Гастроэзофагеальды рефлюксты ауру (ГЭРА) — асқазандағы сұйықтықпен өңештің және аралас мүшелердің зақымдалуынан пайда болатын, біртіндеп үдейтін созылмалы ауру.

Этиологиясы. ГЭРА-нің дамуының тікелей себебі гастроэзофагальды рефлюкс (ГЭР) – асқазандағы сұйықтықтың өңешке қайталап түсуі болып келеді. ГЭР себебі болуы мүмкін: 1. гастроэзофагеальды аймақ аурулары: — өңештің төменгі сфинктерінің жетіспеушілігі; — көк еттің өңештік тесігінің жарығы; — өңештің рецепторларының рефлюкстік заттарға сезімталдығының жоғарлауы; 2. жиірірек ваготониямен нейроциркуляторлы дисфункция; 3. омыртқа жотасының аурулары (сколиоз, остехондроз және т.б.). ГЭРА пайда болуына келесі факторлар ықпал етуі мүмкін: 1. алиментарлық: ретсіз тамақтану, тағамдарды жиі тез ауыстырып отыру, құрғақ тамақ ішіу, шектен тыс көп тамақ ішу, рафинирленген, шошқа және қой майлы, дөрекі клетчаткалы тағамдарды, ашытқыларды шектен тыс көп ішу, тағамды ыссы немесе салқын күйінде ішу; 2. ауыр физикалық салмақтар түсу, вибрациялар, қызып кету; 3. нервтік-психикалық бұзылыстар; 4. экологиялық себептер (ішетін судың жағдайы, тағамдарда ксенобиотиктердің болуы, топырақта нитраттардың болуы); 5. дәрілер қабылдау (холинолитиктер, тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, теофиллин, Я-блокаторлар, кальций каналдары блокаторлары және т.б.); 6. шылым шегу; 7. тағамдық аллергия.

Патогенезі. Негізінде клегей қабатының зақымдаушы әсер ету қабылеті бар, асқазан сұйықтығының өңешке түсуі жатады. Маңызы бар: • ГЭР-дің жиілігі мен ұзақтығы; • өңештің қайта түсетін қышқылдардың босана алу (өңештің 5 минуттан артық қышқылдануы) жылдамдығының төмендегілердің нәтижесінде төмендеуі: — өңештің активті перистальтикасының бұзылуы (өңеш дискинезиясы, эзофагоспазм); — слекей мен клегейдің сілтіліендіру қабылетінің төмендеуі, жергілікті бикорбонатты кедергінің және клегей қабатының регенерациясының әлсіреуі.

Жіктелісі. ГЭРА-ның (ГЭР, эзофагит) типті және типті емес (эндоскопиялқ позитивті және негативті) түрлерге бөледі. Савари және Миллерэндоскопиялық жіктелісі бойынша төрт дәрежеге бөледі: І-ші дәрежесі – өңештің шеткі бөліктеренің гиперемиясы; ІІ-ші дәрежесі – бір-бірімен қосылмаған өңеш эрозиясы; ІІІ-ші дәрежесі – қослыған эрозиялар; ІV-ші дәрежесі – өңештің созылмалы ойық жарасы, тарылуы (стеноз).

Клиникалық көрінісі. Негізгі белгілері: — ащы (өт қосындысы), қышқыл ауамен кекіру, түнде регургитация нәтижесінде «жастықта дақ» байқалуы мүмкін; — күйу (эпигастрия аймағында, төс артында күйу сезімі байқалады). Күйу сезімі әдетте емдәм бұзылғанда (майлы тамақ, қуырылған тамақ, кофе, газдалған сусындар ішкенде), шектен тыс көп тамақ ішкенде күшее түседі; — төс артында, семсер тәріздес өсінді артында, әдетте ұстама тәріздес, жүрек тұсына, мойынға, жаурын аралығына берілетін, ауырсынудың пайда болуы; — өңештің орта және жоғары үштігінің әсер етуіне және асқазандағы сұйықтықтың әсерінен жиі респираторлы бұзылыстар (ларингоспазм, алғашқы айлардағы балаларда апноэ, бронхоспазм, бронхиальды астманың түнгі ұстамалары, қайталанған пневмониялар) байқалады.

Диагностикасы. Эзофагиттің негізгі диагностикалық әдісі – кардияның және өңештің клегей қабатының жағдайын бағалауға, көздеп биопсия алуға мүмкіндік беретін эндоскопия. Өңешті ұзақ рН-метриялау (рН-мониторинг – «Гастроскан-24») рефлюкстің жиілігін, ұзақтығын, айқындылығын бағалауға мүмкіндік береді. Қалыпты жағдайда рН-7,0-7,5, рефлюксте – 4,0 және оданда төмен болады. Бариймен өңешке Рентгеноскопия жасау контрастық заттың жүру жылдамдығын, оның тонусын, регургитацияның болуын, көк ет жарығын анықтауға мүмкіндік береді. Өңеш импедансометриясы ГЭР-дің жаугершілігін және биіктігін, өңеш клиренсінің жылдамдығын, рефлюксаттың көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Ажырату диагнозы. Өңештің пептикалық жарасы әдетте Баррет ауруында байқалады. Қарқынды төс артының ауруы, дисфагия тән, кейде қан аралас құсу немесе анемияға әкелетін жасырын қан кету байқалады. Олар эндоскопия арқылы анықталады. Өңештің тарылуы – тамақ ішкеннен кейін бірден қатты құсу және регургитация, дене салмағының төмендеуі, рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеулермен анықталады. Туа біткен өңештің ахалазиясы. Алғашқы белгілері (дисфагия, регургитация) 3-5 жастан асқан балаларда байқалады. Өңешке эндоскопия (немесе рентгеноскопия) жасағанда гипертонус жағдайда тұрған өңештің төменгі сфинктерінің жұтынған кезде босаңсымауы анықталады.

Емі және алдын-алуы. Емдәмі және өмір режимі қалыптастырылады: 1. тағамды көп мөлшерде ішпеу, түнге қарай тамақ ішпеу; 2. тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағат бойына жатпау, еңкейіп жұмыс жасамау; 3. өңештің төменгі сфинкторының тонусын төмендететін тағамдарды (майлар, қуырған тамақтар, кофе, шокалад, цитрусты жемістер, газдалған сусындар) және дөрекі клетчаткалы тағамдар (жаңа пияз, сарымсақ, қырыққабат, бұрыш, редис) шектеледі; 4. шылым шегуден бас тарту; 5. керуеттің бас жағын көтеріңкіреп (15 см) жатып ұйықтау; 6. белбеуді қатты тартпау; 7. өңештің төменгі сфинктернінің тонусын төмендететін дәрілерді (холинолитиктер, тынышталғыштар, ұйықтатындар, нитраттар, теофиллин, Я-блокаторлар, кальций каналдары блокаторлары және т.б.);) мүмкіндігінше қолданбау.

Дәрі-дәрмектік ем бағытталады: 1. асқазан сөлінің жаугершілігін төмендету (антацидтер, антисекреторлы дәрілер); 2. өңештің моторикасын қалыптастыру (прокинетиктер). Рефлюкс – эзофагитті емдеу үшін, өңештің клегей қабатына тұнатын, құрамында альгия қышқылы бар топалкан (топаал) және альгикан селективті антацидтер болып есептеледі. Антацидтер әдетте, тамақтан 1-1,5 сағат кейін күніне 3-4 рет және түнге қарай, қосымша күю және төс артының ауруы байқалғанда беріледі.

Антисекреторлы заттар – эрозивті эзофагитте қолданылады. Н2-гистаминблока- торлардың 2 және 3 ұрпақтары (ранитидин немесе фамотодин) немесе Н+К+АТФазы ингибиторлары (омеперол, ланцепрозол, пантопрозол), 3-4 апта бойына қолданылады. Прокинетиктер өңештің төменгі сфинктернінің тонусын артырады және асқазаннан эвакуацияны жылдамдатады. Дофа-рецепторлар блокаторларын (мотилиум 1мг/кг есебі- нен тамақтан 30 минут бұрын тәулегіне 3 рет); холиномиметиктер (препульсид тәулігне 0,5мг/кг есебінен) қолданылады. ГЭРА-ны емдеу басында антисекреторлы заттар (2-4 апта), содан кейін антацидтерге прокинетиктер қосып, 4-6 апта бойына беріледі. 3 және 4 дәрежелерінде Н+К+АТФазылар ингибиторларына прокинетиктер қосып, 4-6 апта бойына тағайындалады.

Эзофагиттің алдын-алу гастроэзофагальды рефлюксті мүмкіндігінше ерте анықтап, емдеуді, тамақтануды және өмір салтын оңтайландыруды қамтиды. Диспансерлік бақылау 3 жыл бойына жүргізіледі: — өршу кезеңінен 1-ші жылы бақылау жылына 4 рет; — 2-ші жылдан бастап жылына 2 рет. Динамикалық бақылаудың негізгі әдістері: — сұрастыру және объективті зерттеу; — жылына 1 рет эзофагоскопия. Өршуге қарсы ем әдістері – емдәм, антацидтер, поливитаминдер, биостимуляторлар, фитопрепараттар, бальнеотерапия.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. Оқулық. Ақтөбе 2011ж 927 бет.