Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары арнайы рәсімделген бизнес-жоспар түрінде көрсетіледі. Ол мәні бойынша — кәсіпорынның даму жобасының құрылымдық айқындалуы. Егер жоба инвестиция тартумен тікелей байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деген атауға ие болады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жаңа жобасы жаңа инвестицияларды немесе ақша ағындарын тартумен байланысты. Жалпылама ұғымда жоба – айқын мақсатты көздейтін, арнайы рәсімделген, кәсіпорын қызметін өзгертуге бағытталған ұсыныс.

Әдетте  жобаларды тактикалық және стратегиялық деп бөлу қалыптасқан. Соңғыларына әдетте меншік формасын өзгертуді қарастыратын (жалға берілген кәсіпорын, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорын, біріккен кәсіпорын және т.б. құру) немесе өндіріс мазмұнын түбегейлі өзгертуді қарастыратын (жаңа өнім шығару, толық автматтандырылған өндіріске өту және т.б.) жобалар жатқызылады. Тактикалық жобалар өндірілетін өнім көлемі өзгеруімен, өнім сапасы жоғарлауымен, құрал-жабдықтарды жаңартумен байланысты болады.

Отандық тәжірбие үшін жоба деген ұғым жаңалық емес. Өткен уақыттағы оның артықшылығы, кәсіпорын дамуының негізгі бағыттары кәсіпорынға қатысты сала экономикасын басқарудың жоғарғы деңгейінде анықталған. Жаңа экономикалық жағдайларда меншік иелері және басқарудың жоғарғы құрылымы барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерді шеше отырып, кәсіпорынның болашақ тағдырын өз қолына алады. Инвестициялық жобалау саласындағы мұндай қызмет арнайы түрде ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметін белгілі бір жобаға қатысты реттеу рәсімдері жобалық цикл түрінде қалыптастырылады. Оның төмендегідей кезеңдері бар.

  1. Жобаны құрастыру немесе ақша ағындарын талдау. Бұл жерде кейде «сәйкестендіру» термині қолданылады. Бұл кезеңде кәсіпорын басқармасының жоғарғы құрылымы кәсіпорынның ағымдық жағдайын талдайды. Оның әрі қарай дамуындағы басым бағыттарын анықтайды. Берілген талдау нәтижелері кәсіпорын үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған бизнес-идея түрінде рәсімделеді. Осы кезеңде берілген идеяның жүзеге асуына қатысты жайында ұстанымдар азды-көпті сенімділік туғызуы шарт. Кәсіпорынның ары қарай дамуының бірнеше идеясы қалыптасуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы әрі жүзеге асырарлық болса, онда бірнеше инвестициялық жобалар қатар жүргізіле отырылып, соңында ең қажеттісі таңдалып алынады.

Инвестициялық нарықтың жалпы сипаттамасы және оны  құраушылары.

Нарықтық экономикадағы инвестициялық қызмет барлық жеке шаруашылығы бар субъектілердің еркін экономикалық қозғалыс кеңістігінде іске асырылады. Демек, экономикадағы нарықтық қатынастар жалпы жүйесінде инвестициялық қызметінің барлық субъектілері араларындағы еркін бәсекелестік пен әріптестікті, экономикалық қатынастар жүйесін қамтитын инвестициялық нарықты атап айтуға болады. Инвестициялық қызметті мазмұнына және оның қамтамасыз етуіне сәйкес инвестицицялық нарыққа төмендегілер жатады:

  • инвестициялық қорлар нарығы;
  • инвестициялық қызмет ету нарығы;
  • қозғалмайтын мүлік нарығы;
  • құнды қағаздар нарығы;
  • инвестициялаудың басқа объектілерінің нарығы.
  1. Инвестициялық қорлар нарығы құрамы және құрылымымен анықталады. Оған мына нарық жүйесі кіреді: жер нарығы (жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқықтарын сату нарығы); банктер, сақтандыру және қаржы компаниялар, басқа институционалдық инвесторлар – несие берушілерге қатысушылары болып тұрған қаржы қаражаттар нарығы; технологиялық, конструкторлық және басқа қамтылуларда жаңалық ашудың патенттер нарығы, басқа активтер нарығы.
  2. Инвестициялық қызмет ету нарығына құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізу және құрылысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету нарығы; жобалау жұмыстары мен жобалау өнім нарығы; инженерлік; инженерлік-геология және экономикалық іздестірулер бойынша қызмет көрсету нарығы; құрылыс материалдар, қондырғылар, бұйымдар мен жартылай өңделген өнімдер нарығы; құрылыс машиналар, жабдықтар, құрылыс-монтаждау саймандары, құрылыс технология нарығы; технологиялық және баса жабдықтарды сыннан өткізіп байқау, оларды жүргізу, іске қосу және жөндеп дайындау бойынша жұмыстар нарығы енеді.
  3. Жылжымайтын мүлік және негізгі қорлар нарығы инвестициялық қызмет ету нарығыман байланысты. Бірінші кезекте ол капитал құрайтын инвестицияларға қаражаттарды салу бойынша инвестициялы қызметтің соңғы өнімнің нарығы болып келеді. Инвестициялар көзі ретінде жылжымайтын мүлік, бұрын алынған технологиялық және басқа да жабдық болуы мүмкін. Экономикадағы нарықтық қатынастардың дамуымен бірге пәтерлер, офис, сауда, қойма жайларымен қатар өндірістік қондырғылар мен ғимараттар, өндірістер мен кәсіпорындардың сату көлемі өседі.
  4. Бағалы қағаздар нарығына акционерлік кәсіпорындар мен мекемелер акцияларын сату мен сатып алу үдерісі кіреді. Акцияларды шығарып сату арқылы кәсіпорындар мен мекемелер халықтың және кәсіпорындардың уақытша пайдаланбайтын қаражаттарын өндірісті дамыту және жетілдіру бойынша инвестициялық жобаларын іске асыру үшін таратады. Бұдан соң акциялардың иегерлері оларды өз еркі бойынша пайдаланады. Қор нарығындағы акциялар айналымы нәтижесінде кәсіпорындар мен мекемелер иелері ауысып, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салалары арасында инвестициялардың құрылымдық қайта бөлінуі, үйлесуі орын алады. Қор нарығы ұйымдастырылған түрдегі қызметін мемлекет бақылауында өкілеттік берген органдар, қор биржалары және мемлекеттік органдармен аттестацияланған және тіркелген тұлға-брокерлер арқылы қызмет жасайды.
  5. Нақты инвестициялаудың басқа нарықтары. Белгілі бір заттардың жинағына (көне құнды заттар, көркем сурет, скульптура, графика туындылары; нумизматикалық құндылықтар және т.б.), асыл тастар мен құнды металдарға және басқа материалдар сипатындағы құндылықтарға ақша салымымен байланысты көптеген операциялар кіреді. Инвестициялар нарығының бөлінуі басқа да өлшемдер бойынша, яғни салалық және аумақтық тұрғыдан да болуы мүмкін. Барлық жағдайларда ол инвестициялық нарық мақсаттарына және оның талдауы мен бағалауына сәйкес келуі тиіс.

Қазақстан инвестициялық стратегиясының негізгі бағыты –   инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ететін жағымды инвестициялық ахуал болып табылады. Ол біріншіден, инвесторларға ықпал ететін факторлардың жүйелі көрінісін береді, екіншіден, мемлекеттегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді, үшіншіден, шетелдік серіктестік қозғалыс негіздемесін түсінуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаларға сәйкес сырттан келетін ақша ағымдарының экономикадағы рөлі

Ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияның оң және теріс ықпалын анықтау барысында шетелдік инвестициялардың тек қана оң әсерін бөліп қарастыруға болады. Олар мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпал етеді, ұлттық ресурстарды тиімді жұмсауда еңбек өндірісін жоғарлатуға, жаңа технолгияны игеруге мүмкіндік береді.

Тікелей шетел инвестицияларының ерекшелігі басқа халықаралық кәсіпкерлік нысандарымен салыстырғанда тура және жанама қасиеттерге ие.

Тікелей шетел инвестициялардан алынатын тура қасиеттер төменде келтірілген:

  • әлемдік шаруашылықта халықаралық интеграцияны жетілдіруде басқарудың жаңа әдістерін ұсыну және жоғары дамыған технология түрлерімен жабдықтау;
  • қолайлы инвестициялық ахуал нәтижесінде жоғары пайда табуда инвестицияны реинвестициялау;
  • өнімнің бәсекелестік мүмкіншілігін қалыптастыруда шетел инвесторларының барлық инвестициялық қаражаттарды тиімді қолдануы, яғни ең соңында пайда табуды жоғарылату;
  • өндірістік технологияның жоғары ықпал жасауына байланысты барлық өнімді шығару кезеңдерінің инвестициялық жобаны іске асыруда бірігу.

Тікелей шетел инвестициялардан алынатын тура қасиеттер кәсіпорындарда жүргізілетін реформалардың барысында және экономиканың өсуіне байланысты әлеуметтік саланың дамуына байланысты қарастырылады. Сонымен қатар тікелей шетел инвестициялардан алынатын жанама қасиеттер бар. Олар:

  • экономикасы төмен аймақтарда және экологиялық жағдайы төмен аудандар үшін қосымша алынатын инвестициялық ахуал күрделі инвестициялық жобаларды шешу үшін қолданылады;
  • кәсіпорындарда қондырғылар мен технологияның жаңартылуы инвестиция арқылы жүзеге асырылады. Ең соңғы нәтижесінде еңбек ақыға әсер ететін өнімділікті жоғарлатады, өнімнің бәсекелік қабілеттілігі жоғарлайды;
  • шетел валютасын алу батыс нарығына кіруге жол ашады, сонымен қатар жергілікті және отандық мамандарды жоғары деңгейде дайындауға мүмкіндік туғызады;
  • экономиканың кейбір салаларында жаңарту жолдары терең түрде қарастырылады;
  • еңбек ұжымдары және өндірістік циклдарды басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін ұсынуға мүмкіндік туындайды.

Тікелей шетел инвестициялары (ТШИ) ұйымдастырылған екі түрлі формада қарастырылады. Капитал бастауындағылар тарапынан отанында құрылатын фирмалардың еншілес филиалдары мен біріккен кәсіпорындар түрінде. Мазмұны жағынан кәсіпкерлік инвестициялар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, оған жылжымайтын мүліктерге, қондырғыларға, жерге, жаңа құрылыстарға, өндірістің жаңа түрлеріне және жекешелендіру арқылы сатып алынған кәсіпорындарға салынған салымдар жатады.

Еншілес филиалдар мен біріккен кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықта жұмыс істей алады. Шетел инвесторларын қызықтыратын сала экономиканың шикізатты өңдеу саласы, яғни инвестицияны осы салаға жұмылдару. Қазақстанда оған мұнай-энергетика және тау кен өнеркәсіп кешендері, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінде сирек кездесетін металдарды балқыту және алтын өндіретін кәсіпорындарды құру жатады. Мұнай-энергетика саласында мұнай, газ өндіру және қара алтынды зерттеуде жаңа кен орындарын ашу көзделеді.

ТШИ экономикаға тартудың басты мақсаты – нарықты жүйеде қалыптасқан ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу. Орта мерзімді шарттардың қатарына капиталдың импорттық сипаты ғылыми-техникалық прогресті жетілдіру, экономикалық құбылыстарды ашу, экономикалық әдістерді қарастыру және тиімділікті ұйымдастыру.

Мемлекетте инвестициялық үрдісті жүргізуші субъектілер қатарына капитал иесі жатқызылады. Капитал иесі тәуекелді бағалай отырып, жағымды қасиеттерді зерттей отырып нақты инвестициялық жобалардың орындалуына тоқталады. ТМД  қатарындағы мемлекеттер инвесторлар үшін жағдайларды қарастыра отырып, өз нормативті заң актілерін, ресурстарын, шарттарын, инвестициялық ахуалын ұсынады.

Шетел инвесторлары үшін басты кедергі болатын құрал –  заң және нормативті актілердің пысықтала отырып жетілмеуі. Себебі мемлекеттердің көпшілігінде уақыт өткен сайын заң актілері өзгеріп отырады.

Шетел инвесторларының басым көпшілігі техникалық қауіпсіздікті сақтамайды, яғни нәтижесінде адам әр түрлі оқыс оқиғаларға душар болады. Сонымен қатар шетел инвесторларында жұмыс атқаратын отандық азаматтардың еңбек ақысы шартқа сәйкес келмейді.

Шетел инвесторларын екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жаңа мүмкіншіншіліктерді іздестіретін алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер жатқызылады. Бұл кәсіпкерлер аймақтардағы барлық инвестициялық жобалар туралы ақпараттарды толық білуге міндетті. Екінші топ бұл пассивті түрдегі кәсіпкерлер. Бұл кәсіпкерлер тек қолайлы жобалар бойынша тиімді жолдарды іздестіретін  тұлғалар. Сондықтан бірінші топтағылар нақты ұсыныстарды білдіруі мүмкін, ал екінші топтағылар инвестицияның күрделі деңгейін ұсыну мүмкін.

Алайда тура шетел инвестицияларын тартуды қолдануда республикамызда бірнеше мәселелер бар.

  1. Тікелей шетел инвестициялар құрылымын қазіргі таңда шикізаттық бағыт және кәсіпкерлердің тек жоғары табысты жобалары қызықтырады. Бірде-бір кәсіпорын мұнайды максимальды өндіру технологияларын қолдануды, кен орындарын тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бүгінгі таңда Қазақстанға деген қызығушылықты шикізат байлығына ғана танытуда.
  2. Аймақтық талдауда аймақтардың инвестициялық рейтингісі жергілікті билік пәрменімен әлсіз анықталады. Бұл дегеніміз, ынталандыру тетігі әлі күнге дейін орталықта деген сөз. Аймақтар экономикалық шешім қабылдауда өз алдына тәуелсіз емес.
  3. Шетелдік инвестициялардың шикізаттық бағыты республика экономикасының құрылымындағы диспропорцияны онсыз да ұлғайтуда, елдің қауіпсіздігін бұзуда. Пайданың көп бөлігі шетелде қалуда (оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнеркәсібі, түсті металл және т.с.с. Қазақстан экспортының негізгі салалары). Тікелей шетел инвестициялары бұл жағдайда елдің сыртқы борышының еселенуіне керағар ықпал етеді және экономикалық өсуге түрткі болмайды.

Отандық және шетелдік мамандар бағасы бойынша инвесторлар тәуекелін бәрінен бұрын мына факторлар тоқтатады:

— елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;

— тұрақтылығы құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;

— экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігіне артылған мәселесіндегі айқын саясаттың жоқтығы;

— көліктік инфрақұрылым дамымағандығы, Қазақстан мен  сыртқы әлем байланысындағы әуе жолдарының жеткіліксіздігі;

— Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалының жер үсті тасымалы жүйесімен (мұнай құбыры мен газ құбырын қоса алғанда) барабар еместігі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *