Қазақстан – аумағы үлкен біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасы 16 әкімшілік бөлікке, яғни 14 облысқа, Астана қаласы және Алматы қаласына бөлінеді. ҚР Статистика агенттігінің дерекеріне сәйкес елімізде 7140 елді мекен, 175 ауданмен 86 қала бар. Кез келген экономикалық (region – ел, облыс деген латын сөзінен) табиғигеографиялық және экономикалық заңдылықтармен ерекшеленетін және көбінесе тұтас, құрамдас элементтерінің өзара байланысты болатын аймақтардан – ірі әкімшілік аумақтық бірліктерден тұрады. Құрылымдық өзгерістер ауқымындағы экономикалық саясат ең алдымен салааралық және ішкі салалық өзгерістерге ықпал жасау іс әрекеттерінің жиынтығы болады. Осы бағыттың мақсаты ғылымитехникалық үрдісті ынталандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу.

ХХ ғасырдың бас кезінен экономиканың құрылымдық дамуына мемлекет араласа бастағаны белгілі. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кездерінде әскери өндірістің дамуын мемлекет қаржылай және басқа да іс-шаралар арқылы белсенді түрде қолдап отырған. Соғыстан күйреген экономиканы көтеруге де мемлекет белгілі құрылымдық ісшаралар арқылы қолдау көрсеткен. «Құрылымдық саясат» деген ұғым тек 1940 жылдардан бастап кең қолданылатын болды. Осы кезде мемлекеттің экономика макропорцияларына ықпал жасау іс-шаралар жүйелі сипат алды. Экономикалық саясаттың бұл бағыты ГФР және Францияда белсенді болды. Осы саясаттың іске асу түрлері – белгілі өндіріс салалары мен түрлеріне таңдаулы түрде қолдау болады. Құрылымдық деген сөзді – кең және тар мазмұнды түрде қарастыруға болады.

Бірінші жағдайда экономиканың барлық мәселелері қамтылады: салааралық, аймақтық және ұйымдық-институционалдық пропорцияларды қайта құрып, оңтайландыру, екінші жағдайда мемлекеттің жанама түрде тек қана фирмалардың көлеміне әсер етуі, өндірістің ұсақ, орташа және ірі түрлерінің оңтайлы құрамдық үлесін анықтауы туралы сөз болады. Инфрақұрылымды қалыптастыру да кең мағынада құрылымдық саясатқа жатады. Құрылымдық саясаттың шектеулі мағынасы – ол ішкі салалық және салааралық пропорцияларға ықпал жасау.

Ел экономикасында құрылымдық өзгерістер көптеген жағдайларға байланысты болады. Жаңа өндіріс салааралық пропорцияларды құру үшін белгілі бір өндіріс түрлерінің дамуын жеделдету қажет болады және құрылымдық өзгерістердің әлеуметтік салдарын жою мақсатында бұл процеске мемлекет араласады. Құрылымдық өзгерістер саласында мемлекеттің белсенділігін арттырған негізгі факторлар шеңберін де анықтауға болады. Ең алдымен бұл: 9 1. Экстремалды экономикалық жағдайлар. 2. Әлем нарығында бәсекелестіктің елеулі түрде артуы. 3. Біріккен Европа нарығының қалыптасу жағдайында, ондағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты аграрлық секторды қолдау қажеттілігінің артуы. 4. 1970 ж. құрылымдық дағдарысы дамыған елдерде өндірістің дәстүрлі өнім түрлеріне (болат, тоқыма өнімдері, кемелер және т.б.) сұранымның құлдырауы. 5. 1970-1980 ж. құрылымдық саясатты іске асыруда көптеген қиыншылықтардың болуы.

Жеке алғанда, әр түрлі саяси күштердің пікірі бір жерден шықпауы мүмкін. Нұсқаның түрін таңдау көбінде мемлекеттік билік кімнің қолында екеніне байланысты келеді. Бірақ дамыған қоғамда әр түрлі партиялардың экономикалық шешімінде көп айырмашылық бола бермейді. Құрылымдық дамуды қолдаудың нақты технологиясы қандай? Соңғысы экономикалық саясаттың қаржы және несие механизмдерін қолдаудан көрінеді.

Реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады. Жанама шаралар – салықтар және салық жеңілдіктері. Нақты алғанда, несие алу жеңілдіктері, субсидиялары т.б. және тікелей қолданылатын шаралар: мемлекеттік тапсырмалар, бюджеттік қаржыландыру, инвестициялар салу және т.б. жатады. Құрылымдық өзгерістер саласындағы мемлекеттің міндеттері өте күрделі және көп қайшылықты болады. Айталық, алдыңғы қатардағы өндіріс салаларының тікелей қолданып нақтысын айтсақ, бәсекелестік тәртіпті бұзу, ал нарықта барлығының тең жағдайда болғаны дұрыс егер, мемлекеттік қолдау бәсекелестіктің мүмкіншілігі шектеулі өндіріс салаларына көрсетілетін болса бұл іс түсініктілеу болар еді. Бұл жерде сөз ауыл шаруашылығы, тоқыма тоқу, көмір өндіру металл қорыту т.б. туралы болып отыр. Мемлекет тарапынан кейбір салаларды қолдау үшін бюджеттен субсидия бөлу түрінде артта қалған, қысқарған өндіріс салаларына тікелей көмек көрсету. Ал, тұрақты дамып келе жатқан өндіріс салаларына негізінен көмек жанама түрінде көрсетіледі. Бірақ тұрақты дамыған өндірістердің қайсысына бірінші кезекте және басым қолдау жасау керек екенін бәсеке арқылы шешілуі қажет. Сонымен, әлсіздеу өндіріс салаларына көмек мақсатты да шартты және бағытталған түрде беріледі.

Ал, алдыңғы қатардағы дамыған өндіріс салаларына қолдау жалпы ынталандыру шаралары арқылы жүргізіледі. Бірақ өкімет көбінде нарық шарттарына негізделген құрылымдық даму саясатын ұстануға ұмтылады. Батыс елдеріндегі құрылымдық саясаттың ұзақ мерзімдік дамуы, нарық сұранымына ықпал жасайтын кейншілдік реттеу моделінен, ұсынымды реттеуге негізделген неолибералдық моделге біртіндеп ауысқанын көрсетеді. Бірақ мұнда кері 10 қарай жылжудың да байқалуы мүмкін, ал нақты өтпелі экономика жағдайында кейншілдік пен монетарлық әдістер диалектикасымен санасу өте маңызды. Қазақстан экономикасында құрылымдық саясат шеңберінде шешілетін мәселелер жеткілікті және олар өте күрделі түрде қалыптасқан. Жоспарлы экономикада өндіріс құрылымы негізінен қаружарақ өндіру кешенінің басымдылығы негізінде қалыптасқан болатын.

Қазақстанда орналасқан бірталай машина жасау өндіріс орындары нарық жағдайында дағдарысқа ұшырап, олардың өндіріс көлемі күрт құлдырап кетті (90%-ке дейін). Сондықтан Қазақстаннның машина жасау өндіріс саласын нарық жағдайына және ұлттық қауіпсіздік талабына сәйкестендіру мақсатында 2001-2003 жж аралығына арналған арнайы бағдарлама жасалып бекітілді. Қазақстанда құрылымдық мәселелердің күрделі түрде қалыптасуының тағы бір себебі – ол бұрынғы Одақ көлеміндегі біртұтас экономикалық кеңістікпен байланыстардың күйреуі. Жалпы экономикалық кеңістіктің күйреуі және оның шеңберінде қалыптасқан экономикалық байланыстардың нарық жағдайында үзілуі заңды құбылыс. Жоспарлы экономика жүйесінде шикізат өнімдері төмен бағамен Одақтың өндіріс орталықтарына жіберіліп тұратын. Нарық жағдайында бұрынғы «Одақ кеңістік» деген ұғым жаңа экономикалық мазмұнға ие болуы қажет.

Реформаны құрылымдық іс-шаралардан бастау Қазақстан үшін өте қиын, тіпті мүмкін болмайтын жағдай еді. Құрылымдық даму мақсаттары Қазақстанда ұйымдық-институционалдық шаралар негізінде (меншікті жекешелендіру, жеке экономика секторын қалыптастыру, нарық инфрақұрылымын құру, нарық бағаларына көшу т.б.) ғана қолға алына бастады.

Экономика құрылымы нарық үлгісіне сәйкес қайта құру үшін ұлттық шаруашылық шеңберінде нарық механизмінің қызмет атқару негіздерінде қажет болады. Мемлекет нақты қалыптасқан нарық жағдайына және нарық қажеттілігіне сәйкес ұлттық өндірістің өзгеріп дамуына қолдау көрсетіп, жағдай жасайды. Қазақстанда нарық механизмі біртіндеп қалыптасып қызметін атқара бастады. Бірақ Қазақстанда сыртқы экономикалық нарық қатынастары қарқынды даму үстінде болса да, ішкі ұлттық шаруашылық шеңберінде нарық механизмі жақсы қызмет атқармады. Қазақстан экономикасында «төлем дағдарысы» деген жағдай жылдан-жылға асқынып күрделене түсуде.

Кәсіпорындардың өзара төлем қарызы өсіп, реформа жүргізу жолында негізгі кедергі болып отыр. Құрылымдық саясат жүргізу үшін мемлекеттің қаржы ресурстары шектеулі, ал ұлттық экономикада қалыптасқан өзара төмен қарыздарының өсуі нарықтың қызмет атқару шеңберін қысқартып, оның мүмкіншіліктерін шектеп отыр. Басымдылық беріліп, қарқынды дамуы қажет екені белгілі. Қазақстанда құрылымдық саясаттың міндеттерін былай анықтауға болады: Біріншіден, Қазақстан әлем экономикасында өзінің орнын анықтап алуы қажет. Сонымен қатар өндірістік дамудың ұлттық үлгісін жасап соның негізінде өзіміздің халықаралық маманданудың негізгі бағыттарын анықтауға болады.

Бұл осы күндері ең қажетті және маңызды мәселеге айналып отыр. Екіншіден, ұлттық шаруашылықтың салаларына ықпал жасау әдістер жүйесін, оның ішінде жекешелендіру мен мемлекеттік және жеке секторлармен экономиканың әр түрлі салаларына қолдау көрсету арқылы қалыптастыру қажет. Елдің әкімшілік-аймақтық құрылымын өзгертуде қалыптасқан шаруашылық пропорцияларына бірталай әсер етеді. Бүгінгі күндері барлық аймақтық экономикалық қатынастар жүйесін толық жаңарту қажет болып отыр. Жеке аймақтардың экономикалық-әлеуметтік жауапкершіліктері артқан сайын, олардың өзара қатынастарында экономикалық қайшылықтар қалыптасуда және оларды орталықтан үйлестіріп шешіп отыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Г.К. Мусаева.,
Аймақ экономикасы және оны басқару

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *