тұтынуды, сонымен бірге олардың басты тұлғасы боп табылатын адамдар мен әлеуметтік топтарды әлеуметтік субьект ретінде олардың ахуалы мен өзара карым-катынастарын үдайы өндіріс үдерісінде карастырып, шынайы әлеуметтік, адами тұрғыдан ұйымдастыруды көздейді. Осы жерден «әлеуметтік экономика» немесе «әлеуметтендірілген экономика» парадигмасының бірнеше негіздемелері қалыптасады. Олар, біздің пікірімізше, мыналар. Әлеуметтік экономиканың ең алдымен этикалық негіздері ретінде шаруашылыкты, кәсіпкерлікті, экономиканы ғасырлар бойы талкыланып, мақсат-мұратка айналған «әділдік», «адамгершілік», «имандылык» ұғымдарының құндылық мән-мазмұны мен қағидаттары тұрғысынан жүргізу болып табылады. Экономика мен этиканың тығыз, ажырамас өзара байланыста, өзара тоуелділікте болатындығын бұрын-соңды көптеген зерттеуші-ғалымдар баса айтқан болатын. Мысалы, атақты Аристотельдің адамдардың өмір сүрудегі іс-әрекеттік катынастарын екі түрге бөлуі, яғни «экономиканы» «табиғи», «әділетті», «адамгершілікті» шаруашылық іс-әрекетіне жатқызса, керісінше, ізгіліктілікке сай келмейтін, тек саудадағы ұту және өсімкорлықты көздеу аркылы байлыққа ұмтылудағы іс-әрекетін «табиғилыкка жат», «әділетсіз», «адамгершіліксіз» пиғылдағы «жасанды» іс-әрекетті «хрематистикаға» телуі және екеуінің ара-жігін ашып беруі айқын дәлел. Экономиканың мүндай этикалық құрамдас бөліктері (компоненттері), мысалы, Ибн-Хальдунның «әлеуметтік физикасы», батысеуропалык «утопиялык социализм», социализм мен коммунизм туралы маркстік ілім және XX ғасырда орын алған әлеуметтік бағыттағы біркатар ілімдер аркылы осы күнге шейін жетіп отыр. Осыдан келіп әлеуметтік экономиканың баска да негіздемелері туындайды.

Айталык, оның құқықтық негіздері адамзаттың жаратылу кезеңінен бастау алатын секілді. Бұл туралы ойлар әлемдік діни трактаттарда (әдебиеттерде) кездеседі, ал оның шынайы негізі — әрбір жеке дара адамның (Алланың күлы — үлы мен кызы) Жаратушы тарапынан жіберілген іс-әрекеттің, игіліктің кайсібірін иемдену мен иеленуде (шаруашылык жасау, өндіру, тұтынуға байланысты) өзінің «табиғи құқығын» жүзеге асыру кажеттігі мен мүмкіндігі туралы идеясында жатыр. Алайда кейінірек, яғни буржуазиялык катынастар калыптаса бастаған кезеңнен бастап жеке адамға катысты «табиғи құқық» идеясы бір жакты мағынада, яғни тек «билік иелері» мен өзінің іс-әрекеті аркылы тек кана жеке меншік пен жеке кәсіпкерлік мортебесін «алланың калауы» деңгейіне шейін көтергендерге және адами кағидатка жат «менен кейін бәрі құрыса да мейлі» дегендерге катысты талкыланып, өрескел бұрмаланды деуге болады. Осы түрғыдан алып карағанда «әлеуметтік экономия» теріс пиғылсыз санаға кабылданатын қазіргі заманғы прогрессивті көзқарастағы «табиғи құқық» кағидаларына негізделеді.

Біздің пікірімізше, әлеуметтік экономияның бұл «табиғи құқық» қағидалары ислам экономикасында айқын көрініс тапқан. Әсіресе ислам елдерінің банктері өздерінің экономикалык карым-катынастарын Құран сүрелеріне сай мынадай кағидаларға негіздеген: — адам өз байлығының және табиғи ресурстардың (акша құралдары, тауар, жылжымайтын мүлік, жаңашылдық идея, басқару тәжірибесі) меншік иесі бола алмайды, бұлардың бәрінің иесі Алла; — адам тек өзінің ғұмырында ғана осы ресурстарды, байлықты орынды иелік етуге, тиімді пайдалануға жіберген Алланың сенімді өкілі; — адам Алланың жіберген игілігін байлык көзіне айналдырмай, асыра пайдаланбай, ақылына сай қолдануы тиіс; — кез-келген дәулет өз игілігімен катар коғам игілігіне де жұмсалуы кажет.

«Әлеуметтік экономияның» саяси негізін Смит — Рикардо — Маркс -марксизм — кейнстік (посткейнстік) — институционализм (неоинституционализм, жаңа институционализм) бағытындағы классикалык саяси экономияның коғамдағы әділеттілік пен тендіктің, әсіресе әлеуметтік экономикалык теңдіктің жүзеге асырылуы мен орнауын зерттеуде маңызды рөл аткаратын коғамның жіктелу теориясы құрайды. Яғни экономика мен катынастарды таптық түрғыдан карастыру өз күшін олі жойған жок. Біз зерттеп отырған кредит-несие жүйесін әлеуметтік-экономикалык тендік тұрғысынан алып карайтын болсак, коммерциялык банктер қоғамдағы бизнестің олеуметтік-жауапкершілігін мойындамақ түгіл оған пыскырып та отырған сыңайы жоқ. Банктердің ұстанып отырған бүгінгі саясаты тек өзін-өзі байытуға ғана бағытталған. Шын мәнісінде олар шетелдік каржы институттарынан өте төмен пайыздағы (2-3%) ақша каражаттарын тартып, ішкі сүраныстағыларға, тұтынушыларға 15-30 пайызға дейінгі аралыкта өте кымбат ресурс түрінде орналастырып келгені жасырын емес. Орташа жалакы мөлшерінің ең жоғары көлемі де осы банк саласында екені бұған дәлел болмак. Сонымен катар каржы саласында каржы олигархтары пайда бола бастады. Қазакстан банктерінің бірнеше ғана адамның меншігінде болуы осыны айғактайды. Өздері орасан пайда тауып, ел экономикасына айтарлыктай пайда келтірген жок, керісінше, олар бір жакты өсімкорлык пайда табу аркылы кредит-несие катынастарына катынасушы екінші жак — заңды тұлғалардың ғана емес, жеке тұлғалардың да әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін калыптастырды.

Қоғамдағы мұндай әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің салдары таптық жікшілдікке алып келуі әбден мүмкін. Бұл коғамдағы саяси тұраксыздыкка апарып соқтырады. Ал оның соңы немен тынары айтпаса да түсінікті. Мысал ретінде, алдымен АҚШ-та жакында ғана (2007 ж) орын алған ипотекалык кредит дағдарысын келтіруге болады. 2000-2003 жылдары АҚШ-та тұрғындарға берілген арзан пайызды ипотекалық кредит көлемі жылдам каркында өсті. Кредитті кез-келген төмен табыс деңгейіндегі тұлға алғашқы жарнасыз әрі табыс деңгейін көрсететін анықтамасыз алу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде төмен табыстағы карыз алушыларды кредиттеу үлесі жалпы ипотека рыногының 10 пайызына жетті. Ипотека көлемінің өсімі тұрғын үй құнының өсуіне әкелді, сәйкесінше құрылыс та жоғары каркынмен жүрді. Соның нәтижесінде жүз мыңдаған американдық пәтер алды. Тек 2005 жылдың өзінде ғана тұрғындар активі 3,2 трлн.долларды құрады, олардың табысы негізінен жылжымайтын мүліктерді алыпсатарлыктан құралды. Осылайша экономикадағы арзан ақшалардан құтылу үшін АҚШ Федеральдық резервтік жүйесі 2004-2006 жылдары кайта каржыландыру мөлшерлемесін көтерді. Бұл тұрғындардың төлемкабілеттілігін түсірді, әсіресе төмен табыс деңгейіндегі карыз алушылардың төлем кабылеті мүлде жоғалды деуге болады. Соның салдарынан бірлі-жарым емес көптеген адамдар кредит төлеуден бас тарткан. Салынып жатқан үйлерге адамдар кірмей, нәтижесінде банктер де күрылыс та дағдарысқа ұшырауға можбүр болды. Ендігі кезекте сол өтпей жатқан үйлердің бағасы түскендіктен, банктер төлемей кеткендердің қарызын жабу үшін басқалардың есебінен пайыздык мөлшерлемесін көтерді.