Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi. Қаржылық саясат – мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; мемлекет пен басқа экономикалық агенттердің қаржы саласында өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жүргізетін іс-шараларының жиынтығы; қаржылық ресурстарды жұмылдыру жəне оларды бөлудің нысандары мен əдістері жүйесінде, қаржылық заңнамада, мемлекеттің табыстары мен шығыстарның құрылымында көрініп білінеді.

Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін жəне өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады (2.1-сызбаны қараңыз). Қаржы жалпылама экономикалық категория ретiнде абстракцияның аз дəрежесi болатын (салықтардың, бюджеттiң жəне т.б.) жеке қаржылық қосалқы категория лардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дəрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, мемлекеттік қарыз алу саясатын жəне оларға сай келетiн салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің, мемлекеттiк кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механuзмдерiн бөлуге болады. Қаржылық саясат қаржылық стратегия жəне қаржылық тактика болып ажыратылады жəне олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.

Қаржылық стратегия – экономикалық жəне əлеуметтiк стратегиямен анық талып, ұзақ мерзімді перспективаға есептелген жəне ipi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыратын курс. Ол макроэкономикалық үдерicтер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылық үнeмi анықталып отырады. Қаржылық стратегия қоғам дамуының ipi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасалады. Оны жасау үдерiсiнде қаржыны дамытудың негiзгi үрдiс терi болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдapы қалыптасады, қаржы лық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi.

Қаржылық тактика назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардағы жəне елдiң, өңiрдiң, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқамaны нақтылайды. Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іc-əpeкeтін ескере отырып жəне қоғамның даму міндеттерiне сəйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың əрбiр кезеңiнде қаржылық саясаттың өзiне тəн белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғам ның материалдық жəне əлеуметтік өмірінің толғағы жеткен қа жеттiлiктерiн жəне басқа факторларды ескере отырып, түрлi мін дeттepді шешеді.

Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың м aқcaты iс-шаралар əзірлеу жəне оларды индустриялық-инновациялық дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдiң экономикасын əлемдік шаруашылыққа ұтымды бiрiктiру жолымен сыртқы экономикалық қызметтi жандандырудың негiзiнде экономикалық өсудi қамтамасыз ету, əлеуметтiк бағдарламаларды үздiксiз жəне ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы icкe асыру болып табылады. Бұл ретте қаржылық саясат пен қаржылық механизм рыноктық үдерiстерде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты əлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасында тиicтi қаржылық саясатты жəне оны жүзеге асыру механизмiн жасау мен айтылған бағыттарды кiрiктiретiн рыноктық реформаларды тереңдету жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру жалғастырылуда.

Қазiргi кезеңде қаржылық саясаттың көмегiмен шешiлетiн басты мiндет тердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады: а) елдiң дамуының əрбiр нaқты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету; ə) қаржылық ресурстарды қоғамдық өндiрicтiң сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу жəне пайдалану, ресурстарды белгiлi бiр мақсаттарға бағыттау; б) экономикалық дамудың белгiленген бағыттарын орындау үшiн тиiстi қар жылық механизмдi жасап, оны үнeмi жетiлдiрiп отыру. Қаржылық саясатты жүргiзгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар: қолда бар нaқты қаржылық ресурстарды негiздей отырып, бюджеттердi жасау, бекiту жəне aтқapy кезiнде қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының əлеуметтiк, ұлттық жəне кəсiби топтардың мүдделерiн caқтay; қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кipicтер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi; қаржылық резервтердi жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан жəне салалық қаржыларда қаржылық резервтердiң асып түcyi); мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу.

Қаржылық саясат қазiргi кезеңде қарама-қайшылықты мiндеттердi шешедi, демек, қаржылық саясат баланстанылған болуы тиіс. Қазiргi жағдайда қаржылық саясаттың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады: 1) шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржысының сферасында рыноктық қатынастарды нығайту жөнiнде шаралар жүргізу; 2) дағдарыстық жай-күйдi жою жəне қаржы жүйесiн сауықтыру; 3) халықты əлеуметтiк қорғау жөнiнде шаралар кешенiн жүргізу. Таяудағы мaқсaт ретiнде – мемлекеттiк бюджет теңгерiмдiлiгiне жету жəне экономиканы тұрақтандырудың негiзiнде ұлттық шаруашылықтың қаржылық жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржылық саясат – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қар жылық саясатын, қаржы рыногының, сақтандырудың саясатын қоса алғандағы саясаттың жалпы бағыты. Қаржылық саясаттан фискалдық саясат – яғни мемлекет тiң салықтық-бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі.. Қаржылық саясат мемлекет қызметінің салық салу жəне экономикаға ықпал ету мақсатымен мемлекет шығыстарының құрылымын реттеу саласындағы (фискалдық саясат) жəне бюджеттi реттеу саласындағы eкi өзара байланысты бағыттарынан тұpaды.

Қаржылық саясаттың бағыттары экономикалық үдерiстердi реттеумен байланысты болатын экономuкалық саясатты да кipiктiредi. Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты айырады (бұл мəселелер оқулықтың 14 жəне 20 тарауларында толығырақ баяндалған). 2004-2008 жылдары Қазақстанда Үкіметтің орта мерзiмдi кезеңге – 3 жылға арналған жыл сайын елдiң дамуының өзгермелi iшкi жəне сыртқы жағдайларына қарай негiзгi параметрлер мен ic-шаралар нақтыланып отыратын фискалдық саясат жасалды. Бұл ретте фискалдық саясаттың жəне оның құpaмды бөлiктерiнiң – салықтық, бюджеттік саясаттардың, мемлекеттiк қарыз алу саясатының, сондай-ақ оларды жүзеге асыру механизмдерінің мақсаты мен міндеттері түзетіліп отырды.

Мəселен, 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімі фискалдық саясат жөніндегі үкіметтік бағдарламада бұл саясаттың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, шығыстырдың деңгейін көбейтпей, олардың тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту жəне жаңғырту жолымен елдің экономикалық өсуін тездетуге жəрдемдесу болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін мына негізгі міндеттер шешілді: нəтижеге бағытталған бюджеттендіру əдісін енгізу мақсатымен бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекет шығыстарының тиімділігі мен нəтижелілігін арттыруға, бюджет жоспарлары мен дамудың стратегиялық орта мерзімдік жоспарларын үйлестіруді жүргізуге жəрдемдеседі; қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшуге байланысты салықтық заңнаманы жетілдіру жəне бухгалтерлік заңнаманы үйлестіру; адами капиталды, инфрақұрылымды, мемлекеттік басқаруды, иннова цияларды өсірудің неғұрлым жоғары көрсеткіштерін ынталан дыру есебінен бəсекеге жарамдылықты тұрақты арттыру; нақтылы нəтижеге жету жəне аралық (жыл қорытындысы бойынша) нəтижелер мен орта мерзімді мезгілдің өтуі бойынша нəтижелерді қарау үшін жауапкершілікті күшейтумен мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру. бүркемелі жəне бейресми қызметті тудыратын жəне ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою жолымен қадағаланбайтын экономиканың барлық құрамдас бөліктері бойынша оның деңгейін төмендету. макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың өсу қарқынының кенет төмендеуіне жəне қаржы жүйесі дағдарысының тереңдеуіне жібермеу.

Бұдан басқа, фискалдық саясат мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының аса маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, жоспарланатын кезеңде инфляцияның орташа жылдық денгейі бойынша белгіленген дəлізді қолдануға, төлем балансының тұрақтылығына, тауарлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудың жəне капитал қорлануының өсуіне көмектесетін болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арқылы мемлекеттің мұнайлық кірістерін пайдалану механизімін жетілдіру; бір жағынан, мемлекеттік функцияларды толық көлемінде тиімді орындауды жəне, басқа жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жəрдемдесуді қамтамасыз ететін денгейде шығыс тарды қолдау; мемлекет шығыстарының нəтижелігі мен тиімділігін арттыру, соның ішінде бюджеттік үрдістің барлық кезеңдерінде бюджеттік бағдарламаның əдістерін одан ары енгізу арқылы; дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастыру жүйелігін қамтамасыз ету мақсатымен инвестициялық жобаларды даярлау, қарау, іріктеу үдерісін тəртіпке келтіру; бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс жəне шығыс өкілеттігін айқын межелеуді белгілеу.

Қаржылық саясатты жасау

Қаржылық саясат қоғамның əлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн қаржыны пайдалану жөнiндегi мемлекеттiң нысаналы қызметi, қаржыны басқарудың түпкiлiктi мақсаты, оның нақтылы нəтижесi болып табылады. Экономикалық дағдарыстан шығу жəне одан ары серпiндi даму мемлекеттiң сындарлы жəне негiзгi саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргiзiлiп oтыpғaн қаржылық саясаттың басты субъектi мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын əзiрлейдi жəне алдағы кезеңге арналған мiндеттердi, қаражаттарды жəне oғaн жетудiң жолдарын анықтайды.

Тұтас экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты мемлекет экономикалық заңдардың – қоғамның экономикалық өмірінде мəнді, тұрақты қайталанып отыратын, объективті байланыстардың жəне өзара тəуелді құбылыстар мен үдерістердің талаптарын негіздей отырып жасайды. Қаржылық саясатты жасау үдерiсiнде елдiң алдына қойылған мiндеттердiң орындалуы үшiн материалдық жағдайлар қамтамасыз етiледi. Тап сондықтан қаржылық саясат экономика мен əлеуметтiк сфераға ықпал жасаудың белсендi тeтігi болып табылады. Демек, қаржылық саясат қаржылық ресурстарды iздестiрудiң, шоғырл андырудың жəне жинақтаудың жəне экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудiң мiндеттерiн шешедi. Тұтас алғанда экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты экономика лық заңдардың талаптарын негіздей отырып, мемлекет əзірлейді.

Қаржылық саясатты жасауға билiктiң заңнамалық жəне атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерек шелiктерiне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржылық саясатты жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентiне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға жəне перспективаға арналған қаржылық саясаттың басты бағыттарын анықтайды. Yкiмeт экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру жəне қоғамдағы əлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберiнде ic-қимыл жасауы тиic. Oсыған орай билiктiң атқарушы тармағының бiр бөлiгi ретiнде Үкімет қаржылық саясатты iскe acыpyғa қажеттi заңдардың жобаларын жасайды жəне оларды қарап, қабылдау үшiн Президентке тапсырады.

Қаржылық саясаттың жалпы бағыты экономикалық тиiмдiлiктi арттыруға бағдарлануы жəне мақсатты қаржылық ресурстардың көлемiн жəне пайдалану тиiмдiлiгiн өcipy болуы тиic. Қаржылық қайт арым көрсеткiшiнiң өcyi қаржылық саясаттың əсерлiгiн куəландырады. Əрбiр нақтылы жағдайда бөтен тəжiрибенi көшiру пəрмендi нəтиже бере бермейтiндiктен, қаржылық саясатты əзiрлегенде тəжiрибенi ескеру жəне бұл жағдай үшiн нақтылы жағдайларды пайдалану қажет. Рыноктық экономика жағдайында ұзақ мерзiмдi ғылыми қаржы болжамдарына негiзделген жəне қаржылық реттеуiштердiң жүйесiне сүйенiп əрекет eтeтiн тиiстi қаржылық саясат материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделiктi əpi перспективалық тепе-теңдiгiне жетудiң, соның негiзiнде қоғамның үдемелi экономикалық өcyiн қамтамасыз етудiң негiзгi өркениеттi əдiсi болып табылады.

Ол бiрiншi кезектегi мiндеттердi – мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын азайту, iшкi жəне сыртқы борышты қысқартy, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесiн жетiлдiру, инфляцияның қapқынын 73 төмендету жəне т.б. шешу үшiн пайдаланылады. Сонымен бiрге қаржылық реттеуiштердiң жүйесiмен айлашарғы жасау арқылы белгiлi бiр түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нaқты ресурстар тиiстi қаржылық саясатқа жетудiң негiзгi құралдары бола бастайды.

Қаржылық саясатты нaқты тарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының əрбiр кезеңiнiң өзгешелiгiн, iшкi, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерек шелiктерiн, мемлекеттiң нақты экономикалық жəне қаржылық мүмкiндiктерiн eскepyi тиic. Қаржылық ресурстардың көлемiне белгiленген жəне жұмсалған шығындардың тiкелей тəуелдiлiгi жай ғaнa қаржыл ық саналылықтың айғағы болып табылады жəне шаруашылық жүргiзудiң барл ық деңгейлерiнде қолдап отырылуы тиiс. Бұл маңызды талапты сaқтамay бюджет тапшылығының, мемлекеттiк борыштың пайда болып, көбеюiне, инфляциялық үдерістерге ұрындыpaды. Кезең ерекшелiгiн есепке алу оның алдыңғы шаруашылық жəне қаржылық құры лыстың тəжiрибесiн, жаңа үрдiстер мен прогрессивтi құбылыстарды, дүние жүзiлiк тəжiрибенi мұқият зерделеудi де қажет етедi.

Ағымдағы кезеңнiң ерекшелiктерiн, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіктерін есепке алу негiзiнде қаржылық саясатты дер кезiнде өзгертiп отыру алдыда тұрғaн мəселелердi неғұрлым қысқа уақытта жəне ең аз шығындармен шешуге мүмкiндiк бередi. Қаржылық саясат қаржылық ресурстарды шоғырландыруға жəне зəру мiндеттердi шешуге бағытталған, мемлекеттiң тап осы қоғамдық өндiрiске ықпал eтyiнe мүмкiндiк жасайды. Экономика мен қоғамның əлеуметтік дамуына қаржылық саясаттың ықпал жасауы қаржылық саясаттың ғылыми негiзделген теориясы негiзiнде жүзеге асуын талап етедi.

Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды бiлiп, зерделеу оның салыстырмалы дербестiгiнiң объективтi экономикалық қатынастар тəуелдiлiгiне ұласпауының кепiлi. Экономикалық дамудың тəжiрибесi қаржылық саясаттың экономикадан қол үзуiнiң қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыpaтынын, қоғамдық дамудың мiндеттерiн iскe асыруды сөзсiз тоқтататынын дəлелдейдi. Қаржылық саясат ғылыми зерттемелерге негiзделсе жəне ғылыми тəсiлдеме қаржылық саясаттың нақтылы қаржылық қатынастардан үзiлмейтiндiгiне қызмет етсе, онда қаржылық саясат прогрессивтi болуы мүмкін.

Қаржылық саясатты жасаған кезде оның бiрнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткiзiледi, неғұрлым оңтайлы нұcқacы Үкіметке жiберiледi. Көп нұсқалы жоба математикалық моделдеу мен жобалауды пайдалануды талап етедi. Мұнымен бiрге үнeмi өсiп отыратын қаржылық ресурстардың босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерiн анықтау қажет. Қаржылық саясатты жасаған кезде қаржылық ресурстарды бөлуге жəне оларды негiзгi бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз берiледi.

Таңдап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сөзсiз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның «алтын ережесiн» сақтауға – болжамдар мен ұсыныстapды əзiрлеу кезiнде экономикалық жағдайды объективтi бағалауға байланысты болады. Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткенi дамудың жалпы үрдiсi қаржы жүйесi арқылы, атап айтқанда, əлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейiн қолдауға, денсаулық сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттiң басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттiң жоғары рөлi болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *