«Қоныстандыру» термині өте күрделі жəне ол қоныстандырудың тарихи үдерістерімен байланысты, тұрғындардың көші-қонуы, жаңа аумақтарды игеруі, халықтың орналасуының жиынтығы жəне қоғамдық формалардың ұйымдастырылуын көрсетуі мүмкін.

Халықты қоныстандыру – қоныстану пункті желілерімен шартты түрде орналасқан аумақ бойынша халықты орналастыру.

Адам тұрағы бар кез келген жер бетін орналастыру пункті деп атауға болады. Егер бұрын қоныстандыру екінші ретті болып, өндіріс географиясының қарқынды дамуының артынан жүрсе, қазіргі кезде, əсіресе дамыған елдерде, халықтың қоныстандыруы қалыптасқан өндіріске бағытталады, яғни халық орналастырудың негізгі факторы болып табылады. Үлкен кеңістіктегі елді мекендер көлемі, функциясы, қалыптасуы, табиғаты, аумақтық ерекшеліктері, жоспарлау, сəулеттендіру, қолайлылық деңгейіжəне т.с.с. параметрлері бойынша бір бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Сонымен қатар, тағы да басқа кез келген аталған параметрлерден қоныстанудың жіктемесі жүргізіледі.

Негізгі қоныстандыру формасына келесілерді жатқызамыз: 1) Көшпелі жəне жартылай көшпелі қоныстандыру Солтүстік Африка мен Орталық Азияның шөл жəне шөлейт зоналарын мекендейтін, малшылықпен жəне таулы жайылымды уақтылы пайдаланумен айналысатын бірнеше ондаған миллиондаған адамдарға тəн. Көптеген елдерде көшпенді жəне жартылай көшпенді халықтар тұрғылықты өмір салтына көшті жəне көшуде. Мысалы, Қазақстанда көшпенділіктің орнына отарлы мал шаруашылығы ауысуда, мұнда отарлардан тек бақташылар бригадасы ғана қозғалады. 2) Отырықшы қоныстандыру топтық (ауыл жəне қала) жəне дисперсиялық (аграрлық жəне қызметтік қоныстар) қоныстандырудан тұрады. Мекендердің қалалық жəне ауылдық болып бөлінуінде əлі де түсініксіз жағдайлар көп, тіпті талас тудыратын мəселелер де бар.

Қала – халқының басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналыспайтын, ірі елді мекен. Тұрғылықтыелді мекендерді қалаға жатқызатын əртүрлі елдерге бірдей талап əлі жоқ. Халықтың көп болу талабы Дания қалаларында 200 адамнан жоғары, мұнда ауылдық (хуторлық) қоныстандыру басым, ал Қытайда 100 мыңға дейін. АҚШ-та қалалардың бастапқы адам саны 2,5 мың тұрғынды құрайды. БҰҰ-ның демографтары елдердің орналасу құрылымын салыстыру үшін қалалардағы халықтың көптігін төменгі шекарасы 20 мың адам деп алады, сондықтан БҰҰ-ның мəліметтері ұлттық есептеулерден айырмашылықтары бар.

Қалалық елді мекен ретінде 3 мың тұрғыны бар қала типтес елді мекендерді белгілеуге болады. Қала типтес елді мекендерді жұмыстық елді мекендер деп те атайды. Бұдан басқа қалалардың жəне елді мекендердің халқының 85% халық саны жұмысшылар мен қызметшілерден тұруы керек. Əлемде қалаларды ерекшелеу үшін əкімшілік талап қалыптасқан (Алжир, Эквадор).

Кейбір елдерде бірнеше критерийлер бойынша қалалар бөлінеді, мысалы, адамдардың тығыз орналасуы немесе құрылыс салу тығыздығы сияқты. Сонымен, Жапонияда адамдардың тығыз орналасуы 1 шаршы км 4 мың адамнан келетін жəне адам саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерді қала санатына қосады. Кейбір дамушы елдерде (Замбия, Индонезия, Перу) қалалық белгілерді анықтайтын критерийлер енгізілген, олар қолайлылық деңгейі жəне белгілі бір ыңғайлылықтың болуымен (көшелер, электроқуат, кəріз, мəдени-тұрмыстық мекемелер желісі) ерекшеленеді.

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *