Эндокринді безінің қызметі

Эндокринді бездер ағзаның басқа да мүшелері сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Олардың қызметінің бұзылуын үлкен екі топқа бөлуге болады: Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфункция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы бездері, айырша без, бүйрекүсті бездері және т.б. бездер жатады.

Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65 г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады. Адамның сүйектері 25 жасқа дейін үзарып өседі. Акромегалия — ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлінуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.

Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл — қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады.

Тироксин ағзадағы зат алмасудың негізгі бөлігін реттейді. Оның қызметіне байланысты ағзада қоректік заттар қорға жиналады (ағзаға қажетті нәруыздар, майлар түзіледі) немесе ыдырап энергия түзіледі.

Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, қоректік заттардың барлығы қорға жиналады. Соның салдарынан микседема ауруы пайда болады. Адам семіреді. Оның дене температурасы 35°С болып, үнемі тоңады, күш-қуаты аз, әлсіз болып, ұйқысы келе береді.

Тироксин мөлшерден көп бөлінген жағдайда қоректік заттардың өте көп бөлігі энергияға жұмсалады. Содан Базедов (бадырақ көз) ауруы пайда болады. Ауру адамның жүйке жүйесі шектен тыс қозады, жүрегі жиі соғып, тыныс алуы жиілейді, дене температурасы 37-38°С бола-ды, ұйқысы қашады, арықтайды, көп тамақ жейді, бірақ жеген тамағы ағзаға сіңбейді. Көздің бұлшық еттеріне күш түсіп, көзі бақырайып кетеді. Мұндай адамдардың жүрегі және басқа да мүшелері тез ауруға шалдығады. Қазақстанда қалқанша безі ауруларының санын азайту мақ-сатында йод тапшылығының алдын алуы туралы заң қабылданған. Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көп жылдар бойы қалқанша без-дің бір бөлігі деп есептеген. Кейін оның құрылысын зерттегенде (1924 ж.) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі. Бездердің саны төртеу, олардың екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, ал екеуі төменгі жағына орналасқан. Қалқанша безге жақын орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше.

Қалқаншамаңы бездерінің қызметі: бездерден бөлінетін гормондар сүйектерде жиналатын фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді. Паратгормонның әсерінен олар қанға өтеді. Егер организмде паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастағанда, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфордың мөлшері ар-тады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшық еттер түйіліп қалады. Тістер ете сынғыш болып, оларда бор түстес дақтар пайда болады. Паратгормон шамадан артық бөлінгенде сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сынғыш болады, қан тамырларда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Қалқаншамаңы бездерінің жүмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы үшын жауып орналасқан без. Адамның балалық шағында ірі (30 г) болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20 г). Бұл без тимозин гормонын бөледі. Ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, антидене түзілмейді.

Бүйрекүсті бездері — бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп эндокринді бездер. Олар екі қабаттан түрады: сыртқы қыртысты және ішкі ми қабаты.

Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды кортикоидтар деп атайды. Олар әсері әртүрлі екі гормон бөледі. Минералокортикоидтар ағзада минералды заттардың: түздар мен су мөлшерін реттейді. Глюкокортикоидтар тағамның құрамындағы нәруыздардың көмірсуларға айналуын қамтамасыз етеді. Сондықтан адам құрамында тек нәруыз бар тағам жегенде де қанның құрамындағы көмірсудың мөлшері азаймайды.

Бұл гормондар күйзеліс кезінде бөлінеді. Олар ағзада көмірсулар мен майлардың алмасуын реттейді, қан тамырлар жүйесінің қызметін, қаңқа бұлшық еттерінің және ішкі мүшелердің бұлшық еттерін белсендіре түседі. Күйзелісті жағдайда адреналиннің бөлінуі артады. Ол қанда қант мөлшерін арттырып, жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді және бүлшық еттердің жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Көру өткірлігін арттыру үшін көз қарашығын үлкейтеді. Бауыр ағзаны мол энергиямен қамтамасыз ету үшін қордағы глюкозаны бөледі. Жарақат алған кезде қан тамырларды тарылтып, қанның ұю жылдамдығын тездетеді. Дәрігерлер кейде жүрегі тоқтап қалған адамның жүрегіне қайта соғуы үшін адреналин егеді.

Басқа күтпеген ауыр жағдайда бүйрекүсті бездері нарадреналин бөледі. Бұл гормондар барлық омыртқалыларда негізінен жылықандыларда секреттеледі.

Ұйқы безінің қызметін гипофиз безінің гормондары басқара алмайды. Ол гипофиз қызметіне тәуелсіз. Оның гормондары қанның құрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты бөлінеді. Егер гормон көп бөлінсе, ағза өздігінен уланады. Ал шектен тыс аз мөлшерде бөлінетін болса, ағзада энергия жетіспеушілік байқалады. Осыған байланысты ең алдымен мидың, содан соң ағзаның басқа да мүшелерінің қызметі бұзылады.

Біз тәтті тамақты көп жесек немесе бірнеше күн аш жүрсек те қанның құрамындағы глюкозаның мөлшері тұрақты — 0,1-0,12% болады. Оған ұйқы безінің гормондары жауапты. Тәтті тамақ жегенде инсулин гормоны бөлінеді. Ол қанның құрамындағы глюкозаны бұлшық ет пен бауырда қорға жиналатын, ерімейтін гликогенге айналдырып, қанттың мөлшерін төмендетеді.

Ағза қанның құрамындағы глюкозаны үнемі энергияға айналдырып, жұмсайды. Біз үнемі қант жемейміз. Сондықтан ағза қанның құрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты етіп сақтайтын глюкагон гормонын түзеді. Ол бұлшық ет пен бауырдағы гликогенді глюкозаға айналдырады. Сонымен, инсулин мен глюкагонның қызметі бір-біріне керісінше болады. Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада қант диабеті ауруы пайда болады. Қандағы глюкоза мөлшерінің шектен тыс көп болуынан ағза уланады. Қант диабетімен ауыратын адамдарға инсулин егеді және тағам рационынан көмірсу мөлшерін азайту керек.

Адам ағзасында жыныс бездері жыныстық жетілуінен кейін ғана жыныс гормондарын бөле бастайды. Осы гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуін қамтамасыз етеді. Ерлердің жыныс гормондары (тестостерон және т.б.) сақал-мұрттың өсуі, бұлшық ет пен қаңқаның дамуы, дене пішінінің өзгеруі, дауыстың жуандауы және т.б. жүзеге асырады. Әйелдердің жыныс гормондары (эстрадиол, прогестерон және т.б.) дене пішінін, сүт бездерін, тері астында майлардың жиналуын, дауыстың жіңішкеруін және т.б. белгілерді қалыптастырады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *