Кəсіпорынның экономикалық стратегисы бұл эканомикасы тиімді жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бағытында ұтымды ережелер мен шешімдерді қабылдауды ұйғаруын айтамыз.Бұл біріншіден, ал екіншіден стратегиялық мақсаттарға жету жолының ережесімен шешімдерін қабылдай отырып стратегиялық бағдарла-маларын өңдеу мен оны жүзеге асырудағы өндіріс процесіндегі қатысушыларының көздеген мақсаттарына тиімділікпен қол жеткізуді ұйғаратындығын көрсетеді.

Стратегия дегеніміз – кəсіпорынның (фирманың) өз іс-əрекетінде қолданылатын нақты шешімдерді қабылдауындағы ережелер жиынтығы. Өз мəнісіне байланысты ережелер төмендегі төрт топтарға бөлінеді: 1 – ереже, кəсіпорынның іс-əрекетін (ағымдағы жəне келесі жылғы) қорытындысын бағалау кезде қолданылады, белгілердің сапалық жағын бағалауын бағыттау, ал сандық жағын бағалауын «тапсырма» деп атайды, 2 – ереже, фирманың сыртқы орта мен қарым қатынасынан қалыптасады, яғни қандай өнімді жəне технологияны өндіруді, қайда жəне кімдерге өз бұйымдарын жібереді, бəсекелестерге қарағанда өзінің басымды болуына жету жəне т.б. Бұл ережелер жиынтығы азық-түлік нарықтық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады, 3 – ереже, кəсіпорынның (фирманың) ішкі қатынасы мен процедурасынан тағайындалады, бұл ереже ұйымдастыру стратегия немесе бəсекелестік стратегия деп аталады, 4 – ереже, кəсіпорын – өзінің күнделікті əрекетін жүргізуде қолданады, оларды шапшаңдық тəсілдері деп атайды.

Əр-бір кəсіпорын көпфункционалды жүйе ретінде барлық бөлімдерінің ерекше мақсаттарын шешу жолын, өз іс-əрекеттерін бағыттайды. Осыған байланысты кəсіпорын экономикалық тиімділігін жоғарлату бағытында төменде көрсетілген функционалды стратегия-ларын өңдеп қолдануы мүмкін: — маркетинг стратегиясы; — қаржы стратегия; — инновациялық стратегия; — өндіріс стратегиясы; — ұйымдастыру өзгерісінің стратегиясы.

Кəсіпорындардың даму стратегиясына көп ықпал ететін еңбекшілердің əлеуметтік жағдайын жоғарлату болып табылады. Көптеген кəсіпорындардың басшылары артық жəне пайда əкелмейтін шығын деп санап, өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді қажет деп есептемейді. Əлбетте, кəсіпорындар мұндай қарымқатынаспен əлемдік жоғары стандарттарға жауап бере алатын, бəсекеге қабілетті өнімдерді өндіруде жəне халықаралық нарықта бəсекелесе алмайтын болады. Демек, кəсіпорындардың кадр саясатындағы ең маңызды басымдықтарының бірі неғұрлым сапалы қызметкелер құрамын дайындау, олардың біліктілігін көтеру, сондай-ақ, Қазақстанның кəсіпорындарындағы қызметкерлердің материалды жəне материалды емес еңбек мотивациясы жүйесін жақсарту мен ендіру болып табылуы керек.

Стратегияны іріктеу кезде оның төменде көрсетілген нəтижелігін, тиімділігін бағалау қажет: — экономикалық тиімділік – қолданылған стратегияның, өнімнің ішкі жəне сыртқы нарықтағы сату көлеміне, табыс нормасына, таза табысына, жұмсалған инвестицияның өтілу мерзіміне жəне т.б. тигізетін əсерінен анықталады; — əлеуметтік тиімділік – стратегияның, тұрғындардың өмір сүру жағдайына, мəдениетінің дамуына, біліміне, салауатты өмірінің сапасына, тигізетін əсерінен анықталады; — экологиялық тиімділік – табиғи ресурстарын пайдалануына жəне қоршаған ортаның ластану дəрежесіне тигізетін əсерін айтамыз; — техникалық тиімділік – өнімнің жаңалық деңгейіне, сапасына жəне бəсекелестік мүмкіндігіне тигізетін əсерін айтамыз; — жүйелік тиімділік – машина бұйымдарын сатудан жəне іске асырудан түсетін қосымша кіріске тигізетін əсерін айтамыз. Қорытындысына келетін болсақ ел басымыз айтқандай: «Кəсіпорындардың дамуының жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дəстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан əрі де саяси жəне мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіре отырып, жас кəсіби мамандар, ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек » дегіміз келеді.