Қайта Өрлеу мәдениеті

Қайта Өрлеу мәдениетін оқып-үйренуге кіріспес бұрын бұл терминге анықтама беріп алу керек. Бұл терминді (Қайта Өрлеу) сол дәуірдің ойшылы әрі суретшісі Джордж Вазари өз еңбегінде («Атақты суретшілердің, мүсіншілер мен сәулетшілердің өмірбаяндары» — “Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих”) 1250 жылдан 1550 жылға дейінгі кезеңді белгілеу үшін қолданды. Оның пікірі бойынша бұл антикалық қайта өрлеу кезеңі болды. Вазари антикалық адамзат тарихындағы идеалды уақыт деп есептейді. Кейіннен терминнің мағынасы өзгеріске ұшырады. Қайта өрлеу ғылым мен өнердің діннен бөлінуін, христиан этикасына салқын қараушылықты, ұлттық әдебиеттердің пайда болуын, адамның католиктік шіркеудің шектеулерінен бостандыққа деген ұмтылысын жандандырды. Яғни Қайта Өрлеу өзінің мағынасына орай гуманизмді әрістетті. Қазіргі кезде Қайта өрлеудің мәдени құбылысына бірыңғай, жалпыға ортақ анықтама жоқ. Тарихшылар, ойшылдар, өнертанушылар, жазушылар әртүрлі белгілерге қарап, Қайта Өрлеудің мәдени мәнін әртүрлі пайымдайды.

— мәдениеттің гүлденуі;
— мәдениеттегі төңкеріс;
— мәдениет дамуының өтпелі кезеңі;
— антикалық қалпына келтіру.

Италиялық Қайта Өрлеуді оқып-үйренген кезде осы құбылыстың хронологиясына назар аудару қажет. Қайта өрлеу дәуірінің хронологиясын зерттеудің қиындығы кейбір зерттеушілер оны зерттеуді А.Данте кезеңінен, ал өзгелері кейінірек, яғни Ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуынан бастайды. Италиядағы Қайта Өрлеу мәдениетінің пайда болуының экономикалық, саяси, әлеуметтік себептерін, алғышарттарын анықтау кезінде Қайта Өрлеу бұл, ең алдымен, экономикалық емес, рухани құбылыс екендігін атап көрсеткен жөн. А.Ф.Лосев Ренессанстың өзі буржуазиялық-капиталистік формацияның сатысы бола қоймағанын, бұл шын мәнінде рухани төңкеріс екендігін айтады. Ол оны тек дайындай алды, әрі өзіне тәуелсіз саналы емес түрде жүзеге асырды. Қайта Өрлеу мәдениетінің негізгі сипаттарын айқындау кезінде олардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, бір-бірінен бөліп зерттеу бұл құбылысты бағалауда ақиқаттылықты жоғалтуға әкеп соқтыратындығын ескеру керек. Қала мәдениетінің маңызын ашып көрсету қажет. Қайта Өрлеу дәуірін батыс еуропалық мәдениет зерттеушілері Орта ғасырлардан Жаңа заман, феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту ретінде қарастырады. Капиталдың бастапқы шоғырлану кезеңі туындайды. Мануфактура түрінде капиталистік өнеркәсіптің алғашқы нысандары пайда болады. Банк ісі, халықаралық сауда дамиды. Қазіргі заманғы тәжірибелік жаратылыстану пайда болады. Жаңалықтар ашу негізінде, әсіресе астрономия саласында, дүниенің ғылыми бейнесі қалыптасты. Осы дәуірдің көрнекті ғалымдары Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей дүниеге гелиоцентристік көзқарасты негіздейді.

Ренессанс (renaissance — Қайта Өрлеу) – бұл ұлы жаңалықтар ашу дәуірі. Орта ғасырлардың өркениеті теңіз өркениеті деп аталды, өйткені, ол теңіздердің — Жерорта теңізі мен Балтық теңізінің маңында дамыды. 1517 жылы Колумб және басқа алғашқы жаңалық ашушылар мұхит өркениеті дәуірінің даңқын шығарды, онда дүниенің негізгі жолдары мұхит жолдары болды. Магелланның кемесі бірінші рет жершарын айналып өткен саяхат жасады. Жершарының батысындағы екі бай құрлық «ескі әлеммен» игеру үшін ашылды.

Студент Қайта Өрлеу әлемдік құбылыс па, немесе тек Италияға тән құбылыс па, соны түсінуі тиіс, Қайта Өрлеу дәуірі мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін айқындау керек. Міне, тап осы кезде Батыс Еуропа халықтарының ұлттық мәдениетінің дамығаны белгілі. Батыс Еуропа елдерінде Ренессанс мәдениетінің даму қарқыны әртүрлі. Қайта Өрлеу мәдениеті Италияда пайда болды. Италияндық Қайта Өрлеуді хронологиялық жағынан 4 кезеңге бөлуге болады: Проторенессанс (Қайта Өрлеудің алдындағы кезең) – XIII ғасырдың екінші жартысы –XIV ғасыр; ерте Қайта Өрлеу – XV ғ.; Жоғарғы Қайта Өрлеу – XV ғасырдың аяғы – XVI ғасырдың алғашқы үштен бірі, кейінгі Қайта Өрлеу – XVI ғасырдың аяғы. Проторенессанс Қайта Өрлеуге дайындық болып табылады, ол ортағасырмен, роман, готика, византия дәстүрлерімен тығыз байланысты. Тіпті суретші-жаңашылдар шығармасында ескінің жаңадан айырмашылығын білдіретін шекараны белгілей қою қиын. Жаңа дәуір бастауын Джотто ди Бондоне есімімен байланыстырады (1266-1337жж.). Қайта Өрлеудің суретшілерін оның сурет өнерінің реформаторлары деп есептеді. Джотто оның даму жолдарын белгілеп берді: реалистік сәттердің қарқын алуы, діни нысандардың зайырлы мазмұнмен толығуы, жазықтықта бейнелеушіліктен ауқымды әрі бедерлі түрлеріне біртіндеп өту.

Ерте Қайта Өрлеудің көрнекті шеберлері – Ф.Брунеллески (1377- 1446), Донателло (1386-1466жж.), Вероккио (1436-1488жж.), Мазаччо (1401-1428жж.), Мантенья (1431-1506жж.), С.Боттичелли (1444- 1510жж.). Осы кезең живописі мүсіндік әсер қалдырады, суретшілердің суреттердегі мүсіндері тас мүсінді (статуяны) еске түсіреді. Мұның өзі кездейсоқтық емес. Ерте Ренессанстың шеберлері ортағасыр живописінде жоғалып кетуге айналған дүниенің заттылығын қалпына келтіруге ұмтылды, бұл орайда нысанның көлеміне, икемділігіне, анықтығына мән берілді. Колорит мәселелері екінші орынға жылжытылды. XV ғасырдың суретшілері болашақтың заңдарын ашады және күрделі көп мүсінді композициялар құрады. Бірақ олар сызықтық перспективамен ғана шектеліп, ауа кеңістігін ескермеді десе болады. Және олардың суреттеріндегі архитектуралық көріністер сызбаға көбірек ұқсайды.

Жоғарғы Ренессанста Ерте Қайта Өрлеуге тән геометризм шектеліп қалмайды, керісінше тереңдей түседі. Бірақ оған кейбір жаңалықтар қосылған: руханилық, психологизм, адамның ішкі дүниесін, оның сезімдерін, көңіл-күйін, жай-күйін, мінезін, темпераментін беруге ұмтылушылық. Кеңістік перспективасы әзірленеді, нысандардың материалдығы тек көлемді әрі икемді болуымен қатар, түрлі түсті деңгейге жеткізілді. Жоғары Қайта Өрлеу өнерін толық көрсете білген үш суретші: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микеланджело. Олар италиялық Қайта Өрлеудің басты құндылықтарын қамтиды: Интеллект, Үйлесім және Қуат.

Ренессанс мәдениеті өзінің ең жоғарғы даму сатысына XVI ғасырда жетті, бұл кезде Жоғары, классикалық Қайта Өрлеу деп аталатын жалпыеуропалық құбылыс орын алды, одан кейін XVI ғасырдың соңғы онжылдықтарында кейінгі Қайта өрлеу жалғасты. Осы дәуірде түрлі еуропалық халықтардың мәдениетін біртұтас еткен нәрсе не? Құндылықтардың бекітілген жүйесінде рухани мәдениетке тұтастай алғанда бірінші орынға гуманизм идеясы шығады (лат. humanus — адами). Гуманизм идеялық қозғалыс ретінде дамиды. Жаңа зайырлы зиялы қауым өкілдері қалыптасады. Гуманистер рухани мәдениетті беделге қарамастан еркін түрде талқылай алады, оған батыл сынау рухы тән. Бұл адамның шексіз мүмкіндіктеріне деген сенімге толы болады және оны көптеген сөйлеген сөздер мен трактаттарда келтіріп, іскер, белсенді бастамашыл адам туралы ұғымды қалыптастырады.

Жаңадан пайда болған мәдениеттің маңызын бағалаудағы қарамақайшылық дүниені танудағы өзінің дұрыстығын дәлелдеу қуанышымен және трагизммен байланысты. Бір жағынан алғанда, Қайта Өрлеу адамы өзінің дұрыстығын дәлелдеу қуанышын сезінді, екінші жағынан, өзінің өмір сүруіндегі барлық трагедиялықты аңғарды. Оның екеуі де Қайта Өрлеу адамының дүниетанымында Құдаймен байланысты. Қайта Өрлеу мәдениеті ортағасырлық догматтарды теріске шығару ретінде қалыптасты, бірақ онда ортағасырлық мәдениеттің ықпалы болмауы тағы да мүмкін емес. Бұл таураттық тақырыптардың, сюжеттердің басымдығынан, схоластиканың ықпалынан көрінеді, шеберлердің орындауына тапсырыстардың көбін шіркеу жасады. Қайта Өрлеу – бұл бірінші кезекке живописьті шығару кезеңі, сол арқылы өнерді тануға және ақиқат дүниені, оның сұлулығы мен әралуандығын көрсетуге деген ұмтылыс. Қайта Өрлеу мәдениетінің өзіне тән сипаты ғылым мен өнердің өзара тығыз байланыста болды. Бұл Қайта Өрлеу жеке тұлғасының титанизміне негізделді: Ренессанстың, әсіресе оның Жоғарғысының шеберлері әрі суретші, әрі инженер, әрі музыкант таланттарын иеленді.

Леонардо да Винчи (1452-1519жж.) суретші, мүсінші, архитектор, жазушы, музыкант, өнер теоретигі, әскери инженер, өнертапқыш, математик, анатом, ботаник болған. Ол жаратылстанудың барлық саласын дерлік зерттеді, ол кезде басқалардың ойына да келмеген көп жәйттарды болжап білді. Оның қолжазбалары мен сансыз суреттерін зерттеу кезінде одан ХІХ ғасырда ашылды делінетін механиканың ашылуын тапқан. Леонарда да Винчи туралы Вазари тамсана отырып былай деп жазған: «…Талант… онда ол қаншалықты болды десеңізші және талант болғанда оның рухы қандай қиындықпен бетпе-бет келгенде, ол оны тез шешімін табатын еді… Оның ойлары мен батыл ізденісі әрқашанда өте байсалды және ауқымды болды, ал оның даңқының артқаны сондай, оны көзінің тірісінде ғана емес, бұл дүниеден өткеннен кейін де бағалануда».

Микеланджело Буонарроти (1475-1564жж.) – Ренессанс дәуірінің ұлы шеберлерінің бірі, жан-жақты талантты, әмбебап адам: мүсінші, архитектор, суретші, ақын. Поэзия микеланджелолық музалардың бірі болатын. Біздің заманымыға дейін оның 200-ден астам өлеңі жетті.

Рафаэль Санти (1483-1520 жж.) – тек талантты ғана емес, сонымен қатар жан-жақты суретші: архитектор және монументалшы, портрет шебері және декор шебері.

Альбрехт Дюрер (1471-1528 жж.) – неміс Қайта Өрлеуінің негізін салушы әрі оның көрнекті өкілі, «солтүстік Леонардо да Винчи», бірнеше ондаған суреттер, жүзден астам оюланған гравюра, ағашқа 250 гравюра жасаған, жүздеген суреттер мен акварельдерді салған. Дюрер өнер теоретигі болды, Германияда болашақ туралы еңбек, «Тепетеңдіктер туралы төрт кітап» жазды. Мұндай мысалдарды одан әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Сонымен, әмбебаптық, жан-жақтылық, шығармашылық таланттылық Ренессанс шеберлеріне тән қасиет болды. Қайта Өрлеу дәуірінде әдебиет дамып, оның жаңа жанрлары пайда болды. Ренессанс өнері мен әдебиетінің мазмұнына абсолюттенген тұрғыдан алғанда тар шеңберде қалып қоймау тән. Сол дәуірде жер бетіндегілерді реабилитациялау, ең алдымен дүниенің сұлулығы мен адам денесінің апологиясында жүргізілді. Ортағасырлық моральдан азат болған, индивидке тұтастай бағынатын адамның жеке тұлғасының стихиялық және серпінді өзінің дұрыстығын дәлелдейтін дәуірі туды. Қайта Өрлеу мәдениетін қалыптастыруда антикалық мұраның орны мен рөлін оқып-үйрену кезінде бұл антикалық мәдениетке тек көзсіз еліктеу, оны көшіру еместігіне мән беру қажет. Антикалық мәдениет Қайта Өрлеудің барлық кезеңінде идеал болды. Бірақ Қайта Өрлеудің мүсіншілері, өнер қайраткерлері антикалық сюжеттерді, антиктік архитектураның жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің жеке шығарамларын дүниеге келтірді, оны антикталықпен шатыстыруға болмайтын еді.

Суретшілер дүниеге басқаша көзбен қарады: ортағасырлық өнердің жазықтыққа салынатын денесіз бейнелері енді үш өлшемді, бедерлі, шығыңқы кеңістікке орын берді. Адам өзінің жер бетіндегі құштарлықтарымен және тілектерімен әдебиеттен орын алды. Бұрын тыйым салынып келген тән махаббатын суреттеуге, оны натуралық түрде сипаттауға жол ашылды. Бірақ тән сезімі руханилықты ығыстыра алмады. Философтар, жазушылар екі бастаудың үйлесім табуына, оларды теңдестіруге күш салды.

Реформация қозғалысы және оның мәдени мағынасы

Қайта Өрлеу – бұл мәдениет дамуындағы зайырлы бағыт, Реформация қозғалысында дін де көрініс тапты, бұл католиктік шіркеуді реформалау тұрғысынан көрінді. Католик дінінде елеулі өзгерістер жүзеге асырылды. Бірақ Реформалау христиандықта жаңа бағытты дүниеге келтірді, ол батыс өркениетінің рухани негізіне протестантизмге айналды, ол өз кезегінде өзіне бірнеше ағымдарды қосып алды: лютеранттық, кальвинизм, англикандық, баптизм, пресвитериандық. Осы ағымдардың бәріне ортақ нәрсе «қарапайым» және «арзан» діннің талаптары болды. Осы мәселені қарастыру кезінде Қайта Өрлеу идеялары қоғамның жоғарғы жағында болғанын, ал Реформация идеялары әр елдердің қоғамдарында барлық сатыларында қолдау тапқанын айта кету керек. Католиктіктен Еуропа халықтары: Англия, Шотландия, Дания, Швеция, Норвегия, Голландия, Финляндия, Швейцария, Германияның, Чехияның бір бөлігі бас тарты.

Реформациядың басты жетістігі жеке тұлғаның Құдаймен жеке түрде қатысына ерекше мән берілуі болып табылады. Шіркеудің аралық көмегінен қол үзген адам енді өзінің әрекетері үшін өзі жауап беретін болды, яғни бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп жауапкершілік жүктелді. Реформация бейбіт өмір маңызы мен қызметін жоғары қойды, бұл орайда ол Құдайға тиісті дәрежеде құрылған қоғам арқылы құлшылық ету мүмкіндігін уағыздады. Реформациядың басты тұлғалары неміс священнигі (дін қызметкері) Мартин Лютер, француз священнигі Жан Кельвин, Томас Мюнцер болды.

Ғылымның дамуын оқып-үйрену кезінде оған ортағасырлық дүниетанымның әсер еткенін ескеру қажет. Ғылым өкілдерінің көбі діншіл болды. Ортағасырлық оккульттік (жұмбақ) ғылымдары саналатын алхимия, астрология, мистика, магия және т.б ықпалы әлі де күшті болатын. Қоғамның дүниетанымдық деңгейі өзгеруіне байланысты ғылымның мәні біртіндеп өзгере бастады. Қайта Өрлеу ғылымының басты ерекшеліктері ол Құдайдың бар екендігін жоққа шығармайды, Құдай табиғатпен астасып жатыр деген ұғымда болды – пантеизм. Философия енді «құдайға құлшылық етудің қызметшісі» бола қоймады, бірақ одан толықтай қол үзген жоқ. Натурфилософия (табиғат философиясы) кеңінен таралды. Қайта Өрлеу ғылымының өкілдері — Н.Кузанский, Н.Коперник, Дж.Бруно, Н.Макиавелли, М.Монтень, Дж.Пико де Мирандола, Парацельс және т.б. Осы дәуірдің басты ғылыми жетістігі Н.Коперниктің гелиоцентристік теориясы болып табылады, яғни бұл «коперниктік төңкеріс» деп аталды. Дүниеге жаңаша көзқарас шаруашылық жүргізудің қажеттіліктерімен бірге топырақты, металды зерттеуге жәрдемдесті, химиялық және физикалық тәжірибелер жасалды. Бірақ бұл орайда діннің ықпалы әлі де күшті болды, 1600 жылы католиктік шіркеу Дж.Бруноны дарға асты.

Италиядан тыс жердегі Қайта Өрлеуді әдетте «Солтүстік» Қайта Өрлеу деп атады (Нидерланды, Германия, Англия, Франция, Испания). Бұл термин мейілінше шартты түрде аталады. Оны италияндық Қайта Өрлеумен қатар қолданады, бірақ Италияда ол тікелей бастапқы мәнге ие болса – антикалық мәдениет дәстүрлері қайта өрлесе, ал басқа елдердегі мәніне қарағанда ештеңе де «қайта өрлеген» жоқ: онда антикалық дәуірдің ескерткіштері мен еске алушылық онша көп болған емес. «Қайта Өрлеу» терминінің бүкіл еуропалық мәдениетке таралуының себебі мәдени үдерістің ішкі үрдістерінің ортақтығынан болды, яғни барлық жерде буржуазиялық гуманизм өсіп, қалыптасты, жеке тұлғаның өсе түскен сана сезімінде феодалдық дүниетаным ыдырай бастады.

Еуропаның басқа елдеріндегі (Нидерланды, Германия, Англия, Франция, Испания) Қайта Өрлеудің хронологиялық ерекшеліктеріне де тоқтала кеткен жөн: ол италиялық Қайта Өрлеуден тұтастай жүз жылға кейіндеп қалды. «Солтүстік» Қайта Өрлеу өнерінде ортағасырлық дүниетаным, діннің, символиканың ықпалы көп болды. «Солтүстік» Қайта Өрлеу мәдениеті Реформалаудың қозғалысымен тығыз байланысты. Реформалау деп Еуропада XVI ғасырдағы христиандықты жаңғарту үшін жасалған католиктікке қарсы ауқымды қозғалысты атайды, оның негізін салушылар мен көсемдері Германияда Мартин Лютер (1483-1546жж.) және Францияда Жан Кальвин (1509-1564жж.) болды.

Бірақ Реформация тек діни жаңару ғана болып қойған жоқ, бұл христиан мәдениетін жан-жақты өзгерту болды. Осындай өзгерістердің нәтижесі христиандық дін ұстанудың жаңа нұсқасы – протестантизмді дүниеге келтіріп ғана қойған жоқ, сонымен бірге өмірге және өзіне-өзі жаңаша көзқараспен қарайтын жаңа адам түрі пайда болды. Адамның осы жетілуі батысеуропалық өркениеттің қарқынды дамуында қозғаушы күшке айналды. Реформация христиандықтың мағыналық әлемін өзгертті және жаңа түрдегі христиан мәдениетінің негізін қалады. «Солтүстік» Қайта өрлеудің нағыз бастауын Тауратты Мартин Лютердің неміс тіліне аударуы деп есептеуге болады. Солтүстік Ренессанстың философиялық негізі пантеизм болды, ол Құдайға қарсы шықпай, оны табиғатпен астастырады. «Солтүстік» Қайта Өрлеудің өзіне тән стилі — бұл италиялық ықпалды өзіндік ерекшелігі бар готикалық дәстүрлермен біріктіру. «Солтүстік Қайта Өрлеу» ғылымның, әдебиет пен өнердің әралуан салаларындағы ең жоғарғы жетістіктерімен даңқы шықты.

Өнердің басқа түрлерінен ерекшелігі Қайта Өрлеу музыкасының негізгі идеалдары мен өлшемдері антикалық идеалдар болған жоқ, өйткені, XVI ғасырға таман антикалық ноталық жазбалар әлі де толық ашылмаған және талданбаған еді. Сондықтан аталған дәуірдің музыкалық шығармаларының басты негізі антика дәуірінің поэтикалық, әдеби шығармалары болды. Шіркеу музыкасы тұтастай алғанда басымдық танытты, бірақ ол халықтық музыкаға сүйенді.

Зайырлы музыкада жаңа жанрлар пайда болды – мадригал, баллада, романс, качча, сондай-ақ лютня, орган, клавесин тәрізді жаңа музыкалық аспаптар пайдаланылды. Музыка теориясы, гармония туралы ғылым дамыды. Минормен салыстырғанда неғұрлым көңілді, жарқын мажор ладын бөліп шығару мен бекітудің маңызы зор болды. Осы кезде бидің, хореографияның, музыка теориясының ережелері бойынша ауқымды әдебиет пайда болды.

Театр халықтық және кәсіби болып бөлінді және зайырлы сипат алды. Кейінгі Қайта Өрлеудің көрнекті қайраткерлерінің бірі В.Шекспир /1564 -1616 жж./. Ұлы драматург және ақын жалпыадамзаттық мәселелері алға қояып, пьесаны жазуда жаңашылдық әдістерін қолданады, типтік образдар жасайды. В.Шекспир нағыз табиғи адамның кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін жасады. Біздің уақытқа дейін 37 пьеса, 2 поэма, 154 сонет жетті. Студенттер аталған тақырыпты оқып-үйрене отырып, Қайта Өрлеу дәуірінің негізгі мәдени-тарихи ерекшеліктерін сипаттай білуі тиіс және гуманизм ұғымына анықтама беруі қажет. Қайта өрлеу мәдениетінің маңызы мен ықпалын қарастыру кезінде бұл кезең орта ғасырлар мәдениетінің жалғасы болып табыла ма, немесе оның дамуының өзге сатысы ма, осыны айқын түсінуі керек.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қайта Өрлеу мәдениетінің пайда болуының алғышарттары қандай болды?
  2. Жаңа мәдениеттің алғышарттары неге ең алдымен Италияда қалыптасты?
  3. Гуманизм идеологиясының мәнін қандай идеялар құрайды?
  4. Батыс Еуропаның әртүрлі елдерінде Ренессанс мәдениетінің ерекшеліктері қандай болды?
  5. Қайта Өрлеу дәуірінің мәдениетіне антикалық мұраның әсері?
  6. Италияндық және Солтүстік Қайта Өрлеудің ұксастығы мен айырмашылығы қандай?
  7. Қайта Өрлеудың негізгі ғылыми жетістіктерін атаңыз.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *