Қарахандықтар мемлекеті (840-1212)

Шығыс пен Батыс Түркістанда 840-1212 жылдар аралығында өмір сүрген Қарахандықтар мемлекеті негізінде ұйғырлардың бір қанаты болып саналатын яғма, чигил және қарлұқ тайпаларынан кұралды. Қарахандықтар мемлекетінің алғашқы белгілі ханы Білге Кюл Қадір хан болып, 819 жылдан бастап Мауераүннехрде билік жүргізді. Оның ұлы Оғулджак, Қадір ханның тұсында жиені Сатук Буғра қарахандықтардың қарамағындағы саманидтердің Әбу Насыр есімді бір сопысымен кездесуінің нәтижесінде Ислам дінін қабылдады. Ағасына қарсы жүргізген билік үшін күресті жеңіп, билікті қолына алған Сатук Буғра тәуелсіз жерлерде Ислам дінін ресми дін ретінде жариялады. Қарахандықтар мемлекеті Сатук Буғра хаңның ұлы Байташ, Арслан ханнын тұсында Ислам дінін толығымен қабылдады.

Өз ішінде әулет тартыстары кем болмаған қарахандықтар мемлекеті сыртқы дұшпандары Мауераүннехрде саманидтермен, Хорасанда ғазналықтармен неше түрлі соғыстар жүргізді. Әсіресе Байташ Арсланнан кейінгі билеуші Әбу Хасан Әлидің көршілес халықтар арасында Исламды тарату саясаты осы аталмыш мемлекеттермен соғысудан басқа жол қалдырмады. Қарахандықтардың ханы Әбу Насыр Ахмед ибн Әли (Тоған хан) болса, Аббасидтер халифын мойындап, оның атына бағыштап құтпа оқытты. Саманидтермен жүргізген соғыстарда жеңіске жетуіне жәрдем көрсеткен інісі Насыр ибн Әли саманидтердің территориясының маңызды бір бөлігін өзіне қаратып, Мауераүннехрды жаулап алды. Алайда Хорасанда газналыктарға қарсы соғыстары табысты болмады. Бұл жеңілістер қарахандыктар әулетін мазалады. Қарахандықтар мемлекеті 1042 жылы Шығыс және Батыс қарахандықтар мемлекеті болып екіге бөлінді. Мемлекеттің басқару жүйесі түрік басшылығының түсінігіне сай кұрылды. Ханның бірқатар ықпал ететіндей ерекшеліктері болған. Жүсіп Хас Хаджиптің «Құдатку Білік» атты шығармасында түрік билігі туралы көттгеген мәліметтер бар. Мемлекеттің басқару орталығы сарай құрылымы делініп, олардың әдет-ғұрыптарына орай бөлінген.

Мауераүннехр мен Түркістанда алғашқы мұсылман түрік мемлекетін құрған қарахандықтар түрік Ислам тарихында маңызды орын алады. Исламның Түркістанда жайылуына үлкен үлес қосқан өздеріне және халифтерге бағыштап құтпа оқытқан қарахандықтардың ханы Исламды қабылдап, оның тәуелсіздігі үшін күресті. Олардың қамқорлығының арқасында құңды шығармалар жазылды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *