Кейбір себепкер түрткілердің (жоғарғы тыныс мүшелерінің инфекциясы және стрептококк инфекциялары, парааллергиялық жағдайлар, тоңу, денеге шектеп тыс күш түсу және басқалар) әсерінен ревматизмнің 10-12 айдан кейін ғана байқалған ұстамалы, қайталама ұстама деп септеуге болады. Ал, қайталау белгілері оданда ерте мерзімдерде байқалса, толық сауықпағандықтан үзіліссіз-қайталама даму деп есептеу керек. Токсикоздың белгісі пайда болып, қызуы көтеріліп, буын синдромдары (артралгия немесе полиартрит), хорея белгілері, сақина тәрізді бөртпе пайда болуы мүмкін. Жүрек шектері үлкейіп, тондары әлсірейді, жаңадан органикалық шулар пайда болады немесе бұрынғы бар шулар күшейіп естіледі. Рентгенограммада адгезивті плеврит, перикардит жиі байқалады. Қан айналысының жарамсыздығының белгілері де ревматизмнің активтілігін дәлелдейді. Бірақ, қайталама ревматизмде қан айналысының жарамсыздығы, жүрек қақпақтары зақымданғанда, гемодинамикалық бұзылыстардың белгілері болып келеді. ЭКГ, ФКГ, кеуде қуысының рентгенограммасы, лабораториялық тексерістер сияқты қосымша тексеру тәсілдері қайталама ревмокардитті анықтауға көмектеседі.

Ревматизмнің қайталама ұстамаларының нәтижесінде жүрек ақаулары қалыптасады. Бірінші ұстамадан кейін науқастардың 14-18% жүрек ақаулары қалыптасатын болса, екінші, үшінші ұстамада 100% жуық жағдайда ақаулар байқалады.

Жүрек ақаулары жәй (бір қақпақтың жекеленген зақымдалуы), қосақталған (бір тесіктің тарылуы мен қақпағының жарамсыздығы), құрама (2-3 қақпақтың ақауы) болып бөлінеді.

Зақымдалу жиілігіне байланысты бірінші орында митральды (қос жармалы) қақпақ, екінші орынды жарты ай тәрізді аорта қақпағы, үшінші орында олардың бірігуі (қосарлану), содан кейін үш жармалы қақпақтың ақаулары (көбіне қос жармалы немесе аортаның қақпағының зақымдалуымен қосарланады, сиректеу жеке) байқалады. Өкпе артериясының қақпақтарының зақымдануы өте сирек кездеседі. Қайталама ревмокардитте аурудың дәрежесі активтілігімен ғана емес, сонымен қатар қақпақтың ақауының айқындық дәрежесімен де анықталады. Ол 1 (шамалы), 2 (орташа), және 3 (өте айқын) дәрежелі болуы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. Оқулық. Ақтөбе 2011ж 927 бет.