«Инжиниринг» үлгісіндегі қызметтер дамыған елдер­де өткен ғасырдың 60-шы жылдары пайда болды және қа­зір­гі күнге дейін таралуда. Фирмалар мен кәсіп­орын­дар­дың негізгі қорларына күрделі қаржы салудың тиімділігін арттырудың қажеттілігі инжинирингтік қызмет нарығы пайда болуының алғы шарты болып саналады. Күрделі техникаға «жан бітіруге» қабілетті жоғарыбілікті мамандар үшін бәсекелік күрестің шиеленісуі, жаңа әртүрлі кеңес берушілік басқарушылық қызметтің инжирингтік пайда болуына әкелді.

Инжиниринг – коммерциялық негізде жүзеге асыры­латын қызметтің түрі, яғни өндірісті ұйымдастырудың тех­ни­калық және экономикалық мүмкіндіктерін бағалау бо­лып саналады.

Инжиниринг өндірістік қызметтің айрықша түрі ретінде, инжиниринг қызметтерді еңбектің басқа түрлерін айыра білетін, өндірістің түпкі өнімін жасауға қатысатын өзіндік ерекшеліктерге ие.

Инжинирингтің бірінші ерекшелігі – оның өндіріске ар­налған қызмет формасының түрінде қатысуы болып та­бы­лады. Инжиниринг өзін тікелей өнімнің заттық піші­нін­де көрсетпейді, қайта бірқатар жағдайларда тиімділік әке­ле­тін материалдық таратушыға (жобалау және техникалық құжаттама) ие бола алады. Инжинирингтік қызметтің басқа түрлері материалдық таратушыға мүлде ие болмауы да мүм­кін, мамандарды оқыту немесе құрылыс объектілері про­цесін басқару және т.б.

Инжинирингтік қызметтің келесі ерекшелігі – ең со­ңын­да, материалдық байлықтар мен қызметтерді аралық жә­не түпкі есептелген, өндіріс пен өткізу процесін дайын­дау және қамтамасыз етумен байланыстылығы болып сана­лады. Өнімді емес сипаттағы қызметтер инжинирингтің құрамына кірмейді. Ол түпкі тұтыну аясындағы қызметтен қаржылар мен саудадан осы арқылы өзгешеленеді.

«Ноу-хаумен», лицензиямен және техника сала­сын­дағы білімнің басқа формаларымен сауда жасау бойынша қызметтен инжинирингтің өзгешеленетін үшінші ерек­ше­лігі, аталмыш қызметті көз алдыға дәл елестетуге бол­май­тын­ды­ғынан тұрады, ондай кезде лицензияны және «ноу-хау­ды» сату сияқты – бұл сатушылардың бір немесе аздаған бө­лігі ие өндіріске және басқаларға арналған көзге елестетуге болмайтын жаңа білімдерді сол сәтінде өткізу болып саналады. Мұндай жағдайда сатып алу-сату объектісі көрсетілген білімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша қызметтер емес, үстемдік етуші тауар ретінде білімнің өзі болады. Нәтижесінде, үстемдік етуші болып саналатын лицензияланатын білімнің бағасы, көрсетілген білімді алуға жұмсалатын еңбек шығындарымен емес, оған деген ұсыныс пен сұраныстың арақатынасымен және оларды пайдаланудан алатын экономикалық тиімділік­тер­мен анықталады. (14. 469).

Өндірістік процеске жоғары білікті мамандардың қыз­ме­тін қатыстыру, объектілердің пайдалануға берілу мер­зім­дерін барынша қысқартуға ықпалын тигізеді. Оның үстіне фирмалардың  штаттық қызметкерлер са­ны­ның көбеюі әр­қа­шанда күткендегідей нәтиже бере бер­мейді. Сон­дық­тан инженерлік-консультативтік фирмалар ма­мандарының ең­бе­гін пайдалану неғұрлым тиімді болып кө­рінеді. Бұл ма­мандар немесе қызметтермен жабдық­тау­шы­лар жұмыс­тар­дың келесі түрлерін орындауға көмек­те­се­ді:

  • жобалардың жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту;
  • қажетті инвестициялардың көлемін азайту;
  • өнімдердің бірлігіне жұмсалатын өндірістік шы­ғын­дарды төмендету;
  • техника, технология саласындағы, өндіріс пен өт­кізуді ұйымдастыру және басқару тәжірибесі мен арнайы білімдерді тез арада алу;
  • күрделі қаржы салу тиімділігін арттыру.

Көрсетілетін қызметтердің тегі бойынша инжини­ринг­­тік қыз­меттерді ұсынатын фирмалардың төрт тобы ажы­­раты­ла­ды:

1) инженерлік-консультативтік;

2) инженерлік-құрылыстық;

3) ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша консультативтік;

4) инженерлік-зерттеушілік.

Енді осы фирмалардың қызметін толығырақ қарас­ты­рып көрселік

Инженерлік-консультативтік қызметті ұсынушы фир­ма­лар, негізінен, меншікті өндірістік базаларға ие емес. Олардың қызмет көрсету аясы – жабдықтармен жаб­дықтаусыз немесе құрылыс объектілерінсіз «инжиниринг» үлгісіндегі жұмыстарды орындау болып табылады. Мұндай жағдайда, негізінен, өмір сүруші объектілерді қайта­жарақтандыру немесе кеңейтумен байланысты инженерлік қызметтің толық кешені немесе қызметтер ұсынылады.

Кәсіби инженерлік-консультативтік фирмалардың көрсететін қызметтерінің барлық алуан түрлілігін екі топқа бөлуге болады:

  • Консультациялар мен баяндамалар түрінде беріле­тін, жобаларды жасаумен байланысты емес қыз­мет­тер. Ақпараттарды жинау, оған түсінік беру, қоры­тын­дыларды дайындау және т.б. осы жұмыстардың не­гізін құрайды.
  • Жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша қыз­­меттер, яғни жобалардың, құрылыстардың, ар­най­ы қызметтердің және т.б. техникалық-экономи­ка­лық негіздемелерін даярлау.

Инженерлік-құрылыс ұйымдары инженерлік-құры­лыс компанияларына және фирмаларға бөлінеді.

Инженерлік-құрылыс компаниялары жобалау қызмет­теріне, материалдық-техникалық жабдықтауларға, кадрлар даярлауға және т.б. тапсырыстарды орындайды.

Инженерлік-құрылыс фирмаларды өнеркәсіп және бас­қа объектілерді жобалау, сондай-ақ құрылыс жұмыс­та­рын орындау, жабдықтарды жеткізу, орнату және құрас­ты­ру, объектілерді пайдалануға беру немесе «қосумен» бай­ла­нысты қызметттер кешенін көрсетеді.

Ұйымдастыру мен басқару мәселелері бойынша кон­суль­та­тивтік фирмалар кәсіпорындарға басшылық жасау, ұйымдастыру және басқару проблемалары бойынша ма­ңыз­ды қызметтер көлемін көрсетеді.

Инженерлік-зерттеу фирмалары техника жаңалық­та­рын өнеркәсіптік немесе коммерциялық игеру­мен бай­ла­ныс­ты тұтыну проблемаларын шешуді ұсынады. Олар тех­но­логиялық процестерді және материалдарды әзірлеуге ма­ман­данады. Контрактыға негізделген жұмыстарды жүзеге асырудың тапсырыстық әдісі, инжинирингтік қызметпен сау­да жасауды ұйымдастырудың негізіне жатады. Контракт ин­жинирингтік компания мен тапсырыс беруші арасында жа­са­лады жәнге өзіне объектілердің құрылысына ин­же­нер­лік-консультациялық фирмалардың қатысуының негізгі жағ­дайларын реттейтін бірқатар міндетті тармақтарды кір­гі­зеді. Мысалы, екі жақтың міндеттемесі, жұмысты орын­даудың мерзімі мен кестесі, контракт бойынша жұ­мыс­тарға қатысушы инжирингтік фирманың персонал са­ны.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *