ХІХ-ХХ ғасырлардағы туризм

ХІХ-ХХ ғасырлар (ІІ дҥниежҥзілік соғысқа дейінгі) кезеңіндегі туризм. ХІХ ғасыр туризм дамуы тарапынан ірге салушы кезең болып табылады. Тіпті, осы құбылысты анықтайтын «турист» деген сөздің өзі осы ғасырдың басында пайда болады. Бұл сөз ағылшын Педждің кітабында: «біздің заманымызда саяхатшыны турист деп атайды» (a traveller is nowdays called a tourist), – деп келтіріледі. Континенталдық Еуропа тұрғындары да осы сөзді қолданса да, анықтаманы ағылшындар енгізгеніне таңғалатын жөні жоқ. Бұрын айтып кеткендей, XVІІІ ғасыр соңы өзінде жастардың мектеп бітіргенінен кейін Еуропаға сапарға бару Англияда сӘннің бір түрі болып кеткен. Бірте-бірте бұл құбылыстың ауқымы кеңейді. Мысалы, 1888 жылы жарты миллион ағылшын Ла-Маншты кесіп өтті. Әрине, олардың барлығы тұманды Альбионнан турист ретінде жолға шықпаған. Отаршы империяны кеңейтіп жӘне жаңа нарықтарды игеріп, ағылшын үкіметі кӘсіпкерлерге, саудагерлерге жӘне отаршы Әкімшілікке арқа сүйеген, ал олар болса, туристерге «жол ашқан». Англияның туризм саласында пионер болуының себебінің бірі – бұл елде Әлемде алғаш рет, өнеркӘсіптік қопарылыс орын алған.
Қазіргі Әлем өркениеті қалыптасатын негізге өнеркӘсіптік қопарылыс, экономикалық, Әлеуметтік, саяси жӘне идеологиялық өзгерістердің жиынтығы, жаңғырту кезеңі жатады. Өзінің маңызы, даму қарқындылығы, өмір салттарының өзгерістеріне қарай бұл қопарылысты революциямен теңестіреді. Экономика саласында өнеркӘсіптік қопарылыс машиналық өндіріске негізделген ірі фабрикалық-зауыттық өнеркӘсіптің пайда болуымен, ғылымитехникалық прогресстің (ҒТП) одан Әрі дамуымен, урбанизациялаумен, өндіріс пен сауданың жаңа ұйымдастыру формаларымен, қол жұмысы маңызының жоғалуымен сипатталады.

ХІХ ғасырдың ортасына дейін еуропалық туризм тек таңдаулы, дӘрменді тұлғалардың туризмі болған, осыған орай кейбір авторлар [19] осы кезеңдегі туризмді «ақсүйектер туризмі» (tourisme aristocratique) деп атайды. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан, Әсіресе, ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, туризмнің демократиялануына жеткізген өзгерістер орын алды. Англиядан Францияға жасалған ұйымдастырылған турлар 1815 жылдың өзінде орын алғаны баршаға мӘлім. Жазушы жӘне саяхатшы Джордж Галиньяни осындай Лондоннан Парижге бағытталған кең бұқаралық жұртқа арналған турлардың ынталандырушысы мен ұйымдастырушысы атанған. Ал 1829 жылы саяхатшыларға арналған, неміс Карл Бедекер Әзірлеп баспадан шығарған Әлемдегі бірінші жолнама жарық көрді. Бұл жолнаманы таралуы мен белгілі болуы соншалық, Бедекердің аты жалпы есімге айналып, қазіргі жолнамалар да бедекер деп аталады.

К.Бедекер баспа фирмасын құрып, ағылшын үлгісімен жолнамаларды шығара бастады. Ал 1846 жылы оның жолнамалары негізгі Еуропа тілдерінде шығарыла бастады. Жолнамаларды үздік мамандар: тарихшылар, өнертанушылар, географтар мен Әдебиеттанушылар бірігіп Әзірлегендігіне орай олардың сапасы өте жоғары келген. Бұл жолнама қазір де шығарылуда жӘне Еуропада дербес саяхат жасап жүрген туристердің сұранысына ие. ХІХ жӘне ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы туризм дамуы көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздылары [65, 93]: — көлік құралдарының дамуы; — өнеркӘсіптің дамуы жӘне осыған байланысты халықтың өмір деңгейінің көтерілуі; — туристік бюролардың пайда болуы, — урбанизациялау үрдісі; — бос уақыт мөлшерінің көбеюі; — қоғамның мӘдени деңгейінің жоғарлауы; — мемлекеттің туризм жөніндегі саналы саясаты. Көлік құралдарының дамуы туристік қозғалыстың қарқындылығы мен кеңістіктегі өзгерістерінің ең маңызды факторларының бірі екені даусыз. К.Либере айтуынша (1969), «салт аттың, одан кейін дилижанс пен желкен кемелерінің орнына теміржол мен бумен жүретін кемелердің пайда болуына» [63, 185-бет] байланысты туризм дамуында мүлдем басқа кезең басталды, көліктің жаңа түрлері жолды қысқартты, арзандатты жӘне жайлы қылды. Дамудың келесі кезеңі автомобиль мен ұшақтың пайда болуына байланысты.

Жаңа көлік құралдары қалың көпшілікке саяхат жасау мүмкіндігін берді, ал теміржолдарының ашылуы туристік станциялар мен сауықтыру орындарының географиясын өзгертті: көптеген жаңа туристік жерлерге теміржолдардың салынуына байланысты демалыс орындарының жүйесі Әлдеқайда арттылды. Алғашқы Манчестер-Ливерпуль теміржол желісі Англияда 1825 жылы ашылса да, туристік аумақтарға апаратын теміржол торы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында іске қосылды. Бұрын апталарға созылған саяхат бір-екі күнге, тіпті, бірнеше сағатқа шейін қысқарды; енді саяхатты кез келген адам арзан бағаға жасай алатын болды. Теміржолдар барлық елдерде бұрын кездеспеген қарқындылықпен салына басталды. Олар туристік қозғалыс құрылымы мен көлеміне түпкі өзгерістерді енгізді.

Көлік жүйесінің нығаюы туризм дамуын кеңейтті де, тереңдетті. Қозғалыс жылдамдығының артуы курорттың алыс орналасу факторын жоқ қылды, оларға қол жету мүмкіндігін жақсартты. Жол жүрген адам бұрынғыдай шаршап-шалдықпай, сапар шегу жайлы да жағымды бола бастады. Туризмнің өркендеуіне көліктің жайлы болуы Әсер етті. Ең алғашқы теміржол жолаушыларының өзі осы құралдың жайлылығын, селкілдепшайқалмауын мақтап айтқан. Жолдағы қызмет көрсету сапасы да өсті. Бірінші жолаушылар вагондары көлденең қойылған ұзын орындықты, төбесі ашық көлік болған. Көп уақыт өтпей, бұл көлік құралына өзгерістер енгізілді, ең алдымен, АҚШ-та: бұл кең аумақты елдің жолдары өте ұзақ жӘне жолаушылардың жайлылыққа қойылатын талаптары жоғары болған. Клиентті өзіне тарту мақсатындағы теміржол компаниялары арасындағы қызу бӘсекелеске байланысты, ХІХ ғасырдың 70-жылдарында көркем безендірілген, жолда тамақ берілетін бірінші классты жатын вагондар пайда болды. Енді туристер мен басқа сапар жасаушылар үшін ұзақ жол кедергі болмады.

Теміржол арқылы қол жетерлік жаңа туристік орталықтар мен курорттардың өркендеуімен бірге, теміржол желісінен алшақ жерлер ахуалының нашарлауы байқалды. Бұрын туристер мен курортшылар болмаған жерлерде туристік қозғалыстың кеңеюі аумақтың шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізген. Осындай көптеген ауылды жерлерде осыған дейін басым болған ауылшаруашылық функциялары туристік шаруашылыққа орын беріп, өздері жоққа айнала бастады. Теміржолдардың жӘне осыған байланысты туристік миграциялардың дамуы кейбір аумақтардың туристік жабдықталуына септігін тигізген. Сол кезде қалыптасқан кейбір туристік орталықтар қазір де туристік қозғалысқа қызметін жалғастыруда. Төмендегі аумақтар осының мысалы бола алады.

1861-1862 жылдардың қысқы маусымында Францияның Көкшіл Жағасында демалушы 2,5 мың жанұялар тіркелді, олардың 300-і Каннда, 400-і Йерде жӘне 1680-і Ниццада болды [19]. 1863 жылы Канн мен Марсель арасында теміржол байланысы орнаған, ал 1878 жылы Париж бен сауықтыру орны арасында күніне екі, 1888 жылы – төрт поезд жүрген. Теміржолын Каннға жеткізу нӘтижесінде шетелдіктердің келуі көбейді: 1878 жылы мұнда 750, 1892 жылы 1464, 1901 жылы 4500 ағылшын отбасылары келген. Сонымен қатар, ресейліктердің (ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында жыл сайын 300 отбасы), американдықтар мен немістердің (250 отбасыдан) келгені анықталған. Парижбен теміржол қатынасын орнату француздардың өздерінің осы аймаққа жиі ат басын тіреуіне себеп болды: 1878 жылы демалушылардың арасында француздар 34-ақ % құраса, ХХ ғасырдың басында олардың үлесі 49 % -ға жетті [13].

Кейбір дерекнамалар бойынша,Францияның Жерортатеңіз жағалауына ХІХ ғасырдың соңында жылына 2 млн француз (1898) келсе, 1908 жылы олардың саны 5 миллионға жуыққа жақындағаны жайлы хабар бар [19]. Француздар келулерінің өсуі туристік қозғалыстың бұрынғы маусымдылық көрсеткіштеріне Әсер еткен. ХІХ ғасырдың 70-жылдарында мұнда барлық туристердің 48 %-ы ғана жазғы маусымда демалса, 1901 жылы бұлардың үлесі 71 %-ға шейін өскен [19].

Туристердің келуімен туристік инфрақұрылым да дамыған. 1870 жылы осы аймақта қонақтарды қабылдауға арналған 34 қонақүйлері мен 215 жекежай тіркелсе, ал 1912 жылы ол сӘйкестік 92 мен 1140-қа жеткен[19]. Теміржолдар дамуы мен туризм көрсеткіштерінің өсуі арасындағы осындай байланыс Францияның басқа жерлері мен аймақтарында байқалған. Мысалы, Вишиде 1860 жылы курортта демалушылардың саны 20 мыңға жетпеген болса, 1890 жылы 100 мыңға жуық демалушы тіркелген [39].

Монакода туристік түнеулер саны 1871 жылдағы 140 мыңнан 1899 жылда 503 мыңға дейін өскен. 1890 жылы теміржолдың Швейцариядағы Давосқа жетуінің Әсері мынадай: 1895 жылы жергілікті қонақүйлерде 450 мың түнеу белгіленді, 1900 жылы – 600 мыңға жуық, 1910 жылы – 1 млн шамасында*. Басқа альпілік аймақтармен салыстырсақ, мұнда туризмнің қарқынды дамуы ХІХ ғасырдың соңында ғана басталды. Оның кешігу себебі таулы аймақтарда, Әсіресе, туннельдегі кесінділерді салған кездегі техникалық қиыншылықтардан орын алған. Шамониге теміржол 1901 жылы ғана жетті, ал теміржол пайда болғаннан кейін он жылдың ішінде (1914 жылға дейін) Шамониді бүкіл Әлем таныды. Алайда, мұндай жағдай бүкіл Савойяда болған: 1865 жылы мұнда 35 мың, ғасыр соңында жыл сайын 60 мың турист келген. Францияның теміржолының желісіне кірген соң Савойя аймақтық функция атқарған ауданнан жалпыұлттық, тіпті, халықаралық маңызы бар туристік аймаққа айналған. Америка құрлығында да осындай тӘуелділік байқалады.

Белгілі аргентиналық Мар-дель-Плата курортына 1886 жылы Буэнос-Айрестен теміржол желісі салынғаннан кейін оның қарқынды дамуы басталды. 1886 жылы мұнда 1415 демалушы келген, ал бес жыл өте – 4700-ге жеткен [54]. Майамидың демалыс орны ретінде дамуы оны Флориданың басқа жерлерімен жалғастырған теміржол 1896 жылы салынғаннан кейін ғана артқан.

ХІХ ғасырдың басында маңызды Жерді айналып шығу теңіз саяхаттары жасалды; бұларда орыс теңізшілерінің орны ерекше. Тек ХІХ ғасырдың алғашқы отыз жыл ішінде Ресейде Жерді айналып шығудың бес ірі экспедиция Әзірленіп өткізілді. Осылардың арасында орыс Әскери флотының тарихындағы алғашқы Жерді айналып шығу экспедициясын атау қажет. Бұл саяхат 1803-1806 жылдары Иван Федорович Крузенштерн мен Юрий Федорович Лисянскийлердің басқаруымен жүзеге асты.

Экспедицияның ресми мақсаты Жапонияға Н.П.Резанов басқарған орыс елшілігін жеткізу тұғын. Резанов, сонымен қатар, Ресей-Америка компаниясының бастығы да болған. Экипаждар ерікті түрде қалыптастырылған, Жерді айналып шығу саяхатын жасағысы келгендердің саны өте көп болған. Сондықтан офицерлерді ғана емес, матростарды да тиянақты іріктеген. Экспедицияға Ю.Ф.Лисянский (1773-1837), М.И.Ратманов, П.Головачев, Ф.Ф.Беллинсгаузен (1778-1852) жӘне т.б. қатысқан. Саяхат Санкт-Петербург айлағынан басталған. 10 күнде «Надежда» мен «Нева» кемелері Копенгагенге жетті. Одан кейін кемелер Атлантикаға шықты. 1803 жылдың қараша айында Ресей флотының тарихында бірінші рет орыс кемелері экватордан өтті. 1804 жылдың ақпан айында кемелерін жөндегеннен кейін флотилия Горн мүйісінен өтіп, Тынық мұхитқа шықты. Ауа райы нашар болды: біресе, шторм, біресе, тұман; ақырында, кемелер бір-бірін жоғалтып адасып кетті. Күні бұрын келіскендей, мұндай жағдайда Ю.Ф.Лисянский Пасха аралына барып басқаларды күту керек-ті. Бірақ И.Ф.Крузенштерн (1770-1846) жүгін Камчаткаға жылдам жеткізіп, Жапонияға баруға асықты. Ю.Ф.Лисянский басқарған «Нева» кемесі «Надежданы» Пасха аралының жанында бостан-босқа күтіп тұрып қалды.

Тұрған уақытын текке кетірмей, Лисянский жағалауды картографиялап, тереңдіктерді өлшеумен бірге, аралдың табиғи ерекшеліктері мен жергілікті халықтың тұрмысы мен салтын суреттеп үлгерді. Екі кеме Маркиз аралдарының бірінде кездесті. Мұнда И.Ф.Крузенштерн карталарға түзеулер енгізіп, толықтырды. Мысалы, Вашингтон аралдарын Әртүрлі теңізшілер бес рет «ашқаны» анықталды. Жапония жағасының жанында «Надежда» қатты штормға ұшырады. Әрең аман қалған кеме 1804 жылдың қыркүйек айында Нагасаки портына келіп тоқтады. Жапондықтардың тыйым салуларын бұзып, «Надежда» Жапон аралдарының батыс жағасын рұқсатсыз айналып өтті. Картографиялық түсіру жасалып, бұрын Лаперуз жіберген қателері түзетілді. Жол-жөнекей судың астында көрінбей тұрған төрт арал ашылды – бұлар қауіпті болғаны үшін Каменные Ловушки (Тас қапқан) деп аталды. Камчаткада жүгін түсіріп, кеме қайтадан жолға шығып, Сахалинге бағытталды. Аралдың шығыс жағалауын суреттеген И.Ф.Крузенштерн Амур мен Татар бұғазын ашуға жақын қалған, бірақ судың саяздығы бұған кедергі жасаған. Ол Сахалинді амалсыз түбек деп есептеген.

Көп уақыт өтпей, Г.И.Невельской (1813-1876) бұл қатені түзеген. И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің ғылыми ашулары көп қырлығымен ерекшеленген. Олардың еңбектері Ресей мен шетелдерде бірнеше рет баспадан қайта шығарылған, Еуропаның жеті тіліне аударылған. Франция мен Англия Академиялары И.Ф.Крузенштернді корреспондент-мүше қылып сайлаған. И.Ф.Крузенштерн Ресейдің Антарктида экспедициясының ынталандырушысы болған. Антарктиданы орыс Әскери теңізшілері 1818-1821 жылдары Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен (1778-1852) мен Михаил Петрович Лазарев (1788- 1856) басқарған «Восток» пен «Мирный» шлюптарымен Жерді айналудың екінші саяхаты кезінде ашқан. Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П Лазарев экспедициясы Антарктида жағалауына 1820 жылдың 16 қаңтарында жетіп, жағалаулық мұз шельфін зерттеген. Ф.Ф.Беллинсгаузен Антарктиданы «Мұзды материк» деп атаған.

Қос кеме Антарктидадан Австралияға бөлек жолмен барып, Сидней портында кездескен. Сиднейден шығып, экспедиция Тынық мұхитқа аттанған. Мұнда саяхатшылар Туамоту архипелагында беймӘлім аралдар тобын ашып, оларға атақты Ресей Әскери жӘне мемлекет қайраткерлерінің атын берді. 1820 жылдың күзінде флотилия Сиднейге қайтып, одан тағы да Антарктида жағалауына, бірақ бұл жолы Батыс жартышарға бұрды. Екі жыл ішінде 50000 миля жол жүріп, ауқымды географиялық, гидрографиялық, климаттық зерттеулерді өткізіп, экспедиция Кронштадтқа оралды. Зерттеушілер өзімен бірге ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық коллекцияларды Әкелді.

Экспедиция нӘтижелерін Ф.Ф.Беллинсгаузен өзінің «Двукратные изыскания в Южном Ледовитом океане и плавание вокруг света в продолжение 1819, 1820 и 1821 гг., совершенные на шлюпах «Восток» и «Мирный» кітабында жариялады. Теңіз техникасының дамуы, ең алдымен, желкен кемелерінің орнына бу кемелерінің пайда болуы құрлықаралық саяхаттарды Әлдеқайда жақсартты. Атлант мұхитын жүзіп өту уақыты бірнеше есе қысқарды: мысалы, ЛиверпульНью-Йорк жолы 1816 жылы 20-25 күнге, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 177 сағатқа созылса, 1883 жылы 6 күн 18 сағат қана болған* [63]. Құрлықаралық теңіздік жолаушылар тасымалдауымен бірге, Еуропа теңіздері бойымен, Әсіресе, Жерорта теңіз бен Ла-Манштағы саяхат жасаушылардың саны ұдайы өскен.

Ла-Маншты кезушілердің арасында Франция мен континенттің басқа елдерінде демалуды қалайтын ағылшындардың саны басым болған. Осының нӘтижесінде, ХІХ ғасырдың екінші жартысында, бұғаздың француз жағалауында бүгін де туристік функцияларды орындайтын көптеген шомылу орындары қалыптасты.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы, Әсіресе, отызыншы жылдарында туристік карталарда автомобиль көлігінің кең таралуына байланысты көлемді өзгерістер пайда болды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустармен Швейцарияға 762,2 мың шетелдік турист келді, яғни шетелдіктер жалпы санының 47,8 %-ын құрады.

Шетелдіктердің бұл тобы шетел туристеріне ұсынылатын түнеулердің тек 29,0 %-ын пайдаланған. Мұның себебі – осылардың көбі Швейцарияға бір немесе екі күнге келіп қайтқан. ДӘл сол жылы Швейцарияға мотоциклмен, 13,7 мың шетелдік турист келген. Шетел туристердің жалпы санында бұлардың үлесі 1,7 % болған. Қалған шетелдіктер (50,5 %) Швейцарияға теміржолмен жеткен. Автомобильді пайдалану туристердің кеңістік ауқымын үлкейтті, бұрын туристік қозғалыс шеңберінен тыс болған аумақтарға туристер енетін болды. Осындай құбылыстың Әсерінен жаңа туристік орталықтар салынды. Жиі аталатын [19, 33, 74] мысал ретінде Савойяны айтсақ та жеткілікті.

Ол ХХ ғасырдың отызыншы жылдары ғана автомобиль көлігінің дамуына байланысты, толығымен қалыптасқан туристік аймақ белгілеріне ие болған. Автомобиль қатынастарының дамуы жол торабының кеңеюіне ықпал тигізді. Барлық дамыған елдерде жолдар жаңартылды жӘне кеңейді. Автострада деп аталатын тек қана автокөлікке арналған жолдар салына бастады. Алғашқы автострадаларының бірі 1923 жылы солтүстік Италияда бой көтерді [70], ал олардың кең таралуы отызыншы жылдардың екінші жартысына келеді. Біз қарастырып отырған кезеңде жүйелі Әуе қатынастары көптеген елдерде жиырмасыншы-отызыншы жылдары аралығында пайда болғанымен, авиация туристік тасымалдауларда Әзірше, маңызды орын алмаған**. Құрлықаралық байланыстарда туристік мақсаттағы Әуе қатынастары 1939 жылы Pan American Airways Еуропаға туристердің алғашқы тобын жеткізгенде ғана басталды [42].

Ғылыми жұмыстарда туризмнің индустриалдық дӘуірінің басталуын Т.Кук атымен байланыстырады. Ол 1841 жылы квакерлік мастықпен күрес қоғамы белсенділері үшін алғашқы ұжымдық теміржол сапарын ұйымдастырады. Яғни осыдан делдал ретінде турфирма ерекше рөл ойнайтын, ұйымдастырылған туризм басталды деп айтуға болады. Бұл саяхат аясындағы түпкі қопарылыс еді. Кук іс-Әрекетінің маңызын күшейтетін тағы бір жайт бар. Кук кеңсесінің орнығуымен туризм өзіне сӘйкес өнімге ие болған шаруашылықтың дербес сферасы ретінде дүниеге келді. Т.Кук фирмасы туристік индустрия элементтерін (көлік, орналастыру, тамақтандыру, ойын-сауық кӘсіпорындары) біріктіру жұмысын орындады. Оның фирмасы сапар маршрутын құрастыру, жолда туристерді орналастыру, экскурсияларға билет сатудан бастап, банк операцияларын жүргізу мен шетел валютасын айырбастауға шейін, неше түрлі қызметтерді атқарған.

Тағы да айту керек, Т.Кук жұмыстың жаңа формларын ойлап тапты. Мысалы, көлік компанияларымен туристік топтарға билет сатқанда көтерме саудалық жеңілдіктерді жасау жөнінде келісімге тұрған. Кейін саяхат ұйымдастырудың осындай технологиялары туристік бизнесте классикалық ретінде қабылданған. Саяхаттар бюросы туристік индустрияның маңызды элементіне айналды.

Көптеген авторлардың [56, 63, 70] айтуынша, туризм тарихының өте маңызды мезеті 1841 жыл (5.07) болған: Лейстердегі жексенбілік мектептің мұғалімі ағылшын Томас Кук Мидлэнд округының теміржол компаниясын он сегіз шақырымдық Лейстер-Лафборо жолында арнайы мерекелік пойызды іске қосуына көндіріп, туризм кӘсібін жаңа сатыға көтерді. Кук іс-Әрекеті жұртты жылдан жылға қызықтыра берді. 1845 жылы ол өз клиенттері үшін Англияның алғашқы жолнамасын шығарды, ал 1851 жылы құрылған Куктың бюросы («Томас Кук пен баласы») Лондонда өткен Дүниежүзілік көрмеге (165 мың қатысушы), 1856 жылы – Швейцарияға, одан кейін Париждегі Дүниежүзілік көрмеге (400 мың қатысушы) ауқымды экскурсияларды ұйымдастырды. 1832 жылы Америка мен Еуропа арасында жүйелі пароход қатынасы ашылған, ал 1866 жылы Кук АҚШ-қа туристердің алғашқы екі тобын жөнелтеді. Турлар өте ұзақ болған, бес айға созылған. Томас Куктың атақты американ клиенттерінің арасында Марк Твенді атау қажет. Ол құрамына 60 адам кірген топпен бірге саяхатта болып, кейін осы сапарын «Аңқаулар шетелде» кітабында суреттеген.

Томас Кук 1872 жылы туристерге Жер айналатын саяхат ұсынды, сөйтіп, оны индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы Жерді 220 күнде айналып шықты. Өз кӘсібін Лондон көрмелері мен континенталдық Еуропа бойынша топтық экскурсияларынан бастап, Томас Кук бюросы іс-Әрекет ауқымын бірте-бірте кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеріп, сапар санын Әлдеқайда көтерді. Томас Кук Египетке, Палестинаға, тіпті, АҚШ-қа жүйелі туристік сапарларды ұйымдастыратын болды.

Оның бюросы кең ауқымды іс-Әрекетпен: экскурсанттарды орналастырумен, жолнамалар мен мерзімді туристік баспасөзбен, жарнамалық науқандармен, банк операциялары мен шетелдік валютаны айырбастаумен айналысқан. Томас Кук 1892 жылы дүниеден озды, оның ісін баласы мен серіктестері жалғастырды. Компания ісӘрекет көлемін Әлдеқайда кеңейтті, енді бұл ірі қаржы институтына айналып, саяхатшылар үшін жол чектерін шығаратын болды. Осындай чектерді қауіпсіз ақша деп айтуға болады, бұл ғасырдың нағыз өнертабысы. Бүгінгі таңда «Томас Кук» компаниясының Әлемнің барлық елдерінде 12000 туристік агенттігі бар, олар жыл сайын 20 млн туристерге қызмет етеді. Т.Кук бюросы туристке қызметтердің толық кешенін ұсынған. Туристер үшін қонақүйлер брондалған, Әртүрлі жеңілдіктер жасалған, Палестинаға, Қырымға, Кавказға жаңа маршруттар Әзірленген.

Кук компаниясының үздік жұмысы Англиядан басқа еуропалық мемлекеттер (1905 жылға қарай Куктың саяхаттар бюролары бүкіл Еуропада дерлік болған), Еуропадан тыс елдер (мысалы, 1870 жылы Ніл бойымен саяхат жасағандарға қызмет көрсету орындарын ашуға бюро Египет үкіметінен концессия алған) туристерін өзіне тартқан. 1876 жылы Англияда 1929 жылы Кук компаниясына қосылып кеткен Wagons Lits компаниясы жӘне Фреймз бен Генри Ланн туристік бюролары ашылды. ХІХ ғасырдың ортасында Т.Кук ерекше көңіл бөлген қоғамның орта жіктері тек ХХ ғасырдың басына қарай туристік қызметтердің негізгі тұтынушыларына айналды. Бұлар қаржы капиталының пайызына немесе құнды қағаз дивидендіне өмір сүрген рантье еді. Тікелей өндірістік-кӘсіпкерлік ісӘрекетпен айналаспағандықтан, туристік сапарларға жеткілікті бос уақыт пен қаржылар бөлген. Демалыстың ең таңдаулы жерлері Еуропаның бальнеологиялық жӘне теңіз маңы курорттары болған. Бүгінгі таңда Томас Кук заманауи туризмнің негізін салушы, туризмнің бірінші менеджері мен маркетологы жӘне саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының мӘні мен табыстылығын ұққан алғашқы адам болып есептеледі.
Басқа елдерде ашылған саяхат бюролары көп жылдар бойы Кук компаниясының бюроларына бӘсекелестік жасай алмаған. Германияда алғашқы саяхат бюролары Берлинде 1854 (К.Ризель) жӘне 1863 жылы (С.Штанген) ашылды, олар көбінесе, Германия (Гамбург)-Америка теңіз жолында қызмет көрсетумен айналысқан [56]. 1987 жылы Римде Пиана Перукка фирмасының ықпалымен алғашқы итальян саяхат бюросы ашылды [70].
Құрама Штаттарында American Express тек 1918 жылы [70] ХІХ ғасырдың сексеніншітоқсаныншы жылдарында пайда болған ұсақ кӘсіпорындарының [56] негізінде ұйымдастырылған. Барлық саяхат бюролары үшін теміржол жӘне кеме компаниялары жӘне дирекцияларымен ынтымақтастық жасау маңызы ерекше, ал өз жағынан, көлікшілер үшін саяхатшылардың олардың қызметін пайдалану кепілдігі осы ынтымақтастықты қолдау себебі болған. Халықаралық, отандық, тіпті, аймақтық туризмінің дамуында, бұрын айтылғандай, индустриялану мен урбандану үрдістері маңызды рөл атқарды.

Қалалардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдың басында басталып, осы күнге дейін жалғасуда, ал оның көрсеткіші – Әлем халқы санының жалпы өсуінен Әлдеқайда озып келе жатқан қала халқының артуы. ХІХ ғасырдың басынан бастап ХХ ғасырдың бірінші жартысының соңына дейін Әлем халқының саны 2,64 есе көбейсе, 5 мың тұрғыннан асатын қалалардың халқы 26,3 есе өсті. 1800 жылы осындай қалаларда Әлем халқының 7,1 %-ы, 1850 ж. – 13,0 %-ы, 1900 ж. – 28,3 %-ы, 1950 ж. – 63,8 %-ы тұрған [12]. ХІХ ғасырдың бастапқы жылдарында қаржы жағынан бай қала тұрғындары курорт салты бұдан бұрынғы ғасырда қалыптасқан сауықтыру орындарында демалуды қалаған.

Ең белгілі курорттары Чехия, Рейн жӘне Франция курорттары болған. Курортшылардың келуі курорттардың экономикасындағы, бетбейнесіндегі, кеңістік құрылымындағы өзгерістерді туғызған*. Көптеген курортты жерлерде тек қана қонақтарға қызмет көрсетуге арналған нысандар пайда бола бастаған. Әдетте, жақсы көркемделген, емдік құралдарымен жабдықталған, түнеу орындары, аспаздық азық базасы мен клубтық залдары бар курорттық үйлер ол кезде инвестицияларды салуға өте ұтымды болып табылған.

Бірте-бірте курорттарда емделуге келген демалушыларға арналған сауықтыру орындары мен виллалар салынған, сонымен қатар, жергілікті тұрғындар қосымша бөлмелерді саяжайшылар мен басқа демалушыларға жалға беру үшін өз тұрғын үйлерін реттеп, қалпына келтіріп қажетті құрылыс жүргізген. Курорттық жерлерде бірнеше қабатты үйлер саны көбейген. Кейбір жерлерде келушілерге қызмет көрсетуге арналған құрылыстар Әкімшілік шекараларынан тыс аумақтарға шығып кететін болды. Кейін мұндай жерді курорттар аумағына олардың бөлек кварталдары ретінде кіргізген. Көптеген онжылдықтар бойы тыйылмайтын «шипалы суларға сапар жасау» сӘні судың жаңа көздерін іздестіруге, жаңа «ескі» көздердегі судың шипалық қасиеттерін анықтауға бағытталған геологиялық зерттеулерді ынталандырған. Жаңа су көздерінің жанында жаңа курорттық кенттер бой көтерген. Олар курортшыларға қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарған [12].

Курорттардың дамуы ең алдымен, қала тұрғындардың үлкен жігіне демалыс мақсатымен қырға шығу мүмкіндігін берген теміржол қатынастарына байланысты болды. Ж.Бежо-Гарнье мен Ж.Шабо [12] қала тұрғындарының ХІХ ғасырда демалысқа бару қарқындылығын «көлік құралдарының демократиялануымен» байланыстырады. Бұрын басым болған ақсүйектер мен буржуазиядан басқа, табысы орташа саяжайшылар мен курортшылардың курорттарға келе бастауының нӘтижесінде көптеген қарапайым қонақүйлері мен басқа туристік нысандар салынды. Яғни, туристік базалардың жіктелген стандарты қалыптасты. Қонақтардың келу қарқынының салдары болып табылатын туристік жабдықталу арқасында жаңа еңбек орындары пайда болды, ал жаңа инфрақұрылым курорттық кенттерге қалалық бейнесін келтірді. Оларға бірте-бірте қалалық құқықтар берілді. Кейбір авторлардың баяндауынша [12], сауықтыру орындары оның маңында қалалық жұрттың шоғырлануы мен курорттық жердің қол жетерлігі жағдайында ғана қала болып кеткен.

Мұндай құбылыс ең алдымен, Орталық жӘне Батыс Еуропада орын тапқан. Қалалардың желісі нашар дамыған елдерде (мысалы, Оңтүстік Америкада), шипалы сулар емдік мақсатында кең пайдаланса да, бұған ұқсас үрдістер байқалмаған. Қала тұрғындарының үлесі жоғары болса да, Құрама Штаттарында курорт жерлерінің қала болып кетуі сирек байқалған.
Қорыта келе, ХХ ғасырдың басы бұқаралық туризмнің қалыптасу кезеңі деп айтуға болады. Бұл үрдіс Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ынталандырылды. Туризм тарихшылары бұл кезеңді бұқаралық жӘне Әлеуметтік туризмнің пайда болуымен үйлестіреді. Халықтың үлкен жігі туризммен айналысатын, болмаса туризммен айналасуға мүмкіндігі бар елдердегі туризмді бұқаралық туризм деп атай аламыз. Бұл жағдайда өздерінің қаражаттарына орай туризмнің ең арзан түрлерін таңдайтын байлығы орташа халық топтары туризм құбылысына қатысады. Әлеуметтік туризм дегеніміз – қаражаты шектелген адамдар үшін мемлекеттік не басқа бюджет көздері қаржыландыратын саяхаттар. Әлеуметтік (қаржыландырылатын) туризм жүйесі Германия, Франция, Швейцария мен КСРО елдерінде аздаған өз ерекшеліктерін сақтап жүзеге асырылды. Туризм түрлері мен формаларының саны да көбейе берді. Демалыс пен ойын-сауыққа, емделуге, танымдық мақсатында, көрмелер мен жӘрмеңкелерге қатысу тұрғысында сапар шегу кең тараған құбылысқа айналды. Көліктің жаңа түрі – автомобильдің пайда болуына байланысты, 1920 жылдардан бастап, алдымен АҚШ-та, кейінірек Еуропада дербес саяхаттардың қызықты түрі – «хитч-хайтинг» (бізге ол «автостоп» атауында танымал) пайда болды. Тағы бір жайт – кейбір Батыс елдерінде мемлекеттік туризм басқару органдары мен үкіметтік емес коммерциялық жӘне қоғамдық туристік ұйымдар қалыптасты. Көптеген себептер, ең алдымен, Әлеуметтік-экономикалық факторлар, туристік сұраныстың түпкі өзгерістеріне Әкеліп соқты. ХІХ ғасырдың ақсүйектер (аристократиялық) туризмінің орнын демократиялық, бұқаралық туризм басты.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *