“Қабылдау” ұғымы. Егер адам түйсіну нәтижесінде заттардың же­ке­ле­ген қасиеттері (ыстық, суықтығы, қаттылығы, жұмсақтығы, жа­рық­ты­лы­ғы, т.б.) туралы ақпарат алса, қабылдау заттар мен құбылыстардың бір­тұ­тас бейнесін көрсетеді.

Қабылдау – бұл сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен объективті дү­ние заттары мен құбылыстарының тұтастай бейнеленуі. Түйсік пен қабылдау бірі-бірімен тығыз байланысты.

Перцептивті әрекеттің төрт операцияларын немесе деңгейлерін бө­ле­ді. Олар: табу, айыру, идентификация және тану. Алғашқы екеуі пе­р­цеп­тив­ті, соңғы екеуі танушы әрекеттерге жатады.

Табу – кез келген сенсорлық процестің негізгі кезеңі. Бұл кезеңде субъект тек стимул бар ма деген сауалға ғана жауап бере алуы мүмкін. Қа­был­даудың келесі операциясы айыру. Оның соңғы нәтижесі – эталонның пер­­цептивті бейнесін қалыптастыру. Мұнда перцептивті әрекеттің дамуы көр­сетіліп отырған материалдың немесе субъектінің алдында тұрған мін­дет­тердің спецификалық сенсорлық мазмұнын бөліп алу жолымен жүреді.

Перцептивті бейне қалыптасқан соң танушы әрекет іске асады. тану үшін салыстыру және идентификация қажет.

Идентификация дегеніміз қабылдаған объектіні есте сақталған бей­не­мен ұқсастыру немесе біруақытта қабылдаған екі объектіні ұқсастыру. Со­нымен қатар, тану категоризациялардан (объектіні бұрын қабылдаған объек­тілердің белгілі бір тобына жатқызу) және оған сәйкес эталондарды ес­тен табудан тұрады.

Қабылдау – анализаторлар жүйесі қызметінің нәтижесі. Қабылдау зат­тар­дың маңызды белгілерінің бірігуін және өткен тәжірибеде қа­был­дан­ған­дармен салыстыруды талап етеді. Кез келген қабылдау белсенді қоз­ға­лыс компонентінен (заттарды қолмен ұстап көру, қарауда көздерді қоз­ғал­ту т.б.) және біртұтас бейненің синтезі бойынша мидың күрделі ана­ли­ти­ко-синтетикалық қызметінен тұрады.

ҚАБЫЛДАУ ҚАСИЕТТЕРІ

Психологияда қабылдаудың бес негізгі қасиеттерін бөледі: тұтастығы, кон­станттығы, мағыналылығы, таңдамалылығы және апперцепция.

Қабылдау тұтастығы. Қабылдау қашанда заттардың біртұтас бей­не­сі. Қабылдау әртүрлі түйсіктер түрінде алынатын заттардың жеке қа­сиет­тері туралы білімдерді жалпылау негізінде жинақталады. Қабылдаудың объектісі жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, біз оларды бү­тін­дей, тұтас қабылдаймыз.

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы кө­мегімен біз айналадағы заттарды пішіні, түсі, шамасы т.б. бойынша тұ­рақ­тылықта көреміз. Қабылдау тұрақтылығы деп отырғанымыз, олардың жағ­дайлардың өзгеруіне қарамастан, заттардың сол қалпында қа­был­да­нуы. Қабылдау константтығы – бұл көбіне өткен тәжірибе ықпылының кө­рі­нісі. Себебі, біз қағаздардың ақ, дөңгелектердің шеңбер болатындығын не­­месе қабырғада ілулі тұрған сурет қалай қозғалсақ та көлем жағынан сол күйінде болып қабылданатындығын білеміз. Сондықтан да, адам айна­ла­­сындағы таныс заттарды өзгермеген нәрсе ретінде қарайды.

Қабылдау мағыналылығы – ақыл-ой иесі адам барлығының мәнін тү­сінуге тырысады. Әдетте, ол түсінетін нәрсесін ғана қабылдайды. Сон­дық­тан, да қабылдау ойлаумен, заттардың мағынасын түсінумен тығыз бай­ланысты.

Қабылдау таңдамылылығы – толып жатқан объектілердің ішінен бі­­реуін іріктеу.

Бір ақпаратты адамдардың әртүрлі, өзінің қызығуы, қажеттіліктері мен қабілеттері т.б. байланысты субъективті қабылдауы – қабылдау су­бъ­ек­­тивтілігінің заңдылығы. Психикалық дүние мазмұнына, жеке ба­сы­ның ерек­шеліктеріне байланысты қабылдауды апперцепция деп атайды. Ап­пер­цепцияның тұрақты және уақытша түрлерін бөледі. Тұрақты ап­пер­цеп­ция – тұлғаның тұрақты ерекшеліктеріне (дүниетаным, сенім, рухани дү­ни­есі т.б.) байланысты және уақытша епперцепция психикалық күйлер си­туа­тивті пайда болғанда (эмоция, бағыт т.б. ) көрінеді.

ҚАБЫЛДАУ ТҮРЛЕРІ

Қайсы бір анализатордың үстемдігіне қарай көру, есту, иіс сезу, ки­нес­­­тезиялық, сипай сезу, және дәм сезу қабылдауларын бөледі. Әдетте, қа­был­­дау – бірқатар анализаторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. Мә­се­лен, сипай сезуге тактильді әрі кинестезиялық анализаторлар қатысады. Осы тәрізді естіп және көріп қабылдау да қозғалыс анализаторлары қа­ты­са­ды. Қабылдау түрлері таза түрінде сирек кездеседі; әдетте олар бірігіп қыз­мет етеді, осының нәтижесінде қабылдаудың күрделі түрлері пайда бо­лады. Мысалы, оқушының мәтінді қабылдауында көру, есту және ки­нес­тезиялық қабылдау қатысады.

Қабылдаудың тағы бір жіктелу түрлері бар. Олар: кеңістікті қа­был­дау, уақытты қабылдау және қозғалысты қабылдау.

Кеңістікті қабылдау көру, бұлшықет және сипай сезу түйсіктерінің бі­рі­гуі көмегімен заттардың шамасын, пішінін және көлемін қабылдауға не­гіз­деледі, оны бинокулярлық көру қамтамасыз етеді.

Уақытты қабылдауды ең алдымен организміміздің қалпына әсер ете­тін медикаменттер өзгертетіндігі нақты дәлелденген. Хинин және ішімдік уақыт­ты мейлінше баяу өткізеді. Кофеин керісінше, уақытты жыл­дам­да­та­ды.

Организмдегі үрдістерді үдетуші барлық әсерлер біз үшін уақыт ағымын да жеделдетеді, ал физиологиялық депрессанттар баяулатады.

Біз уақыт ұзақтығын қажеттілігіміздің туындау сәті мен оны қанағаттандыру арасындағы уақыт аралығында, яғни уақытты кедергі ре­тін­де (бір нәрсені немесе біреуді) қабылдағанда сезінеміз. Басқа уақыт­тар­да біз уақыт ағысына аса көңіл аудара қоймаймыз. Осыған орай, Вундт “Үнемі өз назарымызды уақыт ағымына аударсақ, ол бізге өте ұзақ болып кө­рінеді”, — деп уақытты қабылдаудың негізгі заңдылығын тұжырымдаған. Шы­нында да, сағаттың тілі 60 бөліндіден өткенін көз алмай қадағалап отыр­сақ, тағатымыздың жетпейтіндігі соншалық 1 минут біз үшін аса ұзақ өткендей көрінеді. Уақытты бағалау қабілетінде үлкен жеке-дара ерек­ше­лік­тер бар. Бір сыналушының уақытты қабылдауы психикалық жә­не физи­ка­лық күйлерге қарай аса түрленеді. Жабырқау немесе фрустрация ке­зінде уақыт баяу өтеді. Өткен әсерлерге, іс-әрекетке толы уақыттар өте ұзақ ке­зе­ңімен еске түседі, ал қызықсыз жағдайларға толы кезеңдер тез өт­кен­дей көрінеді. Әдетте 5 минуттан аз уақыт ұзақтығы еске түсіргенде өз уақыт жиілігінен ұзақ, ал ұзақ уақыт аралығы қысқа болып көрінеді.

Біздің уақыт ұзақтығын бағалау қабілетіміз уақыт өлшемін – өткен оқи­ғаларды нақтырақ сыйдыратын уақыт білігін (ось) жасауға мүмкіндік бе­реді. Ағымдағы (қазіргі) уақыт осы біліктен айрықша нүктені алады, өт­кен уақыт оған дейінгі, болашақтан күтетін уақыт – осы нүктеден кей­ін­гі орында алады. Қазіргі және болашақ қатынастарды жалпы қа­былдау “уақыт­ша перспективалар” деп аталады.

Сенсорлық депривация. Тітіркендіргіштің, ақпараттың тапшылығы қо­­лайсыз фактор екендігі белгілі. Зерттеулер бойынша, адамды қоршаған ор­­та мен өз организмінен түсетін тітіркендіргіштерден (сенсорлық де­при­ва­­ция — адамды дыбыс өтпейтін камерада ұстағанда, адамға жарық өт­пей­тін көзілдірік кигізгенде, тері сезгіштігін төмендету үшін жылы ваннаға отыр­­ғызғанда болады) оқшауландыру кезінде, қалыпты физикалық дені сау адам өз ойын басқаруда үлкен қиындықтарға кезігіп, кеңістікте, өз тә­нін­де бағдарын жоғалтады, адамда галлюцинация, жамандықтар бас­та­ла­ды. Осындай оқшаулаудан кейін адамдарды тексеру кезінде, олардың түс­­терді, пішіндерді, көлемді, кеңістікті және уақытты қабылдауларының бұ­­зылғанын, кейде қабылдау тұрақтылығының жоғалғанын байқаған. Оқ­шау­­ландыру кезеңі аяқталғаннан соң адамдарда қоршаған ортада бағ­дар­ла­ну қабілетінің жоғалғандығы байқалған. Бұл адамдар объект пішіндерін (шар және пирамида) айыра алмаған, тіпті бұл пішіндерді өзгертіп (тра­пе­ци­яны шаршы деген) қабылдаған.

ҚАБЫЛДАУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Өткір физикалық немесе эмоциялық шаршау кезінде адам әдеттегі сырт­қы тітіркендіргіштерге аса сезімтал болады. Күндізгі жарық көзді ша­ғы­лыстырады, айналадағы заттар бояуы тым ашық көрінеді. Дыбыстар дау­рығып естіледі, есіктің сартылдауы оқ атылғандай болады, ыдыс­тар­дың сылдыры құлаққа жағымсыз естіледі. Иістер тітіркендіріп, өткір боп қабылданады. Денеге жанасқан маталар кедір-бұдырлы болады. Көзге кө­рінгендер қозғалмалы не қозғалмайтын тәрізді (тұрақты гал­лю­ци­на­ция) және сахнада немесе кинода ойналып жатқан түрлі оқиғалар түрінде кө­рінеді. Жалғыз бейнелер (жалғыз галлюцинация), заттардың, дененің бө­ліктері (бір көз, жарты бет, құлақ), адамдар тобыры, жануарлар үйірі, жән­діктер, фантастикалық нәрселер пайда болады. Көру гал­лю­ци­на­ци­я­ла­ры өте қиын эмоциялық әсерін тигізеді: қорқытуы, үрей туғызуы немесе ке­рісінше, қызығу, таңдану тудыруы, тіпті табындыруы мүмкін. Гал­лю­ци­на­цияға ұшыраған адамды галлюцинаторлық бейненің жоқтығына сендіру мүм­кін емес: “Сіз қалай көрмей тұрсыз, міне, ит тұрған жоқ па? Терісі са­ры, міне ол, міне дедім ғой . . .”. Галлюцинация мидың гипноздық па­ра­док­­­салды фазасы, ми қыртысының тежелуші күйі кезінде пайда бо­ла­тын­дығы ұйғарылған.

Галлюцинацияның тағы бір түрі – псевдогаллюцинацияда бейнелер сырт­қы кеңістікте емес, іште көрінеді, яғни “бастың ішінде дауыс ес­тіл­ген­­дей болады”. Псевдогаллюцинация кез келген сезімдік сферада бо­ла­ды: тактильді, дәм, көру, кинестикалық, дыбыстық, бірақ олар ұсақ де­таль­­ды, нақты немесе тұрақты және үздіксіз бейнелер болғанымен өмір­де­гі шын заттармен ұқсастырылмайды. Псевдогаллюцинация сыртқы әсер­лер­­ден емес, ішкі себептерден спонтанды, адамның еркінсіз пайда болады жә­­не ерікті өзгеріліп, санадан шығарылуы мүмкін, адамға сонымен қатар “бай­­ланған” сипатта болады. Псевдогаллюцинацияның жатсынушылық, жа­­­тыр­қаушылық, “біреудің қолымен жасалғандық” симптомымен бай­ла­ны­суы Кандинский синдромы деп аталады: адамда өзге жақтан әсер сезімі пайда болады. Бұл синдромның үш компонентін бөлуге болады:1) иде­а­тор­­лық – “ой зорлығы”, “іштей ашылуға” жағымсыз сезім пайда болады; 2) сенсорлық – “түйсіктер зорлығы” (“картиналарды зорлықпен көрсетеді. . . “); 3) моторлық – (қозғалыстар зорлығы” (“әлдебіреу қолымен, аяғымен, де­­несімен әрекет жасайды, әдеттен тыс оғаш жүруге, ерсі қимылдар жа­сау­ға мәжбүр етеді. . . ).

Галлюцинациядан иллюзия, яғни шын заттар мен құбылыстарды қате (бұ­р­малап) қабылдау ерекшеленеді. Олар аффективті, вербалды (сөздік) жә­не парейдоликалық болып бөлінеді.

Аффективті (аффект – қысмерзімді, күшті эмоциялық қозу) иллюзия кө­біне қорқыныш және жабырқаңқы көңіл –күймен байланысты. бұл күйде тіпті ілулі тұрған киім тонаушы, ал өтіп бара жатқан адам – зор­лау­шы немесе кісі өлтіруші тәрізді көрінеді.

Вербалды иллюзия – айналадағылардың әңгімесінің шын мазмұнын бұр­малап, жалған қабылдау. Бұл әңгімелердің мазмұны адамға қолайсыз қы­лықтар жасайтындай, жасырын қауіп төндіріп, қорлайтындай тәрізді кө­рінеді.

Парейдоликалық (парейдолические) иллюзиялар психикалық іс-әре­кет тонусының төмендеуінен, жалпы енжарлықтан туындайды. Тұс­қа­ғаз­да­ғы өрнектер, қабырғадағы сызаттар, түрлі-түсті көлеңкелер ашық кар­ти­налар, ертегідегі кейіпкерлер, фантастикалық құбыжықтар, ерекше өсім­дік­тер, бояулы көріністер тәрізді қабылданады.

Көру стимулдарының белгілі бір құрылымының орналасуына бай­ла­ныс­ты барлық адамда кездесетін типтік көру иллюзиялары да кездеседі (мы­салы, көлемдері бірдей тік сызықтар, көлденеңге қарағанда ұзынырақ кө­рінеді).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *