Халық ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің бастауы

Ғасырлар бойы түрлі жырау,  жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фольклоры жазба әдебиетке жете қабыл.

Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан да бұрынғы замандарда қалыптаса бастап, елдің экономикасы, салт – санасы, халық тілі біршама дамып, семья мен рулық құрылыс күрделенген кезде өзінің кемеліне жеткен. Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған десек, оның фольклордағы тірлігі мен ұғымы, барлық әдет – ғұрыптары бақташылық – көшпелі өмір табиғатына сай туған.

Қазақ аңыздарында құт басы – еңбек. Осы ретпен ертеде қазақтар әр түлік малдың иесі болады деп, Шопан ата, Қамбар ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба жайында аңыздар тудырған, өмір, қоғам, ой – сана ылғи даму үстінде болады десек, сол нанымдар арқылы халық өзінің тіршілігімен іс — әрекеттерін жоқтаған.

Ерте кезеңдереде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары күнге, отқа, табиғаттың түрлі құбылыстарына табылғандықтан, қазақ фольклорында анимистік, магиялық және тотемдік белгілердің болуы да заңды. Фольклорда мифология элементі де сөзсіз болады. Ол көбіне ерте кезеңдерде туған қиял – ғажайып ертегілерінде кездеседі. Қазақтың төл ұғымында туған мыстан, жестырнақ, қарақұлақ образдары жамандық иесі болып, бірде адам, бірде аң түрінде кездесіп отырады. Адам кейпіндегі көптеген мифтер – Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысарт.б. еңбекпен байланысты туған. Бұлар адамның досы, қолқанаты. Ал Алдаркөсе жайындағы әңгімелер – ескілікпен күлкі үстінде есеп айырысудың ғажап үлгісі. Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің өз ұғымына жақын. Ғылымда қалыптасып тұрақталған жүйе бойынша фольклор жанрлары көркем фольклор, ғұрып фольклоры болып 2–сараға бөлінетіні. Қазақ оқымыстысы А.Байтұрсынов ғұрып фольклорын үшке бөліп жіктейді. Ал М.Әуезов оны «сыршылдық салт өлеңдері» деп атап, Ахаңға ұқсап, бірақ одан өзгеше жолмен үшке бөледі.сөз болып отырған фольклордың тұжырымды түгелдей ғылыми негізден туған, жетілген ой қатарына қосу қиын. Фольклорлық шығарманың табиғилығы мен қара дүрсінділігі басым болады, фольклор құрылысының аса қарапайымдығы оның көпшілікмүддесінен тұрғандығы танылады. Сондықтан ад фольклордағы табиғат, қоғам, адам болмысы жайлы айтылатын пікірлер барынша қарапайым болып келеді. Ал фольклорлық философия, этнография, эстетика, этика, психология – нағыз ғылыми негізде тумаса да не бір ықылым замандарды бастан кешірген, соқпақты жолдарда шыңдалған, халықтық тәжірибеден туған сірне ойлар мен даналық пікірлер.

Қазақ фольклорындағы философиялық ой-пікірлер оның естетикалық табиғатын ашуға да көмектеседі, қазақ фольклорында оның өріс алғандығы сонша қатыспайтын бірде бір жанры жоқ деуге болады. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі (сол) мен психологиясына әбден сіңіскен екі сөдің басын қосып айтатын болсақ, алдымен өз халқымыз туғызған мақал – мәтелді мысалға келтіріп, дәлелдеп, соған жүгініп сөйлейміз. Қазақтың «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болсын» — деген мақалы бекерге айтылмаған. Халық айтылмақ ой – пікірдің қорытындысы, түйіні ретінде мақал – мәтелді пайдаланған. Сол дәстүр осы күнге дейін халық арасында сақталып келеді.

Қазақ фольклорындағы философиялық ойлар – халық даналығының жетістігі. Философияның басты категориясы – жақсылық пен жамандық басты мәселе етіп қойлып, талдау жасалады. Ол қазақтың ертегі, мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік сөздерінен анық байқалады.

Қазақ халқының фольклорында табиғат, қоғам, өмір жайлы түсініктер өрістей келе, бүкіл халықтың ой санаға айналған. Халық күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым нәрседен бастап, күрделі құбылысқа дейін сөз етеді. Фольклорлық шығарманың тақырыбын да табиғат, адам, төрт түлік мал, тәрбие, тарих, этнография, ою — өрнек, мәдениет араласып келіп отырады. Бала тәрбиесі жөнінде, баланы жақсы әдет-ғұрыпқа баулу туралы арнаулы жырлар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер де көптеп кездеседі.

Балалар фольклоры отбасы тәрбиесінен бастап мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың қызығушылығын, тілін дамыту ретінде пайдалануға болады.

Балалар фольклорының жанрларының тәрбиелік мүмкіндіктері мол. Аға ұрпақ өз білгенің, өз кекейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Бастауыш сыныпта оқыту барысында фольклор жанрларын пайдалану баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным – түсінігін де арттыралы. Балалар жанрлардың түрін орындауда өз халқының мінез – құлқын, ой – санасын, тұрмыс – салтынан хабар алады.

Бастауыш сыныпта фольклор жанрларының жан – жақты оқытуда олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде аса қажетті тәрбие құралдарының бірі.

Бастауыш сыныпта фольклор жанрларын мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілістеде, бос уақыттарда да өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық,  қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Мұғалімнен фольклор жанрларына деген осы ынта – ықыласты қолдап, дамыта беру, оны сонымен бірге бала қызметінің басқа түрлерін ұйымдастыруда пайдалана білу талап етіледі. Фольклор жанрларының кейбір түрлері сабақ тақырыбымен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтан әсерлегін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылырдың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Осы бағытта ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Бастауыш сыныпта  қазақ балалар әдебиетінің атасы болып саналатын Ы.Алтынсариннің 1879 ж. жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» алғашқы оқулық ретінде ғана емес, жалпы қазақ балаларының рухани дүниесіне назар аударудағы алғашқы бетбұрыс еңбек болғаны белгілі.

Қазақ балалар фольклорына ықылас аударудың тамаша бір көрінісі ретінде 1926 ж. шыққан «Балаларға тарту» атты кітапты ерекше атаған жөн. Бұл жинақта – халық поэзиясының балаларға арналған үлгілері тұңғыш рет толығырақ топтастырылды. Мұнда бесік жырының, саусақ ойындарының, тақпақтар мен сұрамақтардың, арнау – тілек өлеңдерінің, қызықтамалардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың үлгілері жинақталған. Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы. Қазақ баласының алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені.

Оның алғашқысы – шығармаларды кім шығарып, кімдердің орындайтындығы және қалай орындайтындығы. Мәселен, бесік жырын ата – аналар шығарып, негізінен солар орындайды. Көптеген шығармалар балаларға байланысты әдет – ғұрып, салттар негізінде болып келеді. Ал мазақтамаларды балалар өздері шығарып, өздері орындайды. Осыған орай бұл шығармалар түрлі топтарға жүктелмек.

Екінші ескертетін мәселе шығармалардың атқаратын қызметі. Бұл шарт балалар фольклорын іштей саралауда маңызды міндет атқарады. Мәселен бесік жырында да, алдарқату жырын да ересектер орындайды, бірақ екі шығарманың атқаратын міндеті екі басқа. Бірі – баланы тыныштандырып, ұйқтауды мақсат етсе, бірі алдандырып, көңілін сергітуді мұрат тұтады. Немесе, тақпақ пен драмалық ойындардың қай – қайсысын болмасын балалар өздері орындайды, бірақ шығармалардың міндеті әр түрлі. Сондай –ақ шығармаларды саралауда балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн.

Төртінші, ескеретін негігі шарттың бірі – шығармалардың поэтикасы. Яғни, шығарманың, тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық құрылымы, сөз саптасы, тіл кестесі т.б.

Ауыз әдебиеті- халқымыздың асылда мол мұрасы, келер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебитінде. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті олардың құнарлы топырағы. М.Горкийдің сөз өнерінің басы фольклорда деуі содан болса керек. Барлық халықтың, кейінгі жазба әдебиетінің бастауы фольклор болған.

Атынан көрінгендей, ол ауызша шығарылып, ауызша айтылған. Фольклор — синтетикалық өнер түрі. Онда көбінде өнердің әр түрінің- сөз, музыка, хореография және театр өнерлері шоғырланған. Ал мектепте фольклор тек сөз өнері тарихы ретінде өтіледі.

Ауыз әдебиеті-талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары,
жыршылары, ертекшілері оны сонау ақылым заманнан өзінің рухани
асыл қазынасы ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі
біздің дәуірімізге жеткізген.

Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері.

А. Тұрмыс-салт жырлары.

Ә. Мақал-мәтелдер жұмбақтар.

Б. Ертегілер.

В. эпостық жырлар.
Г. Лироэпостық жырлар.
Д. Айтыс өлеңдер.
Ж. тарихи жырлар т.б. \3-бет\

Халық ең асыл өнері — бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухани бейнелеген. Халықтың бүкіл тіршілігі өлең-жырларға арқау болған.

Дүниеге келген жас нәрестенің алғаны құлағына шалынғанда — ән өлең сазы. Ойын-қызық той думаны өлеңмен әнмен өтеді. өлген адамдыда қайғылы өлеңмен жерлейді. ¥лы Абайдың ‘Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлең мен жер қойнына кіреді денең»,- деуі де сондықтан. Демек, ең асыл мұрасы өлең-жыр болған қазақ халқы бүкіл өмір кезеңдерін сол жырларда әр түрлі жанрда өрнектеп бейнелеген.

Ауыз әдебиетінде кездесетін бір екі шумақ өлеңдер мен әнге салып айтылатын өлеңдерден бастап, кейбір көңіл күйін білдіретін ұзақ жырларға дейінгінің бәрі лирикалық жанрға, ал ертегі аңыз әңгіме, батырлар жыры эпостық жанрға жатады. Оларды эпостық поэмалар деп те атаймыз. Бұл жырлар сюжетке құрылып баяндау түрінде беріледі.

Эпостық жырлар-бір ел мен екінші елдің жауласуының қоныс,
жер, ел билеуге т.б. Қатысты талас-тартыстардың елесі әңгіменің желісі де, мазмұны да сол екі ел арасындағы күрес, ерліктерді жырлау.

Кейбір ертегілер тақырыбы, құрлысы жағынын роман түрлеріне жақын. «Алдар Көсе», ‘Тазша» әңгімелері ерте заманан келе жатқан қысқа әңгіме /повес/ болса, Азу сары Керпішпай ұзақ әңгімелерге /повеске/ ұқсайды.

Ауыз әдебиеті болсын, жазба әдебиет болсын екеуі де көркем туынды. Олардан көркем шығармаларға тән барлық қасиет сапаларды көреміз. Солай бола тұрса да, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке қарағанда өзіне тән айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ауыз әдебиеті-колективтік творчества.

Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, тілдік ерекшеліктері, поэтикалық дәстүрі оның осы айырмашылықтарына байланысты.

XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыран қазақ халқы үшін өнер де, көркем әдебиет те, білім де — ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі — Әлеуметтік— экономикалық, рухани өмірі ауыз, әдебиетінен мол көрініс тапты.

Халық ауыз әдебиеті — халық шежіресі. Алексей Максимович Горький: «Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше, енбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес», — деген болатын /3,8 бет/.

Демек, ауыз әдебиеті — қазақ халқы басынан кешірген тарихи процестердің көрінісі. Оны білу — өз халқының тарихын, этнографиясын, мәдениетін, тұрмыс — тіршілігін, арман-қиялын білу деген сөз. Әр халықтың әсіресе жазуы дамымаран халықтардың, ауыз әдебиеті — сол халықтың көркемдік тарихы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті — сан ғасырдың жемісі. Оның түп төркіні сонау патриархалдық — рулық заманнан басталады. Ауыз әдебиетінің барлық жанры-тұрмыс салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен, сол заманнан бері келеді.

Халық ауыз әдебиеті — сарқылмас бай, асыл қазына. Одан біз халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен өз халқымыздың қаһармандық, ерлік хикаясын көреміз. Патриотизм, ерлік ауыз-әдебиетінің өзекті де ежелгі тақырбы. Халық ақындары батырлықты, отаншылдықты ту етіп, жоғары көтерді. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, эпостық жырлары болсын халықты ерлікке, Отанын қорғауға, елін сүюге үндейді. Мысалы, «Жалақаш бар да жаура шап, ажалың жетпей өлмейсің», «Қатер — мың, ажал — біреу», «Қорлық өмірден ерлік өлім артық», «Қорыққанды оқ та біледі», пҚырық жыл қырғын келсе де ажалды өледі», дейтін халық мәтелдері — жауынгер ұлдарын өлімге емес, өмірге қорқуға емес, жеңуге ғана үндеген. Бұл тәрізді асыл сөз, құнды пікірлер тек мақал-мәтелдерде ғана емес, ауыз әдебиетінің барлық түріндеде бар. Әсіресе ол батырлар жырынан айқын аңғарылады. Батырлар жырының көпшілігі-ақ басынан аяғына дейін патриоттық идеямен суарылған.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *