Бұған дейін біз бүгінгі қазақстандық қаржы рыногында толығымен колданыста отырған кредит механизмін әлеуметтік рыноктық экономика шеңберінен біртіндеп әлеуметтендіру, ізгілендіру бағытында олардың қарыз алушылармен әлеуметтік жауапкершілігін біртіндеп бөлісу аркылы әлеуметтендірілген экономика бағытына бұруға болатын мүмкіндіктерін карастырсак, енді әлеуметтік экономика құндылықтарына ізгілігі, әділеттілігі, әлеуметтілігі толык сай келетін несие механизмінің жетілдіру мүмкіндіктерін ашамыз. Ал әлеуметтік жауапкершілікті карыз алушылармен толык бөлісудің келесі жолы несиеге катысты.

Бұл үдеріс арнайы отандық несиелік банктердің ашылуымен және ислам банктерінің несиеге катысты шариғат зандылыктарына сәйкес элементтерін ұлтымыздың діліне (менталитетіне) сай сол банктерге енгізу аркылы жүруі тиіс. Ол мынадай бір бағытта жүзеге асуы тиіс — ислам шариғатына сәйкес арнайы несиелік банктерді ашу аркылы несие механизмін іске косу, яғни пайызсыз несие беретін ислам банкінің қазақстандық үлгісін құру.

Ондай банктерді ашудың да, оның меншікті ресурстық көздерін отандык акционерлердің каржысымен калыптастырудың да дайын жолы әзір. Үкіметтің бүгін әлеуметтік жағдайдың тұрактылығына баса мән беріп аймактык әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды, түрлі даму корларын, кәсіпкерлікті колдайтын кәсіпкерлік палаталарды құрып жатканы белгілі. Ол ұлттык компанияларды бірлестіретін «Қазына», «Самүрык» секілді мемлекеттік корлардың каржылары аркылы жүзеге асырылып жатыр.

Мұны үкіметтің әлеуметтік жауапкершілікті бизнеспен ортактасуы деп түсінеміз. Әрине бұл үкімет тарапынан аткарылып жаткан игілікті шара болғанымен әлі жеткіліксіз. Өйткені экономиканың күре тамыры банктер екені белгілі. Сондыктан біздің максатымыз, банктердің әлеуметтік, игілікті максаттарға ортактасуын калыптастыру. Біз мемлекеттің каржыландыру механизмін осы бағытта пайдалануымыз қажет. Өйткені, біздің пікірімізше, үкіметтен бөлініп жатқан мол каржылар инвестициялык сипатта ғана калып отыр және бұл жерде банктер әлеуметтік жауапкершілікті бизнеспен бөлісіп отырған жоқ, олар инвестициялық бағытта бөлінген қаржыларды транзит арқылы орналастырып тек делдалдық кызметпен ғана шектелуде. Алайда банктердің делдалдык кызметтен алатын комиссиясы жок емес. Бұл банктердің әлеуметтік жауапкершіліктен гөрі кез-келген каржы түрінен пайда жасай алатын кабілетін тағы да әшкерелейді. Сондықтан аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), айиақтық косіпкерлік палаталардың (АКП) несиеге негізделген әрі өздеріне тиесілі арнайы аймацтық банктерін ашу қажет. Олай дейтін себебіміз әлеуметтік корпорациялар мен косіпкерлік палаталар жоне даму корлары аймақты дамытуда сол өңірге тиімді деген көшбасшы жобаларды ғана сұрыптап таңдап алып отыр және бөлінген қаржылар коммерциялық банктер аркылы соған бағытталуда. Олай болса арнайы құрылған аймақтық банктердің инвестициялык қаржыны несие түрінде беру аркылы сол жобалардың әлеуметтік жауапкершілігін бөлісуге болады.

Өйткені несиенің шариғат заңдылықгарына сәйкес несиелік мағынасын сипаттайтын негізгі экономикалық мәні ол сатылмайтындыгында, ізгілік пен игілікке негізделетіндігінде, яғни экономикалык жобаларды жүзеге асыруға тегін берілетіндігі және ең бастысы несиеге негізделген банктердің жобаға оріптес ретінде ортақгасатыны. Дәлірек айтсақ, әлгі отандык несиелік банктердің каржысы алдағы бірлесіп, ортактасып табатын пайдалы жобаға беріледі әрі тек кана беріліп коймай банк те жобаны жүзеге асырушымен әріптес болады. Сонда ғана ол шынайы несиелік касиетке, яғни, исламдык аржыландырудың ұксас әрі балама тетігіне айналады. Егер дәстүрлі коммерциялык банктер өз корын банк кредитін колданудан түсетін зор пайыз өсімі аркылы жинайтын болса, бұл банктер пайда мен зиянға ортак болу жолымен калыптастырады. Осылайша олар әдеттегі банктер секілді өз тұтынушыларының каржы алғаннан кейінгі тағдырына бейтарап карамайды, керісінше кәсіпкерлікпен жауапкершілікті де, пайданы да толык бөліседі, керек болса тосын жағдайда калыптасатын (форс-мажор) зиянды да ортактасып көтереді.

Дәстүрлі коммерциялык банктер карызгер қарызының толық сомада және белгіленген өсім арқылы (пайыз) қайтарылуына мүдделік танытып, карыздары қайтарылмай калған жағдайда ашкөздікпен қарызын кандай жолмен болса да жанталаса кайтаруға әрекеттенеді. Бұған мысал, бүгінде ипотека бойынша алған кредиттерін кайтара алмай жүрген қарызгерлерге банктердің жығылғанға жұдырық дегізіп, олардың кепілге салған мүлік үйлерін тартып алуға орекет жасап жатқандары куә. Ал пайызсыз несиеге негізделген банктердің іс-әрекеті ислам банктері секілді карызгердің шеккен зиянына ортақтасу аркылы жүреді. Осылайша олар әдеттегі банктер секілді өз түтынушыларының каржы алғаннан кейінгі тағдырына бейтарап карамайды, керісінше косіпкерлікпен, яғни жоба нәтижелерімен жауапкершілікті әлеуметтік тұрғыдан толык бөліседі.

Жалпы қазіргі уақытта кейбір косіпкерлік жобалардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бөлінген бюджет ресурстары есебінен жүріп жатқаны белгілі. Олар банктердің делдалдығымен, бірак өкініштісі, ақылы түрде жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар ол жобалардың нәтиже беріп жатқандарына да күмәншілік бар. Ал несие ресурстары түпкілікті нәтижелілілікке, әрине пайызсыз, арнайы несиелік банктер аркылы борышталады. Себебі, несие ресурстары есебінен каржыландырылатын жобаға несиелік банктер косіпкерлермен оріптес ретінде қатынасады. Демек бүл несиелік банктер сол жобаның пайда алуына да мүдделі деген сөз. Олай болса, несие ресурстарының олеуметтендіру үдерісі бюджет ресурстарына қарағанда қаржыландырылатын жобалармен үйлесімді жүрген болар еді несиелік банк пен кәсіпкер пайданы да ортак бөліске салар еді (шығындану деңгейіне байланысты).

Несиеге катысты аталмыш шариғат зандылығы казіргі заманғы біздегі экономикалық қарым-қатынастарға тұспа-тұс келіп тұр. Әлемдік дағдарыстың белең алу нышанында әрі әлемдік капитал ағынына тоскауыл болтындай балама каржы жүйесін калыптастыруымыз керек. Әлем назары исламдык экономикаға ауып отырған түста біздің елде де пайызсыз карыз (несие) жүйесін құру кезек күттірмейтін іс.

Қазакстандағы пайызсыз несиелік арнайы банктердің құрылуы сонымен катар біздің экономикамызға бүгінде тікелей инвестиция салуға ниет білдіріп отырған ислам елдеріне де оң ыкпалын тигізері сөзсіз. Бұл үдерістің жакын арада каркын алуы туралы академик С.Сатыбалдиннің пікірін келтіруге болады: «Араб елдерінің біздің экономикаға салатын инвестициясы акикат және оның мейлінше таяу мерзімде отандык каржы айналымына өз әсерін тигізері сөзсіз. Бұл орине, шикізат экспорттаушылар үшін киын болғанымен, бүкіл отандык экономика үшін пайдасы мол кадам болмак. Елімізде біраз іркіліске үшыраған күрылыс та 2007 жылдың тамызына дейінгі каркынынан да жылдам даму арнасына түседі. Ал бұл ішкі рыноктағы жылжымайтын мүліктің бағасын өсірмек түгілі әлі де түсіретініне кепілдік бола алады. Өйткені инвестициялык каржы біздің екінші деңгейдегі банктерге емес, тікелей өндіріске құйылады». Біз бұл пікірді толык макүлдаймыз, бірак инвестицияның өндіріске тікелей күйылуы коммерциялык банктер аркылы емес арнайы несиелік банктер аркылы жүргені дұрыс. Сондыктан біздің ойымызша, осы бетбүрысты пайдаланып, біздің елде де ислам құндылыктарына, яғни шариғат зандарына сәйкес арнайы несиелік банктерді ашу мәселесін жүзеге асыру кажет, яғни отандык ислами банк жүйесіне көшу керек.

Қазақстанда отандық ислами банк жүйесіне көшу уақыт талабынан туындап отыр. Өйткені қазақстандык банк жүйесінде каржылык тоқырау орын алды. Мұның басты себептерінің бірі, қазіргі қазақстандық коммерциялық банк өнімдерінің, яғни кредиттің тиімсіздігі.

Коммерциялық банктердегі кредит беру үдерісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайдың өзінде де, кредит сапасыздығына әсер етуші екіжакты себеп бар секілді, бір жағынан, тұтынушылардың кредитті өздерінің қаржылық әлуетін толык әрі жан-жакты ескермсй-ак (кейбір жағдайда каржы мұктаждығы банк қарызының тым кымбаттығына қарамастан оны ескеруге де мұрсат бермейді) қалай болса-солай алуы, екінші жағынан өсімқорлық табыс мақсатын көздеген ашкөз банктср үшін кредит ресурстарын тезірек игеру максатында оларды оңды-солды беруге экеліп соктыруы. Біздің пікірімізше, екінші жағдай бслсң алып отырған сыңайлы. Нәтижесінде, қарыз алушы жақтың каржылык әлует жағдайын ескермегендіктен, құрылған карыздык камалға камалуға мәжбүр болуы жиі кұбылысқа айналды. Бұдан туындайтыны — кредиттің экономикалык рөлінің сыңаржактығы, яғни коммерциялық банктердің ғана қалта мүддесі екендігі әшкеріленеді, ал колданылған күннің өзінде аса тым кымбаттығынан қарыз алушы үшін тиімсіздігі шығады.

Қазіргі кездегі дәстүрлі банктік жүйе кредит түрлерін тиімді пайдаланып отырган жок, яғни оны экономикалык кұрал ретінде, тиісті салаларды каржыландырудағы экономикалык мүмкіндіктерін толык аша алмай отыр. Кредит аркылы банктер тек пайда тауып кана коймай, қарыз алушының да жағдайын оңтайландырып, нәтижесінде экономиканы да сауыктандыруы тиіс еді. Қазіргі таңда Қазакстандағы тұтыну нарығы көбіне импорттық өнімдерді пайдалануга негізделгені шындык, оның үлесі экспортка карағанда әлдекайда артык, ал бұл — Қазакстан секілді өзіндік сипаттағы тауарлы өндірісі жок елдің акша айналымы басқа елдің экономикасын каржыландырып отырғанын айғактайды. Мұның барлығы отандық экономиканың калыпты дамуын тежейді, экономикасы дамыған елдердің катарына косылуды алыстатады. Мінс, экономикадагы осы олкылыктың орнын дэстүрлі банк кредиттері калыпка келтіруі кажет еді. Сол сиякты дэстүрлі банк кредиттері экономиканың шынайы эрі тұрақты өсуін калыптастыратын артыкшылыкты салаларга, яғни тауарлы өндіріске жұмыс жасауы керек еді. Ал, банктер көбіне тез әрі көлемді табыс көзін калыптастырушы алып-сатарлык бағыттағы сауда секторын каржыландырумен, қамтамасыздығы күмэнді тұтынушылык кредиттерін берумсн ғана шектелуде.