Бұл мәлімет бухгалтердің қоғамдағы маман және жеке тұлға ретінде атқаратын рөлі сипатталады. Алдымен кәсіби мамандарды кәсіби емес мамандардан ажырата білу үшін, қолданылатын сипаттамалар мен дағдыларды анықтауға арналған мамандықтың тұжырымдамасы талқыланады, содан кейін кәсіби бухгалтердің рөлін түсіндіретін контекспен қамтамасыз етеді. Кәсіби бухгалтердің рөлі бухгалтерлік қызметті орындау барысындағы сенімділік қатынастарға негізделген рөл ретінде анықталып, қоғамға пайдасын тигізетін альтруист мақсатында мүдделі жақтармен қарастырылады. Сонымен бірге бұл бөлімде бухгалтерлердің міндеттері, атап айтқанда, ұсынатын қызметтері және әдеп құндылыктарының маңыздылығына жүргізілетін зерттеулері талқыланады.

Мамандықтың тұжырымдамасы

Кәсіби қызметтерді кәсіби емес қызметтерден ажырату үшін Гринвуд кәсіптің бес атрибутын ұсынады. Олар:

  • теорияның жүйелі органы;
  • билік;
  • қоғамдық санкция;
  • әдеп кодекстері;
  • мәдениет.

Гринвуд кәсіби қызметтер мен кәсіби емес қызметтердің арасындағы нағыз айырмашылық оның сапалық белгісінде емес, сандық белгісінде дейді, өйткені, осы бес атрибуттың ішінде де кәсіби еместердің аз да болса үлесі болады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мамандықтар осы жеке сәйкестендірілген атрибуттарды максималды деңгейде көрсетеді. Мамандықты сипаттайтын дағдылар теориялық жүйеге ұйымдастырылған немесе ұсыныстар негізінде жатқан білімдердің жиынтығынан тұрады және күрделі операцияларды оңтайландырады. Мамандыққа дайындық тек қана парасаттылықты жетілдіруді ғана емес, сонымен бірге практикалық тәжірибені де талап етеді. Мысалы, 2006 жылы қабылданған «Компаниялар туралы» Заңда Ұлыбританияда компанияға аудит жүргізу құқын алу үшін, аудиторлар мойындалған біліктілік ұйымының мүшесі болуы тиіс деп көрсетілген (Заңның талаптарына жауап беретін кәсіби ұйымдар болып табылатын). Осы ұйымдар университетке түсу үшін білім берудің минималды деңгейін немесе жеті жылдық сәйкес кәсіби тәжірибесі болуын талап етуі тиіс. Үміткерлер де теориялық оқу курсынан және үш жылдық бекітілген практикалық дайындықтан өтеді, теориялық білімдерін тексеріп, емтихан тапсырады және мүшелікке өткенге дейін осы алған білімдерін колдана білу кабілеттілігін көрсетеді.

Кәсіби мәдениет

Әрбір мамандық маманданған фирмалар, университеттер және зерттеу орталықтары, сондай-ақ қоғамның мүддесі мен мақсатын көздейтін кәсіби ұйымдар сияқты топтардың желісі арқылы жұмыс істейді. Осы топтар талап ететін әлеуметтік рөлдердің өзара әрекеті нәтижесінде бірегей кәсіптің әлеуметтік конфигурациясы, атап айтқанда, кәсіби мәдениеті пайда болады. Кәсіби мәдениет кәсіби емес мәдениеттен өзінің құндылықтарымен, нормаларымен және практикалық символдарымен ерекшеленеді. Кәсіби құндылық — бұл әлеуметтік игіліктер ретінде қоғамға пайда әкелетін қызметті ұсынатын кәсіп. Кәсіби топтар өздерінің мүшелеріне арнап әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық нормаларын және рөлін анықтайтын нұсқаулык әзірлейді. Бақылаушы кұндылықтар, мінез-кұлык нормалары және практиканың символдары кәсіби қызметті кәсіби емес кызметтен ажыратып көрсетеді. Осылайша кәсіп ұғымы жоғарыда айтылған бес элементтің айналасында дамиды. Осы концепцияға катысты Брукс қолдау ретінде келесідей кәсіби міндеттерді анықтайды:

  • сараптау және білім саласындағы құзіреттілік;
  • клиенттік қатынастардың тұтастығы;
  • ұсынылатын қызметтердің объективтілігі;
  • клиент сұрақтарының құпиялылығы;
  • қоғамдық күтілімдерге сәйкес міндеттерін орындамайтын мүшелерінің тәртібін қарау.

Кәсіби маман мен клиенттер арасындағы сенімді қатынастарды орнатуда, сапалы қызмет көрсетуде осы міндеттердің зор маңызы бар. Клиент өз кезегінде кәсіби маманның пікірі мен тәжірибесіне сенім артады және сенеді. Сенімге негізделген осындай қатынастардың сақталуы кәсіби тұлғаның рөлінің негізін калайды.

Реттеу

Кәсіби рөлдің күрделілігі клиент тәжірибесінің сенімділігіне байланысты болады. Бұл сенімділік монополист кәсіпкойға нақты сала бойынша пікір білдіруіне және беделді иемденуіне мүмкіндік береді. Кәсіби маманның пайдасы осы қоғам үшін жоғары құзіретті және күрделі рөлді орындау барысындағы таңдаулы жұмысымен көрінеді. Клиенттер өз бетімен ұсынылатын қызметтердің сапасын бағалай алмайды. Сондықтан кәсіби мамандар өздері тәуелсіз зерттеу жүргізеді. Бірақ кәсіби маман өзінің құзіреттілігі мен монополиясын сақтау үшін қоғамдағы беделі мен басымдығын қамтамасыз етуді жалғастыруы тиіс еді. Қоғамда санкцияланған құзіреттілік пен артықшылықтар аккредитация мен артықшылық процесінің үстінен және техникалық сұрақтар жөніндегі коғамдастықтың шешіміне қатысты құпия түрде кәсіби бақылау жүргізеді. Яғни аудиторлар көрсететін қызметтердің монополисі болды, бұл қоғам мен клиенттер үшін қауіпті еді.

Осыған қарсы тұру үшін мамандықтың мүшелерінен мінез-құлық әдебін сақтауды талап ететін кіріктірілген нормативті кодекс жасалды. Мамандықтың әдеп кодексі жартылай ресми және жартылай ресми емес болып табылады. Ресми бөлім — бұл ереже бойынша мамандыққа кірісер алдында ант қабылдаудың жазбаша кодексі. Өзінің әдеп кодексінің арқасында мамандықтың әлеуметтің әл-ауқатын жаксартуда жасаған еңбегі қоғамның қызығушылығын тудыратын мәселеге айналды, осылайша қоғамның сенімін тұрақты қамтамасыз етуге ықпал етті. Кәсіби кодекс қоғамдық қызметке бағытталған және альтруистік астары бар. Әдеп кодексінің әдетте клиент және әріптес — әріптес арасындағы терминдер қатынасы тұрғысында сипатталуы оның ерекшелігін көрсетеді. Одан басқа мамандық өзіндік тәртіпке келтіруді құруға бағытталған бақылаудың өлшемі арқылы әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қоғам барған сайын кәсіби органдардың дәстүрлі өкілеттілігіне үндеу тастайды және оларды сырттай бақылаушылар мен тәуелсіз реттеушілердің қатаң назарына алады. Кәсіби мамандардың коммерциялық қысым көрсетуге бейімділігі және әдеп нормаларының әлсіреуі өзін-өзі реттеу кодекстерінің мамандық монополиясының жеке мүддесін бүркемелейтін құралға айналғанын көрсетеді.

Алайда қазір кәсіби органдар, сондай-ак, фирмалар практикада өзін-өзі реттеу бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда неғұрлым айқын болуы тиіс. Мысалы, ЕО сегізінші директивасының 40 бабында аудиторлық фирмалардың аныктығы жөніндегі есепке қойылатын талаптарды белгілейді. 2003 жылы аудиторлық тексерудің стандарттары тәуелсіз аудит пен кепілдеме ұсыну жөніндегі қызметтерге қолданылатын (АТС) (АРВ) тәуелсіздікке, объективтілікке және адалдыққа қатысты әдептану стандарттарын әзірлеу жауапкершілігін өз мойындарына алды, ал 2004 жылы осы мәселелерді қамтитын әдептану стандартының бес сериясын (ES1-ES5) шығарды.

Одан басқа бухгалтерлік және актуарийлік тәртіп жөніндегі кеңес (БАТК) (AADB) қоғамның мүддесіне әсер ететін мінез-қүлық әдебінің сұрақтарына жауап береді, ал кәсіби қызметті кадағалау жөніндегі Кеңес (КҚҚК) бухгалтер және аудит мамандықтарын реттейтін бухгалтерлік кәсіби органдарға тәуелсіз бақылау жүргізу үшін жауапты болады. АТС (АРВ), BATK(AADB) және КҚҚК қаржылық есептілік Кеңесінің комитеттері болып табылады. Одан басқа бүкіл әлемдегі бухгалтерлік кәсіби органдар БХФ кәсіби бухгалтерлерінің әдеп кодексіне қарағанда әдеп талаптарын қатал орындауы тиіс.