Халық тығыздығы — аумақтың қоныстану деңгейі, аумағы 1 шаршы шақырымға келетін тұрақты халықтың саны. Қоныстанудың ұзақ үдерісі жəне жерді шаруашылықты игеру еңалдымен, жекеаудандардыңтабиғи, тарихи, экономикалықжағдайларына тəуелді. Бірақ географиялық детерминизмге түспес үшін өндіргіш күштердің дамуы мен табиғи фактордың мəні жəне соған сəйкес əлеуметтік экономикалық жағдайдың рөлі өсті: шаруашылық іс-əрекет, өндірістің даму деңгейі жоғарылады, бірақ оларды бағаламауға болмайды. Өнеркəсіптің пайда болуымен Еуропада, АҚШ-та халықтың ірі шоғыры қалыптасты жəне бұл үдеріс дамушы елдерде тұтастай жалғасуда. Адамдардың қоныстану тығыздығына жəне орналасу көрсеткіштеріне халықтың табиғи өсіміндегі демографиялық айырмашылықтар айтарлықтай əсерін тигізеді. Аумақта қоныстану деңгейін талдау картограмма əдісімен орындалған, яғни орташа тығыздықты есептеу көрінетін бұрыштарды қию əдісін қолданумен саяси əкімшілік бірлік шекарасында жүргізіледі. Н. Н. Баранский сол кезде осы əдісті тегістелген картограмма деп атаған. Тығыздық картасы барлық халық үшін құрастырылған сияқты, жеке ауыл үшін де құрастырылады. Қала қос нұсқада пунсондармен беріледі. Аз қоныстанған аумақтардағы халықтың орналасуын бейнелеу үшін дақ жəне ареалдар əдісін қолданады. Халықтар картасында, негізінен, нүктелік тəсіл қолданады, ондағы əрбір нүкте халықтың белгілі бір санына сəйкес келеді. Құрлықтағы қоныстанған халықтың орташа тығыздығы 1 км2 -ге 40-қа жуық адамды құрайды. Барлық халықтың 70%- ы жер құрлығының 7% аумағында өмір сүрсе, тіршілік ету құрлықтың жартысына жуығында шаршы шақырымға тығыздығы 5-ке жуық адамнан келеді.

Мүлде адамдар игермеген облыстар құрлық аумағының 15%-ын құрайды (поляр маңы зоналары, шөлдер, биік таулар), дегенмен абсолютті өмір сүру мүмкін емес аудан жер бетінде жоқ. Бұл облыстар табиғи жағдайлары бойынша қауіпті жəне соған сəйкес адамдардың негізгі бөлігі тіршілік ету үшін ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында ең қолайлы аудандар: субтропикті жəне субэкваторлық климаттық белдеулер, теңіз деңгейіне 500 м-ге дейінгі ойпаттар жəне жазықтар, жəне теңіз бен мұхит жағалауынан 200 км-дей болатын жолақтар.

Егер халық қоныстануының біркелкі еместігі бойынша мысалдарды жалғастыратын болсақ, онда географиялық келесі қызықтарды байқауға болады. Мысалы, шығыс жарты шарда жердегі халықтың 86%- ы, ал солтүстікте 90%- ы орналасқан. Шетелдік Еуропа жəне Азиядағы халықтардың тығыздығы ірі аймақтар арасында жоғары көрсеткіштеріне дүниежүзі халықтарының орташа тығыздығы 3 есе асып түссе (100 адамнан астам), ол Америкада 2 есе, ал Австралия мен Мұхиттық аралдарда 10 есе аз.

Дүниежүзі елдері арасынан халықтардың тығыздығы ергежейлі мемлекеттердежоғары. Мысалы, Монакода көрсеткіш – 16,5 мыңды құраса, Сингапурда – 1 шаршы км 7,3 мың адамды құрайды. Ірі мемлекеттердің ішінде ең үлкен көрсеткіш Бангладеште – 1 шаршы км 1141 адам. Дүниежүзі ірі елдерінде халықтың орташа тығыздығы Қытайда – 1 шаршы км 139 (таулы емес аудандарда – 200-ге жуық),Үндістанда – 1 шаршы км 361, АҚШ-та – 1 шаршы км 33 адамнан келеді.

Дүниежүзі халық тығыздығы картасында жоғарғы тығыздықпен 5 негізгі ареалдар көрінеді. Оның ішіндегі ең ірісі Шығыс Азиялық елдер, Қытай, КХДР, Корей Республикасы жəне Жапония. Мұнда халықтың орташа тығыздығы (таулы аудандардан басқа) 1 шаршы км 200 адамды құраса, Янцзыда, Корей Республикасында жəне Жапонияда 300 адамнан асып түседі. Мұнда 1,5 млрд-қа жуық тұрғын тұрады.

Халықтың 2-ші шоғыры – Оңтүстік Азиялық (Үндістан, Бангладеш, Пəкістан, Шри-Ланка). Орташа тығыздығы 1 шаршы км 800 адам жəне ең көп бөлігі Ганг жəне Брахмапутра аңғарында орналасқан, онда 1 шаршыкм 500 адамға дейін. Мұнда халықтың саны – 1 млрд адамнан асты.

Үшінші ареал – Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Индонезия, Таиланд, Филиппины, Малайзия). Мұнда халық саны 1 шаршы км 300 млн адамнан келеді.

Төртінші ареал – Батыс Еуропалық (Ұлыбритания, Бенилюкс, Солтүстік Франция, Германия). Мұнда халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км 200 адамнан асып түседі.

Халықтың бесінші шоғыры АҚШ-тың солтүстік шығысында жəне Атлант жағалауы мен Ұлы көлдер арасындағы Канаданың оңтүстік-шығысында байқалады. Егер бұл үлкен сандарды Қазақстандағы халық саны тығыздығымен салыстыратын болсақ, айтуға келмейді. 2724 мың шаршы аумақта халық саны –16 млн-нан астам адам. Қазақстан бойынша тұтас алғанда халық тығыздығы тек 1 шаршы км 6 адамды құрайды (ал ауылды жерлерде – 1 шаршы км – 2,4 адам).

Авторлық сілтеме:
Нүсіпова Г. Н. Халықтар географиясы: Оқулық. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы 5 В060900 – «География», 5 В011600 – «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ұсынылады. – Алматы: «Экономика», 2011. – 214 б.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *