Б.Б. Абуов – “Ақпараттық жүйе” 1 курс
Ғылыми жетекші – т.ғ.к., доцент Куламбаев Б.О.

Әлемнің тез дамуына байланысты, онымен бірге барлық салаларда дамып жатыр. Оған қоса, сауда жаһандану үдерістері айналымды ұлғайту және ортақ ресурстарды бөлісу арқылы, шығындарды азайту мақсатында, көп брендті бөлшек сауда желілері мен гипермаркеттер нарығының ірі операторларының құрылуына әкеледі. Жаңа үрдістер электронды саудада көрініс табады, бұл компаниялардың шоғырландыруына, интернет-дүкендер желілерінің пайда болуына және гипермаркеттердің пайда болуына себепші болды. Электрондық коммерция жүйелерінің тиімділігіне тікелей тәуелді ірі бизнес-процестерді автоматтандыру ірі кәсіпорындар үшін ең қиын мәселелердің бірі болып қала береді. Қазірдің өзінде байқалатындай, саудамен айналысуға арналған ентернет алаңдар жетіп жатыр, алайда ең үлкендері санаулы ғана. Оларға Amazon, Ebay, Alibaba деген ірі компаниялар жатады.

Классикалық түрде айналысатың саудагерлерге өздерінің интернет — магазиндерін ашу сатысында, оны автоматтандыру үрдісі қарастырылмай қалады немесе оның құрылымы қиын әрі түсініксіз болады. Оның үстіне, электрондық коммерцияның кең ауқымды жүйелерін тиімді ақпараттық технологиялармен қамтамасыз ету ақпараттық жүйелердің архитектурасы мен мүмкіндіктерімен, сонымен қатар, сауда нүктелерінің бір бірімен байланыспайтынымен шектеледі. Пайдаланушылармен тікелей өзара әрекеттесетін онлайн дүкендері бизнес-үдерістердің жылдамдығына, әсіресе интернет-дүкен желілеріне деген жоғары талаптарды белгілейді. Оның үстіне, жаңа интернет-дүкендердің ашылуы, әдетте, IT-инфрақұрылымын қайталаумен бірге жүреді, бұл қолдау шығындарын ұлғайтуға, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына, процестерді бақылауға және айтарлықтай шығындарға әкеледі. Сондықтан, олар, үлкен және жүйесі дайын, онымен бірге жеңіл, интернет алаңдармен келісімге отырады. Электрондық сауданың дамып жатқаны сонша, қазір тұтынушының қолына дейін жеткізу үйымдастырылған. Жеткізудіңде көптеген түрлері іске асырылған. Мысалға алатын болсақ, amazon.com сайтында, саудамен айналысатын сатушыларға барлық процессертер қол жетімді, әр тауар түрлерінің сатылған мөлшері, түскен пайда құны, сайттың рейтингінде тұрған орнына дейін көрсетіледі. Осы процессердің бәрі, жұмыс көлемін ыңғайлатып жеңілдетуга көмегін тигізеді.

Ендігі, әлемнің ең улкен сауда алаңдарына тоқталып кетсеқ. Басында айтылғандай, жалпы улкен алаңдардың саны қатты көп емес, бірақ әлемдегі 70% сауда осы сайттарда жасалынады. 5 ең улкен сауда алаңдары рейтингіне назар аударсақ:

Бірінші орынды, көптеген жылдар бойы Амазон компаниясы алып отыр. Оларда жалпы 244 миллион тіркелген және белсенді аккаунтар бар. 185 мемлекеттің тұргындарына қол жетімді. Amazon сатылымы Walmart, Target, BUY.COM компанияларының сатулуларынан 5 есе көп. Сондықтан, осы сайтпен келісім жүргізу өте тиімді болып келеді. Амазонмен жұмыс істеудің ең тиімді жағы, ол тек өз мемлекетіңізде емес, сонымын бірге, әлемнің ең ірі экономикасы АҚШ-қа және басқада мемлекеттерге жол ашады. Біріншіден, бизнесті АҚШ-та тіркеу қажет емес. Сізге кез келген жерге барудың қажеті жоқ, себебі барлық процестер қашықтан орындалады. Интернетке қол жетімді ноутбук жеткілікті. Екіншіден, Amazon-де бизнесті жүргізу схемасы өте қарапайым: сіз Amazon компаниясына тіркелесіз, қандай өнім сатылатындығын және жеткізушіні табуға шешім қабылдайсыз; өнімге тапсырыс беріп, оны АҚШ-тағы Амазон қоймасына жөнелтесіз; Amazon сатылымды реттейді, сатып алушыға тауарды жеткізуді ұйымдастырады және сіз өз ақшаңызды аласыз.

Amazon-да бизнесті жүргізудің бұл схемасы барлық жағдайлардан тәуелсіз болғысы келетін және ұйымдық мәселелермен айналысқысы келмейтін адамдар үшін ыңғайлы. Amazon өзінің сатушыларына мынадай жеңілдіктер береді: тұтынушылармен тікелей байланысудың қажеті жоқ; АҚШ-та сіздің тауарларыңызды жеткізу тек бірнеше күн, Amazon өзі оны қоймадан ұйымдастырады; курьерлерді жалдап, өнімдерді сақтау қоймасын іздестірудің қажеті жоқ; әр өнімге түсетін ақшалай қаражат долларлық шотқа аударылады; Amazon жеткізу және қайтарудың барлық мәселелерін шешеді.

Қарап тұрғандай, барлық процесс автоматтындылған. Осы процесстерді Қазақстан Республикасының дамып келе жатқан электрондық коммерциясына интеграциялауға болады. Көптеген шағын және орта бизнестерді жалпы бір жаңа интернет алаңының астына жинауга болады. Бұл бастама, қазіргі жүргізіліп жатқан Қазақстанның ―цифрлық Қазақстан‖ мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді. Қорыта келсем, адам баласы аңсаған болашақ ақпараттық технологиялар арқасында іске асып жатыр. Экономика, сауда, білім және т.б. салаларында болып жатқан процесстердің барлығы автоматтандырылып жатыр. 10 жылдан кейін, ұзақ бармай, бәрімізге белгілі классикалық түрдегі сауда толығымен ғаламтор алаңына өтеді. Сол алаңды барынша ыңғайластырып, автоматтандыру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *