Қазақстанда кредит-несие жүйесінің калыптасу кезеңдері

Несие мен кредит категорияларына жекелей сипаттама берілді, бір-бірінен ажыратылатын белгілері белсенді сөз қоры аркылы дәлеледеніп анықталды. Кредит пен несие қағидаларының ерекшеліктері сатылык нұсқада көрсетілді. Несие мен кредит ұғымдарының қалыптасып дамуы жаңғыру теориясы негізінде әрі салыстырмалы түрде мұсылман елдерінің мысалында талқыланды. Тауар-ақша қатынастарының дамып жетілуі салдарынан капитализм тұсында несиенің өз мағынасын жоғалтып кредитке айналғандығы дәлелденді. Енді бұл бөлімде кредит-несие механизмінің жүзеге асырылуын Қазақстан экономикасы басынан кешірген әртүрлі өтпелі кезең ерекшеліктеріне сай талдауға көшеміз.

Егер кредит механизмін кредит жүйесі кызметінің жүзеге асырылуының құралы ретінде қарастырсақ — бұл механизмнің екі түрлі бағытта жұмыс жасайтындығын, яғни оның іс жүзінде функционалдық (кредиттердің қызметі аркылы) және институциялык (банктердің қызметі арқылы) сипатта қызмет ететінін кайталап жатудың кажеті шамалы. Сондықтан кредит-несие механизмінің шаруашылық салаларындағы қызметін ең әуелі функционалдық немесе кредит-несие категорияларының өзіне тікелей байланысты — банктік кредиттеу-несиелеу үдерісі арқылы зерттеуден гөрі осы екі бағытты бір-бірімен тығыз байланыста, әрбір кезеңдегі өзгеру сипаттарымен бірге карастыруды жөн көріп отырмыз. Зерттеу барысында әр кезеңдердегі банк жүйесі мен банк ісіндегі, кредит пен кредиттеу үдерісіндегі реформалық өзгерістерге, кезендік ерекшеліктерге сипаттама беріледі.

Қазақстандағы банктік жүйелердегі, кредиттеу-несиелеу үдерісінің жағдайын және даму кезеңдерін біз мынадай сипатта қарастырамыз, яғни банктік жүйелердің өзгеріс түрлерін, сонымен қатар, жалпы банктердің Ұлттық (Орталык) банкті қоса алғанда) халық шаруашылығына кредит-несие беру, я болмаса кредиттеу үдерісінің (процесс кредитования) серпінін негізінен екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Екі кезеңге бөлудің негізгі ғылыми өлшемі ретінде (критериі) біз осы қарастырып отырған кредит-несие механизмін қандай типтегі әкономикалық жүйеге қызмет атқарғандығын аламыз.

Олай болса алғашқы кезеңде кредит-несие механизмі бір орталықтанған, катаң жоспарланған экономикалык жүйеге кызмет аткарып келді, ол формальды түрде кең ауқымда және жоспарлы түрде қолданыста болғанымен, алайда іс жүзінде оның негізгі қағидалары орындалмағандықтан ол косалқы орынды, яғни негізінен қосымша бюджеттік каржыландырудың сипатына ие болды. Ал екінші кезеңде кредит рыноктық экономикалық жүйенің белді экономикалық құралдарының біріне айналды. Өйткені бұл жағдайда ол рыноктық өзін-өзі реттеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырыла бастады. Енді осы жалпы тұжырымдамалардан кейін аталмыш кезеңдерге кеңірек тоқталамыз.

Алғашқы кезең — кредит жүйесінің бір сатылық, яғни банк жүйесінде деңгейлік саты жок кеңестік дәуірді камтиды. Өйткені бұл кезеңді карайтын себебіміз бүгінгі Қазақстандағы кредит жүйесінің кайнар көздерінің бірі сол Кеңес жүйесінде калыптаскан кредит-несие механизмі болып табылады және эволюциялык жағынан сол кезеңнің кайсы бір құндылықтары генетикалық түрғыдан сақталады. Бұл кезеңдегі банк кредитінің үдайы және ұлғаймалы өндірістік қатынастардағы рөлі мен орны, мазмүны мен мәні алдыңғы тарауларда келтірілді. Қысқаша тоқталар болсақ кредит экономикалық мәселелерді шешуде кредиттік катынастардың алдымен косымша немесе екінші кезектегі тұтқасы болса, кейінірек ол формальды түрде негізгі әрі басты тұтқасына айналды.

Оның мұндай дәрежеге көтерілуіне мынадай негіздеме беруге болады: — кредит пен кәсіпорын меншікті қаражаттарының үйлесімділігі, яғни кәсіпорындардың айналым қаражаттарының тең жартысы банк кредиттерінің катысуымен жұмыс жасады; — кредиттің жоспарлылығы немесе кредит жоспарының ғылыми тұрғыдан әзірленуі, яғни кредит экономикалык көрсеткіштердің бірі ретінде жоспарлы түрде орталықтанып және орналастырылып отырылды; — кредит пайызының оңтайлылығы орі диверсификациялылығы, яғни кредитті шаруашылык салаларының өздеріне тиімді пайыз мөлшерлемесімен (мысалы, 2-3% маусымдык тауардың косалқы қорына, маусымдық емес тауарларға — 6%, 7-8% жоспардан тыс өндірілген тааурларға, ауыл шаруашылығы үшін 1-3%, өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 1-5%, ұзақ мерзімді кредиттер үшін 0,5-3%, мерзімі өткен кредиттер үшін 1,5-10%) пайдалану мүмкіндігі; — кредиттің бақылаушы қызметіне мемлекеттің артықшылық танытуы, яғни кредит қайтарымдылығының көрсеткіштері арқылы мемлекет косіпорындардың қаржылык қызметі мен катар экономиканы тұтастай бақылау мүмкіндігіне ие болды (бірақ кредиттің бұл қызметі өз тиімділігін ойдағыдай жүзеге асыра алмады, оның себептері туралы да жоғарыдағы тарауларда келтірген болатынбыз). Ескеретін бір жәйт, осы кезеңде несие категориясына дәл кредит секілді экономикалық түрғыдан назар аударылған жоқ.

Дегенмен, несие кызметі экономиканың белсенді құралына айнала алмағанымен, ол ішінара жеке тұлғалардың белгілі бір әлеуметтік мәселелерін жүзеге асыруына ықпал жасады. Тұрғындарға несиенің берілуі немесе несиенің халыққа, яғни жеке тұлғаларға қызмет көрсетуі екі түрлі бағытта жүрді, біріншісі каржылық мекеме, ал екіншісі косіпорындар тарапынан. Бір сатылы банк жүйесі болғандықтан несиелік қызметті жеке түлғаларға ол кезде тек жинақ кассалары ғана көрсете алды. Өйткені Мемлекеттік банк және оның бөлімшелерімен жеке түлғалар арасында кредиттік қарым-катынастар болған жоқ. банктер тек занды тұлғаларға ғана қаржылық-кредиттік амалдарын жүргізді.

Жинак кассалары арқылы берілген несие шын мәнісінде тұтыну мақсаттарына колданылды, яғни тұтыну несиесі ретінде тұрғындарға тұрмысқа кажетті тауарларды сатып алудан бастап, саяжай мен тұрғын үйді жөндеу, гараж сатып алу секілді нысандарға пайдаланылды. Тұтыну несиесі тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін канағаттандырудың тұрақты көзі болған жоқ немесе қазіргі рыноктық катынастардағыдай жаппай берілген жоқ. Ол түтыну несиесі кызметіне аса зору тұлғаларға және бір мәрте ғана берілді.

Сонымен қатар несие аркылы косіпорын, мекеме жұмысшылары мен кызметкерлері косіпорындардың олеуметтік ынталандыру коры есебінен бір реттік қаржылық көмек ала отырып өдерінің жеке және отбасына қатысты әлеуметтік жағдайларын түзеді.

Тағы бір ескеретіні несие үшін пайыз алынған жок тек көрсетілген қызметтер үшін ең төменгі мөлшерде бір реттік төлемақылар алынды, ал оның кайтарылуы несие сомасының көлеміне байланысты несие алушы түрғындардың ай сайынғы еңбекақысынан және жалақысының 35%-н аспайтындай деңгейде ғана ұсталынып отырылды. Несие туралы статистикалық моліметтерді келтірудің ешбір мүмкіндігі жок, себебі зерттеп отырған кезеңде статистикалық көрсеткіштерде кредит пен несие бір категориялық ұғымда болды.

Бұл жерде кешегі кеңес заманында ішінара орын алған несие беру үдерісіне кеңірек токталғандығымыздың себебі, ол осы несие механизмін қазіргі жаңа тарихи кезеңде бұрынғымен салыстырғанда кең аукымда пайдалану мүмкіндігінің бар екендігінен туындайды. Бұл туралы кейінірек тоқталамыз.

Келесі екінші кезең — Қазақстандағы кредит жүйесінің екі деңгейлі сипат алу кезеңінен бастау алып осы уақыт аралығын қамтиды. Дегенмен бұл кезеңнің өзін ғылыми әдіснамалық тұрғыдан алғанда қалыптасу теориясы (теория становления) негізінде карастырған жөн. Нақтырақ айтсақ, кез-келген құбылыстың, нысанның қалыптасу үдерісі төрт сатыдан тұратындығын ескерген жөн.

Бірінші сатысы құбылыстың (біздің жағдайымызда рыноктық экономика жүйесіндегі кредит -несие механизмі құбылысы) абстракты алғышарттарының болуы, екінші сатысы құбылыстың нақты алғышарттарының орын алуы, үшінші сатысы — сол құбылыстың тікелей іс жүзіндегі қалыптасу үдерісі, төртіншісі — құбылыстың барынша дамып, пісіп жетілген, орныққан сатысы.
Олай болса кредит-несие жүйесінің екінші кезеңіндегі немесе қазіргі кезендегі жүзеге асырылуын осы төрт сатылық сипатта қарастырамыз.

Бірінші саты, яғни кредит-несие жүйесінің абстракты алғышарттары (немесе әлуеттік негіздемелері) ретінде — кредит-несие құбылысы, категориялары және механизмдері туралы бұрын-соңды айтылған, жарық көрген ой-пікірлер, теориялар, тұжырымдамалар жиынтығы және сонымен бірге кешегі кеңес заманында негізінен формальды (толыққанды емес) түрде болса да орын алган кредит-несие жүйесі, дәлірек айтсак, оның кейбір элементтері болып табылады. Бұл абстракты алғышарттар туралы осы диссертациялық жұмыстың бірінші тарауында кеңірек карастырғанбыз, сондықтан бұған тоқталып жатпаймыз.

Екінші сатыда кеңестік доуірдегі «қайта құру» саясатына сәйкес жүргізіле бастаган банк жүйесіндегі реформалық өзгерістер аясында кредит-несие жүйесінің нақты алғышарттары пайда болды, мүны Қазақстандағы банк жүйесіндегі және ақша-кредит саясатындағы қалыптасқан реформалық өзгерістер айғақтайды. Осы саты, біздің пайымдауымызша, кеңестік банктік жүйеден рыноктық банктік жүйеге өтпелі саты ретінде айшықталады. Бұған дәлел, біріншіден, бұрынғы мемлекеттік банкпен қатар арнайы мамандандырылган банктердің құрылуы, екіншіден, болашақ екінші деңгейлі банктердің негізі болып табылатын кооперативтік (коммерциялық) банктердің пайда болуы.

КСРО кеңістігіндегі банк жүйесінде жүргізілген 1987 жылғы реформа барысында өзіне Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі мен Сыртқы экономбанкті біріктіретін Кеңестік банктік жүйенің орнына енді : КСРО Мемлекеттік банкі (Госбанк), бес мамандандырылған банк: КСРО Өнеркәсіптік-қүрылыс банкі (Промстройбанк), КСРО Сыртқы экономикалық істер банкі (Внешэкономбанк), КСРО Агроөнеркәсіптік банкі (Агропромбанк), КСРО тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік даму банкі (Жилсоцбанк), және КСРО Жинақ банкі (Сбербанк) құрылды. Алайда бұл реформаның өміршеңдігі байқалмады. Керісінше сәтсіз тұстары басымдау болды.

Біздің пікірімізше, мемлекет тарапынан жасалған бұл реформа банктердің салалық мамандануының жеңіл, үстірт түрін ғана камтыды. Жоғары жақтан банктердің құрылымы мамандануға икемделіп, көшіп жатқанда, төменгі құрылымдарында ешқандай өзгеріс байқалмады. Қарапайым мысал ретінде карастыратын болсақ, жоғарыда келтірген бес мамандандаралған-құрылымдық банктердің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерінің бәрін төменгі бөлімшелерде тек бір ғана банк бөлімшесі атқарды. Сондықтан да банк құрылымында жасалған реформалық өзгеріс тек жоғары жақта ғана калып койды да, төменгі бөлімшелерде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Банктегі реформалық өзгерістің бұл түрі банк жүйесіндегі демократизациялау жүмысын күрделендірді: әр түрлі маманданған банктердің клиенттері бір банк бөлімшесінде қызмет алғандықтан жоғары жаққа есеп беру жұмыстары қиындады; бухгалтерлік аппарат қызметінде сәтсіздіктер орын алды; есеп айырысу қаражаттарының айналымдылығы нашарлады; банк операцияларының орындалуының дұрыстығы айқындалмады, т.с.с, яғни банк жүйесінің қызметтерінде қолайсыздықтардың орын алуына әкелді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *