Этнопсихологияның психология ғылымындағы орны

Бұл жұмыстан біз психологияның қалай пайда болғаның, оның кандай салалары және қандай әдіс-тәсілдері бар екенін біле аламыз. Сонымен қатар психологияның Қазақстандағы маңызы туралы ақпарат және психологияны зерттеген әлем туралы ақпарат ала аламыз.

Из этой работы мы можем знать, как возникает психология, какие области она имеет и как она работает. Мы также получаем информацию о важности психологии в Казахстане и мире исследований психологии.

From this work we can know how psychology arises, what areas it has and how it works. We also receive information about the importance of psychology in Kazakhstan and the world of psychology research.

Bu çalışmadan psikolojinin nasıl ortaya çıktığını, hangi alanların olduğunu ve nasıl çalıştığını biliyor olabiliriz. Ayrıca, Kazakistan’da psikolojinin önemi ve psikoloji araştırması dünyası hakkında bilgi alıyoruz.

Кіріспе

Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат – міндеттеріне бас назар аударылып, осыған орай кітаптың қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс тіршілігіне қатысты жерлері түгелдей дерлік қайта қаралып, редакцияланды. Бұл жерде аты түркі әлеміне белгілі Мағжан Жұмабаев «…қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл» деген аталы сөзі осы кітаптың ірге тасты мәселелерінің бірі болады.

Соңғы жылдары ұлт психологиясының  төңірегіндегі түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің тарихы жазылды, әсіресе күні бүгінге дейін орны  ойсырап тұрған  «ақтаңдақтардың» (Ж.Айтмауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» , «Жан жүйесі және өнер таңдау» т.б. кітаптары)  жәй-жапсары ашыла түсіп, олар өз оқырманымен жүздесе бастады.

Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына, тәң iрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықшылығы уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеде өндiрiс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы бipi iс-əрекет психологиялық заңдылықтарды түсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкін емес.

Адамның даму заңдары мен оның болмысы жасампаздық мүмкiндктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн те қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объектi, ал ғылымдардың əрбiрi өзi не тəн ерекше көкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi мүмкiн емес. Л. С. Рубинштейн «Жалпы психология негiздерi» (1940) атты еңбегiнде »Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анык; Keiлiп тұр: олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықлас-ниеттерiмiз бен тектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз ушып денiмiзге ажырамастай болып сінген құбылыстар жиыны», — деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншк толғанысының болуы, ол түйск сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ.

Психология пәні

Психология – психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқвндауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – «псюхе» (жан), екіншісі — «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.

Жан туралы ғылыми түсіну

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель( б.з.д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал – жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832-1920) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне –бірі қарама – қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой – пікір, талас – тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл- Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс — әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой — өрісі, сана – сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сиптта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

 Бақылау әдісі

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он.  жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар   баланың   психикалық   даму   заңдылықтарын анықтау   үшін   пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологи В. Штерн (1871 — 1938)  әйелі   (К. Штерн)   екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеқдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  (1889—1963)  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар  сияқты,  ата-аналар   да   күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар  мен педагогтар жиі пайдаланады  (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)

Ішінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды  (1949).

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

Эксперименттік  әдіс

Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті  өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекі­тілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспери­мент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына  қарай шығарылады.

Психологияның маңызы

Психология ерте заманнан келе жатқан ғылымдардың  бірі болғанымен,  адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келеді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің филосовиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді  сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

1966 жылы Мәскеуде дүние жүзі психологтарының XVIII конгресі, ал 1980 жылы Лейпцигтегі кезекті XXIIхалықаралық конгресс болып өтті . Бұларда осы ғылымның көптеген салаларында жүргізілген зерттеулер қорытындылады. Психология ғылымының қалыптасуына және оның аса маңызды іргелі теориялық проблемаларының  зерттеуде Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, Р.В.Давыдов, А.В.Петровский, А.А.Смирнов , Б.М.Теплов, С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе, Ж.Айтмауытов, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев т.б. елеклі үлес қосты.

Психология салалары

Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады.

Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік, Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пәннін, зерттейтін объектісін, екінші. адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс-әрекет несі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасын алып қарастырамыз. Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырьш, оның психикасының дамуын темендегіше жіктейміз.

  1. Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп, оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралык ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді.
  2. Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы.

III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

. IV. Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру

  1. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармақка бәлінеді, арбір тармақтық адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат-міндеттері бар.

. VI. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау.

VIІ. Әлеуметтік-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді.

VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді

  1. Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді,
  2. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала.Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі.
  3. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары..

XII. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. XIII. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді

Қорытынды

Сонымен, психология дегеніміз — психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып — үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Гоноболин Ф.Н. «Психология» (Оқу құралы Алматы,  «Мектеп» 1976)
2.Жалпы Психология (оқу құралы Б.Б. Богословский т.б.) арнаулы редакторы Қ.Жарықбаев Алматы, Мектеп 1980 жылы
3.Корнилов К.Н. Психология (Оқцу құралы) Алматы казмемпедбас 1948
4. Мухина В.С. «мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы Алматы « Мектеп» 1948

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *