Мемлекет экономикасының тұрақты қалыптасуы және шаруашылық сферадағы субъектінің тұрақты қызметіндегі негізгі басты міндеті – инвестициялық қызметті жүргізу. Адамзат өмірі,  оның дамуы жер шарында  адамдардың тауарларды өндіруімен және тұтынуымен байланысты ұғым. Адамзат дамуының кезеңдері қоғамдық өндіріспен тығыз байланысты болады. Пайда және табыс табу үшін ең алдымен тауар өндіріп оны сатуымыз қажет. Сондықтан өндіріс – экономиканың жұмыс істеу көзі және адамдардың өмір сүру қабілетінің басты негізі. Өндіріс үдерісінің күнделікті қайталанып отыруы, оның тозуы және өндірісті экономикалық ұйымдастыру – нарықтық экономикада жаңа әдістерді талап етеді. Бұл әдістердің қатарына өндіріске қажет капиталдың қажеттілігі немесе инвестициялық процесс жатқызылады

Нарықты экономикада мемлекттің инвестициялық ахуалы экономикалық өсудің көрсеткішін нақты деңгейде сипаттайды. Инвестициялық ахуал дегеніміз – нақты сол мемлекетке қатысты инвесторларды жұмылдыратын және ығыстыратын саяси, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, ұйымдық-құқтық, географиялық факторлардың жиынтығы. Инвестициялық ахуалға әсер етуші факторлар кездеседі, яғни олар экономикалық өсу қарқынынада себебін тигізеді. Енді осыларға тоқталсақ.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты жеке және мемлекеттік күрделі қаржы салымының дамуына ықпал етеді. Сондықтан инвестициялық саясат мемлекеттің инвестициялық ахуал қалыптастыратын маңызды фактор. Кейінгі уақыт ішінде Қазақстан Республикасы үкіметі инвестициялық саясаттың маңызды екеніне көп көңіл бөле отырып, жаңа бағыттарға өте бастады. Соңғы үш жыл ішінде мемлекеттің инвестициялық саясатында оң өзгерістер байқалуда, яғни Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің қалыптасуы, теңге бағамының тұрақтылығы, пайыз ставкасының төмендеуін көрсетеді. Бірақ инфляцияның және пайыз ставкасының төмендеуі өндіріс және инвестицияның өсуіне толық ықпал етпейтіндігін мемлекет түсінеді. Бұл екі факторға байланысты:

  • инвестиция алушы кәсіпорынның дайын еместігі басқару сапасының төменгі дәрежеде болуы;
  • инвесторлардың кәсіпорындағы экономикалық ортаға талдау жасай отырып бір шешімге келуі. Бұл кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың төмен болуы, тәуекелдің жоғарлығы жауапкершілік құқықтың болмауы.

Қазақстанның инвестициялық саясатын өзгерту үшін үкімет мынадай шаралар қолданады:

▪  активтерді нарықтық бағалауға жағдай жасау;

▪ амортизациялық саясат әдістерін таңдау барысында амортизациялық саясатқа өзгерістер енгізу;

▪ инвестициялық жобаларды мемлекеттік-коммерциялық тұрғыда біріккен түрде қаржыландыру мәселесін практикада қолдану;

▪ бюджет қаражаттарын қолдануда мемлекеттік бақылауды күшейту;

▪ шетелдік инвестицияны тартуда нормативтік базаны жетілдіру;

▪ кәсіпорындарды орталықтандырылған инвестиция бойынша мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекет көлемінде жалпы жинақтау деңгейі халық, кәсіпорын және үкіметтің жинақтау деңгейіне байланысты болады. Азаматтардың негізгі ақша құралдары болашақ жинақтаудың негізгі көзі болса да, олардың көлемі экономикалық өсуге негізгі ықпалын тигізе алмайды. Егер бюджетке түсетін салық төлемдері үкіметтің тұтынуынан жоғары болса  үкімет жинақтауда қарастырады (мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, қорғанысқа қажетті шығындар және зейнеткерлерге төленетін төлемақылар). Бұл жағдайда үкімет қолындағы ақша құралдары  инвестиция есебінде жаңа жол құрылыстарын салу, байланыс жүйелерін дамытуға қолданылуы мүмкін.

Мемлекеттегі жинақтау мөлшері инвестиция көлеміне ықпал етеді. Қоғам ағымдағы табыстарын жинақтаса, өндірістің бір бөлігі тұтынуға бағытталмайды. Керісінше инвестицияға жұмсалады.

Салымшылар және инвесторлар экономикалық салада әртүрлі топтарға бөлінеді. Отбасы табыстарын жинақтаған кезде банк жүйесіне орналастырады. Банк бұл ақша құралдарын күрделі қаржы салымдарына сұраныс білдірген компанияға, кәсіпорындарға уақытша мерзімге ұсынады. Бұл жағдайда салымшы мен инвесторлар (кәсіпорындар) арасындағы байланыс қаржылық делдал  (банк) арқылы жүргізіледі. Экономикалық ортада салымшылар және инвесторлар біртекті қызмет атқаруы мүмкін. Егер кәсіпорын тапқан пайданың бір бөлігін жинақтаса немесе жаңа өндіріс құралын сатып алуға жұмсаса, онда кәсіпорын бір мезгілде табысты жинақтайды әрі ақша құралдарын сақтайды. Көпшілік жағдайда компаниялар өз пайдаларын банктік салымдар көбеюіне байланысты жинақтайды. Жабық экономикада жинақтау мөлшері инвестиция ауданына сәйкес келеді.

Мемлекет әлемдік қаржылық жүйеге енген кезде экономикада әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Егер қазақстандық бір компания күрделі қаржы салымын керек етсе, онда ол қажетті қаржы мөлшерін шет елдік және қазақстандық банктерден алуға мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде республикада шетелдік инвестицияларды тартуды мемлекеттік реттеудің негізі белгілі бір шамада құрылған десе де болады. Алайда мұндай механизмнің ұтымдылығы айтарлықтай жоғары болмай отыр. Ал бұл өз кезегінде елдің инвестициялық ахуалына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ескере кететін бір жайт –  жаңа заңдарды қабылдап қана қою аз.  Олар толық орындалуға тиіс және толып жатқан заңнан туындайтын актілерді, нұсқауларды пайдалану орталықтағы және жергілікті жерлердегі басшылардың шектеулері мен тосын іс-әрекеттері салдарынан таза төмендеп қалмауы керек. Егер шетелдіктер мемлекеттің сот жүйесіне сенбесе,  заң әзірлеушілер оған өзгеріс енгізген кезде талқылауда және сапасын анықтауда үнемі асығыстық жасайтын болса, онда өндіруші мен инвесторлардың қатері еселене түседі. Шетелдік компаниялардың мәлімдеулеріне қарағанда, заңдарға өзгерістер енгізген кездегі асығыстықтың салдарынан, түпсіз таусылмайтын жаңа заң шығарудан және ескі заңдарға үнемі толықтырулардың енгізіле беруінен Қазақстан заң жағынан белгілі бір дәрежеде тұрақсыз көрінеді.

Экономиканы тұрақтандыруда және инвестициялық ахуалды ұйымдастыруда мемлекеттің алдында аса маңызды мәселелер қарастырылуда. Нарықтық экономика — маңызды мәселелерді шешудің негізгі де басты ортасы. Олардың  қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар арасында ұлттық келісімді нығайту;
  • қылмыстық ортамен күресті күшейту;
  • инфляция деңгейін әлемдік практикаға сәйкес төмендету;
  • өндірісті ынталандыру барысында салық заңдылықтарын қайтадан қарастыру;
  • кәсіпорындар мен халықтың бос ақшаларын шоғырландыра отырып, инвестициялық жобаларға жұмсау және салымдар бойынша пайыз ставкаларын көбейту;
  • отандық және шетелдік инвесторларға, банктерге салық бойынша жеңілдіктер қарастыру;
  • кеңестік одақтағы республикалар арасында тауарлар, жұмыс күші және капитал ағымдары бойынша айналым жүйесін ұйымдастыру.

Экономикаға шетелдік инвестицияларды қатыстыра отырып, Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын жақсартуға болады. Сонымен бірге өндірістің жоғарғы технологиялық жаңалықтарын құрастыру, көптеген өндіріс орындарын техникалық жабдықтау және негізгі қорларды модернизациялау, менеджмент және маркетинг, ноу-хоу салаларына жетістіктерді енгізу ішкі нарықты шетелдік мемлекеттегі экспорт көлемін бір мезгілде ұлғайтып, отандық өндірістің сапалы тауарларын толықтыру қажет.

Республикада бұл міндеттерді шешуде мемлекетте инвестициялық белсенділікті жандандыру, жүзеге асыру мақсатында оның ұйымдасуының негізгі қажетті құқықтық негіздерді құрастыру және инвестицияны ынталандыру бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Батыс мемлекеттерінің пікірінше, Қазақстанның келешегі тікелей өзіміздің қолда бар табиғи ресурстарымызды және қорларды қалай пайдалануымызға байланысты болмақ. Сондықтан салалар бойынша жіктейтін болсақ, инвестицияның көп мөлшері мұнай-газ, түрлі металлургия, сонымен бірге біртіндеп қызығушылық  тудырып отырған қара металлургия, энергетикалық кешендері, азық-түлік өндірісіне, телекоммуникацияға бағытталуда.

Осы мәселелерді шешу және экономикалық дамуға жету де, сонымен бірге экономиканы шикізаттық тәуекелділіктен арылу мақсатында Қазақстан Республикасының 2003-2015жылдарға арналған  индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы жасалды. Стратегияда индустриалдық-инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты —  мемлекет қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларына инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру көзін анықтау көрсетілген.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыру, жеке инвестицияларды ынталандыру шараларының кешенін қарастырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *