Цианозбен дамитын ақаулардың ішінде жиі кездесетін туа болған жүрек ақауларының бірі. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні «Фалло тетрадасы» (өкпе артериясының тарылуы, қарыншааралық перденің жоғары орналасқан мүкістігі, аортаның оңға ығысуы (транспозициясы), оң қарыншаның гипертрофиясы). Бұл ақауда, өкпе артериясы тар болғандықтан, кіші қан айналым шеңберіне қан аз барады, ол үлкен қан айналым шеңберіне қарынша-аралық перденің мүкісітігі және ығысқан аорта арқылы веналық қан айдалады. Кейде бұл ақаулар жүрекше-аралық перденің мүкістігімен қосарланады. Бұндай ақау «Фалло пентадасы» деп аталады. Ал, оң қарыншаға қан ағу жолында тарылу болып, қарыншааралық перденің мүкістігі болмай, оның орнына сопақша тесік сақталып қалған болса – ақау «Фалло триадасы» деп аталады.