Араб түбегі мен Арабстан деген атаудың шығу-тегі мәселесі ғалымдардың арасында түрлі пікір-таластар туындатқызды. Кейбір тіл мамандардың көзқарастары бойынша бұл атаудың пайда болуының бірден-бір себебі арабтардың өздері болып табылады. Яғни ол атауды арабтардың өздері қойған. Арабтардың ата-қонысы әрі Ислам дінінің бесігі болып табылатын Араб түбегі немесе Арабстан жері Азия құрылығының оңтүстік-батыс аумағында орналасқан. Оның шығысында Омман теңізі Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак пен Сирия, оңтүстігінде Аден шығанағы мен Үнді мұхиты орын алады. Кейбір географтардың айтуы бойынша, Сирия мен Ирактың жерлері де Араб түбегіне қарайды. Ол жерлерде шығыс арабтары өмір сүреді. Арабтардың ата-мекені болып табылатын Арабстан бүгінгі таңда Сауд Аравиясы мен Йемен мемлекетіне қарайтын географиялық кеңістік болып табылады.

Үш жағынан теңіз суымен қоршалған Араб түбегі ерекше географиялық кеңістікте орналасқан. Ежелгі кезеңдерде халықаралық сауда-саттықтың теңіз бен құрлық арқылы өтетін жолында орналасқан бұл түбек «байланыс түбегі» немесе де «тоғысу нүктесі» деп аталған. Арабстанның табиғи және географиялық жағдайы оның экономикалық және әлеуметтік өміріне әсерін тигізбей қойған жоқ. Сауда-саттық пен туризм, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы араб экономикасының негізі болып табылады. Мекке қаласы саудасаттық орталығы, ал Меккені зиярат ету – араб экономикасының негізгі діңгегі болып табылады. Құнарлы жерлер, жайылымдар мен аз мөлшердегі су көздері экономиканың қосымша ресурстары болуымен қатар арабтардың егін мен мал шаруашылығында теңдесі жоқ факторлар болып табылады.

Джахилиет (надандық) кезеңінің тарихы мен «аямуль-араб»-тың негізгі сипатын жаратқан бәдәуилер мен хадарилер, меккеліктер мен басқа да тайпалар жоғарыда аталған факторлардың ең болмаса біреуін өздеріне қарату мақсатымен көптеген соғыстар ұйымдастырып отырған.

Әл-Асмағи (өл. 217/832), Истахри (өл. IV/X), Хамадани (өл. 334-945) мен әл-Хамауи (өл. 626/1229) сияқты географтар Арабстанды кейде Йемен, Неджд, Хиджаз Тихаме деп атай отырып, төрт ауданға бөле қарастырған. Кейде Йемаме мен Бахрейнді де қоса қарастырып, бес немесе алты ауданға бөліп зерттеген. Бейнуне жеріне дейінгі Неджран мен Омманың аралығын Йемен жеріне жатқызады. Біз болсақ, Хиджазды бір бөлек, басқа аудандарды бір бөлек қарастырғанды жөн көрдік.181 Басқаша айтқанда, табиғи жағдайлары жағынан Арабстан шөлді, таулы және бахтияр болып үшке бөлінеді.

Араб түбегінің Хиджаз ауданы таулы, оңтүстігі мен Йемен аудандары бахтияр болып келеді. Биіктігі 2750 метрге дейін жететін Хиджар мен Йемен таулары қатардан тұрып, Аден шығанағына дейін өз етегін жайған. Бұл таулы жерлерден Қызыл теңізге дейінгі аудан «Тихаме» деп аталады. Негізінен оңтүстік пен солтүстік болып бөлінген Араб түбегінде шығысында Омман, оңтүстігінде Хадрамут, оңтүстік-батысында Хиджаз, Нүфуд пен Хиджаз аралыңында Неджд орналасқан. Оммон мен Парсы шығанағының аралығы Бахрейн деп аталады. Биік таулы жерде орналасқан орталық Арабстанның маңызды ауданы бар. Олар: солтүстіктегі жартасты Неджд пен оңтүстіктегі құмды Акхаф аудандары. Теңіз жағасындағы аудандар орталық Арабстан жерлерінен мүлде басқаша.

Бұл жерлер ылғалды әрі егін шаруашылығына өте қолайлы жерлер. Теңіздерді жағалай орналасқан ауылды мекендерде халық тығыз орналасқан. Дүниежүзінің географиялық картасында көлемі жағынан үлкен көлемге ие Араб түбегі Азия құрлығының оңтүстік-батысында 1.700.000 км2 жерді алып жатыр. Жазушылардың «ШибхульДжазира» (Араб түбегі) деп атайтын Арабстанға ғарыш әлемінен қарағанда бұрыштары тең емес төртбұрыш формасын бейнелейді. Негізінен Арабстан құрғақ және ыстық циклондар өтетін шөлдердің ауа райына бейімделген. Қыс пен көктемде аз да болса пайда болған ылғалдылықты жаздың қатты желдері құрғатып жіберіп отырады.

Тек «бахтияр Арабстан» деп аталатын Йемен жерінің ауарайы жаңбырлы, топырағы құнарлы болып келеді. Міне осындай климаттың және фауна мен флораның орын алуына байланысты Араб түбегінің солтүстігі мен орталық аудандары шөлдерден, ал оңтүстігі мен теңізге жақын орналасқан аудандары жазықтықтардан жайылымдар мен егіндіктерден тұрады.

Бүгінгі таңда түбек тұрғындарының бір бөлігінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын Араб түбегінде саны арта түскен халықтың болмысын қорғап, оның экономикалық және әлеуметтік сұраныстарына жауап берген, өлкенің дамуында маңызды рөл атқарған фактор – «мұнайдың» табылуы арабтардың жеке және қоғамдық өмірін жандандыра түсті. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда Арабстан сөзін естісек, ойымызға ең әуелі мұнай келеді. Дүниежүзі бойынша мұнай өндіру мен тұтынуда маңызды орын алатын Арабстан мен Парсы шығанағының мемлекеттері экономикалық, технологиялық және әлеуметтік жетістіктерге осылайша қол жеткізіп отыр.

Араб түбегі семит нәсілінің бесігі болып табылатындығы белгілі. Семиттер Нұхтың ұрпағы Самнан тараған. Олар Алдыңғы Азияға (аш-шарқ уль-аусат) қоныстанды. Ол жерде тайпалар дәрежесінде көбейіп, түрлі көзқарастарды ұстанса да, Араб түбегін өздерінің атажұрты екендігін ешқашан ұмытпай өмір кешті. Кейінгі кезеңдерде Месопотамияға қоныс аударып, вавилондықтар, ассириялықтар, финикиялықтар мен ибранидтер деп аталып, өз мемлекеттерін құрған тайпалар да Араб түбегінен шыққан.

Оның үстіне иудаизм мен христиан діндерінің шығуы мен дамуы осы географиялық кеңістікке байланысты. Арамелер, ибранилер, римдіктер, Римдықтар, христиандар мен яхудилер де өз кезегінде пана табу мақсатымен Араб түбегіне қоныс аударған болатын. Монотеистік діндердің ішінде соңғысы болып, адамзатқа түскен Ислам дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі адам баласының жеке және қоғамдық принциптері Араб түбегі тұрғындарының тұрмыстық қарым-қатынастарының барысында туындаған болатын. Араб түбегі б.з.д. VІІ ғасырда Исламның жайылу кезеңінде, түрлі тайплармен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы арқылы сипатталған. Түрлі отбасылардан тұратын рулардан пайда болған тайпалардың бір бөлігі көшпелі (бәдәуи), басқа бір бөлігі отырықшыл (хадари) болған. бәдәуилік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, мәдениет пен наным-сенім көшпелі арабтардың жеке және әлеуметтік өмірін реттеген болса, отырықшы арабтардың да өздеріне тән «қаламемлекет» пен «облыс» деңгейінде басқару жүйелері болған.

Араб жерінің үлкен бөлігінің құнарсыз, егіншілікке қолайсыз болуы, ауа-райының қолайсыздығы, қарым-қатынас жүргізудің қиындығы, халықтың дін мен саяси бірліктен мақрұм болуы аталмыш жерде мықты бір мемлекеттің қалыптасуы мен ұзақ уақытқа созылған билік жүйесінің орын алуына кедергі жасап, керісінше әлеуметтік және саяси хаостың орын алуына жол ашты. Бұл жағдайдың екінші бір себебі: көшпенділікке негізделген Араб түбегінің оңтүстігіндегі, әсіресе Йемендегі қатты селдердің салдары мен табиғи апаттар мен дамбылардың құлауының нәтижесінде оңтүстік пен солтүстік ішкі аудандарға көш болған. Осылайша ІІІ ғасырда бірнеше араб тайпасы солтүстікке қоныс аударған.

Ол тайпалардың құрамында болған хуза руы Меккеге, аус пен хазрадж рулары Йасрибке қоныстанған болатын. Гассандықтар, хиралықтар, қиндалықтар мен Йасриб, Хайбар яхудилері де аталмыш себептерге байланысты көшуге мәжбүр болған қауымдар еді. Араб түбегінің географиялық жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты арабтар өмір сүру болмысы жағынан екі топқа бөлінеді: а) көшпенділер (бәдәуилер) ә) отырықшылар (хадарилер). Бұған қарамастан көшпенділікті отырықшылықпен айыратын нақты ерекшеліктер байқалмайды: жартылай көшпенді болуына байланысты арабтар қалалақтарға ұқсап та өмір сүрген. Отырықшылықпен айналысқан арабтардың бойынан көшпелі өмір сипатының қандай деңгейде екенідгін байқайтын болсақ, көшпелі арабтардың бойынан да отырықшылық өмірдің сипатын сондай деңгейде болғандығын байқай аламыз. Өйткені, отырықшылар мен көшпелілер бір-бірінен қыз алып, бір-біріне қыз беріп отырған.

Арабтар Нұх пайғамбардан тараған семит халықтарының бірі болып табылады. Нұхтың баласы Самнан тарағандықтарына байланысты олар өздерін семит халықтарына жатқызады. Араб түбегі Палестина, Сирия мен Ирак семит халықтарының негізгі қоныстанған жерлері болып табылады.

Алайда, олардың Араб түбегі мен Иракқа қай жерлерден қоныс аударғандықтары белгісіз болуы мен монотеистік діндердің кітаптарында бұл мәселені ашып береалатындай дәрежедегі дәлелдердің болмауы тарихшылардың арабтардың шығу-тегі туралы түрлі көзқарастары ұстануы мен тіпті нақты бір көзқарастың қалыптасуына себеп болып табылады. Тарихшылардың үлкен бір бөлігі арабтардың семит халықтарына жататындығы мен өздерін таза, яғни «араб-ы Арибе» (Арибе арабтары) деп атаған ең ежелгі арабтардың ұрапқтары болуымен қатар, Араб түбегінің автохтонды халқы екендігі туралы көзқарастарды ұстанады. Арабтар ежелден бері семит халықтарының бесігі деп есептелінетін Араб түбегі мен Ирактың маңында өмір сүрген. Ад, самуд, амалика, тасим, джедис, джүрхүм мен акиль сияқты қауымдар сол арбтардан тараған деп есептеледі.

Кейінгі кездерде Арибе арабтары ме арабтарға жатпайтын басқа қауымдардың бір-бірімен араласуының нәтижесінде «Мұстағриб арабтары» пайда болды. Оларға Хиджаз өңірінде өмір сүретін арабтар жатады. Аднанилер деген атаумен белгілі болған Исмайлдың ұрпақтары болса аталмыш осы мұстағриб арабтарынан шыққан. Хиджаз халқы болып табылады. Тарихшылар семиттерді негізгі үш топқа бөліп қарастырады: 1. Араб түбегі, Сина, Бағдиатуш-шам және Ирактың оңтүстік аудандарында қоныстанған арабтар; 2. Иракта, Тигр мен Евфрат өзендерінің бойында, Иранмен Хорасанда қоныстанған арабтар; 3. Ирактың солтүстігінде және Палестина мен Сирия аудандарында қоныстанған арабтар. Кейбір тарихшылардың айтуы бойынша, семит халықтары Торос тауларынан шығып, оңтүстік бағытта тараған. Олардың ішіндегі аккадтар Ирак жерінде, ал арабтар болса Араб түбегі жерлерінде орналасқан.

Арабтардың Эфиопия мен Египеттен келгендігі туралы көзқарастарды ұсынатын тарихшылар да баршылық. Осы көзқарастардың ішінде үлкен қолдау тапқан көзқарасқа сүйенетін болсақ, семиттер мен арбтарды оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған, атажұрты Араб түбегі болып табылатын халықтар ретінде қарастыруымз керек. Ибрахим пайғамбар өз әйелі Аджра мен баласы Исмайлды Хиджаз жеріне әкеліп тастауынан кейін олардың әсерінің арқасында жергілікті халықтың арасында араб тілінің орын алуымен қоса, араб тіліндегі Мекке диалекті дами түсті. Жәрмеңкелер мен жиындарда оқылатын өлеңдерде, баяндамаларда орын алған сөздер мен терминдердің жинақталуының нәтижесінде «Мекке диалектісі» қалыптасып, «араб тілінің құрайыштыұ варианты» пайда болды.